Отбасының типтері, отбасының түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Отбасы типтері және оларға сипаттама.

Орындаған:Серқұл.Ж.Е
Топ:МС-21-14К2
Қабылдаған: Бегім А.

2023 жылы

Жоспар:
1.Кіріспе бөлім.
Отбасының құрылуы, отбасылық әрекеттік, отбасының қызметтері
2.Негізгі бөлім.
Отбасының типтері, отбасының түрлері.
Отбасының әлеуметтік қызметтері.
Неке мен отбасының альтернативті формалары.
Жалпы ата-ана ұстанымы тиімділігінің негізгі өлшемдері.
Қазіргі кездегі отбасы типтері
3.Қорытынды.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

1.Отбасының құрылуы, отбасылық әрекеттік, отбасының қызметтері.
Отбасының құрылымы бойынша анықталады:1) оның мүшелері арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы; 2)рухани, ізгілік қарым-қатынастар жүйесі;Туыстық құрылымы бойыншаотбасы былайша бөлінеді:1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп);2)кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйелінің туысы тұрады).
Басқару принципі бойынша:
Эгалитарлы отбасы- ерлі-зайыптылар тең басқарады.
Авторитарлы отбасы- ерлі-зайыптылардың біреуі басқарады.
Нуклеарлы отбасы- бір некелік жұп және балаларынан тұратын отбасы.
Күрделі отбасы- нуклеарлы отбасы мүшелері+ ата, әжелері. ,ерлі- зайыптылардың туысқандары, достары, т.б.
Толық емес отбасы- ерлі - зайыптылардың біреуінің болмауы
Неке дегеніміз - отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәсүрлі тәсілі, жыныстардың - еркек пен әйелдің арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.
Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі.Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттелуге жатады. Олардың қатарында:
1. Көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау және некеге дейінгі мінез-құлық нормалары;
2. Жұбайлар арасында билік пен міндеттерді бөлу нрмалары, олардың бейформалды байланыстарына қатысты жұбайлардың күту нормалары.
3. Отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік;
4. Бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.
Өзара әрекеттестіктері былыққан және дағдарысқа жетелейтін ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын сонымен бірге өмірліктәжірибелері алдағы уақытта лайықтымінез-құлық қалыптастыруға бағыт-бағдар бола алмайтын отбасылар былық-шылық құрылымға ие болады, ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайды шешуде отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылар арасынан 50-ден 60-қа дейінгі пайызын ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскег және. психологиялық жағынан қисыны келмейтін ата-аналар, бала - ата-ана қарым-қатынастарының жолы теріс, жанжалды деп аталатын, қолайсыз әлеуметтік- психо отбасылар құрайды. Адам барлық жақсы мен жаманды отбасында алады. Отбасы жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды саласы, әр халықтың әлеуметтік қайта жандауына және белгілі бір өмір салтын жасауға жауап беретін тәрбиелеудің басты институты болды және болып қала бермек.
Отбасында баланың тұлғасына әсер ететін факторлардың мамандар шартты түрде үш топқа бөледі.
Біріншісі- бұл отбасының әлеуметтік микроортасы, онда балалар әлеуметтік құндылықтар мен рольдерге тартылады, қазіргі заманның қиындықтары мен қайшылықтарын танып біледі.
Екіншісі - бұл отбасы ішілік және отбасынан тыс жұмыс,негізінен тұрмыстық еңбек, ол адамда әлеуметтендірудің және оны болашақ тіршілікке тартудың мықты құралы болып табылады.
Үшіншісі- отбасындағы тәрбиенің өзі, мақсатты педагогикалық әсерердің белгілі бір кешені.
2. Отбасының типтері, отбасының түрлері.
Әрбір отбасы қайталанбайтын ерекше әлеуметтік институт ретінде белгілі бір типтерге жатады. Отбасы құрамы басқарылу ерекшелігі, қатынас сапасы мәдени-әлеуметтік мүмкіндігі бойынша:
Жалғызбасты отбасы (балалы немесе баласыз жұбайлардың бірі)
Толық емес отбасы
Бөлек отбасы
Қариялы отбасы
Әлеуметтік отбасы (бірнеше ұрпақтың жұбымен болуы)
Эгалитарлы отбасы (тең құқылы)
Патрирхалды (әкенің басқаруындағы)
Матриархалды (ананың басқаруындағы)
Жағдайлы
Бақытты
Тұрақты
Проблемалы
Даулы
Жағдайы төмен
Шырқы бұзылған
Өнер түріне бейім
Спортқа бейім
Техникаға бейім
Гуманизмге жақын
Дінмен өмір салты қалыптасқан болып бөлінеді. Отбасы - шағын мемлекет болғандықтан да, уақыттың және қоғамның әсерінен ол үздіксіз дамиды, өзгерістерге ұшырайды.Жаһандану жағдайында қазақ отбасының ұлттық қалпы мен салтын сақтай отырып дамуына педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Қазіргі кезде негізінен отбасының патриархалды (әкенік басқаруындағы) типі кеңінен тарвған. Патриархалды отбасы ұғымына әр түрлі сөздіктерде әр түрлі анықтамалар берілген.
Энциклопедиялық сөздікте: Патриархалды отбасы (грек. pater әке+arche бастау,билік),-обасындағы билік ең үлкен ер адамға ғана тиесілі отбасы формасы. Оның құрамына бірнеше ұрпақтың өкілдері енеді делінген.
Социологиялық сөздікте:Патриархалды отбасы (үлкен отбасы)-жақын туыстар ұрпақтары құрамынан тұратын, өзара бірігіп шаруашылық жүргізетін және ер адамның абсолютті билігіне бағынған отбасы типі деп анықтама берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, бұл типтегі отбасыға ұлттық және діни дәстүрлерді сақтауға, үлкендерді құрмет тұтуға, бірнеше ұрпақтың өкілдері бірігіп өмір сүруге және отбасында әке рөлінің басымдылығына негізделген отбасылар жатады деуге болады. Бұндай отбасылар негізінен кішігірім қалалар мен ауылдарда сақталған.
Үлкен қалаларда керісінше нуклерлық отбасы кеңінен дамыған.Нуклеарлық отюасы екі ұрпақтан-ерлі-зайыптылар мен олардың балалары некеге дейін бірге тұратын отбасы типі.Нуклеарлық отбасында патриархалды отбасына қарағанда, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жақындығы, өзара көмегі, бір-біріне деген қамқорлығы ашық байқалады. Алайда бұл типтің кең тарауының өзіндік салдарлары да бар. Көбіне алдыңғы буынның өмір тәжірибесін беру үдерісі, жас отбасылардың ата-аналары арасындағы эмоционалды байланыстары, өзара бір-біріне көмектесу сияқты қасиеттердің әлсіреуіне алып келуі мүмкін.
Соңғы жылдары шағын отбасылардың толық емес, жалғыз-басты аналық (некесіз),Бос ұя (балалары үйлі-баранды болып ата-аналары жалғыз қалаған) көбею тенденциясы байқалуда. Қазіргі кездің басты мәселелерінің бірі болып отырған ажырасу мен ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына қарай толық емес отбасылардың өсуі. Толық емес отбасында бала тәрбиесімен негізінен аналар ғана айналысады. Ал әкелері тек анда-санда ғана баласына көңіл бөледі.
Сондай-ақ, аналық (некесіз) отбасылар да қарқындап өсуде.
Статистикалық зерттеулерге сүйенсек некесіз балалардың көпшілігі жасөспірім жастағы қыздар мен 40-тан асқан әйелдердің үлесіне тең.
Сонымен қатар, соңғы жылдары азаматтық некеде тұратындардың саны артқанын байқауға болады. Азаматтық неке Швеция, Англия, Франция, Нидерландия, АҚШ, Канада, сол сияқты Ресей сияқты мемлекеттерде кең тарағанын байқауға болады.
Отбасының әлеуметтік қызметтері.
Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады.Отбасының мемлекеттің бір бөлшегі ретінде жеке адамның ие болуында алатын орны орасан зор. Сондықтан отбасы қазіргі кезеңде де, кейінгі ұрпақта да жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиелеудің, ондағы мәдени құндылықтардың, адамгершіліктің материалдық қажеттіліктің ұрпақтан-ұрпаққа берілу ортасы болып қалады. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар әсерімен бүгінгі отбасының дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Атап айтсақ, отбасының табысқа жетуі күрделеніп, бұқара халықтың әлеуметтік тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуі, жоқшылыққа ұшырауы, отбасы өмірінің ыдырауы тереңдеп, некенің тұрақсыздығының артуы, қалыптасқан өнегелі-этикалық нормалар мен салт-дәстүрдің бұзылуы, жұбайлар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды, жанжалдың күшеюі, отбасының жеткілікті түрде материалдық қамтамасыз етілмеуі және кедейленуі, ата-аналардың жұмыс бастылық деңгейінің жоғарылануы олардың бала тәрбиесі мен дамуына өнегелік адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына және физиологиялық-психологиялық денсаулықтарының дұрыс жетілуіне кері әсер етуі, төмендеуі, некесіз баланың дүниеге келуі, әкесіз, жетім, тастанды балалар санының өсуі, жалғыз басты аналар мен ажырасқандар санының көбеюіне әкеліп отыр. А.С. Макаренко жастар тәрбиесінің қиындығын айта келіп, былай деп жазды: Балалар тәрбиесі -- біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі. Біздің балаларымыз -- біздің еліміздің келешек азаматтары және әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тэрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы ана болып өсуі қажет. Біздің балаларымыз -бұл біздің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие -- бұл біздің бақытты қарттығымыз, нашар тәрбие -- бұл біздің келешек қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, барлық ел алдындағы айыбымыз.
Неке мен отбасының альтернативті формалары.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұя құрамы, түрлері
Отбасы әлеуметтануы
Отбасының құрылымы мен қызметтері
Отбасы және қазіргі заман
Жанұя құрамы және түрлері
Жанұяның дәстүрлі-патриархаттық және қазіргі эголитарлы типтері
«жанұя» және «неке» ұғымдары
Отбасы түрлері және құрылымы
Отбасының түрлері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы)
Пәндер