Бұршақ тұқымдастарынан арамшөптерді жою
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Түркістан облысы жағдайында бұршақтың негізгі зиянкестерінен қорғау шаралар жүйесі
Орындаған: Хуанбек У. ПВ-309
Қабылдаған: Хидиров К.
Алматы 2023 жыл
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Бір жылдық бұршақ дәнді дақылдардың зиянкестері және олармен күресу шаралары
2.2. Көпжылдық бұршақ дәнді дақылдардың зиянкестері және олармен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұршақ дақылдары, барлық басқа өсімдіктер сияқты, жәндіктердің шабуылына бейім. Бұршақ, жасымық және отбасының басқа мүшелерінің зиянкестері үлкен колонияларға қоныстанып, егінге зиян келтіріп, дақылдарды толығымен жоя алады. Жәндіктердің құрттары ересектерден кем емес зиян келтіреді. Ал қоңыздардың тіпті төмен температурада да өмір сүру қабілеті жағдайды нашарлатады. Брухус немесе бұршақ дәні барлық жерде кездеседі. Бұл бұршақ зиянкестері-элитра ақ дақтары бар кішкентай қоңыз, сонымен қатар сұр түкті. Ұрғашы зиянкестер жас бұршақ өсінділеріне жұмыртқа салады. Личинкалар жұмыртқадан шығып, бұршақ жапырақтарын шайнап, тұқымдарға енеді. Зиянкестер тұқымдарда, ал оңтүстік аймақтарда -- топырақ бетінде және өсімдік қалдықтарында қыстайды.
Зақымдалған тұқымды қара дақтан немесе зиянкестер оны тастап кетсе, дөңгелек тесіктен оңай байқауға болады.
Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер,бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады.
Біздің өңірде жүгерілерді негізінен зақымдап зиян келтіретін зиянкестерге көп қоректі қатты қанаттылар, қара денелілер және көп қоректі қабыршақ қанаттылар жатады. Олар дақылдардың себілген тұқымдарын және көктерін жеп зиян келтіреді. Жүгері мен күнбағыс егінін қатты зақымдайды.
2.1. Бір жылдық бұршақ дәнді дақылдардың зиянкестері және олармен күресу шаралары. Бір жылдық бұршақ дәнді дақылдарға көпқоректі зиянкестерден басқа да бұршақ өсімдіктерімен ғана қоректенуге бейімделген бунақденелердің (бөжектердің) көптеген түрлері зиян келтіреді. Маманданған зиянкестер: бұршақ қоңызы - дән бұршақты, түйнекті бізтұмсықтар - жапырақтар мен азотфиксациялайтын түйнектерді, бұршақ бітесі - жапырақтар мен бұршақты зақымдайды.
Бұршақ қоңызы - гороховая зерновка (Bruchus pisorum L.). Қазақстанда кең таралған, әсіресе оның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы облыстарында қатты зиян келтіреді. Зиянкес жылына бір ұрпақ беріп көбейеді.
Қоңыздардың дене ұзындығы 4-5 мм. Денесін тотық қара түсті түктер басқан. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденеңі ұзындығынан 2 есе артады. Үстіңгі қанаттарында ақшыл дақтар мен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады.
Жұмыртқасы дөнгелек келеді, түсі ашық-сары, мөлшері 0,3-0,5 мм дейін.
Дернәсілдер алдымен қызыл түсті, түкті, кеудесінде жақсы дамыған үш жұп аяғы бар, одан кейінгі жоғары жастағылары ақшыл-сары түсті, басы кішкентай ақшыл-қоңыр, кеудесінде аяқтары дамымаған, С- тәрізді болып келеді.
Қуыршақтары ашық, дернәсілдерге қарағанда күңгірттеу келеді, ұзындығы 6 мм дейін.
Қөбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады.
Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздар жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады.Аналықтардың орташа өсімталдығы 130 жұмыртқадан келеді, ал кейбір жағдайда 750 дейін жетеді. Эмбрионалдық дамуы 6-10 күнге созылады.
Дернәсілдердің шығуы маусым айының екінші онкүндігінде басталады. Олар бұршақтың жармасына жылжып, оның үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Дернәсілдер енген бұршақтардың тесіктері жылдам жабылып қалады, сыртынан зақымдалған дәндерді сауынан ажырату өте қиын болады. Ары қарай дернәсілдің дамуы дәннің ішінде өтеді. 29-37 күн өткен соң дернәсілдердің қоректенуі тоқталады, олар дәннің ішін үңгіп едәуір кең қуыс жасайды. Қуыршақтан шыққан жас қоңыз осы терезе арқылы сыртқа шығады. Жаңа ұрпақтағы қоңыздар тамыз айының бірінші онкүндігінде жаппай шығады. Асбұршақтан қоңыздардың егістерге және қоймаларға таралуы қазан айына дейін созылады. Ересек қоңыздар күзге таман қалыптасып, олар келесі жылдың көктеміне дейін дәннің ішінде сақталады.
Асбұршақтың түйнектену фазасында бұршақ қоңызының ЭЗШ-гі қаққышпен 10 рет қағымға - 15-20 қоңыз.
Ұзақ мерзімді болжауға мынадай көрсеткіштер пайдалынады:
1. Асбұршақ гүлденуінің бас мерзімінде зиянкеске жүргізілген тексерудің жалпы көлемі және оның ішінде залалданғаны, зиянкестің саны (максимальды және орташа).
2. Асбұршақ дәндердің дернәсілдермен зақымдалғаны.
3. Жүргізілген күрес шаралардың көлемі және олардың тиімділігі.
Түйнек бізтұмсықтары - клубеньковые долгоносики (Curculinidae). Бұған бір және көп жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың маманданған зиянестері жатады. Асбұршаққа негізінен 2 түрі зиян келтіреді: түйнек жолақ бізтұмсығы - полосатый клубеньковый долгоносик (Sitona lineatus L.) және түйнек қылшықты бізтұмсығы - щетинистый клубеньковый долгоносик (Sitona crinitus Hbst.). Қазақстанда кең таралған.
Қоңыздардың бас түтігі жуан және қысқа, мұртшалары түйреуіш басты бүгілмелі, денелерінің ұзындығы 3-4,5 мм. Түстері қоңыр, бірақ денесін қаптап тұратын қабыршақтарына байланысты көбінесе сұр түсті болып келеді. Қанаттарының үстінде ақ, сұр және қоңыр түсті қабыршақтардан тұратын дақтар немесе жолақтар болады. Қылшықты бізтұмсықтың үстіңгі қанаттарында ақшыл үрпиген қылшықтары бар.
Жұмыртқалары сопақша, ұзындығы 0,2 мм, алғашында ақшыл-сары, соңынан қараяды.
Дернәсілдердің саны қара, денесінің қалған бөлігі ақ, аяқтары болмайды, денесі аздап доғаша иілген, ұзындығы 5 мм жетеді.
Қуыршақтары ашық, ақшыл-сары түсті, ұзындығы 4-6 мм.
Түйнек бізтұмсықтардың дамуы ұқсас келеді. Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Ересек қоңыз фазасында топырақ арасында немесе жер бетіндегі өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады.
Қоңыздар ерте көктемде ауаның орташа температурасы 3-50С болғанда қысқы ұйқыдан оянып шыға бастайды да, температура 7-90С жеткенде қоректенуге кіріседі. Ерте көктемде олар жаңадан көктеп келе жатқан жоңышқаның және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жас жапырақтарын шетінен кеміріп жарты шеңбер тәрізді ойық жасап жейді. Температура 150С жеткенде бізтұмсықтар бір жылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктерге көшеді. Қыстайтын жерден қоңыздар шыққанан екі апта өткен сон олар жұмыртқаларың сала бастайды. Қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстіне және өсімдік жапырақтарына бір-біреуден шашыратып орналастырады. Өсімталдығы өте жоғары, бірнеше ондағанан бірнеше жүзге дейін жұмыртқа салады. Эмбрионалдық даму мерзімі ауа райына байланысты 8 күннен 20 күнге дейін созылады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер көп кешікпей топырақ арасына еніп, жоңышқаның тамыр жүйесінің айналасына шоғырланады да, азот жинағыш түйнектермен және тамыр түктерімен қоректенеді. Дернәсілдердің әрқайсысы 30-40 күн ішінде орта есеппен түйнектердің екі-алтауын жеп құртады, Топырақтың 2-15 см тереңдігінде дернәсілдер қуыршаққа айналады, ал 9-18 күн өткен соң олар ересек қоңыздарға айналады.
Жас қоңыздар маусымның екінші жартысында пайда болады, олардың шығуы шілде және тамыз айына дейін созылады. Жас қоңыздар алғашқы кезде бір жылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктермен қоректенеді, артынан олардың өнімін жинағанан кейін көп жылдық бұршақ тұқымдастарға көшеді. Көп жылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырақтары жылдам өсіп-жетуіне байланысты олар қоңыздармен шамалы залалданады.
Қоңыздар негізгі зияндылықты бір жылдық дәнді бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағын жеп зиян келтіреді. Әсіресе олар құрғақ және ыстық жылдары келтіреді, ол өсімдіктің өсуіне кедергі жасайды.
Бұршақтардың өскінділері пайда болу мерзімінде түйнек бізтұмсықтарының ЭЗШ-гі 1м 2 - 10-15 қоңыз.
Болжауға мынадай ақпараттар пайдаланылады:
1. Асбұршақтың өскіндері пайда болу мерзімінде тексерілген және қыстап шыққан қоңыздармен қоныстанған алаң көлемі; қоңыздардың саны.
2. Қоңыздардың қыстайтын жерден шыққан мерзімі.
3. Жаңа ұрпақтағы қоңыздардың зияндылығы (өсімдіктердің зақымдалған пайызы және жапырақтардың зақымдалған дәрежесі).
4. Жүргізілген күрес шаралардың көлемі және олардың тиімділігі.
5. Қыстауға кету алдында популяцияның жағдайы.
Бұршақ бітесі - гороховая тля (Acyrtosiphon pici Kalt). Қазақстанда кең таралған. Бұршақтан басқа да осы тұқымдас өсімдіктердің көптеген түрлерін зақымдайды.
Жасыл барқыт түсті, былқылдақ денелі ұсақ бөжек. Басы сарғылт-жасыл, көздері қызыл-қоңыр, мұртшалары маңдай төмпешігіне орналасқан, денесінен ұзын, 6 бунақтан тұрады - I-IV бунақтарының түсі жасыл, V-VI бунақтары қара-қоңыр, аяқтары ұзын, түстері жасыл, сирақтарының төменгі жағы мен табандары қара түсті. Қанатсыз партеногенетикалық аналықтарының ұзындығы 4-5,6 мм, ал қанатты ұрғашы бітенің ұзындығы 5 мм. Жаңадан салынған жұмыртқалары төгілген жасыл түсті болады да кейіннен қараяды.
Бұршақ бітесінің жұмыртқалары көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде қыстап шығады. Көктемде олардан дернәсілдер шығып, 10-15 күн өткен соң қанатсыз негіз салушы деп аталатын ұрғашы бітелерге айналады. Маусым-шілде айларында анатты аналық бітелер шығады да бұршақ тұқымдастардың басқаларына, ең алдымен бір жылдық бұршақ дәнді дақылдарға таралып, өсіп-өніп қаптап кетеді. Зақымдалған өсімдіктердің жапырақтары ширатылып бүрісіп қалады, сабақтары қисайып, бұралып, өсуі кешеуілдейді және генеративті мүшелері (тұқымдары, жемістері және т.б.) пісіп-жетілмей солып қалады. Бұршақ өнімдері төмендейді. Тамыз айында, яғни бір жылдық бұршақ дәнді дақылдардың ұлпасы қатайған кезде, бітелер көпжылдық бұршақ тұқымдастарға көшеді. Күзде бұл жерде қанатсыз аталықтары мен аналықтары пайда болады. Шағылысқаннан кейін аналықтары қыстайтын жұмыртқа салады. Бітелер өте тез өсіп-өніп көбейеді, бір жаз ішінде 10 генерацияға дейін береді. Ауа райы жылы, жауын-шашынды жылы бітелер жаппай көбейеді.
Бұршақтың түйнектену және одан кейінгі фазаларында бұршақ бітесінің ЭЗШ-гі - өсімдіктердің 20% шамалы қоныстанғанда, немесе қаққышпен 100 рет қағымға - 250-300 бітелердің түсуі. Болжауға мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:
1. Бұршақ егістердің бітелермен қоныстанған мерзімі және оны орта көрсеткіштермен салыстыру; бұршақ бітелердің саны және зияндылығы.
2. Вегетация мерзімінде ауа райы жағдайы ерекшеліктері.

Күрес шаралары. Бұршақ егудің ерте мерзімі. Егу скороспелых сортты бұршақ. Бұршақ тұқымдастарынан арамшөптерді жою. Қала маңындағы жерлерде күзде жабайы бұршақ дақылдарын төмен шабу. Өсімдіктердің 20 және одан да көп пайызы тли болған кезде бұршақты Фури препаратымен бүрку. Бүрку бұршақтарды алу басталғанға дейін 10 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2.2. Көпжылдық бұршақ дәнді дақылдардың зиянкестері және олармен күресу шаралары. Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус - листовой люцерновый долгоносик или фитономус (Phytonomys variabilis Hrbst.). Республиканың оңтүстік бөлігінде жоңышқа өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Бірінші орылатын жоңышқа егісінің негізгі зиянкесі. Солтүстік Қазақстанда басқа түрі кездеседі Phytonomys transsylyanicus Petri. - далалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz