Материалдық мәдениет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі

Орындаған: Ахмет Ұ.
Тобы: ППП-111
Қабылдаған: Самбетов Ж.

Түркістан 2022

Мазмұны:
I. Кіріспе
1.Мәдениет жайлы жалпы түсінік.
2.Мәдениеттану пәні және оның мақсаты.
II. Негізгі бөлім
1.Мәдениет және оның қоғамдық рөлі.
2.Адам өміріндегі мәдениеттің орны мен рөлі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер (сайттар) тізімі
I. Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеі, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты- осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды. Соның ішінде мәдениеттің негізгі қызметтері: адамды қалыптастыру қызметі, жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі, танымдық қызметі, реттеу қызметі, комуникатифтік, қарым-қатынастық қызметі.
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл-мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысалы Маугли-көркем беине. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар-салт-дәстүр,әдет-ғұрып,р әсім-рәміз , діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе-мәдениет пен білімнің арақатынасы. Табиғаттан қулығын асырып жіберуге бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Бүгінгі күнге лайық қарым-қатынас орнату - интилигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек. Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды
Мәдениет туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек.Қазақ тіліне бұл термин арабтың "маданият" - қала, қалалық, деген сөзінен енген.Осы "мәдениет" термині мен мағыналас "культура" термині де кең қолданысқа ие."Культура" термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік" , "құрметтеу", деген сияқты мағыналарға ие бола бастады.Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген:
1) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
2) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.);
3) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);
4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін "мәдениет" сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.Жаңа заманда (XVII - XIX ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі - буржуазиялық қайта құруларға , терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.Олар (Англияда-Толанд, Францияда-Вольтер мен Монтескье, Германияда-Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғады.Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі , адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұсталуы т.б. жағдайлар мәдениет пен өркениеттің дамуына басты кедергілер болды. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой) категорияларға сүйенді. Бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи процесс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді.Бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді.Мысалы: "Мәдениеттің классикалық үлгісі" ұғымы мәдениетті-адамзаттық тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынасының қол жеткен дәрежесі деп қарастырды.Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңнің ойшылдары және мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі - ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды.Ол "мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым" деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз жаму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынадай жалпылама анықтама берді. "Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада - білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады".

Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.Мәдениеттану ғылымының іргелі проблемалары, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау кезеңдерінде заман талабына айналды. Мыңжылдықтар тоғысында тек қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті емес, сонымен бірге бүкіләлемдік өркениет пен мәдениеттің түбегейліөзгеруін көріп отырмыз. Бұл мәселеде бірнеше бағдарлар айқындалды:
1.Байырғы дәстүрлі мәдениетті мансұқтаушылық, ескі өркениет өрнектерін сол қалпында жандандыруға тырысушылық;
2.Ф. Ницше айтқандай, "барлық құндылықтарды қайта қарау", "Ұлы бас тарту", мәдени сабақтастықты елемеу;
3.Әлемдік өркениттердің жаңа тәртібін қалыптастыруға қатысу, халықтың рухани бастаулары мен әлеуметтік-саяси типтерін қоғамдағы өзгерістерге байланысты, жаңа ағымдарға үйлесімді ұштастыру, мәдениеттің қайта өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу, мәдени деңгейде немқұрайлы қараудан арылу, этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау, оларды дамыту, дүниежүзілік үндестікпен бір ырғақта болу.Бұл проблемаларды шешу - айтуға ғана жеңіл нәрсе. Алдымен адамдардың санасын өзгерту қажет. Бұл, әсіресе, тоталитарлық сананың менталитетін өзгерту мәселесі. Жоғарғы жақтан келетін Жалғыз Тәртіпке негізделген мәдениетте таңдау да шығармашылық пен жасампаздық та болмаған. Авторитарлық әкімшіл мәдениет тұлғасыз болады, онда адамның орнын қуыршақ - функционер, руханилықтан жұрдай жалаң идеология алмастырады, жиі айтылатын "қоғамдық мүдде жеке адамның мүддесінен жоғары болады. Ол қоғамды енжарлыққа, жайбарақат саңыраулыққа әкеледі.Өркениеттің дайын үлгілерін сырттай формалды түрде қабылдаған мәдениет өзінің рухани немқұрайлы ішкі табиғатында манипуляцияланған тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық конформистерді және қиратушы нигилистерді қалыптастырады.Мәдениеттану пәнінің мақсаты-мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау.Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
II.Мәдениет -- материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдас-тыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.Материальдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі -- көркемөнер. Көркемөнер -- мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.Мәдени әрекет деп мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шараларды айтады. Мұндай игіліктерді жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде адамның мұқтаждары мен мәдени қажеттіліктері қарастырылады. Олардың қатарына мыналарды жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары.Мәдени орта -- мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын белгілі бір аумақта өмір сүретін әлеуметтік топ. Мәдени ортаның жалпы мәдени деңгейі жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерін пайдалану және өздерінің мәдени туындыларын өндіру мүмкіндігіне, топ мүшелерінің материалдық қамтамасыздығына, тіліне, діліне, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мәдени орта мәдениеттің коммуникациялық қатынасымен байланысты. Ол заттық-материалдық игіліктермен жабдықталған ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер -- азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары т.б. жатады.Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер де кіреді. Республикамыз тарихи ескерткіштерге өте бай.Бүгінгі күні 18,5 мың тарихи ескерткіш орындары анықталып отыр. Оның ішінде 13,5 мыңы құжаттандырылып, 3,1 мыңнан астамы мемлекеттік қорғауға алынды. 205 республикалық. Дәрежедегі ескерткіштер бар.Олардың ішінде Қорқыт-ата мемориалдық кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Ш.Уәлиханов кешені, Жидебай әдеби-мемориалдық корығы, Черкасск қорғаны бар.Тарихи мәдени заттык мұраның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің кеңістігі мен формалары, құрылымы, парадигмалары, мәдени сценарийлер
Мәдениетті философия тұрғысынан зерттеу
Мәдениет құрылымы
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ
Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі
Мәдениет – адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі
Мәдениет туралы
Мәдениет туралы түсінік
Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Пәндер