Бақша дақылдарын зиянкестерінен қорғау жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Агробиология факультеті
Өсімдік қорғау және карантин
кафедрасы

Семестірлік жұмыс

Тақырыбы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы жағдайында бақша дақылдарын негізгі зиянкестерінен қорғау шараларының жүйесі.

Орындаған: Жұмағұл А.
Қабылдаған: Хидиров К.

Алматы 2023 жыл
Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1 Жаңақорған ауданының климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Бақша дақылдарын зиянкестерінен қорғау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

I Кіріспе

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін және оның сапасын арттырудың негізгі жолдарының бірі зиянкестер, аурулар және арамшөптер келтіретін зиянды болдырмау немесе азайту болып табылады. Жер шарын мекендеген халық саны өсуіне байланысты, оларды тіршілігі үшін аса қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету қиын түйінге айналады.
Өсімдіктерді қорғаудың негізгі міндеті - зиянды келтіретін организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.
Ауыл шаруашылығы зиянкестері -- қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан -- құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді.
Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі)
Олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі)
Полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.

II Негізгі бөлім

2.1 Жаңақорған ауданының климаттық жағдайы.
Жаңақорған ауданы -- Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы -- 16,6 мың км². Орталығы -- Жаңақорған ауылы.
Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері -- 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан. Кен орнынан мырыш, қорғасын, күміс, кадмий, тағы басқа сирек кездесетін металл кентастары кездеседі. Сондай-ақ, ауданда құрылысқа жарамды тас, қиыршықтас, құм, саз (бентонит) тағы басқа кен қорлары бар.
Климаты -- континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы -- 6 - 7°С, шілдеде -- 27 - 28°С.Ауаның тәуіліктік орта температурасы 0°С тан жоғары болатын күннің саны 235-275. Ол 23 ақпан - 18 наурыздан басталып қарашаның 12-18 - інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі - құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60 пайызы қыс көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартым-сыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігініде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой тағы басқа көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңтүстікке қарай құмды келеді. Қаратау етегінде жусан, селеу, шеңгел, тобылғы, жиде, итмұрын, шөлде баялыш, көкпек, сораңшөп, сексеуіл, жыңғыл, су бойында қамыс-құрақ өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, қырғауыл, шіл тағы басқа жануарлар мекендейді.

2.2 Бақша дақылдарын зиянкестерінен қорғану жүйесі
Сәбіз шыбыны - Psila rosae L. (Diptera отряды, Psilidae тұқымдасы). Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара үшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4- 5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр-сары түсті. Денесінің ұзындығы 7 мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде (пілләда), кейде көкөніс қоймаларында тамыр-жемістерде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Аналық шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр-жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады. Дернәсілдің өсіп-жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер топырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымданған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда 1-2 ұрпақ береді. Сермеу жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% өсімдік залалданған болса, онда жоңышқа егістігіне Актеллик 500 к.э. (пиримифосметил, 500 гл), Сингента Кроп протекшн АГ, Швейцария П-1 препаратымен өсіп-өну кезеңінде бүрку жұмыстарын жүргізу қажет.

1-сурет. Сәбіз шыбыны - Psila rosae L.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арамшөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әр қайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4-тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Борей, с.к. 0,1-0,2 гл (имидаклоприд, 150 гл+лямбда-цигалотрин, 50 гл), децис,( 2,5% к.э. 0,3 гл дельтаметрин, 25 гл) инсектицидтерін қолдану қажет.
Бақша бітесі - Aphis gossypii Glov. (Homoptera отряды, Aphididae
тұқымдасы). Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды.
Бақша бітенің ұзындығы 1,2-2 мм, түсі сарыдан бастап қара-жасыл, тіпті қара
болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе дернәсілдері арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда - көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.

2- сурет. Бақша бітесі - Aphis gossypii Glov.
Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте
екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Түскен жапырақтардың
астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу;
сілті (10л суға 200г күл мен 50г сабын араластырып) бүрку. ЭНЖИО 247, с.к. 0,2 гл (тиаметоксам, 141 гл+ лямбда-цигалотрин, 106 гл) инсектицидімен өсiп-өну кезеңiнде бүрку жұмыстарын жүргізу қажет.

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. (Arachnida класы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Агрономия — диханшылық туралы ғылым
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Картоп шаруашылығы өсімдіктерінің аурулары және олардың симптомдары
Қауын дақылының өсіру технологиясы
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Өсімдіктің зиянкестері
Қойма зиянкестерімен күрес
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Бүлдірген зиянкестері
Пәндер