Философия дүниетанымның өзегі ретінде


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Философия дүниетанымның өзегі ретінде»

  1. Кіріспе
  2. Дүниетаным және оның түрлері
  3. Философия және оның қоғамдағы рөлі
  1. Кіріспе

Философияның қоғамдағы рөлі өте жоғары. Фмлософия мәдениеттің негізі ғана

емес, ол көтерген мәселелер шынайы өмірде де өз көрінісін табады.

Әдетте, студенттер өздеріне және оқытушыға қоятын сұрақтар жиі қайталанатын сауалдар:

- философия не үшін керек?

- философия деген не?

- оның мағынасы мен пәні қандай?

- философияны қалай оқып меңгеруге болады?

Бұл сұраққа жауап беру, әрине, оңай емес. Бірақ философияны оқу арқылы студенттер өздерінің дүниетанымын қалыптастырады, өзінің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсінеді, әлеуметтік және жеке белсенділігін сезінеді, өзінің істеріне жауапкершілікпен қарайтын болады.

Философия негіздерін оқуда студенттерде - философия әлемінің ғылыми және діни бейнелері, адам өмірінің мағынасы, адам білімінің формалары және оның қазіргі қоғамдағы көрінісі, ерекшеліктері туралы танымы қалыптасады .

Философияны не үшін оқу керек деген сауалға ұлы тұлғалардың сөзімен жауап беруге де болады.

Қазақтың атақты жазушысы М. Әуезов былай дейді:

«Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:

  1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;
  2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;
  3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ».

Адамның дүниетанымдық мәдениетінің қалыптасуында және дамуында философия әрқашанда маңызды рөл ойнады. Барлық уақытта философия адамның болмысын ой елегінен өткізіп түсіндіру функциясын өз міндетіне ала отырып, адам болу деген не, ол қалай өмір сүру керек, нені бағдарға алуы тиіс, мәдениет дағдарысы кезінде өзін қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап беріп отырды.

  1. Дүниетаным және оның түрлері

Алғашқы адамдар өзі және қоршаған орта туралы бастапқыда көзбен көріп,

образдар арқылы ой қалыптастырды. Адам ақылы мен санасының және өмір сүру деңгейінің өсуі дүние туралы ойлаудан дүниені танып білуге әкелді.

Дүниетанымның қалыптасуы адамнан ақылының күрделене түсуін, санасы өсуін, көкжиек өрісінің кеңеюін талап етті.

Дүниетаным дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - адамның өзі, адамның тіршілік болмысы.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте, яғни бірінен бірін ажыратып дүниетаным туралы айта алмаймыз.

Дүниетанымды жүйе түрінде қарастыратын болсақ, онда ол келесі элементтерден тұрады:

  1. Білім- дүниетанымның негізін құрастыратын негізі. Білім дегеніміз - қоршаған

орта туралы мәліметтердің жиынтығы. Олар ғылыми, кәсіби, күнделікті-тәжірибелік болады. Адамның білімі неғұрлым көп болса, оның дүниетанымының тірегі соғұрлым мықты болады.

  1. Құндылықтар- адамның өзінің мақсаты, мүддесі, қызығушылықтары мен

өмірдің мәнісі туралы түсініктеріне сай дүниеге және онда болып жатқан құбылыстарға деген көзқарасы мен қатынасы.

Құндылық ұғымы «маңызды», «пайдалы», «зиянды» деген түсініктермен сипатталады. «Маңызды» - сіздің қатынасыңыздың интенсивтілігін білдіреді, яғни ол құбылыс сізге қаншалықты күшті не әлсіз әсер етеді немесе ешқандай әсер етпейді. «Пайдалы» - сіздің күнделікті өмірдегі мұқтаждығыңызды білдіреді. Бұл құндылықтар материалдық және рухани деп бөлінеді. «Зиянды» - белгілі бір құбылысқа деген сіздің негативті көзқарасыңыз не қарым-қатынасыңыз.

  1. Эмоциялар- ішкі және сыртқы тітіргендіргіштерге адамның субъективті

реакциясы. Олар қанағаттану, қанағатсыздану, қуаныш, реніш, қорқыныш т. б. тұрінде көрінеді. Эмоциялар күнделікті өмірде көптеп туындап жатады. Дүниетанымға мықты импульс беретін адамгершілік эмоциялар бар: ұят, ар-ождан, парыз, мейірімділік т. б.

  1. Ерік- өзінің іс-әрекетіне мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру үшін ішкі

күш-жігерін қолдана білу қабілеті. Бұл адамға өз дүниетанымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  1. Сенім- адамның өмірлік қызығушылықтары мен мүдделеріне сәйкес

көзқарастарды қабылдау. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, істеген ісіне, ұмтылған мақсат-мұратына беріктігі. Сенімі үшін адамдар өмірін құрбандыққа шалуға дайын. Сенім - бұл ерік пен білімнің бірігуі. Бұлар жеке тұлғаның, топтардың, ұлттардың, халықтардың өмірінің, іс-әрекетінің, жүріс-тұрысының негізі болып табылады.

  1. Наным- өзінде бар білімге деген адамның сенімінің деңгейі. Адам нанымының

диапозоны өте кең. Ол күнделікті нанымнан бастап дініи наымдар мен ақылға сыйымсыз нанымдарға дейін жалғасып жатыр.

  1. Күмән- белгілі бір білімге не құндылыққа деген сыни көзқарас не қатынас.

Күмән - бұл жеке дүниетанымның міндетті элементі. Қандай да бір көзқарасты өзінің сыни пікірінсіз қабылдау - бұл догматизм болса, ал ештеңге сенбеу, идеалдардың болмауы - бұл скептецизм немесе нигилизм деп аталады.

Сонымен, дүниетаным дегенміз - білімнің, құндылықтардың, эмоциялардың, еріктің, сенімнің, наным мен күмәннің қарама-қайшы күрделі бірлігі, ол қоршаған ортада адамға бағыт-бағдар береді.

Дүниетанымның негізгі түрлері

Дүниетанымның түрлері
Дүниетанымның түрлері: қарапайым
кәсіби
теоретикалық
Дүниетанымның түрлері:

Күнделікті өмір тәжірибесі мен ақыл-ой нәтижесінде қалыптасады. Бірақ бұл жүйе-сіз болады және қоғамның көп бөлігін қамтып, миллиондаған

адамдар үшін негізгі дүниета-

ным болып табылады. Бірақ бұл дүниетанымның ғылыми деңгейі төмен.

Төменгі деңгей

Дүниетанымның келесі деңгейі. Түрлі кәсіби салаларда білім мен тәжірибенің нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, жазушының, ғалымның, саяси қайраткерді немесе т. б. мамандық иелерінің дүниетанымы.

Орта деңгей

Дүниетанымның жоғары деңгейі - теоретикалық. Бұған ғылым мен философия жатады. Басқа дүниетаным түрлерінен айырмашылығы, философия дүниетанымды қалыптастырып қана қоймай-ды, оны талдап, сыни саралаудан өткізеді.

Жоғары деңгей

Дүниетанымның түрлері:

Дүниетанымның тарихи типтері

Рухани дамуы тарихында адамзат дүниетанымның бірнеше типтерін қалыптастырды. Олар:

  1. Мифология(грек тілінен аударғандаmyth- аңыз, logos - сөз, ілім, түсінік

дегенді білдіреді) - аңыздар туралы ілім.

Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф.

Миф - алағашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда алғашқы білімнің, діни нанымның, өнердің, саяси көзқарастардың негіздері жинақталған.

Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Миф келесі сұрақтарға жауап іздеді:

  • әлемнің жаратылысы мен құрылымы;
  • табиғаттың басты құбылыстары туралы (күн тұтылу, су тасқыны, метеориттердің құлауы, т. б. ) ;
  • дүниедегі теп-теңдік;
  • адамның шығуы;
  • оның өмір сүру кезеңдері;
  • өмір мен өлім мәселесі;
  • мәдениеттің шығуы және оның жетістіктері (оттың, қолөнердің, ғұрыптардың

т. б. ойлап табылуы) .

  1. Дін

Алғашқы діндердің пайда болуымен қалыптасқан дүниетаным. Мифологиялық

сананың жалғасы болды. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Діни қағидалардың айтуынша, дүниеде қандай бір құбылыс болмасын оның тікелей тірегі, қозғаушысы өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет) бар екен.

Ең алғаш діндер политеистік болып, кейін дүниежүзілік діндер пайда болды. Олар:

буддизм, христиандық және ислам діндері. Бұларды монотеистік діндер дейді.

Діни дүниетанымның белгілері:

  • дін дүниені, қоршаған ортаны қабылдаудың эмоционалды-бейнелік, сезімдік-

көрнекілік формаларына сүйенеді;

  • дін рефлексивті емес дүниетаным түрі;
  • діннің маңызды атрибуттарына сенім мен табыну (культ) жатады. Сенім

дегеніміз - дүниені діни санамен танып білу. Табыну (культ) - догматтар мен ғұрыптардың жиынтығынан көрінеді;

  • этикалық бағыттылығы. Діни санада этикалық нормалар, идеалдар, құндлықтар

маңызды орын алады. Дін адамның рухани дүниесін қалыптастырады.

  1. Философия

Өркениеттің дамуымен қатар адамдар дүниетанымы да өзгереді. Енді

дүниетанымдық мәселелерді теориялық тұрғыдан талдауға өшеді. Бұл философиялық жүйенің пайда болуына әкелді.

Философия - дүниені танып білудің жинақталған, қорытындыланған түрі. Оны

табиғат және қоғамның неғұрлым жалпы даму заңдары туралы ғылым деп айтады. «Философия» термині гректің сөзінен алынған, мағынасы «даналықты сүйемін»

дегенді білдіреді. Осы терминді алғаш рет қолданған ежелгі грек ойшылы Пифагор (б. з. д. 580-500 жж. ) болды. Алғашқыда бұл терминді даналыққа ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарға қатысты айтқан.

Даналық адамның ақыл-ойы мен бүкіл руахани күштерінің толығымен жұмыс жасауын талап етті. Ол ақиқатқа қызмет етіп, миф пен діни көзқарастардан арылып, күнделікті дүниетаным шеңберінен шығуға әкелді.

Осылайша, мифологиялық және діни санадан философия бөлініп шығады. Дүниетаным ретінде дін мен философияның қарайтын мәселелрі бір болғанымен, оларды түсіндіру және адам санасы мен жүріс-тұрысына әсер ету әдістері әртүрлі. Дін сенімге сүйенсе, философия теория мен ақылға сүйенеді.

Философиялық дүниетанымның белгілері:

  • дүниеге деген теориялық көзқарас;
  • философияны өз тілінің (категориялар) болуы;
  • философия қысқа, нұсқа, әрі дәлелдеу базасы бар;
  • рефлективті дүниетаным түрі;
  • ой бостандығы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия мен дүниетаным
Философия рухани өмірдің ерекше түрі ретінде
Философияның пайда болуы және дамуы. Философияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия дүниетаным ретінде
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Қытай философиясының тарихы
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz