Саясат субъектілерінің сипаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ БІЛІМДЕР МОДУЛІ: ӘЛЕУМЕТТАНУ,
САЯСАТТАНУ пәні бойынша
№2 Семестірлік жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Саясат - қоғамдық құбылыс ретінде
1. Саясат: ұғымы, мәні, негізгі функциялары
2. Саясат субъектілерінің сипаты
3. Саясаттың қоғам өміріндегі рөлі
Мамандығы: Электроэнергетикалық жүйелер
Орындаған: Шынбулатов Нурсат Сулименович
Тобы: ЭЭСк - 21 - 1
Тексерген: Абуханов Шаяхмет

Алматы, 2022ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Саясат - қоғамдық құбылыс.
Саясат пен экономика. Ішкі, сыртқы және әлемдік саясат.
Саясат - қоғам өміріндегі өнер.
Саясат субъектілерінің сипаты
Саясаттың қоғам өміріндегі рөлі
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Саясат - мемлекет билігі мен қоғамның саяси мәнін, мазмұны мен мақсатын түсінуге жол ашады. Ол қоғамдық білімдердің іргелі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерін де көрсетеді. Саясатқа байланысты қаншама қателіктер, адасулар, қасіреттер болғаны тарихтан мәлім. Мысалы, осыдан 2,5 мың жыл бұрын саясат жөнінде Аристотель: Адам өз табиғатында - саяси тұлға; кім мемлекеттен тыс өмір сүретін болса, ол үлгі - өнегелік тұрғыдан жетілмеген жан дегенді айтса, Гомер: Ондай адамды ойын тақтасынан шығып қалған шахмат тасымен салыстыруға ғана болады дейді.
Бүгінде саясаттан, қоғамдық өмір жүйесінен тысқары тұрған адамды табу қиын. Оның үстіне саясат деген терминді пайдаланбайтын адам жоқ. Расында, баршамыз саяси қимыл-әрекеттердің кеңістігі мен шеңберінде өмір сүреміз, оны күнде көреміз, сезінеміз. Бірақ оның арқаулары бізден жасырын, толық құпия жағдайда жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұл арада біз жай көзге көрінбейтін заттарға еніп кетуге қабілетті ғылыми таным-саясат құбылысына ұшырасамыз.
Ғылыми саясат - адамның қажеттілігі мен мұқтажы екенін айту керек. Ол қазір жол сілтеуші темірқазық жұлдызғағ, сонымен бірге қоғамдық өмірдің барлық саласындағы оның кез - келген әрекеттерінің шектеушісіне айналып отыр. Бүгінде әлемде қоғамдық дамудың, қозғалыстың және өздерін тамаша болашақ күтіп тұрғандай болып көрінетін қоғамдар мен тұжырымдамалардың қоғамдық дамуының, дағдарысы мен күйреуінің зор саяси тәжірибесі жинақталған. Мұндай жағдайда сол тәжірибелерді жинақтау, зерттеу, ой елегінен өткізу, тұжырым жасау, тиісінше жаңа саясат құру талап етіледі. Әсіресе, сан алуан дағдарыстар, тіпті әлеуметтік - гуманитарлық ғылым салаларын шарпып тұрған дәл осы тұста мұндай жұмыстар өте қажет - ақ.
Егер ақиқатқа жүгінсек, Шығыс Еуропа және әлемнің басқа аймақтарындағы қоғамдық саяси жүйелер ұшыраған дағдарыстардың басты себебі түптеп келгенде ғылымға емес, саясатқа негізделетінін көрсетіп отыр. Саясатшылар ұзақ уақыт бойы ғылымды өздерінің іс-қимылдарын мадақтау құралына айналдыруға тырысып бақты, сонымен қатар олар ғалымдардың айтқан ұсыныстарына көп ретте құлақ аспады. Әрине, мұндай саясаткерлер ғылымға зәру болмады, осыдан барып кейбір ғылыми бағыттарға тұтас тыйым салынып, тіпті олардың қайсібірі мүлдем жойылып кете барды. Бұл біздің республикамыз бен бұрынғы КСРО-ның басқа да республикаларында дербес ғылыми бағыт ретінде соңғы уақытқа дейін тыйым салынып келген саяси ілімдер мысалынан айқын көрінеді.
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясатты білу әрбір адамның басқа адамдармен қоғамдаса отырып, өзінің мұқтажын қанағаттандыра алатындығын, мемлекет аясында өз ойларын жүзеге асыру құралдарына ықпал ете білетіндігін ашық айтқанымыз жөн. Саясатты түсінбеу, одан саналы түрде теріс айналу - адамның қоғамнан шеттетілуіне, тіпті оның адами өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін.
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат проблемаларын анықтау үшін бәрінен де бұрын саясатты қоғамдық құбылыс ретінде бағалау басты қағида екенін естен шығармауымыз керек.

Негізгі бөлім
Саясат - қоғамдық құбылыс
Саясат сияқты қоғамдық құбылыстың күрделілігі көбінесе саяси білімнің құрылымдық бір текті еместігін айқындайды. Сонымен қатар бұл әрі саясатты, саяси құбылыстар мен процестерді оқып - үйрену деңгейлерінің өзгешеліктерімен де байланысты. Сондықтан саясат деген өте күрделі мәселе және қоғамдық құбылыс.
Әрине, саяси сана, оның қоғамдық өмір құбылыстары мен процестеріндегі үлесі өзгеріссіз қалмайды, қайта билік проблемаларына, саясат субъектілеріне, т.б. байланысты өзгеріп отырады.
Саясат қоғамдық өмір құбылыстары мен процестерінің түрлі жақтарын жақындастырады, бірақ олардың ешбіріне қосылмайды. Ол - өзінің сапалық айқындылығы, көп қырлылығы және әр алуандығы бар қоғамдық құбылыс.
Бір замандарда белгілі саясаттанушы М.Дюверже саяси өмір салаларының ерекшеліктерін түсіндіру үшін қарама - қарсы жаққа қараған екі бетті ежелгі Рим құдайы Янустың бейнесін пайдаланған. Дюверже осындай салыстырумен қоғамдық топтардың, қауымдастықтардың, жеке адамдардың өскелең талаптарына жауап ретінде қоғамдағы қайшылықтарды және ұдайы өзгерістерге деген ұмтылыстарды дәлме-дәл көрсете білді.
Бұл бейнелі теңеу. Ежелгі Римнің аңыз - ертегілерінде Янус қоғамдық өмірдегі жаңа бастамалардың қамқоршысы болып суреттелгені белгілі. Саясат та сол сияқты қоғамда өзгерістер жасауға итермелейтін, олардың қажеттілігін негіздеп, іске асырылуын адамның жасампаздық қуатын қосу арқылы қамтамасыз ететін қызмет саласы болып табылады.
Саясатты қоғамдық құбылыс ретінде талдау кезінде күрделі әлеуметтік құрылымды қоғамда, мемлекет түріндегі көпшілік билігі бар жерде саяси рендерден толықтай азат құбылыстар мен процестерді табу қиын. Өйткені олардың көпшілігі билікті жеңіп алу немесе ұстап тұру үшін күресуші белгілі бір әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың, халықтардың мүдделерімен байланысты екендігін есте ұстау керек. Демек, саясатты оның уақыт пен кеңістіктегі өзгергіштігін түсінудің негізі адамдардың ұжымдасқан өмірінің мазмұны болып табылатын өмір сүруші қоғамдық құрылымдарды дұрыс анықтауда жатыр.
Қоғамдық құрылымдардың негізгі элементтері - ірі қоғамдық топтар (таптар, ұлттар, жіктер, элиталар) және олардың формальді ұйымдары (мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық - кәсіби ұйымдар) болып табылады.
Қоғамдық топтар мен олардың ұйымдары әр түрлі құндылықтарды жасайды, ол бұларсыз қоғамдық - саяси өмірдің болуы мүмкін емес.
Қазіргі қоғамдардағы саяси құбылыстар мен процестер негізінде әдетте құндылықтардың басты үш тобы:
1) қауіпсіздік пен ұлттық тәуелсіздік;
2) әл - ауқат пен экономикалық өркендеу;
3) бостандық пен конституциялық тәртіп жатады. Оларды нақтылау әрі реттеу әр қоғамдық топтардың жекелеген доктриналары мен саяси тұжырымдамаларына баға берудің шарты, ал оларды бағдарламалық мақсаттар түрінде нақтылау - кез - келген саясаттың міндеті болып табылады.
Осыған байланысты, саясат табиғи келісімі жоқ, бірақ үйлесімділікке деген қажеттілігі бар жағдайда пайда болатынын атап көрсету керек.
Сан алуандығымен өзгешеленетін мүдделілер тобын келістіру, қоғамның тұтастығын қамтамасыз ету қажеттілігі көпшілік билік институттарын: бюрократиялық аппараты, әскері және т.б. бар мемлекеттерді қалыптастырады.
Басқа әлеуметтік институттардан (мәселен, моральдық) саясаттың өзгешелігі, ол - тек жеке бастың ғана емес, ең әуелі мемлекет билігінсіз іске асыру мүмкін емес, топтық мүдделерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Демек, жалпыға міндетті әлеуметтік тәртіптің нысандарын қамтамасыз ету мүмкіндігене ие болатын арнайы қондырымдардың пайда болуы бір топтың мұқтажын қанағаттандырғанмен (мысалы, жалақыны өсіру, салықтарды төмендету және т.б.) халықтың басқа топтарының мүдделері мен әлеуметтік жағдайларына сөзсіз нұқсан келтіретіндігімен байланысты болып отыр.
Топтардың, қауымдастықтардың өзара әрекеттестіктері, олардың талаптарының мемлекеттің араласуынсыз жүзеге аса алмайтындығына айқын көз жеткен мезгілде ғана саяси сипат алады. Яғни, саясат ең алдымен, қай жерде мүдделер мен көзқарастар ортақтастығы жете түсіністікте болса, билік жүйесіне өздерінің қатысын айқындайтын бірлестіктер мен қозғалыстар қалыптасып және қожырап жатса, сол жерде басталады. Кез-келген саясат - адамдар арасындағы билікке қол жеткізу үшін олардың ыдырауымен және топтасуымен қатар жүре ін өзара әрекет болып табылады. Адамдардың, әлеуметтік топтардың талаптары мен мүдделері оларды саясатқа араласуға, билік құралдарын алу үшін күресуге итермелейді. Сондықтан да, адамдар кез-келген тәлім - тәрбиелік, патриоттық, діни, саяси, экономикалық, әлеуметтік әңгімелердің, мәлімдемелердің, уәделердің астарынан белгілі бір адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың және халықтардың және т.б. мүдделерін іздеуді үйренбейінше саясаттағы арбаудың, алдаудың, қаскүнемдіктің зердесіз құрбаны бола бермек.
Бүгінде осындай айтыс - талас тудырып отырған мұндай ізденістер жүздеп саналады. Бұл жөнінде белгілі француз саясаттанушысы Ж.М.Денкэн саясат көптеген пікір жарысының объектісі болып табылатынын, әрі мұның табиғи заңдылық екенін айтқан болатын. Батыстың, әсіресе, англо - саксон және француз ғылыми әдебиеттерінде саясат мемлекетпен, оны ұйымдастырумен әрі басқарумен тікелей байланысты қызмет ретінде түсіндіріледі. Мысалы, белгілі американдық саясаттанушы, профессор Куинси Райт саясаттың: Саясат - басқа топтардың қарсылығын тойтар отырып қол жеткізетін, топтық мақсаттарды қамтамасыз ететін өнер және іс - әрекет деген анықтамасын ұсынды.
Саясат деген ұғым Еуроазиялық ғылыми әдебиеттерде біршама басқаша түсіндіріледі. Атап айтқанда, түпкі мақсаты мемлекеттік билікті жеңіп алу, қолда ұстап тұру және пайдалана білу проблемалары болып табылатын топтар мен ұлттардың және басқа да әлеуметтік топтардың арасындағы қарым - қатынас саласы ретінде түсіндіріледі. Немесе мемлекет істеріне қатысу, оның қызметінің ұйымдастырылу нышандарын, міндеттерін және мазмұнын анықтау ретінде де түсіндіріледі.
Сонымен, саясаттың мәнісін тұжырымдасақ, меніңше, оған мынадай анықтама беруге болады: саясат - үлкен қоғамдық топтардың, әсіресе, таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің арасындағы олардың мұқтаждықтары мен мүддерін іске асырумен байланысты қатынастары саласындағы және олардың күш-жігерін адамдарды басқару өнері ретіндегі ерекше тәсілдермен, саяси билікті нығайту немесе оны жеңіп алу, қолда ұстап тұру мақсатымен біріктіруге бағытталған мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі.
Қоғамдық топтардың мүдделерін білдіруден басқа, мемлекеттік саясат жеке адамдардың талабы мен мүдделерін ескере отырып, қоғамда азаматтық келісімге жету үшін біріктірушілік те роль атқарады. Кез - келген басқа қызмет секілді саяси қызмет те қоғам дамуының ұзақ мерзімдік және ағымдық мақсаттарын анықтауды көздейді.
Саяси мақсаттарды іске асыру ерекше саяси әдістермен жүргізіледі. Саяси әдістер - халықтың әр түрлі таптарының, әлеуметтік, ұлттық, әлеуметтік-демографиялық топтарының мүдделеріне, қоғамдық пікірлерге, демократиялық амалдарға негізделген наным және сенім құралдары. Басқару шешімдерін әзірлеу, қабылдау барысында терең ғылыми зерттеулерге негізделген бұл әдістер әлеуметтік саясаттың кез - келген саласындағы өзімшілдік пен сыңаржақтыққа жол бермейді.
Саяси басшылықтың ең маңызды әдісі саяси шешімдерді даярлау мен қабылдау процесіндегі жүйелі, кешенді тәсілдің болуы болып табылады. Ал, бұл тәсіл теориялық-танымдық қызметті, яғни, елдегі, аймақтағы, облыстағы, қаладағы, аудандағы жағдайды зерттеуді, нақты мақсаттар, міндеттер қоюды, ұйымдық-атқарушылық, кадр жұмыстарын бағыттауды, идеялық-саяси ықпал жасауды көздейді.
Бүгінгі жаңару қоғамда адамдардың бұрын - соңды болып көрмеген әлеуметтік белсенділігін тудыруда. Соның нәтижесінде сындарлы дидарласу, түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Қылмыстық саясат
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Саясат тарихы жайлы ақпарат
Монополияға қарсы заңдар
Құқық жүйесінің түсінігі
Мемлекеттік басқарудың теориялық - әдістемелік негіздері
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешім әзірлеу және қабылдау
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі
Пәндер