Дүниетану пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ДҮНИЕТАНУ
Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)
Наурыз 2016 ж.

_________Е.Н. Иманғалиев ___________К.Н. Шәмшидинова
Қазақстан Республикасының Назарбаев Зияткерлік мектептері
Білім және ғылым вице-министрі дербес білім беру ұйымының Басқарма
төрайымы
______________Ж.А. Жонтаева __________Ж.О. Жылбаев
Қазақстан Республикасының Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
Білім және ғылым министрлігі академиясының президенті
Мектепке дейінгі және орта білім,
ақпараттық технологиялар
Департаментінің директоры
__________ Ж.Н. Абдильдина
Назарбаев Зияткерлік мектептері
ДББҰ Білім беру бағдарламалары
орталығының директоры

Дүниетану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке
(1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016. – 43 б.

Оқу бағдарламасын Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, жоғарғы оқу орындарының
ғалымдарымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен
бірлесіп құрастырған

Мазмұны

1.Дүниетану оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Оқу жетістігін бағалаудың
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11
4. Дүниетану пәнінің мазмұнын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...12
4.1. Оқу жүктемесін
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4.2. Оқу пәнінің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .12
4.3. Оқу мақсаттарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...14
4.4. Ұзақ мерзімді
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Түсіндірме

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнініңсабақтың мазмұны мен білім, білік,
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады
Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім
мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін
қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы
дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін
біліктерді меңгеруге бағыттайды.
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері
заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық
тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша
оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары
болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық,
коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту
мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын
арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс
тапты.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі
талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік
және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке
мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік
беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп
шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы
кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру
үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол
бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі
интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті
технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық
инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет
тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық
үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пәннің оқу
бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар,
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге
асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті
қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру
қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың
сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде
ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан
үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл
үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдеме әрбір оқу
пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және
сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы
оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде
қарастырылады.
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде
оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ:
қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және
идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең
ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану
дағдыларын дамыту үшін алғышарттаржағдайлар жасау керек.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып
табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері
қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі
оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде
тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары
білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына
негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді
оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін
іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен
білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына
бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының
құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану,
топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер
қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды
дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті
бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы
өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің
жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау
және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты
жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын
меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге
дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып
отыр.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу
мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және
дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында
шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы:
қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет,
ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу
сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі
болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-
әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
Оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізі болып табылатын тұжырымдамалық
ережелер мен идеялар сурет түрінде визуалды берілді (1-қосымша). Суреттің
ортасында құндылықтар мектепте берілетін білімнің мазмұндық және іс жүргізу
аспектілерін анықтаудың негізгі бағыты ретінде, сонан соң кең ауқымды
дағдылар мектепті бітірген кездегі нәтижелер ретінде берілген. Келесі
шеңберде білім салалары білім беру мазмұнының функционалдық
толыққандылығының көрсеткіші ретінде берілген. Соңғы шеңберде оқу үдерісіне
енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.

1. Дүниетану оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

Дүниетану пәнінің маңыздылығы

Дүниетану оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес Адам және қоғам
білім беру саласының жоспарланған білім нәтижесіне қол жеткізуге бағытталып
дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.
Дүниетану оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-
гуманитарлық пәндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және
қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін
құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам,
оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық,
мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.
Дүниетану пәнін оқыту:
- оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік
қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып,
тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
- Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары,
олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен
айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
- әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін
әсері туралы түсінуін тереңдетеді;
- оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті,
дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу
сезімі қалыптасады,
- оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай
жасайды;
- қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада
қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;

Дүниетану пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

Дүниетану оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік
ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы
білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара
байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау
және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану
әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің
қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның
табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы
қатынастарды қалыптастыру.

2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер

Құндылықтарға бағытталған ұстаным
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі
бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол
жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы
тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген
құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі)
қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары
ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру
дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді
сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін
қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда
көрініс табады.
Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын
белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі
ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар
тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-
әрекеттерді бағдарлайды. Мәңгілік ел ұлттық идеясының құндылықтары орта
білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм
және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен
шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің
құндылықтары ретінде белгіленді.
Тұлғаға бағытталған ұстаным
Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу
үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін,
қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере
отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық
қабілеттерін толық ашу.
Іс-әрекеттік ұстаным
Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны –оқушы білімді дайын күйінде
алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін
ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге
белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену
және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз
етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша
топтастырылған: біледі, түсінеді, талдайды, бағалайды,
синтездейді.
Саралап оқыту ұстанымы
Саралап оқыту ұстанымы - оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі
топтарынамамандандырылуын,оқушылард ың жеке қабілеттіліктерін ескеру
мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап
оқыту ұстанымы әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшінарнайы
оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді.
Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек
сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу
іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
Коммуникативтік ұстаным
Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен
жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың
сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның
нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу
нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-
тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа
қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады.
Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу
икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына
сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.
Ортақ тақырыптар арқылы оқыту
Дүниетану оқу пәнінің ортақ тақырыптарының мазмұны оқушының жақын
аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды
оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны
бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту
Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін
қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында
оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық
нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады,
оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық
іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын
топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет
негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін
жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.
Жобалық ұстаным
Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік,
шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі
нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ
мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен,
кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен
сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны
шешуде өзбетіндік іс-әрекетін танытуымен сипатталады. Бастауыш деңгей білім
алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау әдісі толығымен жүзеге
асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің
көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет
кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім
алушылардың ұжымдықтоптық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру
ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан
да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді
және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-
ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған
білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны
пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен
бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын
пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Бұл Дүниетану пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы
жүзеге асырылады:
- БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап,
өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай
алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен,
оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді,
графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу
арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен
тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану
мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және
қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді
мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
- басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді
жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
- электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту
орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және
мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта
болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау
көрсету мақсатында қолдану;
- аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда
мультимедиялық таныстыру.

3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері

Дүниетану пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану
арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында
негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді
жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде
түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде
өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша
тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
4. Дүниетану пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4.1. Әр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:

Сынып Апталық жүктеме Жылдық сағат саны
1 1 сағат 33 сағат
2 1 сағат 34 сағат
3 1 сағат 34 сағат
4 1 сағат 34 сағат

Дүниетану пәнінен сабақ беруге арналған кабинет
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін
ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі
жеңіл болуы қажет.
Дүниетану пәнін оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен
материалдар:
– демонстрациялыққұрал-жабдықтар (мысалы, стендтер);
– интернет желісінің қосылуы: компьютерлерпланшеттер;
– проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар;
– бейне және аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар
жиынтығы;
– баспа материалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар);
– оқу көрнекі құралдар: қағаз және интерактивті карталар, тарихи
тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер,
слайдты альбомдар, тарихи жәдігерлер мен заттар немесе олардың
көшірмелері;
Пәнді оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан
ресурстар:
– кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);
– электрондық және мультимедиаресурстар;
– желілік файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар
бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі).

4.2. Оқу пәнінің мазмұны

Пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу
бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру
мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше
ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын
жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

№№ Бөлім Тақырып
11 1.1 Мен және менің отбасым
Мен және қоғам
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
1.3 Менің атамекенім
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.5 Құқық және міндет
1.6 Мерекелер
22 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Елімнің табиғаты
2.2 Климат және ауа-райы
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
2.4 Туризм
33 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Тарих беттерінен
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен өнер қайреткерлері
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік
және отансүйгіштік

Оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша
бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің,
төртінші сан - оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 1.2.1.4
кодировкасында: 1 – сынып, 2.1. – бөлім мен бөлімше, 4 – оқу
мақсатының реттік саны.

4.3. Оқу мақсаттарының жүйесі

Оқыту мақсатының мазмұны пәннің мінездемелік білімін білуі және білімі
ғана емес, сонымен қатар оны нақты тәжірибеде қолдану, АҚТ-ны пайдалану,
пәнаралық және сабақаралық байланысты іске асырады, коммуникативті
дағдыларды және сөйлеу белсенділіктерінің түрлерін дамытуды қарастырады.

1 Мен және қоғам
Тақырып 1 -сынып 2 -сынып 3-сынып 4-сынып
Оқушы:
1.1 Отбасым 1.1.1.1 түрлі 2.1.1.1 отбасылық мұрағат 3.1.1.1 отбасы 4.1.1.1 отбасының
дереккөздерді зерттеу негізінде отбасы мүшелерінің қоғам өміріндегі
негізінде Отбасы ұғымын мүшелерінің ауызша арасындағы туыстық маңызын дәлелдеу;
түсіну және мәнін портретін жасау; қатынастарды
түсіндіру; түсіндіру; 4.1.1.2 отбасы
2.1.1.2 мысалдар келтіре мүшелерінің
1.1.1.2 отбасы мүшелеріне отырып, өз отбасындағы 3.1.1.2 әулет функционалдық рөлін
қатысты туыстық әдеп нормаларын түсіндіру;шежірсін құрау; талдау;
байланыстар жүйесіндегі өз
орнын анықтау 2.1.1.3 түрлі 3.1.1.3 өз 4.1.1.3 отбасы
дереккөздерді зерттеу әулетінің бюджетінің негізгі
1.1.1.3 отбасы мүшелерініңарқылы жалпыға ортақ әдеп құндылықтарын кіріс-шығыстарын
арасындағы өзара нормаларын анықтау; анықтау; талдау;
қамқорлықтың маңызын
түсіндіріп, мысал келтіру 2.1.1.4 бақылау мен 3.1.1.4 өз 4.1.1.4 отбасы
сұрақ-жауап арқылы тұтыну шығындарын бюджетін оңтайландыру
1.1.1.4 тауар-ақша заттарына деген отбасы жоспарлау және жолдарын ұсыну
қатынасының қарапайым қажеттіліктерінің негіздеу;
түрлерін түсіндіру; құрылымын, олардың қайдан
келетінін анықтау 3.1.1.5 өз
1.1.1.5 тұтыну заттарына шығындарын
деген өз қажеттіліктерінің оңтайландыру
құрылымын, олардың қайдан жолдарын ұсыну
келетінін анықтау
1.2 Мектеп және 1.1.2.1 мектептің адам 2.1.2.1 мектептегі оқу 3.1.2.1 сыныптың 4.1.2.1 мектептің
мектеп өміріндегі маңызын және оқудан тыс әрекет өзін-өзі басқару өзін-өзі басқару
қоғамдастығы түсіндіру; түрлерін түсіндіру; ережелерін ұйымына мүше болу
түсіндіру және өз жолдарын түсіндіру;
1.1.2.2 мектептегі 2.1.2.2 мектеп нұсқасын ұсыну;
функционалдық аймақтардың қауымдастығының құрылымын 4.1.2.2 оқушылар
орналасқан жерін анықтау; және мүшелерінің қызметін 3.1.2.2 түрлі арасындағы көшбасшыға
анықтау; көзқарастар тән тұлғалық
1.1.2.3 мектептегі тәртіп жағдайында сыныпта қасиеттерді анықтау
ережелерін сақтау 2.1.2.3 мектеп ұжымдық шешімді
маңыздылығын түсіндіру; қауымдастығындағы ұжымдық,қабылдау жолдарын
топтық және тұлғааралық түсіндіру;
1.1.2.4 күн тәртібін мінез-құлық нормаларын
сақтаудың маңызын түсіндіру; 3.1.2.3 қоғамда
түсіндіру және күн өзін өзі ұстау әдеп
тәртібін құрастыру; 2.1.2.4 өз сыныбын нормаларын
сипаттау түсіндіру;
1.1.2.5 тәулік мезгілдері
мен апта күндері атауларын 3.1.2.4 өз
қолдану; тәжірибесінен мысал
келтіре отырып,
1.1.2.6 өзін мектеп адамдар арасындағы
оқушысы және сынып достықтың
ұжымының мүшесі ретінде маңыздылығын
сипаттау дәлелдеу
1.3 Менің 1.1.3.1 өз мекенжайын атау2.1.3.1 өз зерттеулеріне 3.1.3.1 елді 4.1.3.1 түрлі
атамекенім және елді мекенінің сүйене отырып, тұрғылықты мекендерді түрлі дәрежедегі
географиялық орналасқан жерінің көрікті жерлерін белгілері бойынша әкімшілік-аумақтық
жерін сипаттау; сипаттау және бейнелеу; ажырату (тип, бірліктерді (округ,
көлемі, қызметі); аудан, облыс)
1.1.3.2 өзі тұратын елді 2.1.3.2 Қазақстан ажырату;
мекеннің басты көшесін, картасынан ірі 3.1.3.2 қала мен
ғимараттарын және көрнекі өзен-көлдерді, қалаларды, ауылдың байланысын 4.1.3.2 түрлі
жерлерін сипаттау жолдарды, өз зерттеу, мысалдар дереккөздерге
облысынкөрсету келтіру негізделе отырып, өз
аймағының
экономикалық қызмет
атқаратын
субъектілеріне
сипаттама беру
1.4 Денсаулық пен1.1.4.1 жеке бас 2.1.4.1 түрлі дереккөздер 3.1.4.1 тұрмыстық 4.1.4.1 спорттың әр
қауіпсіздік гигиенасын сақтаудың негізінде пайдалы және құралдарын түрлеріндегі
маңыздылығын түсіндіру; зиянды тағамдардың пайдалану жарақаттану
арасындағы ережелерін себептерін зерттеу;
1.1.4.2 тамақтану режимін айырмашылықтарды анықтау; графикалық түрде
сақтаудың қажеттілігін көрсету; 4.1.4.2 спорттың әр
түсіндіру; 2.1.4.2 күнделікті түрлеріндегі
жағдаяттардағы (үйде және 3.1.4.2 спорт жарақаттану қаупін
1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздікқоғамдық орындарда) түрлерін азайту және алдын алу
ережелерін түсіндіру; қауіпсіздік ережелерін топтастыру, әдістерін ұсыну;
түсіндіру; спорттың қандай да
1.1.4.4 жолда жүру бір түрімен 4.1.4.3 түрлі
тәртібін, жаяу 2.1.4.3 көлік түрлерін, айналысу үшін дереккөздер негізінде
жүргіншілердің қозғалысын олардың қажеттілігін қажетті негізгі жасанды ортадағы
реттейтін жол ажырату; және өзінің қауіп-қатерлерді
белігілерінің мәнін қабілеттерін анықтау және бағалау;
түсіндіру; 2.1.4.4 қоғамдық көліктегіанықтау;
өзін өзі ұстау ережелерін 4.1.4.4 өзінің
1.1.4.5 үй мен мектеп түсіндіру 3.1.4.3 түрлі жасанды ортадағы
арасындағы қауіпсіз дереккөздер қауіпсіздігін
маршрут жоспарын негізінде табиғи жоспарлау
құрастыру; ортадағы
қауіп-қатерлерді
1.1.4.6 шұғыл көмек анықтау және
қызметтерін білу және бағалау;
олармен хабарласу
жағдайларын анықтау 3.1.4.4 өзінің
табиғи ортадағы
қауіпсіздігін
жоспарлау
1.5 Құқық және 2.1.5.1 өз өмірінен 3.1.5.1 ҚР 4.1.5.1
міндет мысалдар келтіру негізіндеКонституциясының конституцияның қоғам
құқықты, міндетті және маңызын түсіндіру өміріндегі маңызы
жауапкершілікті ажырату; туралы қорытындылар
жасау;
2.1.5.2 қоғамға қызмет
етудің әлеуметтік 4.1.5.2 Қазақстан
маңыздылығын түсіндіру Республикасында ың
азаматы ретіндегі
жеке тұлғаның
демократиялық
құқықтары мен
бостандықтарының,
міндеттерінің
мысалдарын келтіру;
1.6 Мерекелер 1.1.6.1 отбасылық 2.1.6.1 таңдауы бойынша ҚР3.1.6.1 зерттеулер 4.1.6.1 зерттеулер
мерекелердің бірін ұлттық және мемлекеттік негізінде Қазақстаннегізінде кәсіби
сипаттау мерекелерінің мәнін халықтарының ұлттықмерекелердің тарихын
түсіндіру мерекелерін шығармашылық түрде
шығармашылық түрде таныстыру
ұсыну

2 Елімнің табиғаты
Тақырып 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
2.1 Жергілікті 1.2.1.1жергілікті 2.2.1.1. тұсбағдар 3.2.1.1. 4.2.1.1. нысандардың
жерде бағдарлану белгілер бойынша көмегімен көкжиек астрономиялық кеңістікте бір-біріне
көкжиек тұстарын бағыттарын анықтау белгілер бойынша қатысты орнын анықтау;
анықтау көкжиек бағыттарын
1.2.1.2 табиғатта анықтау; 4.2.1.2 глобус пен
өзін-өзі ұстау карталардың қолдану
ережелерін сақтаудың 3.2.1.2 масштаб пен,аясын, олардан негізгі
қажеттілігін түсіндіру шартты белгілерді нысандарды көрсете білу;
пайдалана отырып,
жергілікті жердің 4.2.1.3 глобус пен
жоспарын құру картадан параллельдерді,
меридиандарды, экваторды
көрсете білу
2.2 Климат және 1.2.2.1 ауа-райының 2.2.2.1 ауа-райының адам 3.2.2.1 Жер 4.2.2.1 климаттың адамзат
ауа-райы адамға және оның өмірі мен шаруашылық климатының негізгі дамуына әсерін талдау
іс-әрекетіне әсерін іс-әрекетіне оң және керітүрлерінің
анықтау әсерін талдау сипаттамаларын
анықтау;

3.2.2.2 ауа-райы
қолайсыз жағдайларда
өзін-өзі ұстау
ережелерін құрастыру
2.3 Табиғи 1.2.3.1 жыл 2.2.3.1 ірі табиғи 3.2.3.1 адамдардың 4.2.3.1 өз өңіріндегі
жағдайлар және мезгілдеріне орай нысандардың (тау, жазық, табиғи жағдайларға және Қазақстан
олардың әсері табиғатта бос уақытты көлдер мен өзендер) байланысты аймақтарындағы адамдардың
өткізу мүмкіндіктерін шаруашылық маңызын орналасуын талдау табиғи жағдайларға
анықтау анықтау; (рельеф, климат, (рельеф, климат, өсімдік
өсімдік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Дүниетану пәні
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстардың теориялық және практикалық негіздері
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Пәндер