Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігі
Торайғыров университеті
«Филология» кафедрасы
Қолжазба құқығында
Қорғауға жіберілді
Бұйрық №
2022 ж. ___
Кафедра меңгерушісі Н. Қ. Жүсіпов
(қолы)
КӨРКЕМ МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ (МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША)
7М01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
Магистрант А. Қалиева
(қолы)
МҚТмӘ -21н тобы
Ғылыми жетекшісі,
ф. ғ. д., профессор А. Қ. Тұрышев
(қолы)
Нормобақылаушы А. О. Кәріпжанова
(қолы)
Павлодар
2022
Мазмұны
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Көркем шығарма тілінің ерекшеліктерін, композициясын, интертекстуалдылық құбылысын және көркем экспрессивтілік құралдарын зерттеу қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ойшыл, тарихшы, философ, фольклортанушы, этнограф, қазақтың бірегей тарихи ұлы тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларының лингвистикалық және композициялық ерекшеліктерін қарастыру ерекше қызығушылық тудырады.
Зерттеудің өзектілігі Мәшһүр Жүсіптің шығармаларының тілдік ерекшеліктерін лингвистикадағы жаңа бағыттардың, атап айтқанда, оқырманға кейіпкердің бейнесін қайта құруға көмектесетін ерекше көрнекі тілдік құралдарда көруге мүмкіндік беретін танымдық көзқарастың дамуымен байланысты.
Магистрлік диссертацияда Мәшһүр Жүсіп көркем шығармалары мәтіндерінің материалдары негізінде көркем шығарманың лингвистикалық ерекшеліктерін анықтауға және егжей-тегжейлі көрсетуге тырыстық.
Сондықтан магистрлік диссертация өзектілігі қазіргі қазақ тіліндегі мәтін лингвистикасы бойынша даму үрдістерін зерделеу және Мәшһүр Жүсіп шығармалары арқылы нақты тілдік материалдар, стилистикалық құралдар мен образдар жасаудың алғышарттары қажеттілігін ашу зерттеудің өзектілігін айқындай түседі.
Магистрлік диссертацияның мақсаты: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары негізінде көркем мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін дәйектеу.
Аталмыш мақсаттан төмендегі міндеттерді орындау жүзеге асырылды:
- көркем мәтінді лингвистикалық нысан ретінде зерттеу;
- көркем мәтінді лингвистикалық зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін дәйектеу;
- көркем мәтінді композициялық талдаудың теориялық және әдіснамалық негіздерін ашу;
- тілдік бірліктердің стилистикалық қызметі;
- Мәшһүр Жүсіп шығармаларының интертекстуалдық сипаты;
- Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау.
Зерттеу нысаны. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көркем туындылары
Зерттеу тақырыбы - стилистикалық таңбаланған бірліктердің, интертекстуалды қосындылардың жұмсалымдық ерекшеліктері, Мәшһүр Жүсіптің көркем шығармаларындағы тілдік бірліктердің стилистикалық әлеуетін жүзеге асыру ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің жетекші әдістері сипаттамалық және салыстырмалы талдаулар, мәтінмәндік талдау әдісі, дифференциалды талдау әдісі және семантикалық - семантикалық әдіс. Сонымен қатар, ғылыми бақылау, салыстыру, мәтіндік талдау, жалпылау әдістері және трансформация әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі көркем мәтінде интертексуалдылық арқылы жүзеге асырылатын стилистикалық функциялар туралы ғылыми еңбектер болды. Шетелдік ғалымдар еңбектері (М. М. Бахтин, И. В. Арнольд, Н. А. Фатеева, ), таным мәселелері (Н. Д. Арутюнова ) ; мәтіннің стилистикалық мүмкіндіктері (Е. Е. Анисимова) ; Көркем мәтінді стилистикалық интерпретациялау (М. П. Брандес, 1983; В. А. Кухаренко, 1988) ; көркем мәтінді зерттеудің мәтіндік әдіснамасы (В. Е. Чернявская, 1996; Н. С. Валгина), Стилистика және мәтіннің лингвостилистикалық мәселелері (И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Г. Я. Солганик) және т. б.
Отандық ғалымдар Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, Г. Смагулова, Н. Уәли, Б. Шалабай, С. Қоянбекова, Д. Әлкебаева және т. б. ғалымдардың еңбектеріндегі тілдік бірліктердің стилистикалық жұмсалымдығы, прагматикалық әлеуеті, көркем мәтіндегі бейнелегіштік және бағалағыштық сипаты тұрғысынан әдіснамалық негіз ретінде алынды.
Негізгі тілдік тұлға Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын лингвостилистикалық талдау жасағанда филология ғылымдарының докторы, профессор А. Қ. Тұрышевтің ғылыми еңбектері негізгі әдіснамалық база болды: «Мәшһүр Жүсіптің лингвистикалық көзқарастары» [1], «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этнолингвистикалық сипаты» [2], «М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасы» [3], «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» [4], «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы» [5], «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мифологиялық мәдениет лексикасы» [6], «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы метрологиялық терминдер» [7], «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі» [8], «Мәшһүр-Жүсіп - Қадым жақ» [9], «Мәшһүр-Жүсіп - Асыл жақ» [10], «Мәшһүр-Жүсіп - Іліми жақ» [11] .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы -бұл жұмыста:
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көркем шығармаларында стилистикалық таңбаланған бірліктердің жұмсалымдық қызметінің жүзеге асырылуы көрсетілді;
- Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ерекше тілдік бірліктердің мазмұны, құрылымы, жүйесі, негізі - осыған дейін арнайы зерттеу нысанына айналмаған, тың тақырып. Мәшһүрдің шығармаларындағы ерекше өзіндік тілдік бірліктер этномәдени тұрғыдан жеке топтарға тарқатылып зерттелді. Аталмыш тілдік бірліктердің мазмұн межесіне тірек, негіз - ұлттың өміріндегі әр түрлі құбылыстар, күнделікті тұрмыс-тіршілік әрекеті нәтижесінде туындайтын сан алуан жағдаяттар. Олардағы халықтың сипатын ашатын, табиғатын тап басып танытатын, тапжылтпас ақиқат, ақпараттық мән болатындығы;
- ақын шығармаларындағы өзіндік ерекше тілдік бірліктердің сипаты мен қолданыс аясының ерекшеліктері сараланды;
- ақын шығармаларындағы өзіндік ерекше тілдік бірліктер сипаты халқымыздың құндылықтар жүйесі, менталитеті, мәдениеті, танымы, білімі көрініс беретіні нақты талдаулар арқылы берілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Мәшһүр Жүсіп өзіне ғана тән жекелік көркем-тілдік ғалам бейнесін жасаған, антропоөзектік өлшеммен қарағанда, ұлттық мәдени құндылықтарды бойына сіңірген тілдік тұлға;
- Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы ақын шығармаларындағы өзіндік ерекше тілдік бірліктер когнитивтік сипаты концептілік өріс құраудан, автордың көркемдік ойлауының құрылымынан көрінеді;
- Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ақын шығармаларындағы өзіндік ерекше тілдік бірліктер тек шығарма мазмұнына қатысты ақпарат сақталмаған, онда жалпы қазақ ұлтының мәдениеті, менталитеті, дүниетанымы, көзқарасы, болмысы көрінген;
- Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ақын шығармаларындағы өзіндік ерекше тілдік бірліктер этнотанымдық, этнологиялық, этнолингвистикалық ерекшеліктерімен айшықталады, сондықтан аталмыш ақын шығармаларындағы өзіндік ерекше тілдік бірліктер өз бойында, құрамы мен құрылымында халыққа тән экстралингвистикалық жағдаяттарды сақтайды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы оның нәтижелері көркем мәтінді талдау теориясын әзірлеуге, сондай-ақ стилистика мен когнитивтік лингвистика мәселелерін шешуге ықпал ететіндігінде.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы осы зерттеу нәтижелерін стилистика, мәтін лингвистикасы бойынша теориялық курстарды, көркемдік талдау, аналитикалық оқу және көркем шығарманы талдау бойынша арнайы курстарды оқу кезінде, қазіргі қазақ тілінің стилистикасын оқыту практикасында қолдану мүмкіндігімен анықталады.
Магистрлік диссертация нәтижелерінің талқылануы мен жариялануы:
1. Тіл білімінің қазіргі парадигмасы контекстінде көркем мәтінді лингвостилистикалық талдау //«ХХІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы, 2021.
2. Көркем мәтінді интерпретациялау және мәтін авторының тілдік портреті // ХХІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы, 2022.
Магистрлік жұмыстың құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Көркем мәтінді зерттеудің теориялық негіздері
1. 1 Көркем мәтінді лингвистикалық нысан ретінде зерттеу
Магистрлік диссертация ойшыл, тарихшы, философ, фольклортанушы, этнограф, қазақтың бірегей тарихи ұлы тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларының лингвистикалық және композициялық ерекшеліктерін тануға арналады. Осыған байланысты мәтіннің құрылымын қарастыру маңызды, атап айтқанда қаламгердің жеке стилінің ерекшеліктерін дәйектеу жүзеге асырылады, өйткені көркем мәтін тілдік талдау үшін материал болып табылады.
Мәтін түрліше атаулармен зерттеліп келді. Мысалы, мәтін лингвистикасы, мәтін кұрылымы, мәтін герменевтикасы, мәтін синтаксисі, мәтін грамматикасы. Бұларды тұтас күйінде алып мәтін теориясы деуге болады.
Лингвистикада мәтін лингвистикасы ғылымдағы көзқарастардың түбегейлі өзгеруіне, құрылымдық лингвистикадан жұмсалымдық (функционалды) лингвистикаға, қатысым теориясына біртіндеп көшуге байланысты қалыптасып дамыды.
Қазіргі таңда мәтін туралы ілім мәтіннің мағыналық әрі құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын тіл білімінің іргелі саласына айналды. Көптеген тілші-ғалымдар мәтін лингвистикасы арқылы кез келген мәтіннің құрылымындагы лингвистикалық заңдылықгарды ашуға мүмкіндік туатынын атап көрсетеді. Мәтінді «зерттеу тілді әлемдік ауқымдағы кең құбылыс ретінде түсіну үшін де, қарым-қатынас жасаудың бірден-бір тұтас құралы ретінде ұғыну үшін де, тілдің адамзат қызметінің әр түрлі жақтарымен байланысын терең білу үшін де қажет болды. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады» [12, 18 б. ] .
Мәтінді зерттеу арқылы сөйлеу мен тілдің арақатынасы айқындалып, олардың табиғаты да анықтала түседі. Мәтін тілді колдану нәтижесінде дүниеге келеді, сондықтан «әрбір мәтіннің сыртында тілдің жүйесі тұрады» [13, 111 б. ] .
Мәтін лингвистикасында тіл мен сөйлеу тығыз байланыста қарастырылады. Мәтін лингвистикасының нысаны ретінде аяқталған біртұтас көлемді немесе шағын мәтіндер және мәтіннің тұлға бірлігі ретінде танылатын курделі фразалық тұгасымдар, яғни мәтіннің кішігірім бөліктері алынады.
Тұтас макромәтіндерге газет, ғылыми журнал мақалалары, монография, оқулық, ресми-іс кагаздары, роман, повесть, поэма т. с. с. жатады.
Мәтін лингвистикасында дискурс деген түсінік те бар. «Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» (1998ж. ) дискурс (фр. discours - сөйлеу) - экстралингвистикалық, яғни парадигматикалық, алеуметгік, мәдени, психологиялық фаюгорлармен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін; «Социолингвистикалық терминдер сөздігінде» (2002ж. ) дискурс (фр. сөйпеу)
1. Қатысымның табысты жүзеге асуын қамтамасыз ететін тілден тысқары (әлеуметтік, мәдени, психологиялық) фактіперді ескере отырып, жан-жақты, толықтай қарастырылатын сөйлеу, нақты мәтін
2. Мәтіннің ырғақпен, интонациямен және т. б. белгілерге сәйкес ұйымдасуы деп анықталған.
Мәтін лингвистикасының мақсаты - өзара байланысты сөйлеудің тұтасымға ұйымдасу ерекшелігін және басты категорияларын сипаттау. Мәтін лингвистикасының мақсатына сәйкес оны зерттеудің төмендегідей міндеттері айқындалады:
- басты белгілері байланыс және тұтасым болып саналатын мәтінді күрделі тұтасқан жүйе ретінде қарастыру;
- мәтінді құраушы тұлға - бірліктерді айқындау;
- мәтіннің негізгі категорияларын сипаттау;
- әр түрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын, қызметін аныктау;
- мәтін бөліктері арасындағы байланысты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді анықтау, логика-семантикалық қатынастарды саралау;
- мәтін түрлерін және олардың ерекшеліктерін анықтау.
А. Новиков осындай күрделі талдауларды қажет ететін мәтінді пәнаралық құбылыс деп түсіндіреді және оның маңыздылығы зерттеушілердің кандай терминологияны қолданып, кандай теориялык қағиданы ұстанатынан емес, оның қандай нәтижеге жететінінен көрінеді дегенді айтады [14, 118 б. ] .
Мәтін мәселесіне қатысты зерттеулерде түрлі пікірлердің болуы, қарама-қайшы көзқарастардың туындауы - мәтін лингвистикасының толық қалыптасуына, тіл ғылымының дамуына өз әсерін тигізеді.
Қазақ тіл білімінде Р. Сыздық, Т. Қордабаев, Б. Шалабай, М. Серғалиев, Б. Мүсрепова, С. Құнанбаева, Ж. Жакупов, О. Бүркіт, А. Жұбанов, Г. Смағұлова, З. Ерназарова, С. Мұстафина, Г. Әзімжанова, Н. Құрманова, К. Мухлис, А. Таусоғарова, Б. Райымбекова, Ф . Жақсыбаева, Ж . Қайшығұлова, М. Ахметова т. б. мәтін лингвистикасы мәселелерін зерттеді.
Мәтін лингвисгикасы саласының зерттеу нысаны - мәтін. Әйтсе де осы күнге дейін мәтін деп нені тану керектігі толық айқындалмай6 мәтінге әр түрлі анықтамалар беріліп жүр. Бұл ерекшелік оның өте күрделі тілдік кұбылыс екенімен және әрбір зерттеушінің ұстанымымен байланысты түсіндіріледі.
М. М. Бахтин мәтінді объективті әлемнің субъективті бейнесі [13, 308 б. ] және кең мағынасында екі сананың қарым-қатынасқа түсуінің бір жолы деп анықгайды [13, 301 б. ] .
И. Р. Гальперин: «Мәтін - бұл жазбаша шығарма түрінде ұсынылған және осы шығармаға сәйкес әдеби сұрыптауға ие, лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық тәсілдердің бірнеше түрімен байланысты тақырыптары бар нақты және арнайы мақсаттармен (күрделі фразалық бірліктер) біріктірілген бірліктерден тұратын аяқталған сөйлеу әрекетінің туындысы», - деп анықтама береді [15, 18 б. ] .
М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Манасбаев, М. Томановтардың авторлығымен жарық көрген «Қазак тілінің стилистикасы» (1974 жылы) оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: «Сонымен жазу - ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабарлайды. Тілдік белгілерді сұрыптап қолдану зандылықтары әдетте айтылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нәтижелерін тіл сөз (речь) арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады» [16] .
Қазақ тіл білімінде Ф. Ш. Оразбаева тілдік қатынасты жүзеге асыратын тұлғаларды сөз ете келіп, мәтінді « . . . ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасыңдағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға» деп дәйектейді және мәтінді тіддік қатынастың мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйесі деп таниды [17, 25-26 бб. ] .
З. Ерназарова: «Мәтін деп сөйлеуші мақсатына сай аякталған ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөйлемдер тізбегін айтады. Тілдің иерархиялық кұрылымында мәтін семантика- синтаксистік құрылым ретінде жоғары деңгей болып есептеледі. Ал сөйлеу бірлігі ретінде мәтін сөйлесіммен салыстырғанда бүтіндік сипатқа ие. Ол ортақ мақсаттағы бірнеше сөйлесім тізбегі болуы мүмкін», - деп ой түйеді [18, 158 б. ] .
Жұмыстың мақсаты көркем мәтінді зерттеу болып табылады, сондықтан көркем уақыт пен көркемдік кеңістік, эмоция, ақпарат, құрылым, үйлесімділік, ішкі мәтін, интертекстуалдылық, мүшелік және байланыс және тағы басқалар сияқты келесі мәтіндік категорияларға тоқталу орынды болып көрінеді.
Категориялар да көркем мәтінге тән. Интертекстуалдылық категориясы әсіресе маңызды болып көрінеді, өйткені қазіргі зерттеуде интертекстуалдылық мәтіннің категориясы ретінде де, мәтінді құру тәсілі ретінде де маңызды болып саналады.
Мәтін жалпы адамзаттық мәдени мұрамен байланысты ғаламдық құбылыс, сондықтан З. Я. Тураева өзінің «Мәтін лингвистикасы» кітабында мәтінді терең және үстірт құрылымдарды қамтитын жаһандық құрылым ретінде қарастырады. З. Я. Тураева «мәтіннің идеялық - тақырыптық мазмұны, көркем бейнеге негізделген қатынастар мен кейіпкерлердің күрделі араласуы - бұл терең құрылым», ал Үстірт құрылым - «терең құрылым сырт кейпі қапталған лингвистикалық форма» деп жазады [19, 57 б. ] .
Ұсынылған дәйектемелерге сәйкес, мәтінді зерттеу кезінде, бір жағынан, әдебиеттану және әдеби стилистика әдістерін, сондай-ақ көркем образ ұғымын ашатын және сюжетті зерттейтін басқа филологиялық пәндерді, екінші жағынан, мәтіннің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын лингвистиканың міндеті әдістерін қолдану қажет.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі мәтінді гуманитарлық білім, оның ішінде философия, филология, лингвистика зерттейтін құбылыс деп тұжырымдауға мүмкіндік береді, әр ғылым «мәтін» ұғымының өзіндік ережелерін жасады.
«Көркем әдебиет тілі - бұл ғылымның принциптері мен әдістерін қолдана отырып, қолданбалы лингвистикалық пән ретінде мәтінді лингвистикалық талдаудың негізі» болды, сонымен қатар, ғылымның негізіне мәтіннің функционалдық - стилистикалық параметрлерін зерттеуге бағытталған функционалдық стилистикамен алынған деректер кірді.
«Қаламгердің шығармашылығы, оның авторлық тұлғасы, кейіпкерлері, тақырыптары, идеялары мен бейнелері оның тілінде бейнеленеді және тек көркем шығармада және сол арқылы түсінуге болады» (Виноградов, 1937:6) . Осы тұжырымға сүйене отырып, лингвистика мәтінді филологиялық талдау үшін де, мәтінді стилистикалық талдау үшін де әдіснамалық негіз болып табылады деп айтуға болады.
«Көркем мәтін, кез-келген мәтін сияқты, ең алдымен, тілдің көмегімен ақиқатты мәлімдейді. Адам әлемін, адамдар әлемін және адамның әлемге (заттар әлеміне, әлеуметтік және субъективті әлемге) қатынасын сипаттау-көркем мәтіннің ең жоғарғы міндеті» [20, 18 б. ] . Бұл ретте көркем мәтін жасай отырып, оның авторы қандай да бір мәдениеттің үлгісін көрсетуге, әлем бейнесін көрсетуге және өз-өзіне қарым-қатынасын айғақтауға бағдарланады. Бірақ «үлгі» критерийлері белгілі бір ұлттық мәдениетке байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл бір лингвистикалық - мәдени қоғамдастықта көркемдік мәртебесі бар мәтінді басқа мәртебеден айыруға болатындығына әкеледі.
Көркем мәтіннің өзіне тән ерекшелігі - жалпы адамға қатысты орталықтығы (антропоцентричность), яғни дүниетаным мен оның көрінісі ең алдымен, адамның танымына бағытталады, ал берілген көркемдік оқиғалар оның жан-жақты көрінісінің тәсілдері болып есептеледі.
Көркем мәтін тіліндегі сөздің ерекше жан бітіп, құлпыратынын, жанданатынын айта келіп, академик жазушы М. Әуезов былай деп жазады: «Поэзиялық лексика - жай лексика емес. Оны аңғару үшін әрі тілші, әрі әдебиетші болу шарт. Сол түрдегі зерттеуші ғалым ғана тілде, әсіресе көркем әдебиет тілінде, грамматикалық шарттарға қосымша, поэзиялық өзгеше үстем шарт талаптар барын таныр еді. Оның ұғымынша, көркем шығарманың бір сөйлемінде тұрған сөз бір-ақ қана ұғым, түсінік бермейді. Соны берудің үстіне ол әр алуан қосымша ассоциация тудырып, оқушыға қосымша елес-емеурін танытып тұрады. Мұндай қатарда жеке сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып кетеді. Оның көркемдігімен қатар сөйлем ішінде өзінен-өзі ұшқын атып тұрған сипаты болады» [21, 283 б. ] .
Көркем шығармада сөзді сұрыптап, пайдалануда көркемдік-эстетикалық талап маңызды орын алады. Ол үшін сөздің контекстік (жағдаяттық) қызметін түсіну қажет. Сөз таңдау әрекеті мәтін түзу, яғни колорит түзуші лексика шоғырын құрастыру мәселесіне де тікелей қатысты.
Мәтін - жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі. Тілдік таңбалардың мағыналық тұтастығынан тұратын мәтін бірлігі мен оның құрылымдық ерекшелігіне талдау жасау қажет. Өйткені жазбаша байланыстырып, сөз бен сөзді тіркестіру жеткіліксіз. Олай дейтініміз жазу әрекеті жеке сөз бен сөйлемдерден тұрмайды, ол бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады [22, 23 б. ] .
Көркем мәтін жалпы мәтінге тән құрылым заңдылықтарына ие болумен қатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Осы даралықты көптеген факторлар қалыптастырады, атап айтқанда қолданыс аясы тарихи, саяси, мәдени-әлеуметтік ортасы, әдеби бағыты, мәтіннің стилі және жанры, автордың дүниетанымы, көркем-тілдік шеберлігі, даралығы, жалпы коммуникативтік жобасы, мәтін модальдылығы. Барлығы көркем мәтіндегі тілдік бірліктердің құрылымдық жүйесін ұйымдастырып, құрылымдық коммуникативті ұйымдасқан тұтастықты қатаң түрде сақтайды. Сонымен қатар шығарма жанры, модальдылық, тұтас шығарманың көркем мәтін түзуде маңызы зор.
Көркем мәтін авторына тән қасиет - тілдік қолданыста оған жоғары дәрежеде еркіндіктің берілуі, яғни «қайталанбаушылық», ал көркем мәтіннен басқаларға «шаблондық» тән, автормен бірге ойлайтын тілдік пікірлес оқырманға есеп жасалады, Д. Н. Шмелев автордың мәтінін қабылдау мәселесі оқырман үшін берілу мәселесіне қарағанда екінші кезектегі процесс деп есептейді. Көркем мәтін тілінің ерекшелігі ондағы поэтикалық лексиканың бар болуымен емес, функционалды-коммуникативті бағытпен анықталған әр түрлі тілдік тәсілдердің ерекше ұйымдасуында екенін ғалымдар баса айтады [23, 81 б. ] .
Әр оқырманның көркем мәтіннен қабылдайтын мағыналық және эстетикалық ақпаратының көлемі де әртүрлі болады. Көркем мәтін ақпаратын қабылдап шығарма мазмұнын талдау оқырманның білім деңгейіне, жеке талғамына және қызығушылығына байланысты. Көркем әдебиетті оқу - шығармашылық процесс, кейіпкерлерді, нақты, бірегей және ерекше батыл әрекетінен оларды дерексіз, жалпы танымға апарады, бұл қасиет тек адамға ғана тән, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді [24, 20 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz