Тұқымдарды стратификациялау


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шие
Орындаған: Жұмағұл А.
Қабылдаған: Мажитова Р.
Алматы 2023 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Шие сорттары және оларға қысқаша сипаттама
2. 2 Биологиялық ерекшеліктері мен табиғат жағдайына қатынасы
2. 3 Көбеюі, телітушілері, бақ отырғызу топырағын күту
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік. Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7, 3 - 17, 5% қант, 0, 8 - 2, 4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0, 15 - 0, 88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.
Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.
Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Отаны - солтүстік Парсы жері мен Қара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері аратісті. Гүлі сұрыпына қарай ақ және күлгін, хош иісті. Жемістері тегіс-домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады. Жемістері дәміне қарай тәтті және қышқыл болып екіге бөлінеді. Еті тығыз, шырынды. Сүйегінің үлкендігі 15 мм-дей. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, маусым-шілде айында жемісі піседі. Шиені тұқым, тамырлары, қалемшелері, көшеттерін ұластыру арқылы көбейтеді. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. 8-10 жылдары толық жеміс салу кезеңі. Бір ағаш 100 кг-нан астам жеміс береді. 20-25 жылда сему (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы) кезеңі басталады.
Шие желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Шиені көктемде отырғызған жөн. Күзде отырғызылған көшет, қыс суық болса, ауырып қалады. Отырғызғаннан кейін 1-ші жылдан бастап жылда қырқу-кесу жұмыстарын жүргізу керек. Шие тез тармақталып өсетіндіктен, бұтақтарының арасы тығыз болып, бір-біріне кедергі жасайды. Қырқу-кесуді ерте көктемде, өсімдік әлі «ұйықтап» жатқанда жасайды.
Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Шие қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темір, фосфор, магний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Шиеден шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды. Шие аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады.
2. 1 Шие сорттары және оларға қысқаша сипаттама
Шиенің көптеген сорттары белгілі. Олардың бірі ерте, бірі кеш піседі, негізгі сорттары: «Анадоль шиесі», жұпар шие, Антонов-Костычев шиесі, Аньдо шиесі, Құмшие, Булыгин шиесі, Владимир шиесі, таудың мықыр шиесі -бұл Тянь-Шань тауының беткейлерінде есетін шиенің бір түрі.
Евгений шиесі, Идеал шиесі - Самараның жабайы дала шиесінің аналығын екпе пенсильван шиесінің аталығымен будандастыру арқылы 1906 жылы өсіріп шығарған И. В. Мичурин шиесінің сорты. Мұның түсімі мол, күтім талғамайды, тез өседі, төзімді. Бұл сортты Мичурин шиенің басқа сорттарымен де будандастырған. Екі жасар будан Идеалдан И. Мичурин 1921 жылы мына сорттарды өсіріп шығарды: Лавр шие, Мирт жапырақшие және Даланың ірі жеміс шиесі, Избылецк шиесі, Испан шиесі, Кисляков шиесі.
Қытай шиесі, Тікенді шие, - шиенің шығыста өсетін бір түрі. Жапырағы шабдалдікі тәрізді, гүлі сары түстес, бұтақтарында әрі ұзын, әрі үшкір тікендері бар, жеміс сүйегінін екі бүйірі қабысыңқы - күйме тәрізді.
Копылов шиесі, Краса севера шиесі -көбінесе Ресейдің еуропалық бөлімінің орта алқабында өсірілетін шиенің бір сорты. Июльдің бас кезінде ерте піседі. И. Мичурин бұл сортты екі түрлі жеміс өсімдігін (Владимир шиесі мен Қызыл шиесі) будандастыру арқылы өсіріп шығарған. «Краса севераның» анасы - ерте піскіш Владимир шиесі, атасы - қызыл шие.
Кузьмин шиесі, Лавршие, Ливен шиесі, Алшақ шие - көбінесе оңтүстікте өседі. Июльдің аяғы мен августың басында піседі.
Люб шиесі - Ресейдің еуропалық бөлігінің орта алқабында, Кавказда және Украинада өседі. Июльдің аяқ кезі мен августың басында піседі.
Малоярослав шиесі, бадам шие, Миртжапырақ шие, Мичуриндік мықыр шие, Мичуриндік өсімтал шие - Самара дала шиесінің аналығын мичуриндік мықыр шиенің тозаңымен будандастырғаннан кейін алынған жаңа сорт. Мичуриндік өсімтал шие 1887 ж. бірінші рет жеміс бөрген. Мономах шие, Остгейм шиесі, Украинада, Белоруссияда, орталық қара топырақты алқапта өседі, шілде піседі.
Пенсильван шиесі (Prunus pensilvanica) - Америкада өсетін шиенің бір түрі, бойы ұзын, шиесі ұсақ, өте түсімді.
Құмшиесі (Prunus Besseyi), Подбельский шиесі, Полевка шие - мичуриндік жаңа шиенің бір сорты. Жыл сайын мол енім береді. Жемісі ірі. Ағашының бойы 2 м. Аязға төзімді. Тез өніп-өсіп, жедел кебейеді: бір түбі жыл сайын айналасында 10-50 тамыр атпаларын шығарады, бұларды көктемнің бас кезінде қазып алып басқа жерге отырғызса сол жылы жеміс береді. Сөйтіп алғашында отырғызылған 10 түптен 5 жылдың ішінде 500 түп толық бағалы шие өсіруге болады.
Полевка шие телусіз-ақ (қара: Прививка) жеміс шығарады. Осы қасиет Идеалда да бар. Ерте піскіш шие - Краса Севера деген шиенің екінші генерациясынан алынған сорт. «Краса севера» шиесіне қарағанда бұл сорт 1, 5 апта ерте піседі.
Дала шиесі (вишня степная) - ұзындығы 50- 150 см болатын бұта. Тамыр атпалары көп болады. Жемісі ірілі-майдалы, түсі күлгіндеу де, күрең де және қара да болады. Дала шиесі көбінесе Оралда, Батыс Сібірде, Ресейдің қара топырақты және орта алқаптарында өседі. И. Мичурин Дала шиесін селекцияда пайдаланып, одан «Мичуриннің өсімтал», «Идеал», «Полжир», «Полевка» және баска жаңа сорттарын өсіріп шығарды.
Уйма шие (вишня уйма) - И. Мичуриннің өсіріп шығарған аласа бойлы жаңа сортты шиесінің бірі. Уйма шиенің қолайлы жері: жемісі жинауға ыңғайлы келеді, солтүстікте де өседі. Украин шиесі - шілде айында піседі.
Шепалы шиесі (вишня шепалинская), Шпанка шиесі - Воронеж және Курск облыстарында өсірілетін шие. Июль айының бірінші жартысында піседі.
Шубин шиесі (вишня шубинка) - Москва және Иванов облыстарында өсіріледі. Июльдің аяғы мен августың басында піседі.
Юбилейлік шие - мол өнім беретін шие.
Жапон шиесі - бұтақтары жіңішке, бойы 120 см-дей бұта. Жабайы күйінде Қиыр Шығыста, Мичуринскіде және Красноярскіде өседі. Жемісінің түсі алқызыл, дәмі қышқылдау, көлемі ұсақ. Мұраппа қайнатуға ғана жұмсалады.
Американың құм шиесі (Prunus Besseyi W. немесе Western sand Ch. ) - Американың аязға төзімді шиесінің бір сорты. . И. Мичурин Американың құм шиесін телуші ретінде де пайдаланған, сонымен бірге туысаралық будандастыру мақсатымен де оны Қытай алхорысымен шағылыстырып, олардың арасынан жаңа сорт алған.
2. 2 Биологиялық ерекшеліктері мен табиғат жағдайына қатынасы
Өсірілетін шие сұрыптары жемісінің мәйегінің тығыздылығы және оның реңі бойынша мынадай топтарға бөлінеді: гини - қоңыр түсімен, етінің нәзіктілігімен және шырындылығымен (асханалық) ерекшеленеді; бигарро - мәйегі тығыз, шеміршекті, ашық түсті келеді (консервілеуге) . Жемістерін дәмбасқыш ерте жеміс ретінде пайдаланса, бір бөлігін жасаң күйінде тоңазытады; оларды компот (сүйектілердің ішіндегі ең жақсысы), тосап, шырын дайындауға, кептіруге, жемістерді жылтыратуға қолданады.
Шиеде Қарапайым жемісті бүршіктерде жақсы дамыған гүл жұрнақтары болады. Өсінді бөлігі жетілмеген және нағыз жапырақтар дамыта алмайды. Өсінді жұрнақтардың болмауынан гүлдегеннен және жеміс байлағаннан кейін жемісті өркенінің орнында тек жеміс тыртықтары қалады, яғни бұтақ жалаңаштанады.
Өсімдікті тамыр қалемшелерімен (аса бойшаң емес телітушілер) және тамыратпаларымен тамырдың балапан бұтақшаларымен көбейткенде тамырдың қосалқы бүршіктерінен өркендер пайда болады.
Гүл - тарамдалмаған түрі өзгерген өркен түрінде болатын, жабық тұқымды өсімдіктердің жыныстық көбею мүшесі. Жеміс және жидек өсімдіктерінің гүлдері шамасы, түсі, гүл тостағаншасының жеке жапырағы, гүлтесінің, аталығының және аналығының құрылысы бойынша әр алуан келеді. Жеміс және жидек өсімдіктерінің көбінің гүлдері бес мүшелі құрылысты. Тәттәі шиеде гүл тостағаншасының жапырағы түседі.
Тектердегі аталықтардың саны бірдей емес. жатын (түйін) бір ұялы, жемісін айтарлықтай ерте сала бастаса (2-3-ші жылдары), екіншілері орташа мезгілде жеміс байлайды, айқас тозаңданады.
Шие ағашы өте жарық сүйгішөсімдік, аязға ең әлсіз мүшесі - тамыры.
2. 3 Көбеюі, телітушілері, бақ отырғызу топырағын күту
Шиеде түраралық және туысаралық ұластырулар сәтті болады. Шие тәттішиеге жақсы ұластырылады, ал тәттішие шиеге - қиын.
Тұқым дайындау және оны егуге ыңғайлау. Тұқым алу үшін жемістерді аналық-тұқымдық екпелерден, өндірістік бақтардан және ормандардан жинайды. Тұқымдардың араласуын болдырмас үшін әр текті, түрді, сұрыпты жеке жинайды және өңдейді. Пісіп-жетілген, бірқалыпты дамыған, ауруларға шалдықпаған және зиянкестер зақымдамаған жемістер алынады.
Тәттішиенің сүйектерін - орташа және кеш мерзімде піскен жемістерінен, себебі ерте піскендері көбі жетілмеген тұқым береді. Аз мөлшерлі тұқым дайындағанда бөрікбастың шеттеріндегі, жарық пен жылудың жақсы режимінде өскен және жоғары сапалы тұқым қалыптастыратын жемістерден таңдайды.
Тұқымдарды стратификациялау. Жеміс өсімдіктерінің тұқымдарына бір ерекшелік тән: толық пісіп жетілген жемістерден алынған және сол күзде себілген олар көктемде өскін береді, ал көктемде себілгенде өскін бермейді. Тұқымдар көктемде өскін беруі үшін олар жиналғаннан кейін жеткілікті ылғалдылықта, температурада және оттегі болғанда, пісіп-жетілуі қажет көрінеді. Тұқымдар мұндай факторлар кешенін өсу-дамудың табиғи жағдайында, күз-қыс кезеңінде жапырақ немесе қар астында қалған жемісте табатын көреді. Тұқымды егуге дайындау үшін, оларды стратификациялайды (қиын өскіндейтін ағаштардың, бұталардың, кейбір дәрілік өсімдіктердің тұқымдарын, олардың өсуін жеделдету үшін дымқыл құмда, шымтезекте 1-5оС температурада немесе қар астында ұстау) .
Тұқымды стратификациялау - олардың көктеуін жеделдету үшін себер алдында дайындау тәсілі. Негізінен қиын көктейтін тұқымдарға (алма, алмұрт, шие және т. б) қолданады. Тұқымдарды дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен, шымтезекпен, мүкпен кезектестіріп қабаттастырады да, сосын төмен температурада және ауа жететіндей етіп ұстайды.
Себу. Себуге тек тіршілікке қабілетті тұқымдар қолданылады. Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарының алдын ала стратификацияланған тұқымы көктемде себіледі. Тұқымды қолмен немесе механизм көмегімен себеді. Шекілдеуіктілердің, сондай-ақ шиенің, тәттішиенің тұқымдарын, тереңдікті шектегіштері бар көкөніс немесе жеміс тұқымсепкіштерімен (СПН-4, СПН-8) себеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz