Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Жұмыстың мазмұны:

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ.

Құрмалас сөйлемді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың теориялық негіздері

  1. Құрмалас сөйлемді оқыту мәселесі . . . 6
  2. Құрмалас сөйлемді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі . . . 13
  3. Синтаксисті оқытуда тілдік қатынас пен танымдық лингвистика теорияларының алатын орны . . . 20

2-ТАРАУ.

Қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

  1. Құрмалас сөйлемді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда берілетін білім мазмұны . . . 26
  2. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың психологиялық негізі . . . 34
  3. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың педагогикалық негізі . . . 38

3-ТАРАУ.

Орта мектепте құрмалас сөйлемді оқытуда оқушыларыдың біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан қалыптастыру әдістемесі

  1. Қатысымдық-танымдық білім мен білікті қалыптастыру

ұстанымдары . . . 42

  1. Қатысымдық-танымдық білікті жетілдіру жолдары . . . 44
  2. Синтаксисті оқытуда оқушылардың құзіреттілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан жетілдірудің амал-тәсілдері . . . 46
  3. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың эксперимент нәтижелері . . . 56

Қорытынды . . . 60

КІРІСПЕ

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар:

  1. Білім беру үрдісіндегі инновациялық даму;
  2. Ақпараттық даму;
  3. Жастарды рухани тәрбиелеу.

Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.

Бүгінде, Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізіліп жатыр. Мұндай өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар қауымы үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; оқушыларды болашақта жан-жақты дамыған, рухани жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру және өз іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою. Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқару - ел мүддесі алдындағы парыз. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді.

Адамзат қоғамының кез-келген өзгерісі ғылымның дамуынан байқалады. Тілге қатысты, әсіресе ұлт тіліне қатысты ілім-білімнің өркендеуінде қалыптасқан бір заңдылық бар. Ол - сол ұлт тіліндегі тілдік факторлардың тарих тасасында қалмай, уақыт озған сайын сан түрлі ғылыми зерттеу нысанына негіз болуы. Бұл ретте кезінде көп іс тындырған тілші, әдіскер ғалымдардың еңбектері кейінгі зерттеушілер үшін қашан да жөн сілтейтін өлмес туындылармен құнды екендігін кейінгі ұрпақ үлкен

3

ілтипат көңілмен мойындайды. Сондай құнды мұралардың қатарына белгілі әдіскерлер Ж. Аймауытов, Ш. Х. Сарыбаев, Ы. Маманов, Д. Әлімжанов, Н. Оралбаева сияқты әдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми зерттеулері жатады. Олардың қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемесіне қатысты шыққан мазмұнды мақалалары, монографиялары - үлкен ғылыми ізденістерге бағдар болып табылатын туындылар екендігі шындық. Бұл еңбектерде аталған ғалымдар өздерінің қазақ тілін оқытудың әдістемесіне байланысты жинаған материал-деректерін ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпқа қатысты сабақтың жүргізілу әдіснамасын жасап, жаттығулардың орындалу барысын, оқушыларға жаңа материалды үйретуде қолданылатын түрлі әдістерді (репродуктивтік, индуктивті, дедуктивті, интерактивті, интегралды, модульмен оқыту, т. б. ) де қамти өткендігін айқын аңғаруға болады.

Әдіскер ғалымдар Х. Арғынов, Ш. Ерхожина, Б. Құлмағанбетова, Ш. Бектұров, Р. Рахметова қазақ тіліндегі синтаксисті оқытуға ерекше мән берді. Аталған ғалымдардың, әсіресе Р. Рахметованың, Ф. Оразбаеваның еңбектерін диплом жұмысына пайдалану барысында құрмалас сөйлемдерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тиімділігін ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ой-пікірлерінің қазақ тілін оқыту әдіснамасы іліміндегі өзіндік орнын, дәрежесін байқадық.

Диплом жұмысының мақсаты: біз қарастырып отырған мәселе - құрмалас сөйлемді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі. Жоғарыда аты аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде өзіндік ой-пікірлері негізінде қарастырылса да - бұл қазақ тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алып жатқан студенттер үшін ауқымы көлемді, тың тақырыптардың бірі деуге болады.

Негізгі басты мақсатымыз - қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тұжырымдалған ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерін, ұсынылған жаңа сипаттағы әдістемелік жүйесін басшылыққа ала отырып, орта мектептерде құрмалас сөйлемді оқытуда бұл әдістің тиімділігін эксперимент арқылы дәйектеу. Айта кеткеніміз жөн, осы мақсатта біз әдіскер-ғалым Р. Рахметованың еңбегін негізге алып, басты бағытымыз еттік. Ол кісінің еңбегіне сүйене отырып, студенттерге арналған әдіс-тәсілдерді мектеп оқушыларына икемдедік. Сонымен қатар, қазақ тілін танымдық және қатысымдық тұрғыдан оқыту мәселесі төңірегінде

4

көптеп еңбектер жазған ғалым - Ф. Оразбаеваның да пікірлерін басшылыққа алдық.

Диплом жұмысын жазу барысында көптеген белгілі қазақстандық әдіскер ғалымдарымыздың ғылыми еңбектерін пайдаланып, өзімізше талдау жасауға тырыстық. Осы диплом жұмысын жазу барысында оларда келтірілген деректердің көп септігін тигізгендігін ерекше атап өтеміз. Бұл еңбектердің болашақта да орта мектепте қазақ тілін оқытудың өзіндік қыр-сырын танып білгісі келетін ғылымсүйер жас қауымға тигізер көмегі мол болары сөзсіз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде атап көрсеткеніндей, бүгінгі қоғамда тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтарға ие азаматтар буынын қалыптастыру, Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге, салт-дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу аса маңызды да жауапты іс. Сондықтан оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім берумен шектеліп қана қоймай, оларды шығармашылыққа үйрету, өзіндік жұмыстарын мазмұнды да сауатты түрде жүргізу арқылы олардың логикалық ойын, дүние танымын, сөз байлығын, сөйлеу мен жазу тілін әдеби нормада қалыптастыру көзделеді. [1]

Құрмалас сөйлемдерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында өзіндік пікірін білдіре алатын, еркін ойлы тұлғаның қалыптасуына жол ашады, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілген қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізеді.

Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

5

1-тарау. Құрмалас сөйлемді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың теориялық негіздері

  1. Құрмалас сөйлемді оқыту мәселесі.

Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.

Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз.

Қазақ тілін оқыту методикасы - мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.

Қазақ тілі оқыту әдістемесі бірден ғылым болып қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Әдістеме белгілі бір пәнге қатысты оқыту мен білім берудің нақтылы жолдары мен амалдарын, әдістері мен тәсілдерін зерттей отырып, осы әдістер мен тәсілдердің теориялық негізін де жасайды және оларды оқытудың тиімді, сапалы болуын қадағалайтын бір ортақ мақсатқа бағынған жүйеге топтастырады. Осы тұрғыдан келгенде, әдістеменің өзіндік принциптері, тарихы, қалыптасу жолы мен жүйесі бар [2, 128] . Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты.

Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолында ХХ ғасырдың бас кезі, әсіресе осы кезеңнің алғашқы онжылдық уақыты, ерекше атап өтуді қажет етеді. Себебі, бұл жылдары көрнекті ғалым-ұстаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың ұлттық тілдің ерекшелігіне, оның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәніне көңіл аударып, қалам тартпағаны кемде-кем.

6

Ахмет Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.

А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол - қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды

көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды. А. Байтұрсыновтың замандасы Телжан Шонанұлы 1931 жылы «Орыстар үшін қазақша әліппе» оқулығын жазды. Латын тілінде жазылған бұл әліппе 1 жылдық оқу құралы деп саналған.

ХХ ғасырдың төртінші он жылдығынан бастап әдістеме қолға алынып, біршама еңбектер жарық көре бастады. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» деген атпен жинақ шықты.

Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі - Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған.

1956 жылы белгілі әдіскер -ғалым Шамғали Сарыбаевтың «қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» (1-бөлім фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. Бұл оқулық методикаға қосылған үлкен бір оқу құралы болды. Байқап отырғаныңыздай, қазақ тілін оқытудың әдістемелік мәселелері А. Байтұрсынов еңбектерінен бастау алған, кейін С. Аманжолов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Т. Қордабаев, Б. Құлмағанбетов, Х. Арғынов, А. Әбілқаев, С. Исаев еңбектерінде оқу-тәлімдік ой-пікірлері мен тәжірибелерінде көрініс тапты.

Балғаным Құлмағамбетова 1956 жылдардан бастап қазақ тілі методикасының көптеген мәселелеріне ғылыми әрі практикалық жағынан зерттеу жүргізіп, «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту» (1957), «Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір мәселелері» (монография, 1963),

7

«6-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1965), «5-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1966), т. б. еңбектерін дүниеге әкелді.

Ы. Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен Жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек «орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері», «Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары», «грамматиканы оқыту методикасы» деп аталатын үш тараудан тұрады.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957), «Қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту методикасында алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталған. Еңбектердің барлығында да жасалатын тұжырым: «Мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба», - дейді [12, 7] .

Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері мен мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге пәндермен байланысы көрсетіліпті, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалды. Мұнда оқытудың бағдарламалық неізіне терең мән беріледі. Оның теориялық та, практикалық та маңызын белгілейді: (Әрбір класта қазақ тілінен өтілетін материалдардың көлемін дәл белгілеу; тілді оқыту жұмысын тәртіпті және жүйелі жүргізуге бағыт беру; мұғалімнің тілді оқытуға арналған жылдық, тоқсандық, айлық және жеке тақырыптарға арналған сабақ жоспарларын творчестволық тұрғыда жасауына ұйытқы болу; мұғалімдердің методикалық шеберлігін арттырып, әр тақырыптың мазмұнына қарай пайдалы әдістерді қолданып отруға, өз білімдерін толықытырып отыруға міндет жүктейді; мұғалімдердің сабақтарын ұқыпты дайындалып, оған керекті материалдарды күн ілгері әзірлеу құнттылығын арттырады; мұғалімдердің оқушылармен кластан тыс жүргізетін жұмыстарын жақсартуды, оларды өтудің әдістерін белгілейді; тілдік материалдарды бір-бірімен ұдайы байланыстырып, ұдайы қайталап отырудың әдістерін үйретелді.

8

Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді айтады. Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдары көрсетіледі.

«Мұғалім индукция-дедукциялық методты жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедеукциялық тәсілдің ара жігін ажыратып, оларды бір-бірімен шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі; үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы мен зат танытудағы ойлау қабілеттілігімен дұрыс қоытындылар шығарып үйренуге шеберленеді» [3, 80]

Құрмалас сөйлем туралы алғашқы пікірлер жиырмасыншы жылдар ішінде көріне бастады. Осы жылдар ішінде жазылған А. Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты оқулығында қазірде қолданылып жүрген басқа да көптеген лингвистикалық терминдер сияқты «құрмалас» сөзі көрініс тапты. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын күрделі категория. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдер жүйесіне қатысты зерттеушілер ретінде А. Байтұрсынов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Қордабаевтарды атай аламыз.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесіне қатысты зерттеушілер ретінде А. Байтұрсынов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолорв, С. Жиенбаев, Т. Қордабаевтарды атай аламыз. Құрмалас сөйлемді зерттеген ғалымдардың бәрі де оның кем дегенде екі жай сөйлемнен құралатынын, күрделі ойды білдіретінін ортақ пікір ретінде ұстанды [4] . Құрмалас сөйлемдерді оқыту әдістемесін қазақ тілі әдістеме ғылымында Б. Құлмағанбетова, Х. Арғынов секілді ғалымдар зерттеді. Ғалым Х. Арғынов «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық (1963), «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы» атты зерттеу еңбегін 1964 жылы жариялаған. 2006 жылы жарық көрген Ш. К. Бектұровтың «Қазақ тілі» атты еңбегінде, оқушыларға құрмалас сөйлемнен теориялық білім беріп, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін қойылатын негізгі талаптарды атап көрсетеді. Олар:

1) Мұғалімнің түсіндіруі (толық, жартылай, бағыт бере түсіндіру: ауызша, жазбаша, баяндау) ;

2) Берілген тілдік материалды талдата білу;

3) Құрмалас сөйлемнің түрлерін (ауызша, жазбаша) құрастыру;

9

4) Құрмалас сөйлемнің компоненттеріне қатысты сұрақ қойып, оған жауап бергізу;

5) Жазбаша жұмыстарды (диктант, мазмұндама, шығармиа) құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйрету;

  1. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне синоним таба білуге, талдау, синтез, салыстыру, қортынды жасай алу дәрежесіне жеткізу.

Міне, осылай әдіскер-ғалым құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында ескеретін маңызды алты талапты атап және құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында қолданылатын негізгі құралдар: оқулық, дидактикалық материалдар, көрнекі құрал (сызба кесте), техникалық құралдар (үнтаспа, киноқондырғы, диафильм, күйтабақтар), т. б. деп көрсетеді

[5, 265] . Сабақтың әдістемесін жобалау - ұстаз бен оқушы арасындағы жаңа байланысты қалыптастырып, оның пәнге деген қызығушылығын арттыруда дұрыс нәтиже берері анық. Осындай мақсатпен пән мұғалімдеріне арнайы айлап шығып тұратын, көмекші әдістеме құрал ретінде танылған «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына да шолу жасағанымызда, құрмалас сөйлемді оқытуға байланысты мынадай әдіс-тәсілдерді жинақтадық: сұрақ-жауап, грамматикалық талдау, анализ, синтез, теориялық талдау, өзіндік ізденіс, топтастыру, түсіндіру, балама тест, графикалық сынақ, т. б. Бұл аталған әдіс-тәсілдер бүгінгі мектептерде жаңа техникалық құралдар (интерактивті тақта, үнтаспа, т. б. ) арқылы кеңінен қолданылып жүр.

Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновациялық жүйеде ұйымдастырылған әрбір сабақтың берері мол. Оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің иіріміне бойлауға, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына бой алдырады [6, 13] . Және осы айтылғандар бүгінгі таңда зерттеу еңбектерде өзекті мәселе болып жүргені де бар. Осыған орай кей зерттеулер құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуді баса назарға қояды. Мәселен, Е. Ш. Лесбекқызының осы турасында жазылған «Құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі (8-сынып) » атты зерттеу жұмысын айтып кетуімізге болады.

10

Мұнда ғалым: «Егер қазақ тілінің құрмалас сөйлемдерін шығармашылық жұмыстар арқылы оқытса, оқушылардың ой-қиялына түрткі болады, логикалық қабілеті дамиды; Құрмалас сөйлемдерді шығармашылықпен оқыту оқушыларды теориялық ойлау деңгеінен шығармашылықпен ойлау деңгейіне көтереді» - дейді [4, 4-5] . Сонымен бірге, ғалым осы еңбегінде құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеудегі жаттығулар мен тапсырмалар және ойынның түрлерін атап кеткен. Оның сызбасы төменде көрсетілгендей (1-кесте) .

Бүгінде, болащақ мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарында келешек қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін арнайы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты пән оқытылады және мектепте құрмалас сөйлемдерді қалай оқыту керек деген сауал негізінде құрмаластың әрбір түрін оқытуға арналған тақырыптар бөлінген. Бұл сөзімізге дәлел ретінде, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пән бағдарласын ұсынамыз:

Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.

Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.

Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.

Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Жай сөйлемді оқыту
Сөз таптарын топтастыру
Көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныпта жай сөйлемді оқыту әдістемесі
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz