Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Күнделікті сабақ жоспары

9. 1. Тақырып: Залалсыздандыру. Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы-эпидемиялық шаралар.

2. Мақсаты. -«антисептика», «асептика», «залалсыздандыру»анықтамасын;

-залалсыздандыру әдістерін;

-орталық залалсыздандыру бөлімшесінің құрылысын;

-медицинада тағайындалған бұйымдарға залалсыздандыру жүргізу жағдайына қойылатын санитарлы-эпидемиология лық талаптарды;

-жуушы ерітінділердің құрамын мен температурасын, ұстау уақытын,

қолдану реттілігін.

3. Дәріс тезистері.

Асептика дегеніміз - пациент организміне микроорганизмнің енуін алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолдарымен микробтар мен олардың ұрықтарын жою арқылы жетеді.

Антисептика дегеніміз - жаралардағы микробтарды жоюға, жарада микробтардың дамуына жол бермейтін және олардың ұлпаларда әрмен қарай терең кетпеуі үшін бағытталған шаралар жиынтығы.

Антисептика алдын алу және емдік болып бөлінеді. Жараларға және пациент организміне микроорганизмдернің енуіне жол бермеу мақсатында алдын-алу антисептикасы қолданылады (манипуляциялар алдында мед. персоналдың қолын жууы, инъекция орнын антисептиктермен сүрту) .

Емдік антисептика механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас болып бөлінеді.

Механикалық антисептика жаралардағы өлген және езілген ұлпаларды, ұйып қалған қанды, өзге заттарды алып тастау үшін және жараны бөлінген сұйықтықтардан тазарту үшін қолданылады.

Физикалық антисептика жарадағы микробтардың дамуына жағдай туғызбайтын тәсілдерді қолдану, - жараны кварцевать ету, жарадағы іріңдер мен сұйықтықтардың сырқа шығуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді қолдана отырып жараға әр-түрлі дренаждар мен турундылар салу.

Химиялық антисептика микробтарға қарсы әсері бар әр-түрлі дәрілерді қолдану. Бұл заттар антисептикалық деп аталады ( этил спирті, перменганат калий, йод, сутегі тотығы және т. б. ) .

Биологиялық антисептика дегеніміз антибиотиктерді, сывороткаларды, вакциндерді, бактериофагтерды және т. б. қолдануы.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін қолдану.

Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері.

Физикалық асептика келесі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін:

 қайнату;

 бумен зарарсыздандыру;

 ауаны зарарсыздандыру;

 ультракүлгін сәулелену;

 иондаушы сәулелену;

 ультрадыбыстық.

Залалсыздандыру -бұл физикалық факторлар мен химиялық препараттар арқылы әсер ету жолымен микроорганизмдер мен олардың спораларын жою болып табылады.

Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды) .

  • Сақтық залалсыздандыру - алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.
  • Ошақтық залалсыздандыру - ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.

Залалсыздандыру тәсілдері:

Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады

Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т. б. пайдаланылады.

Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т. б. қолданылады. [1]

Стерилизацияланатын заттар: жаралы беткейлермен жанасатын; қанмен контактіге түсетін; иньекцияланатын препараттар және шырышты қабаттарға жанасқанда жара туғызуы мүмкін жеке медициналық құралдар және т. б.

Физикалық стерилизацияға жатады:

  1. Автоклавтау
  2. Құрғақ ауамен стерилизациялау
  3. Қайнату
  4. Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау

Автоклавтау - қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2, 5 ат. қ. ) арқылы әсер етумен жүзеге асады. Нәтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауа ығыстырылады.

Емдеу мекемелерінде бұл әдістің 2 режимі қолданылады:

  • 1 режим -температура 132 С, қысым 2 атмосфералық қысым, уақыты 20 мин. Бұл режим арқылы шыны құралдар, шприц, корозияға тұрақты металдар стерилизациядан өтеді.
  • 2 режим температура 120 С, қысым 1, 1 атмосфералық қысым. Бұл режимде жұқа резеңкеден жасалған құралдар, латекстерді (хирургиялық қолғап және т. б), полимерлердің жеке түрлері стерилизациялайды.

Бумен стерилизациялайтын құралдарды алдымен фильтрлі стерилизациялы қораптарға салып маркирлейді. Фильтрсіз бикстер 3 күн, фильтрлі бикстер 20 күн сақталады.
Булы стерилизаторларды әдетте автоклавтың атымен атайды (гр. «ауто» - өзі лат. «клавис» - кілт)

Құрғақ ауадағы стерилизация

Металлдан, шыныдан жасалған құралдарға арналған. Стерилизацияның бұл түріне көбінесе су өтпейтін құрғақ қағазбен қапталған (немесе қапталмаған) заттар ұшырайды. Қағазбен стерилизацияланған заттарды 3 күннен артық сақтауға болмайды.

Стерилизациялы камераның жұмыс температурасы 180 С, ұстау уақыты 60 мин. Қағаз қапшықтарды қолдан жасап, 5% крахмалмен желімдейді.

Құрғақ ауадағы стерилизация жұмысының орындалу реті:

  1. Салқын стерилизатор
  2. Қыздыру
  3. Стерилизация: қажетті температура 180 С, белгіленген уақыт 60 минут
  4. Суыту: 40-50 С дейін

Қайнату

Бұл әдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше және т. б. Құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар (гепатит вирусы) мен бактерия споралары толық жойылмауы мүмкін.

Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау

Бұл әдіс толқын ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сәулелермен әсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты әр түрлі (БУВ-15, БУВ-30) бактерицидті шамдар қолданылады.

Химиялық стерилизация

Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады.

набор дезсредств, применяемых в химической асептике

Химиялық стерилизация

Химиялық өңдеу екі жолмен жүзеге асырылады:

1. Дезинфекциялық құралға батыру;

2. Үйкеу (шашу) .

Газбен стерилизациялау.

Бұл әдіс газды, стерилизациялы камерада өтеді. Негізінен бұл әдіспен медициналық құралдарды этиленде немесе ОБ ерітіндісінде стерилизациялайды. Стерилизацияланатын заттар: кардиостимуляторлар, оптикалар, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері.

Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау. Стерилизацияның барлық әдістері жұмыстың дұрыс орындалуын талап етеді. Сондықтан жұмысты сақтықпен орындау керек!

Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау

  1. Бактериологиялық әдіс - ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл әдіс стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды.
  2. Техникалық әдіс - манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап етеді.
  3. Термиялық әдіс - күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тәрізді заттардың түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген.

Стерилизацияны қадағалау үшін қолданады:

Температураны, қысымды, уақытты, өлшеу; химиялық тестілер; термохимялық индикаторлар және биотестілер.

Келесі заттар қолданылады:

  • Мочевина (132 С)
  • Тиомочевина (180 С), янтарь қышқылы (180-192 С) және т. б.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінед і:

1 кезең - зарарсыздандыру,

2 кезең - залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең - залалсыздандыру.

Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
ІІ кезең . 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі - дәрмектерді, тат басқанды)
Азопирам сынамасы
Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда қанның

, жұғыш ерітінді құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.
Жабдықталуы:
азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;
1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;
астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын) .
Міндетті шарттар:
жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;
азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау
Сынама жүргізу
бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;
азопирамның 1% ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді;
бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады.
Егер де ерітіндінің түсі көк - күлгін түске өзгерсе, құрал саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жа ғдайлары болғаны.

АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ

Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

көк-күлгін түске
егерде заттарда жасырынды қан қалса
көк-күлгін түске: күрең-қоңыр түске
егерде заттарда жасырынды қан қалса: егерде заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
көк-күлгін түске: қызғылт түске
егерде заттарда жасырынды қан қалса: егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалсы

Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)

  • бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп) ;
  • қаңға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
  • синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;
  • байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсы өзгермейді.
  1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.
  2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0, 5 минут бойы жуыңыз.
  3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:

  • қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;
  • қанның шырышты қабықтарға түсуі;
  • қанның теріге түсуі;

Емделушілердің шалдығуы
Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т. б) залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.

АИТВ инфекциясы бар қанды құйған кезде;

Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:

-науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;
-дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.
-көк тамырдан қан алғанда;
-көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;
-ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;
-жұмыс орнын жинағанда.

Алдын алудың стандартты шаралары:
Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.

Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.

Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.

Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:
пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға қарсы ем алуы;

  • құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;
  • жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;
  • медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;
  • жарақатты өңдеу;
  • жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы жүргізу уақыты.

Жеке қорғаныс заттары:
резеңке және латекс қолғаптары;

  • бетперде, көзәйнек;
  • халат, алжапқыш;

- жабық аяқ-киім.
ЕСҰ-дағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы жан-жақты шаралар:

І. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу, содан кейін

70% спиртпен сүрту.

ІІ. Егер қан, басқа да сұйықтықтар пациенттен кілегей қабыққа түсетін болса, онда жуу керек:
көзді 1% -бор қышқылы ерітіндісімен;

мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;

ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000

Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕПҰ-жеткізу керек. Жарақат алған науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу емін міндетті түрде қабылдауы қажет.
Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру:
ыңғайлы және қорғаныс құрылғылары бар медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану;

  • қауіпті медициналық құрал-саймандарды қолданудан қашу, егер оларды қауіпсіз және тиімді құрал-сайманға ауыстыруға мүмкіндік болса;
  • қолданғаннан кейін шприц инесіне қақпағын кигізбей, арнайы контейнерлерге тастау;
  • қолданылған инелерді арнайы контейнерлерде сақтау және тасымалдау.

Өткір, ұшты заттарды беру ережелері:
құрал-саймандарды қолдан қолға бермеу;

  • «қоямын», «аламын» деп айту.

Жарақаттануды болдырмау мақсатында инженерлік қорғаныстары бар қауіпсіз құрал -саймандар :
СР шприцтер ретракционды инелерімен;

Скальпель қорғаныс қақпағымен;

  • Инелерді сақтауға арналған арнайы контейнер;
  • Қанды алуға арналған вакуумды пробиркалар;

Пациенттің қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғатын вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қауіпі жағдайларындағы мейірбике жұмысының ерекшеліктері: манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттар мейірбикенің терісіне, көздің шырышты қабығына, мұрынның шырышты қабығына, бет терісіне, киіміне түскен кезде апат жағдайдағы қобдиша қолданылады.

Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің жұмысы ауруханадағы барлық бөлімшелерді медициналық мақсаттағы зарарсыздандырылған бұйымдармен тәулік бойы қамтамасыз ету боп табылады. ОЗБ қазіргі заманғы ДГМ-250 залалсыздандыру-жуу машинасымен, ДГМ-1200 (ММБ-ды тазартуға арналған) ультрадыбыстық жуу машинасымен жабдықталған, сондай-ақ бір рет қана қолдануға арналған бір реттік орама қағаздарымен жасақталған, медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлығы ММБ-ды қабылдау және тапсырудағы санитарлық-залалсыздандыру тәртібінің барлық қалыптары (нормалары) сақталынатын ДГМ-600 құрылғысында зарарсыздандырылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері
Стерильдеудің әдістері
Дезинфекция
Медициналық әртүрлі құралдар
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Асептика, антисептика, зарарсыздандыру және залалсыздандырудың микробиологиялық негіздері
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Індетке қарсы санитариялық шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz