ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ФИЗИКА


Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс- Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Физиканы оқыту әдістемесі»
Тексерген: Сакенова Римма Ерболаткызы
Орындаған: Жаксылыкова Ж.
Өскемен қаласы, 2023
Мазмұны
1. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым
Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым, зерттеу әдістері мен мәселелері. Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі - орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;
ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету. Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді. Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт - физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады.
Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т. т. пайдаланылады.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалының көлемін және мазмұнын анықтау. Мысалы, мектепте неге газдардың қысымы бірінші басқышта, ал термодинамика негіздерін екінші басқышта оқимыз?
Не себепті жарық құбылыстары бірінші және екінші басқыштарда да оқытылады? Мұның дәлелін тек ғана физиканы оқыту әдістемесі курсынан табамыз.
2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс.
3. Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т. т.
4. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық базасын анықтау.
5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.
6. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру.
7. Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру.
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады 1. 1 схемада көрсетілген:
ФОӘ=А+Б+С,
мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз; Б-физикада не нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз.
Яғни, қысқаша айтсақ, олардың негізгі мәні мынада:
Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық-материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А) ;
физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді материалистік ойлауға дағдыландырамыз (Б) ;
физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсіндіреміз.
1. 1 схема
Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (1. 2 схема) . Бұл ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан, сондай-ақ оқыту әдістерінен, тәсілдерінен және формаларынан көрінеді.
1. 2 Схема
ФИЛОСОФИЯ
ЛОГИКА ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Физиканы оқыту әдістемесі сондай-ақ философиямен, логикамен, техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Техниканың дамуы оқытудың жаңа тәсілдерін құруға әкеледі, өз кезегінде оларды оқу процесінде қолдану әдістемесін жасауды талап етеді.
Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар:
«Білім беру жайындағы» заңда білім беру жүйесін демократизациялау және білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері идеясы көрініс тапқан. Оларға жатады: білім берудің гуманистикалық сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, жеке адамның даму еркіндігі.
Көрсетілген принциптер өзінің жүзеге асуында, бірішіден, тұтастай білім беру мекемелері деңгейінде өзінің статусын таңдау мүмкіндігін көрсетеді, екіншіден, нақты оқу процесі деңгейінде мұғалімге оқу бағдарламалары мен оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқушы деңгейінде меншікті оқу «траекториясын» таңдай алады.
Білім беру жүйесін демократизациялау оқу процесін гуманизациялау, гуманитаризациялау және дифференцияциялау принциптерінде өзінің бейнесін алады.
Оқытудың г уманизациясы барлық оқу-тәрбие процесінің орталықты субьектісі болатын баланың жеке адамдық қасиетіне көңіл бөлінуі болып табылады.
Оқытуды гуманитаризациялау сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Дифференциациялау оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта жалпы орта білім беруді әртүрлі типтегі: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке меншік мектептерде, жалпы білім беру мекемелерінен алуға болады.
Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.
Колледж - кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.
Жеке меншік мектептер қоғамдық ұйымдардың, әртүрлі ассоциациясының және фондтардың, мекмелер мен жеке адамдардың ұсыныстары бойынша құрылады. Жеке меншік мектептің өзінің уставы және білім беру іскерлігін жүзеге асыруға бағытталған, сәйкес білім беру департаментінен берілген лицензиясы болуы міндетті.
«Білім туралы» заңымен метептердің төмендегідей құрылымы бекітіледі: I-IV (III) - бастауыш мектеп, V-IX - негізгі мектеп, X-XI - жалпыбілім беретін (толық) орта мектеп. Осы құрылым негізінде міндетті болып он екі жылдық білім беру болып табылады, ал жоғарғы мектеп бағыттық болып қалады.
Әртүрлі типегі оқу мекемлерінде білім алу мүмкіндігі, бұрынырақ өзінің білім беру стратегиясын анықтауға құқылы және әртүрлі оқу бағдарламалары мен құралдарды қолданатын, білім беру стандарттарын жасауды талап етеді.
Орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін екінші құжат, базистік оқу жоспары болып табылады , ол оқушылардың оқу жүктемесінің максимал көлемін анықтайды, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін меңгеруге бөлінген оқу уақытын анықтайды.
Базистік оқу жоспары пәндерді қамтымайды, білім беру аймағын қамтиды және екі бөлімнен тұрады: инвариантты және вариативті.
Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады.
Вариативті бөлімінде мектептік және регионалды компоненттерін жүзеге асырады.
Базистік оқу жоспарының қосымшасына сәйкес физиканы меңгеруге 7-дің 11 сыныптар бойынша аптасына екі сағаттан аз уақыт бөлінбеуі керек.
Оқу процесін реттейтін үшінші құжат, мемлекеттік білім беру стандарттары болып табылады, ол оқушылардың міндетті дайындық деңгейінің талаптарын анықтайды. Білім беру стандарттары пән бойынша бағдарлама болып табылмайды. Олар базистік оқу жоспары сияқты оқу бағдарламаларын құру үшін қолданылады.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері:
Қандай да бір мәселенің өзектілігін анықтау кезінде әрқашанда оқыту алдындағы міндеттер арасындағы бар қарама-қайшылықтан және оқытудың теориясы мен практикасындағы осы мәселенің жасалуының деңгейі мен дәрежесінен шығады. Сондықтан, біз орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі алдында тұрған қарама-қайшылықтарды бөліп аламыз және олардың негізінде өзекті мәселелерді қалыптастырамыз.
Орта мектеп оқытуды демократизациялау, гуманизациялау, гуманитаризациялау сияқты принциптерден құрылады.
Бұл принциптердің көрінісі әр типті оқу мекемелерін, әртүрлі оқу бағдарламалары мен оқулықтар құру болып табылады. Сәйкесінше осы уақытқа дейінгі орта физикалық білім берудің бірдей деңгейі, оқу бағдарламасы мен оқу құралы және оқушылардың оқу мекмесін және оқу бағдарламасы мен оқу құралын таңдау арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылық әртүрлі типтегі оқу мекемелеріндегі, бағыттары әртүрлі кластардағы физикалық білім беру мазмұнын анықтауды негіздейді.
Практикаға жеке бағыттылық оқытуды енгізу, мұнда мұғалім «орта» оқушыға бағытталады, ол үшін қабілетімен, қызығушылығымен және икемділігімен жеке адам болып табылатын ал әрбір нақты оқушыға жаңа әдістерді, жоспарларды және оқытудың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру процесі жүріп жатыр, еліміздің барлық өмірінде, ең аз уақыт аралығында білім беруді жаппай ақпараттандыру болады. Әзірге бұл процесс баяу жүріп жатыр, бірақ оның темпі қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Біздің оқушылар физиканы оқу процесінде ЭЕМ-ны тек есептеу құралы ретінде пайдаланбауы керек, сондай-ақ оқыту құралы және дайындықты бақылау құралы ретінде де пайдалануылары керек. Қазірдің өзінде де мектепте моделдеуші, бақылаушы және оқытушы компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Компьютер барлық пәндер бойынша да оқу процесіне әлі де кеңінен енетін болады, соның ішінде физика бойынша да. Физиканы оқытуда компьютерді қолдану технологиясын құру - физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
- Физиканы оқыту әдістемесі.
- Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.
- Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.
2. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету - белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне - физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т. б. кіреді.
Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті - физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті - оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті - негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды. Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:
-физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
-тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;
-мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру; -аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу. Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі баарысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.
Жалпы алғанда мынадай қорытындыға келеміз:
Физиканы оқыту әдістемесі - оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері
Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:
-ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;
-ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;
-материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар маңызын ашу;
-ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;
-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
-қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
-физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
-оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
-оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру - негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
-физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
-оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
-оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту - физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;
-оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;
-оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;
-оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру;
-оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;
-оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу;
-физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т. б.
Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру:
Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметер беріліпғ іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағыдларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет.
Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, схемалар мен суреттерді, машина бөліктерін, т. б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады.
Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жатығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс.
Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехикалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек.
Политехикалық білім беруді физика сабақтарында сан-алуан мысалдармен сабақтастыруға болады. Мысалы, 7 және 10 сыныптарда жылу құбылыстарын оқып үйренуде жылу машиналарының құрылысы мен жұмысының принциптері түсіндіріледі. 7 сыныпта бу машинасы мен бу турбинасы және іштен жанатын двигатель жөнінде де түсінік беріледі. Бұл двигателдердің ауылшаруашылығын механикаландырудағы мәні ашып көрсетіледі.
7 сыныпта оқушылар қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициенті түсінігімен танысады. 10 сыныпта жылу машинасының пайдалы әчер коэффициенті және оны жоғарылатудың тәсілдерімен танысады. Қысым жоғары бу машиналары мен бу турбиналарын жасап шығару пайдалы екендігі атап көрсетіледі. Осы сыныпта оқушылар реактивтік двигателдермен таныстырылады.
8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмсы, айнымалы ток генераторының, трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі.
10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады.
Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар да өте-мөте бағалы. Мұндай жұмыстар оқушыларды әртүрлі иехникалық құралдардың, механизмдердің, түрлі жабдықтардың, құрылғылардың құрылыстарымен және қызметімен таныстырып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге дағдыландырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz