Гематейннен бояу ерітіндісін дайындау


1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері
Дәріс 1. Тақырыбы: Кіріспе. Микроскопиялық техниканың негіздері, оның мақсаты және міндеттері.
Дәрістің мақсаты: Цитология мен гистологияда қолданатын зерттеу әдістерін, гистологиялық және гистохимиялық, микроскопиялау техникаларын және қазіргі кездегі қолданылып жүрген заманауи зерттеу әдістерін (люминесценттік, интерференциялық және электронды микроскопиямен) меңгеру қажет, келешекте осы микроскоптармен өздігімен жұмыс жасауды, гистологиялық, гистохимиялық препараттарды және электронограммаларды дайындауда оқып үйрену керек болады.
Жоспары:
- Пәннің міндеттері мен негізгі мақсаттары.
- Гистологиялық және гистохимиялық, микроскопиялау техникалары
- Қазіргі заманауи микроскоптар.
Биология мамандығын игеруде цитология және гистология пәндері маңызды рөл атқарады. Тіршіліктің негізгі көзі - жасушалардың құрылысы мен қызметтерін білу, ондағы күрделі зат алмасу процестерін игеру қазіргі биологтарды дайындауда өте маңызды болып саналады. Цитология және гистология ілімі көптеген биологиялық пәндердің (анатомия, адам және жануарлар физиологиясы, жеке даму биологиясы, генетика, ботаника, зоология және т. б. ) фундаменті болып саналады.
Цитология және гистология пәндерін оқығандағы кедергілердің бірі қазіргі мемлекеттік тілде шыққан уақытқа сай оқулықтар мен оқу құралдарының аздығы, оның ішінде арнайы лабораториялық-практикалық сабақтарға арналған әдістемелердің жоқтығы.
Осы оқу құралы университеттердің биология факультеттерінің, биология мамандығы бойыншы оқитын студенттерге арналған.
Практикалық сабақтарда студенттер белгілі тақырыптар бойынша препараттарды оқып үйренеді және студенттердің өздігінше жұмыс істеулеріне мүмкіншілік береді.
Цитология және гистология пәндерінен теориялық білімдер алуына байланысты, практика жүзінде өткен тақырыптарды пысықтау, препараттар мен электроннограммаларды зерделеу биолог, биотехнолог мамандары үшін маңызды сұрақтардың бірі болып саналады.
Лабораториялық сабақтарда цитологиялық және гистологиялық препараттар арқылы әр түрлі микроскоптарды қолдана отырып клеткалар мен ұлпалардың құрылыстары мен қызметтерін анықтайды.
Оқу құралының бірінші бөлімінде прокариот және эукариот клеткаларының құрылысы, ерекшеліктері, олардың дамуы, өсіп-жетілуі, қызметтері баяндалады. Клетканың құрамындағы негізгі құрылымдар (плазмалемма, ядро, хроматин, органоидтар) қамтылады. Екінші бөлімінде студенттер ұлпалардың негізгі түрлерімен, олардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысады. Эпителий, ішкі орта ұлпалары (қан, дәнекер, шеміршек, сүйек), бұлшық еттер мен нерв ұлпасы қарастырылады.
Цитология және гистология практикумы жоғары оқу орындарының биология, биотехнология, балық шаруашылығы, экология, медицина факультеттерінің студенттеріне арналған.
Микроскопиялық техниканың мақсаты мен міндеті. Осы сабақтан бастап цитология мен гистология бойынша тәжірибелік сабақтар басталады. Студент цитология мен гистологияда қолданатын зерттеу әдістерін, гистологиялық және гистохимиялық, микроскопиялау техникаларын және қазіргі кездегі қолданылып жүрген заманауи зерттеу әдістерін (люминесценттік, интерференциялық және электронды микроскопиямен) меңгеру қажет, келешекте осы микроскоптармен өздігімен жұмыс жасауды, гистологиялық, гистохимиялық препараттарды және электронограммаларды дайындауда оқып үйрену керек болады. Бұл сабақта биологиялық микроскоптардың (МБИ-1, МБР-1, МБИ-3, МБИ-6, МБИ-15) құрылыстарымен жұмыс істеу принциптерімен танысу және меңгеру.
Қарапайым биологиялық микроскоптағы микроскопиялау. Препаратты микроскопиялауды оңтайлы жарық жағдайында үстелдің үстіне микроскопты орналастырудан бастау керек. Бұлыңғыр электр лампасы жақсы жарық көзі болып саналады. Электр жарығымен жұмыс істеу кезінде айнаның ойыс бетін қолдану ұсынылады. Микроскопты жарық көзіне қарсы орналастырған соң, микроскоптың револьверды жүйесін әлсіз үлкейтуге ауыстыру қажет. Макробұранданың көмегімен әлсіз үлкейту объективін 1 см қашықтықта заттық үстелше саңылауына келтіріп, содан соң, окулярға сол көзбен қарап және айнаны айналдыра отырып, микроскоптың көру шегінің бірқалыпты және жарқын жарығын алу қажет. Көру шегінің жақсы жарығын алу үшін конденсорды жоғарғы шеткі қалыпқа көтеріп және диафрагманы толықтай ашу керек екендігін есте сақтау керек.
Содан кейін ғана препаратты зерттеуге кірісуге болады. Микроскопиялауды әрқашан микроскоптың әлсіз үлкейтуінен бастау қажет. Препаратты әйнек жамылғысы жоғары қарайтындай етіп микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырып және тубусты макробұранданы айналдыру арқылы объективтің фронтальды линзасы әйнек жамылғысынан мөлшермен 0, 5 см болғанша шетінен қарап түсіру қажет. Артынша окулярға оң көзбен қарай отырып және микробұранданы ақырын айналдырып препараттың анық бейнесін алу керек. Препарат жатқан микроскоптың заттық үстелшесін қозғалта отырып, препаратты барлық көлемі бойынша зерттеп білу керек. Микроскоптың заттық үстелшесі оның екі жағында орналасқан бұрандалардың көмегімен қозғалады (қарапайым жүйелі микроскоптардың қозғалмалы үстелшелері болмайды, бұндай жағдайда препаратты қолмен қозғалтады) .
Объектті әлсіз үлкейтумен зерттеген соң, микроскоптың көру шегінің дәл ортасына күшті үлкейтумен көретін препараттың аумағын орналастыру керек. Препаратты үстелшеге қысқыштардың (заттық үстелше ұяшығына орнатылған серпімді пластиналар) көмегімен бекіту ұсынылады. Тубустың орнын ауыстырмай микроскоптың револьверды жүйесін үлкен үлкейтуге ауыстыру керек, линза объективін көз бақылауымен препаратқа тығыздап келтіріп және тубус пен объективті микробұранда көмегімен анық бейне алғанша көтеру қажет. Үлкен үлкейтумен аса сақтықпен жұмыс істеу керек, себебі препаратты езіп немесе зақымдап алу мүмкін. Үлкен үлкейтумен жұмыс жасағанда үздіксіз микробұранданы қолданып, оны әр жаққа ақырын айналдырған жөн, себебі препараттың гистологиялық құрылымы әр түрлі деңгейде жатады және микробұранданы айналдырумен объектіні жақсы көруге болады.
Иммерсионды объективпен жұмыс жасағанда препараттың әйнек жамылғысына иммерсионды май тамшысын тамызу керек. Микроскопқа шетінен қарап, объективтің фронтальды линзасын май тамшысына байқап түсірген жөн. Содан соң окулярға қарай отырып, макробұранданың көмегімен объективті бейне пайда болғанша ақырын көтеріңкіреу, оны микробұранданың бірсарынды айналуымен бір орынға жинастыру керек. Препаратты зерттеп болғаннан кейін тубусты көтеру қажет және микроскоптың револьверды жүйесін әлсіз үлкейтуге қайтадан келтіріп, препаратты алып, оны препараттарға арналған қорапқа салу керек, иммерсионды объектив пен препараттан жұмсақ майлықпен майды байқап кетіру қажет. Алдын ала тубусты көтермей жатып, препаратты үлкен үлкейту объективі мен иммерсионды объектив астынан шығарып алуға болмайтынын есте сақтаған жөн, себебі онымен препарат пен объективті зақымдап алуға болады.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С. М. Шалгимбаева, Ж. С. Омарова, Г. Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Кузнецов С. Л., Мушкамбаров Н. Н. - Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии «МИА» 2002
3. Роскин Г. И. Микроскопическая техника. - М. : Государственное издательство «Советская Наука», 1946
Ғаламтор ресурстары:
1. http://elibrary. kaznu. kz/ru
2. https://studfiles. net/
3. https://www. litres. ru
Дәріс 2. Тақырыбы: Лабораториялық материалды сою, кесу, материалды алу, өңдеу
Дәрістің мақсаты: Тәжірибелік практикада жануарларды жансыздандыру әдістерімен танысу және оларды сою әдістерін меңгеру
Жоспары және қысқаша мазмұны:
1. Тәжірибелік жануарларды жансыздандыру
2. Лабораториялық жануарларды сою.
3. Химиялық өңдеу
Тәжірибелік жануарларды жансыздандыру (умерщвление) .
Тәжірибелік практикада жануарларды жансыздандырудың түрлі әдістерін қолданады: басын кесу (декапитация), наркоздың көмегімен жансыздандыру, жануар денесі арқылы электр тогын өткізу, қантамыр жүйесіне ауа енгізу(инемен жүрегіне немесе венаішілік) немесе эфирдың плевралық қуысына (хлороформға) .
Қай әдісті таңдау жануар түріне және зерттеу мақсаттарына байланысты, бірақ тәжірибелік практикада жансыздандырудың алғашқы екі тәсілі кең тараған.
Басын кесу (декапитация) майда лабораториялық жануарларды (бақа, тышқан) жансыздандырудың негізгі әдісі болып табылады және қайшының көмегімен іске асады.
Ірілеу лабораториялық жануарлардың(теңіз шошқасы, қояндар, мысықтар, иттер) декапитациясы үшін арнайы станоктарды қолданады: олардың бас жағында жануар басын фиксациялайтын құрылғы және мойынға түсетін ауыр пышағы болады (гильотин) .
Лабораториялық жануарларды сою. Жансыздандырғаннан кейін жануардың денесін арқасымен жатқан күйде бекітіп қояды. Бақаларды, тритондарды, тышқандарды және басқа майда лабораториялық жануарларды балауызды немесе пробкалық пластинкада, тақташаларда аяқтарын созып, шаншып бекітеді. Орташа немесе ірі жануарларды бекіту үшін арнайы станоктарды немесе сол мақсатпен жасалған тақталарды қолданады (цинктелген немесе шет жағынан ілгектермен, шегелермен қағылған және боялған) . Кеуде және құрсақ қуыстарын сою техникасы барлық лабораториялық жануарларға бірдей. Бірақ түкті жабыны бар жануарлардан, алдымен, жеткілікті кең аумақты тері бөлігін кесіп алу керек. Бұл ішкі мүшелердің ластануының алдын алады. Ол үшін хирургиялық пинцеттың көмегімен іштің қабырғасының төменгі бөлігін көтеріп тұрып, пайда болған қатпарды бас жаққа бағыттап кеседі. Кейін қайшыны ауыстыру керек (немесе жабысқан түктен тазалау керек) және ылғалды тампонмен пайда болған «жолақтағы» түкті сүртіп тастау керек. Құрсақ қуысын сою. Іш қабырғасының төменгі бөлігін пинцетпен ортаңғы сызықтан көтереді (мүшелерді зақымдап алмау үшін), құрсақ қуысына кіре беріс жерді қайшымен кеседі, сонда браншеялардың бірін енгізеді (міндетті түрде өтпейтін ) және қабырғаны (стенку) жоғары қарай кеудеге дейін кеседі. Сонан соң қан тоқтататын қысқыштарды (зажимы) алады, онымен іш қабырғасының ішкі қабаттарын ішпермен қоса қысып, сыртқа қарай қайырады. Сол кезде құрсақ қуысы ашылады. Кеуде қуысын сою. Союды кеуденің екі жағынан, төменнен жоғарыға қарай, қабырға сіңірлері арқылы жүргізілген екі тіліктер арқылы іске асырады. Пайда болған сүйекті-шеміршекті бөлікті алып тастайды. Майда лабораториялы қ жануарлардың бір уақытта құрсақ та, кеуде бөлімін де сою дұрыс. Осылай істеу арқылы біз ішкі мүшелерге жету жолын жеңілдетеміз. Ал ірі жануарлардың тек керек орган алатын бөлімін сойған жөн.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С. М. Шалгимбаева, Ж. С. Омарова, Г. Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И. В., Кобегенова С. С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С. Т. Жалпы гистология, Алматы - 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю. И., Юрина Е. Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М. : Медицина 2011 Н. А.
3 дәріс. Тақырыбы: Материалды залалсыздандыру, оның сіңірілуі, құю әдісі.
Дәрістің мақсаты: Залалсызданурудың мақсатын және қажеттілігін меңгеру
Жоспары:
- Залалсыздандыру шаралары және оның маңызы.
- Химиялық ыдыс пен шыныны тазалау және дайындау
Залалсыздандыру, дезинфекция - адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру - жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында - қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т. б. Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды) . Сақтық залалсыздандыру - алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу. Ошақтық залалсыздандыру - ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Химиялық ыдыс пен шыныны тазалау және дайындау. Препараттарды жасар алдында химиялық ыдыс пен шыныны жылы сабынды сумен жақсылап жуып, майын кетіру керек. Ыдысты және әйнекті суық ағынды сумен шайған соң, дистилденген сумен шайып кептіреді. Ыдыс пен әйнек қатты ластанған болса, хромпик ерітіндісінде тазалау қажет. Хромпик жасау үшін 100 мл биохроматқа 1000 мл ыстық су құяды. Ерітінді жылығаннан кейін оған ақырындап байытылған 100 мл күкірт қышқылын қосады. Ыдысты осы ерітіндіге 2-3 күн салып қояды. Осы процесті резеңке қолғаппен, термостатта істеу керек. Майдан тазаланған ыдысты ағынды суды жуып, дистильденген суға шайып кептіреді. Төсеніш және жабынды шыныларды бірдей көлемді спирт және эфирі (Никифоров қоспасы) барбанкаға немесе бюкске салады. Қолданар алдында шыныны таза зығыр шүберегімен сүртеді. Сіңдіру методикасы. Сусызданған және тығыздалған бөлшектерді абсолютті спирттен хлороформмен абсолютті спирттің қосындысына салады (1:1) 2-3 сағатқа, кейін таза хлороформға ауыстырады, онда олар алдымен сұйықтықтың бетінде қалқып жүреді, кейін сіңіру деңгейіне қарай біртіндеп бата бастайды. Спиртті тазалау барысында хлороформды 1, 5-3 сағ сайын 2-3 рет ауыстыру керек. Бөлшектің өлшемі 1х1см болса, оны хлороформда 30 мин ұстайды. Кейін объектті парафиннің (жұмсақ) және хлороформның қосындысына салады. Бөлшектер хлороформ-парафинде 3-6 сағ бойы 37˚С температурада болады ( 56˚С болғанда уақытты 30 мин - 1 сағ қысқартады) . Объектінің еріген хлороформ-парафинде өте ұзақ болуы кесу сапасын төмендетеді. Объектінің хлороформнан толық босауы үшін бөлшектерді ретімен еріген парафиннің екі немесе үш порциясынан өткізеді. Қалыңдығы 2-5 мм бөлшектер жалпы парафинде 2-5 сағ болуы тиіс. Егер объект жақсы сусыздандырылған және спирті болмаса, парафинде артық ұстап қалу, тіпті бірнеше күнге, объекттің сапасын төмендетпейді. Ал егер бөлшектерде су Сіңдіру және құю. Сапалы кесінділер алу үшін ұлпа бөлшектерін оларды жақсы кесілетін массаға айналдыратын ортаға құю керек. Сіңдіру және құю процесі жоғары нақтылықты қажет етеді. Негізгі принциптерді білмеу және қажетті шарттарды ұстанбау объектті кесуге жарамсыз немесе кесіндінің сапасы төмен болуына әкеп соқтырады. Осы мақсатта кең қолданылатын материалдар парафин, целлоидин және желатин болып табылады.
Парафинге құю. Бұл тәсіл гистологиялық зерттеу лабораторияларында құю уақытының салыстырмалы түрде жылдам болғандықтан (сусыздандырудан кейін 1-2 күн), сериялық кесінділерді дайынау мүмкіндігімен, сонымен қатар цитологиялық зерттеулер үшін (қалыңдығы 2-3 мкм), блоктарды және боялмаған кесінділерді сақтау ыңғайлы болғандықтан кең таралған. Әдістің кемшіліктеріне зерттелетін материалдың парафинмен сіңдіру кезінде қалдықтары және спирт қалса, керісінше, сапасы осы аталғандардың мөлшеріне тура пропорционалды төмендейді.
Құю. Объектіні сіңдіріп біткеннен кейін оған еріген парафин құяды. Құю пішіншелері ретінде әртүрлі жабдықтарды пайдаланады:
Г-тәрізді тегіс үшбұрыштарды металлдан (қорғасын, болат) дайындайды. Ұзын жағы 8-10 см, қысқасы 3 см, биіктігі 1, 5-2 см болатын үшбұрыштарды қолданған абзал.
Қағаз қорапшалар. Оларды қатты, тығыз қағаздан дайындайды. Сонымен қатар фольганы да пайдаланады, бірақ бұл жағдайларда сұйық парафинге құйғаннан кейін бірден қағаз этикетканың жартысын да салу керек. Бұл материалдың қолайлығы - пішіннің өлшемін өзгерте алу, маркировканың жеңілдігі және құйылған материалдың ұзақ сақталуында.
Майда объектілерді құю үшін сағат әйнектерін қолдануға, акварельді бояудың төртбұрышты фарфор банкаларын және басқа да құралдарды пайдалануға болады.
Құюды келесі жолмен жүргізеді. Құю үшінт арналған парафинді 58-60˚С температураға дейін қыздырады және дайындалып қойған пішіндерге құяды, оны шетіне дейін толтырып, ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп қадағалайды. Кейін пинцетті және металлдық қалақшаны қыздырады, құюға дайындап қойған объектті парафині бар пішіншеге жылдам әкеліп қажетті бағытта орналастырады. Осыдан кейін пішіншені салқындатады (10-18˚С) . Егер құюды металлдық үшбұрыштармен жүргізетін болса, пластинаны жалпақ чашкаға оның астыңғы беті ыдыстың түбімен жанаспайтындай етіп салады. Сосын суды абайлап ыдыстың аузына дейін толтырып құяды және парафинді суытады. Қағаз қорапшаға салғанда оны біртіндеп суы бар ыдысқа салады және парафиннің толық суығанынша күтеді. Суу кезінде блоктың беті кратер тәрізді созылады да, сондықтан пішінді таңдағанда оның биіктігін ескеру керек.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С. М. Шалгимбаева, Ж. С. Омарова, Г. Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И. В., Кобегенова С. С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С. Т. Жалпы гистология, Алматы - 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю. И., Юрина Е. Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М. : Медицина 2011 Н. А.
4 дәріс. Тақырыбы: Химиялық заттар мен реактивтер. Нысандарды гистологиялық кескіндер жасауға дайындау
Дәрістің мақсаты: Химиялық заттар және реактивтермен жұмыс істеу, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын білу.
Жоспары:
- Гистологиялық препарат жасауда қандай препараттармен жұмыс жасайды
- Химиялық реактивтермен жұмыс барысындағы техникалық қауіпсіздік
Ксилолмен, парафинмен, хлороформмен және бутил спиртімен жұмыс жасағанда белгілі бір сақтық шараларын сақтау керек, өйткені бұл заттардың буларымен ингаляциялау ағзаға зиянды.
Медициналық қолғабынсыз жұмыс істегенде, ол қолға тамса, тері қатайып кетеді, ал жиі қолданған кезде құрғақ экзема дамуы мүмкін. Формалинмен, ауасын желдетіп отыратын бөлмеде немесе ауа тартатын шкафтың ішінде ғана жұмыс істеуге болады. Формалин көзге тиген жағдайда оны бірнеше рет жақсылап сумен жуу керек.
Реактивтермен жұмыс істеген кезде міндетті түрде қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Зертханалық ыдыстарды дұрыс этикеткалау және дұрыс орналастыру қажет, кейбір реактивтерді темір шкафта ғана, не болмаса шыны қоңыраудың астында, ауа тартатын шкафта ұстауға болады. Микротом пышағымен жұмыс істегенде сақ болу керек. Жұмыс кезінде дененің бір жері кесілсе, ұзақ уақыт жазыла қоймайды. Препараттарды жасар алдында химиялық ыдыс пен шыныны жылы сабынды сумен жақсылап жуып, майын кетіру керек. Ыдысты және әйнекті суық ағынды сумен шайған соң, дистилденген сумен шайып кептіреді. Ыдыс пен әйнек қатты ластанған болса, хромпик ерітіндісінде тазалау қажет. Хромпик жасау үшін 100 мл биохроматқа 1000 мл ыстық су құяды. Ерітінді жылығаннан кейін оған ақырындап байытылған 100 мл күкірт қышқылын қосады. Ыдысты осы ерітіндіге 2-3 күн салып қояды. Осы процесті резеңке қолғаппен, термостатта істеу керек. Майдан тазаланған ыдысты ағынды суды жуып, дистильденген суға шайып кептіреді. Төсеніш және жабынды шыныларды бірдей көлемді спирт және эфирі (Никифоров қоспасы) бар банкаға немесе бюкске салады. Қолданар алдында шыныны таза зығыр шүберегімен сүртеді.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С. М. Шалгимбаева, Ж. С. Омарова, Г. Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Кузнецов С. Л., Мушкамбаров Н. Н. - Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии «МИА» 2002
3. Хегай И. В., Кобегенова С. С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
Ғаламтор ресурстары:
1. http://elibrary. kaznu. kz/ru
2. https://studfiles. net/
3. https://www. litres. ru
5 дәріс. Тақырыбы: Микротом арқылы гистологиялық препараттардан кесінді дайындау.
Дәрістің мақсаты: Гистологиялық препараттарды микротом құрылғысы арқылы жасауды меңгеру
Жоспары:
- Парафинді кесінділерге арналған микротом (МПС-2)
- Микроілгерілеуді (микроберу) іске асыру принципі.
- Ультратом (құрылғының негізгі принциптері және кесінділерді дайындау) .
Блоктың автоматты микроілгерілеуі келесі жолмен жүзеге асады. Пышақтың әр кейін қарай қозғалу кезінде пышақ сырғытқышы микроберілу өзегін итеріп, қозғалтады. Ол өз кезегінде тартушыны тартушыны қозғалысқа келтіріп, тартушы шүріппе арқылы храповикті бұрады. Оның айналуы конустық тегершік (шестеренка) арқылы микрофинтке беріледі, ол өз алдына алмалы-салмалы гайка арқылы блокқа арналған қысқышы бар сырғығышты жоғарыдан төмен қарай бағыттауыш арқылы қозғалтады.
Тартқыш жүйесі - арнайы серіппе арқылы бастапқы орнына қайтып келетін өзек. Соған байланысты, микроберу өзегі пышақ сырғытқыштарға неғұрлым жақындатылған болса, соғұрлым оның қадамы көбірек болады (сонымен қатар, храповиктің бұрылысы да), блок та соғұрлым жоғары орналасады, кесінді де сондай жуанырақ болады. Өзектің (стержень) микрометриккалық шкаласы мен арнайы қысқышы болғандықтан, блоктың берілу деңгейін дәл бақылап тұруға болады.
Блок әр кесінді сайын жоғары көтеріліп тұрады, сондықтан микровинтті жиі алмалы гайкадан айырып алып тұру керек және сырғығыштарды шекті төмен нүктеге түсіріп тұру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz