Химиялық заттардан уланулар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 03-03

ТУЛЕМЕТОВА С. Е.

«Ветеринариялық токсикология» пәнінен

дәріс жинағы

Шымкент, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«Ветеринарлық медицина» кафедрасы

ТУЛЕМЕТОВА С. Е.

«Ветеринариялық токсикология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына

арналған дәріс жинағы

Оқу түрі-күндізгі

ШЫМКЕНТ, 2022

ӘОЖ 636. 671. 15

Құрастырған: Тулеметова С. Е. Ветеринариялық токсикология / Дәрістер жинағы. Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті. 2021, - 113б.

Дәріс жинағы «Ветеринариялық токсикология» оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес жасалынған және курстың дәріс сабақтарын орындауға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.

Дәріс жинағы 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған.

«Ветеринариялық токсикология» пәніне арналған дәріс жинағында 15 дәріс сабақ қамтылған.

Пікір беруші: Жаңбырбаев М. - ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент

«Ветеринарлық медицина» кафедрасының жиналысында

Хаттама №6 « 24 » 01 2022 ж.

“Аграрлық” факультетте оқытудың инновациялық технологиясы және әдістемелік қамтамасыз ету комитеті

Хаттама № 6 « 24 » 01 2022 ж. қаралып, баспаға ұсынылды.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен

Хаттама № « » 2022 ж. қаралып, баспадан шығаруға ұсынылды

© М. Әуезов атындағы ОҚУ, 2022ж.

© Тулеметова С. Е.

Мазмұны

1
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік
1: 2
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс № 2 Тақырыбы: Токсикокинетика
:
1: 3
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс № 3 Тақырыбы: Токсикологияның міндеттері, уланудың себептері, емдеу, алдын алу
:
1: 4
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс 4 Тақырыбы: ЖЕКЕ ТОКСИКОЛОГИЯ. Химиялық заттардан уланулар
:
1: 5
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс 5 Тақырыбы Химиялық заттардан уланулар
:
1: 6
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс 6 Тақырыбы: Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
:
1: 7
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс №7 Тақырыбы: Өсімдіктер токсикологиясы
:
1: 8
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс № 8 Тақырыбы: Құрамында гликозидтері бар улы өсімдіктер.
:
1: 9
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс № 9 Тақырыбы: Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер токсикологиясы
:
1: 10
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс № 10 Тақырыбы: Құрамында улы заттары бар баска топтардың өсімдіктері
:
1: 11
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс №11 Тақырыбы: Құрама жеммен, күнжарамен, шротпен улану және екпе өсімдіктерді малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар
:
1: 12
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс № 12 Тақырыбы: Микотоксикоздар .
:
1: 13
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс №13 Тақырыбы: Жануар тектес уытты заттардың әсерінен болатын токсикоздар
:
1: 14
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс №14 Тақырыбы: Мал азығын суды және патологиялық материалдарды химиялық-токсикологиялық тексеру тәсілдері
:
1: 15
Дәріс № 1 Тақырыбы: Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік: Дәріс №15 Тақырыбы: Ветеринариялық- лабораториялық, химиялық - токсикологиялык бөлімге қажетті жабдықтар
:

Дәріс № 1 Токсикология ғылымы. Улану туралы түсінік

Жоспары:

1 Токсикология ғылымы, дамуы, тарихы

2 Қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері

3 Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі

4 Улы заттардың жануарлар, құстар, балык және басқада жәндіктер ағзасына әсер етуінің маңыздылығы.

1 Токсикология ғылымы, дамуы, тарихы

Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер, т. б. ) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудын ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудын негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын-алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.

Токсикология - гректің toxicon - жебе уы және logos - ілім, деген сөзінен шыққан.

Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-оркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті. Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын белгілейді.

Мал дәрігерлік токсикология мынадай негізгі үш бөлімнен тұрады: жалпы токсикология, жеке токсикология, химиялық-токсикологиялық талдау әдістері. 1. Жалпы токсикология уланудың себептері мен улану патологиясының даму механизмін, улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді зерттейді; сонымен бірге, улануды емдеу және оны алдын-алудың жалпы әдістерін қарастырады.

2. Жеке токсикология жекелеген улы заттардың белгілі бір мал түрлеріне әсер ету ерекшеліктерін зерттейді. Басқаша айтканда, жеке токсикология улануды белгілі бір жеке таксикологиялық құбылыс ретінде қарастырады.

Жеке токсикологияның өзін бірнеше жолдармен жіктеуге болады. Бұл ұсынылып отырған оқу құралында оқу материалдары мынадай жүйемен беріліп отыр:

  • улы химикаттардан уланулар
  • минералдық улардан уланулар
  • улы өсімдіктерден уланулар
  • сапасыз азықтық заттардан уланулар
  • жануар тектес улардан уланулар

3. Химиялық-токсикологиялық талдау әдістері бөлімінде токсикологиялық-зертханалық зерттеулер жүргізудің жалпы ережелері мен қағидалары жайлы баяндалады.

Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С. В. Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: "У дегеніміз тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат". Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.

Улану - жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану -салдары.

Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos - бөтен) әсерінен болады.

Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosis toxica) немесе өлімге душар болуы (dosis letalis) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.

2 Қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері

Қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LIM ас, ЛМ 0 (LD 0 ), ЛМ 50 (LD 50 ) және ЛМ 100 (LD 100 ) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг) . Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса улылығы аз зат болып есептелінеді.

Улы заттар токсиметриясының негізгі критериилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :

LIМас - (Лима атты автордың атымен байланысты) - малдарға ішке бергенде және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функцио-налдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты заттардың 1 мәрте еккендегі (мг/кг) ең төменгі мөлшері.

ЛМ 0 - 2 апталық бақылау мерзімінде, жануарлар төтеп бере алатын улы заттардың ішке берілетін және терісі астына егілетін мөлшері. Мұнда мал ағзасында айтарлыктай патологиялық өгерістер болғанымен, малдар өлімге ұшырамайды.

ЛМ 50 көрсеткіші - улы заттың мг/кг есебінде алынған, тәжірбиеге алынған жануарларды тері астына немесе ішке ішкізілгеннен кейін екі апта ішінде 50% өлімге душар ететін орташа мөлшері.

LM 100 көрсеткіші - жоғарыдағы айтылған жағдайда тәжірбиеге алынған жануарлардың барлығын (100%) өліміне душар ететін уытты зат мөлшері.

ЛК 50 (CL 50 ) және ЛК 100 (CL 100 ) - бұл 20к С температурили 2 сағат ішінде жануарларды 50% және 100% өлімге душар ететін улы заттардың 1мг/м ауадағы концентрациясы.

ҚБШМ - жануарлар ағзасында патологиялық өзгерістер тудырмайтын, улы заттардың ауадағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері.

ШАҚД- улы заттардың 1мг/м ауадағы шамамен алынған қауіпсіз деңгейі.

Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бүл жағдай улы заттарға да тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде - (қатты, сұйық, газ) әсер ете береді.

Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын оның сіңгіштігі де соғүрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдерінің де көптеген заттарды жаксы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза солдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgC 12 ) ерігіштігі өте жоғары улы зат, ал каломель болса (HgC 12 ) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде қолданылатын зат.

Әсер ету уақыты бойынша қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялык, қүрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдар мен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т. б. ) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және Радикалдар (ОН, NН 2 , СН 3 , т. б. ) енушеде байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH 2 ) -аналинге, метил радикалы (СН 3 ) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әркайсысының улылығы әртүрлі болып қана, қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді.

3 Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі

Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттарын әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді.

Біріншіден, шаруашылықта улы химикаттар түріндегі кездесетін улы заттар бар ма немесе кездесе ме, соны анықтап алу керек. Улы химикаттарға - фтор, барий, мышьяк, сынап, мырыш және басқа заттар, сондай-ақ, инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, дефолианттар және т. б. жатады. Бұл категорияға кейбір минералды тыңайтқыштарды да жатқызуга болады. Қәзіргі уакытта, мұндай пестицидтерді қолданбайтын бірде-бір шаруашылық жоқ. Сондықтан да, олардың тек қана номенклатурасын, санын, әр препараттың қасиетін, пайдалану туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен бірге, шаруашылықтағы жануарлар мен ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу керек.

Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге жақын орналасса.

Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға байланысты. Құстарға, сондай-ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін, дератизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет етеді.

Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минеральды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.

Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі (мочевина) т. б. ) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да малдардың улануына әкеліп соқтырады.

Шөп қоректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде анағұрлым көп уланады.

4 Улы заттардың жануарлар, құстар, балык және басқада жәндіктер ағзасына әсер етуінің маңыздылығы.

Удың жануарлар ағзасына әсері

Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөліп болып табылады. Ол мал ағзасына улардың улылығы әсер ету механизмін қарастырады.

Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын өарастырады.

Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі - контактілі (жанасу), екіншісі - ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы коптеген Факторларға байланысты. Олар

1. Малдың уға сезімталдығы.

2. Ағзаның жағдайы.

3. Удың ағзаға ену жолдары.

4. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

Малдың улы заттарға сезімталдығы

Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылык малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ак құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарларға түрінің, уға сезімталдык дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы; ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына карағанда қоргасын косылыстарына бейім келеді. Ал жылкылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне қте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз жәие т. б.

Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В»витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер корсете алмайды.

Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік

Улану деп жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын патологиялық өзгерістерді айтамыз. Улану уақыты жіті және созылмалы болып бөлінеді.

1. Жіті улану - құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің кенеттен байқалуымен және ауыр жағдайда өтуімен сипатталады, ол көбінесе кенеттен болатын өліммен аяқалады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен удың уыттылығы мен ағзаның жағдайынның шешуші маңызы бар.

2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады. Ағзаға ұзақ уақыт ішінде, улы заттардың аз мөлшерінің енуі, созылмалы уланудың негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану, жануарлардың өлуіне әкеп сақтырмайды, бірақ олардың өнімділігін айтар-лықтай төмендетеді. Бұдан бөлек, мұндай жануарларды союға мәжбүр болған жағдайда, олардың етінде у қалдығының аздаған мөлшерінің кездесуі мүмкін екенін ескере отырып, олардан алынған етке сақтықпен қараған жөн. Бұл, әсіресе, паренхиматозды мүшелерге және бірінші кезекте, бауырға тән.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы пестицидтердің кең таралып, нығаюына байланысты, улы заттардың өсімдіктерден адам ағзасына жануарлар арқылы енуі маңызды мәселе болып отыр. Медици-налық токсикология бұл проблемаға ертеден-ақ үлкен қөңіл бөлуде. Бұл мәселеге ветеринарлық токсикологияның да қызығушылығы жоғалған жоқ.

Дәріс № 2 Токсикокинетика

Жоспары:

1 Улы заттардың организмге ену жолдары, таралуы, жинақталу ерекшеліктері және олардың бөлінуі.

2 Улануды клиникалық балау

3 Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер

1 Улы заттардың организмге ену жолдары, таралуы, жинақталу ерекшеліктері және олардың бөлінуі.

Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, карын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мүның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық-химиялық қүрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, қүрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол әте уытты. Қүсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабыктардың copy қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.

Тыныс алу (ингаляциялык) жолмен агзаға газ тәрізді улы заттар (көміртегі тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т. б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген окпе үлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзага резорбтивті әсер етеді.

Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бүлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері

Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі үлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекеленген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.

Улы заттар мал ағзасына талгамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады.

Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бүзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколойдтар жатады.

Ағзаға түскен улы зат үлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге үшырайды. Бүл өзгерістер удың физиклық-химиялық қасиеттерімен анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсыздандыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.

Ағзадан удың бөлінуі. Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады. Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шыгуы мүмкін, ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.

Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады. Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану). Оқу әдістемелік құрал
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Өндірістік токсикология негізі
Тағамдық уланулар. Ботулизм
Тері арқылы улы заттардың ену факторлары
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы ақпарат
Ағзадан удың бөлінуі
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz