Отбасының пайда болуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ БІЛІМДЕР МОДУЛІ: ӘЛЕУМЕТТАНУ пәні бойынша
№1 Семестірлік жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Отбасы - маңызды әлеуметтік институт
1. Отбасының негізгі белгілері және зерттеулердің негізгі бағыттары
2. Отбасылық қарым-қатынас сипатының өзгеруі
3. Тұлға әлеуметтенуінде отбасының рөлі
Мамандығы: Электроэнергетикалық жүйелер
Орындаған: Шынбулатов Нурсат Сулименович
Тобы: ЭЭСк - 21 - 1
Тексерген: Абуханов Шаяхмет

Алматы, 2022ж.
Жоспар
Негізгі бөлім
Отбасының пайда болуы
Отбасы - маңызды әлеуметтік институт
Отбасының негізгі белгілері және зерттеулердің негізгі бағыттары
Тұлға әлеуметтенуінде отбасының рөлі
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жалпы отбасы ұғымы қоғамның ажырамас бөлшегі екенін білеміз. Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Аристотель отбасы - адамдардың қарым - қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі деп санаған. Сол себепті отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз салаларының ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады.
Отбасы өмірді неғұрлым толыққанды етеді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, әсіресе қоғам өмірінде орасан зор мемлекеттік маңызы бар үлкен іс болып табылады, - деп А. С. Макаренко айтқандай, отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның даму барысында өзіндік ықпалын тигізеді.
Әлеуметтану ғылымы отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы қалыптасты деп айтуға болады.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт: қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы -- адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді.
Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелетін тақырыптар қатарына жатқызылады. Себебі отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Сондықтан оның қызмет етуіне барлық әлеуметтік - экономикалық және мәдени процестер әсер етеді.

Негізгі бөлім
Отбасының пайда болуы
Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал - жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818 - 1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер - ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.
Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы - синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.
Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.(өзбектер,араптар т.б)
Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцип экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың қыздары басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болып табылады. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды. Ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының , бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік отбасы) тууына жағдай жасайды.
Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.
Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы - бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.
Отбасы - маңызды әлеуметтік институт
Отбасы әлеуметтануы - отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы - адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық - функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы -- ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай - ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".Билік формасына қарай отбасыпатриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды(әйелі басшы), құрамына қарай -- отбасы нуклеарды (ата - анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір - бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік - мәртебелік, демалыс және т.б. "Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз -- отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата - анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы. Некенің төмендегідей формалары бар:моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден - бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке). ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ - тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды. Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия(неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады). Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке - келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық. Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады. Келісім шарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады. Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай - ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды. Бұл институттың көкейкестілігін мойындаған ерлер неке келісімшарты негізінен "әйелдердің мүліктік құқығын" қорғауға арналған деп есептейді. Сондықтан оларды өз балаларының жеке мүддесі аз толғандырады, бірақ олар өз ата-аналары мен жұбайының ата-анасының мүддесін көрсетеді. Ер респонденттер тобының белгілі бір бөлігінің жауаптарында отбасылық өмірдің моральдық жақтарына алаңдаушылық байқалады, олардың көзқарасы бойынша, оны жұбайлардың мүліктік құқығы мен міндеттерінін, призмасы арқылы реттеуге болады. Неке келісімшартын кейбір жақтаушылар келісімшартқа отыру - жұбайына құрмет пен сенім білдірудің тағы бір мүмкіндігі, ал "қағазбен қорғау" -- салқын есептің емес, қарым-қатынастың жетілгенін және тұрақтылығын көрсету деп санайды. Неке - отбасылық қатынаста әлі тәжірибесі жоқ респонденттер романтикаға берілген, олар басқалардан гөрі бұл жағдайдың этикалыққыры туралы "Осындай аттар түрінде қағаз жүзінде келісу ме!" деген көзқараста. Азаматтық күй тіркелінетін офистерге фотографтар, музыканттар және басқа да қызмет көрсету саласындағылар өз қызметтерін көрсетеді, бірақ неке келісімшартын ресімдейтін нотариустар жоқ: сұраныс жоқ жерде ұсыныс та жоқ. Неке келісімшартының жоғары дәрежеде индифференттілігін ескере отырып, нарықтың қалыптасуы халықтың негізгі бөлігін кедейшілікке ұшыратқанын назарда ұстау қажет. Бұл заңдастырылған жаңалықты қолданушы толық мәнді орташа топ, әзірше "жарқын болашақтың" шындығы болып саналады.Зерттеудің көрсеткеніндей, алматылық сұрау алынған тұрғындар жынысына, жасына, ұлты мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бірінде неке келісімшартына отыру қажеттілігін гипотетикалық мәселеге жатқызады, көбінесе сенімсіздікпен қарап, бұл құқықтық институттың маңызы мен қажеттілігін қабылдамайды. Бүтіндей алғанда, респонденттердің басым бөлігі (36 проценті) жауаптарын анық бере алмаса, сол көлемдегі сұрақ қойылғандар (34 процент) біржақты қарсылық білдірді. Олардың жауаптарын жұмыс гипотезасы нақтылай түсті: адамдар этика - психологиялық себептер бойынша некелік одақтасудың дәстүрлі формасын жақтап, біздің қабылдау дәрежемізге сәйкес, жаңа институтқа тосқауыл қоя отырып, оны шетке шығарады. Біздің респонденттеріміздің пікірінше отбасы ұғымына махаббат, берілгендік, өзін қию, бәрін кешіру сияқты сезімдер тән, оны осы ежелгі әлеуметтік институт өлі де реттей алады.Осылайша, қоғамдық пікірді зерттеу бұл институттың өлі де көптеген себептерге байланысты қолдау таппағанын көрсетеді және осы мәселеде азаматтардың таңдауына қандай да бір баға беріп немесе олардың кұқықтық нигилизміне қысым жасау қиынға соғады.
Ең байырғы әлеуметтік институттардың бірі - отбасы діннен, мемлекеттен, армиядан, білімнен, рыноктан әлдеқайда бұрын пайда болды. Отбасы - қоғамның ажырамас бөлігі, сондықтан оның маңызы жойылмайды, онсыз бірде-бір ұлт, бірде-бір қоғам өмір сүре алмайды. Сондай - ақ таяу болашақты да осы бір маңызды әлеуметтік ортасыз көзге елестету мүмкін емес. Отбасы - әр адамның алтын бесігі. Өйткені, ол - әр адамның бақытының бастауы. Кім шаңырағында шаттыққа бөленсе, сол бақытты.
Отбасы проблемасының негізі оның қазіргі дүниедегі маңызынан бастау алады. Өмір - тірліктің түрі ретінде пайда болған ол әуел бастан адамзат қызметін қалыптастырудың бүкіл негізгі қырларын қамтыды. Осылардың бірқатарынан біртіндеп ажырай, оларды өзге институттармен бөлісе отырып, отбасы бүгінде өзіне ғана тән, өзінде ғана болатын, бөліп қарау қиындық тудыратын қызмет түрі жоқ жағдайға кезігіп отыр. Осыған орай отбасы онсыз адам баласы тіршілік ете алмайтын берік әлеуметтік институт болып қала ала ма деген сауал туындайды.
Отбасылардың ажырасуының көбейе түсуі, рухани - адамгершілік қатынастағы қайшылықтардың күшеюі осы мәселені нықтай түседі. Егер отбасында жарастылық орнықса, адамдардың соғыстағы қазасы ұмытылады, халық демографиядағы бұл олқылықтың орнын толтырады. Алайда, ХХ ғасырдың екінші жартысында біз некеге тұруға ниет жойылған уақыттағы отбасы абыройының түсуіне тап болдық. Құндылықтар өлшемінде отбасы небары төртінші орын алып отыр. Елімізде ажырасу саны алаң тудыратын шекке жетіп қалды. Әр жұпта бала санының азаюы отбасындағы тұрақсыздықты көрсетеді. Осы ретте некесіз туған балалардың көбейіп отырғаны байқалады. Бұл - еліміздегі әлеуметтік орнықтылықтың сақталуына алаңдаушылық тудыратын көрініс.
Статистикаға жүгінейік. Қазақстанда 2005 - 2010 жылдар аралығында ерлер мен әйелдер арақатынасы тұрақты: 51,9 пайызын - әйелдер, 48,1 пайызын ерлер құрады, демек 1000 ер адамға 1078 әйел болды. Бұлардың өмір сүру жастары айтарлықтай алшақ және ер адамдар аз өмір сүреді. Ер адамдар 63,6 жыл өмір сүрсе, әйелдер 73,5 жыл жасайды. Көпбалалы аналар санының көбеюі қуантады. Егер 2005 жылы бес және одан көп баласы бар 251 921 әйел болса, 2010 жылы олар 300 мыңдай.
Алайда, басқа цифрлар көңіл құлазытады. Бес жасқа дейінгі балалардың шетінеуі азаймай отыр. Мысалы, 2005 жылы қыз балалардың шетінеу коэффициенті 18,83 болса, ұл балалардікі - 20,84. Ал 2008 жылы - тиісінше 23,5 және 26,02. 2009 жылы бұл көрсеткіш сәл кемігенімен, ол бізді тоқмейілсітпейді.
Ажырасудың көбеюі бұдан да алаңдатады. 2005 жылдан бері ажырасушылар саны тоқтаусыз артып келеді. 2009 жылы тіркелген 140,8 мың некенің 40 мыңдайы бұзылған. Бұрын отбасын құрмаған адам яки жарымжан, яки бақытсыз жан саналатын. Ал қазір жалғызбастылық өмір - тірліктің сәні сынды тұрақты тұрмыс көрінісіне айналуда. Мұндай тұрмысқа Қазақстан жастарының белгілі бір бөлігі бейімделуде. Енді азаматтық неке орын алып отыр. Бүгінде отбасыларының үштен бірі осылайша жұптасқан.
Отбасы саясатын жүргізу үшін осызаманғы қазақстандық отбасының тұрмысында оң бағдарлар қажет. Сондықтан әлеуметтік ақиқатты талдау және стратегияны таңдау мәселелері мұның мазмұны мен ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Осы мақсатпен бізде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Ол жоғары мәртебеге ие, Президенттің арнайы Жарлығымен құрылған және тікелей Елбасыға бағынады. Оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова басқарады. Комиссия қоғамның рухани-адамгершілік жағдайына, әсіресе, жастарға айрықша назар аударады. Үлгілі отбасын қалыптастыруға жағдай жасау аса маңызды міндет болып табылады. Бүгінде бұл проблема көп ретте дүниетанымдық бағытта. Істің мәні әр адамның құндылықтарды түсінуінде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы қаңтардағы Жолдауында қазақстандық отбасының әлеуметтік рөлін нығайту міндетіне "Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат" деген бүтіндей бір тарау арналған. Онда Президент жүзеге асырылуы отбасы институтын нығайтуда оң көрініс табатын басты бағыттарды айқындап берді.
Философтар "Отбасы - табиғаттың асылы" дегенді қызыл сөз үшін айтпаған. Оның мызғымауы қоғамның өміршеңдігіне ықпал етеді. Қырғын соғыстардан, адамгершіліктен жұрдай қылған алуан қасіреттерден соң тап отбасы ғана адамдар арақатынасының шарты ретінде рухты қайта жаңғыртып, әлеуметтік-экономикалық ахуал қалайша өзгерсе де, қоғамның бұлжымайтын негізі болып қала берді.
Ержететін адамның басты әлеуметтік қасиеттері отбасында қалыптасады. Отбасы оның зердесін бабаларының тарихымен байыта отырып, күрделі, өзгеріп отыратын тірлікте өмір сүруге баулиды. Өткен жылдардың сарғайып кеткен суреттерімен бірге аңыздар мен тәмсілдерді сақтап қалған ататегін білудің өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы әлеуметтануы
Отбасының құрылымы мен қызметтері
Отбасы және қазіргі заман
Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауы
Жас отбасы
Отбасы түрлері және оның қызметтері
Отбасы мүшелері арасында тілдесуі қиын отбасылар
Неке және отбасы социологиясы
Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
Отбасын негізгі тәрбие мектебі ретінде қарастыру
Пәндер