Қазақ хандығының күшеюі
Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы.
.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
:: бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
- Мерзімді басылым материалдары;
- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.
2.Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы - homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез ырғағы тұжырымдамасы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо- және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері - петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
3.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең - тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
Палеолит - ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан - 12 мың жылдыққа дейін).
Мезолит - орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Неолит - жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. - 140 мың жылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140 - 40 мың жылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 - 12 мың жылдықтар).
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші - оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған Қаратау отрядының жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.
4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Энеолит(лат. aeneus - мыс және гр. lіtos - тас) - неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі).неолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео -- мыс, литос -- тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл -- мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені -- Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
5.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан - жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетіндегі атқа міну мәдениетінің қалыптасуының тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижесі. Кремний индустриясының сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы - көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.
Аймақтағы аридтену үдерістері. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет. Жерлеу тәсілдері мен салт-ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Орталық Қазақстанда қыш жасаудың дамуы. Қоғамдық құрылымы мен рухани мәдениеті. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тілдік атрибуциясы мәселесі. Еуразиялық дала жүйесіндегі Қазақстан аумағы (үндіеуропалық көші-қон). Шұңқырлы мәдениет ұстанушылар. Мәдениеттер мен этностардың ара қатынасы мәселесі. Ежелгі қалалар мәдениеті. Монументты сәулет өнерінің ескерткіштері. Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар.Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.
6. Атқа міну мәдениетінің генезисі
Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону, және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу рәсімі, қару-жарақ, қалыңдық, аң стилі өнері. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийді жаулап алуына қарсы күресі.
Сармато-Алан тайпалық одағы. Аорсы және роксоланы. Қоныстандыру аумағы. Яньцай Мемлекеті. Ғұндар мен қаңлылармен қарым-қатынас.
Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III - б.з. II ғғ)
Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі.Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. Б.з.б. ІІ- б.з. V ғ.бірінші үштігіндегі қаңлылардың тарағанаумағы мен қоныстанған жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық қыш ыдыстарының этникалық тиеселігі көрсеткіші. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы және Шығыс Аралмаңыаумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуындағы маңызы. Византия, Иран, Сирия мен Қытаймен сауда байланысы.
7. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар мен сарматтар.
Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды азиялық скифтер деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің Тарих деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде Сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген.
8.Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі

9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың
10. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған: Бұқара, Шахрисиябз, Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі), Ташкент ауданы, Хорезм өлкесі. Қаңлы мемлекеті Үйсін мемлекетімен бірқатарда тарихи сахнаға шыққан. Үйсіндер Ферғана, Ыстықкөл, Шу, Жетісудан Шығыс Түркістан жерлеріне дейін созылып жатқан аймақта орналасқан.
М. Қашқари айтуы бойынша, Қаңлы (Қаңқа) - патшаның аты. Оның мемлекетіне кірген тайпалар, халықтар жалпы патшаның атымен қаңлы аталған. Соған қарағанда, жергілікті сақ тайпаларынан өрбіген ұрпақтар Әмудария мен Сырдария өңірлерін мекендеп, осы құлшылық қоғамын құрған. Олардың жайылған мекендері де көп жерлерді алып жатса, тұрғындарының сандары да көп болған. Олар ертедегі орта ғасырда бөлшектеніп, өздерінің ертеден келе жатқан аттарымен аталып кетсе де, басым көпшілігі қаңлы есімін сақтап қалған. Кейін түркі халықтары бөлшектеніп шыққанда, қаңлылар олардың көпшілігінің құрамына кірген: өзбек, қазақ, қырғыз, башқұрт, қарақалпақтар және т.б. Бірақ қаңлылардың басым көпшілігі бұрынғы Қаңлы мемлекетіне кірген жерлерде көбірек сақталған. Б.з.б. 329 жылы әйгілі Ескендір Зұлқарынай Сырдария бойына жеткен. Қаңлы мемлекетінің негізгі этникалық құрамы сақ нәсілді түрік тілдес тайпалардан тұрған. Қазіргі түрік халықтарының құрамына кірген қаңлыларда антропологиялық ерекшеліктері арасынан сары түсті, көздері көк, жақ сүйектері ойыңқылы көбірек кездеседі. Өздерін басқарған патшаның атымен аталуы түріктерде ертеден қалыптасқан дәстүр, мысалы: Оспан түріктері және т.б.
Қаңлылар ұлы күш болып, шет елдерге бас июге ешбір көнбеген. Олардың чиновниктері үйсіндердің елшілерінен кейін, Қытай елшілерін отырғызған. Тамақты әуелі өздеріне, одан кейін Шығыс көршілері Қытайға беретін болған. Қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б.з.б. І ғасырдың аяғында Қытай деректерінде: Қангюй, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда - У.Ш.) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында князьдары мен ақсақалдарына, содан соң барып наместниктің елшілеріне қонақасын тартады. Б.з.б. 47-46 жылдары (Қытай - У.Ш.) Ферғана, Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуымен ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасауға жәрдемдесті. Сондықтан да өздерінің тәуелсіздігін бекем ұстап, күшті құлшылық мемлекет болған және түріктердің мәдени өркениетінің негізін салған. Аттары аталған жер атамалары Әмудария мен Сырдарияның алқаптарында және Орталық Азияның көпшілік жеріне орналасқанын байқаймыз. Қазір де олардың көпшілігі ежелгі аттарымен аталады. Осы жерлерден археологтар қаңлылардың дәуіріне жататын Жанбас-қала, Қорғанша-қала, Базар-қала, Кюнерлі-қала, Қойқырылған-қала және т.б. ескерткіштерін ашты. Бұл қалалар құлдардың күшімен салынған үлкен бекіністер. Мысалы: Қойқырылған-қала дөңгеленіп салынған, оның жалпы диаметрі - 87,5 м, тоғыз мұнарасы бар. Оның қазіргі сақталған биіктігі - 8 м. Осы дәуірдің басқа да аттары аталған антикалық қалалары көлемдері жағынан Қойқырылған-қаладан кем емес. Олар жан-жақты зерттеліп, Хорезм археологиялық экспедициясының еңбектерінде жарық көрген. Осы археологиялық қазба деректерге қарағанда, қаңлылардың мәдениеті құлшылық қоғамда дамыған. Оның дамыған кезеңдері б.з.б. V-ІV ғғ. тура келеді. Осы кезде, қаңлылар Ахеменидтердің қарауынан шығып, өз алдына мемлекет болып, жеке үстемдігін жалғастырды.
Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қаңлы құлшылық мемлекетінің экономикасы өрлеп, жақын және қашықтағы елдермен саяси байланыстары кеңейген. Оған қараған жерлерде көптеген көне және жаңадан тұрғызылған тұрақты мекендер мен қалалар болған. Оларда қолөнер кәсібі дамып, сауда орталықтарына айналған. Тұрғындардың негізгі кәсібі қолдан суару арқылы жүргізілген диқаншылық ен жайып, үлкенді-кішілі су жүйелері салынған және олар жылма-жыл тазартылып, кеңейтіліп тұрған. Қаңлы мемлекетінің арнайы шығарылған ақшасы осы зерттелген қалалардан табылған.
Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. Б.з.б. ІІ- б.з. V ғ.бірінші үштігіндегі қаңлылардың тарағанаумағы мен қоныстанған жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық қыш ыдыстарының этникалық тиеселігі көрсеткіші. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы және Шығыс Аралмаңыаумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуындағы маңызы. Византия, Иран, Сирия мен Қытаймен сауда байланысы.
11.Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Соңғы деректер мен зерттеулер бойынша, б.з. I -- X ғасыр аралығында Орталық Азия мен Моңғол үстіртінде саяси үстемдік жүргізген түркітекті теле тайпалар одағы болғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар Алтай, Тарбағатайды мекендеген қарлұқтар мен Шығыс Түркістандағы басмылдар да Орталың Азияны билеуге ұмтылды. Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты. V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабаларын) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді.
Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл -- киелі қасқыр деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да бөрі аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618 -- 630), Жеғуй қаған (610 -- 618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552 -- 554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552 -- 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
Батыс түрік қағанаты (603 -- 704).
Сонымен580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582 -- 603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді.
12.Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы) - Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.
VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде, Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 - 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды.
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581 -- 618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. Таншу әулеттік (618 -- 907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Олар (қарлұктар) -- ежелгі түріктер, -- дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47. Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де үш қарлұқ деп айтылған.
13. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуір деп екіге бөлінеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-Vғасырлардан бастап- б. З.VIIIғасырына дейінгі аралықта Тұран деп аталып келді. Ал VIII-XVғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде Түркістан деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XVғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да Түркістан атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі Орталық Азия атына ие болғанша аталып келді. Ислам әлемінде VIII-XVғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады.
Барлық құқықтар қорғалған.Түркілердің ислам дінін қабылдауы Қазақстандағы Ислам
14. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны.Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы. Қыпшақтар жайлы нарративті деректер мәліметтері мен қыпшақтардың шежірелік мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы. Тайпалардың көші-қон және олардың этникалық процестерге әсері. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы. Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштерін қосу. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).
15.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.
Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры - XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI ғасыр) осы уақытқа саяды. Диуани лұғат ат-түркте берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.
Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.
16. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді "Иқта", ал иеленушілерді "иқтадар" (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді "муқта" деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды.
17.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.
Қыпшақтың тегі - Қазақ. Қыпшақ, Қазақ, Ғұн, Сақ, Алаш, Түркі - синоним. Бәрі бір ел, бір ұлттың балама атаулары, бәрі бір Атаның, яғни Қазық жұртта (Қазақ даласында) отырған ұлы елдің ұрпағы. Оны батыстықтардың Қумандар деген атауынан да айқын көруге болады.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар (Қидан, Қиян, Қияттар М.Қ.), баяндурлар, баяуыттар (байұлылар М.Қ.), қаңлылар (Маңғыстаулық Қаңғалықтар (М.Қ.), ұран (Тұран М.Қ.) тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.
18.Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы.
Қыпшақтар -- XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.
19. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері - Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез - 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы - Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы - Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: "Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер - күшті дамыған ел...Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған" деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы - серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.
20.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы. "Түркі" термині алғаш 542 жылы қолданылды. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына қоныстанды.
Түркі мәдениетінің дамуына және одан ары таралуына ең басты рөлді Ұлы Жібек жолы атқарды. Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы өмір сүрген.
Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды. Жібек жолы бойымен діни идеялар, тауарлар және олардың өндірісі туралы ақпарат атап айтқанда, жібекті, түрлі-түсті шыныны, қағазды, кітап басуды, оқ-дәрі мен зеңбіректі дайындау тәсілдері таралды.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда 9 ғасыр мен 13 ғасырдың басында өзінің ең биік деңгейіне жеткендігін айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн ірі сауда орталықтары болып қалды. Оларға солтүстік-шығыс Жетісудың Қоялық, Екі-оғыз қалалары қосылды.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасады. Бұл қалалар Арал бойындағы құрғақ шөлейт аймақта өте жақсы сақталды. Олардың күн қаққан сары қабырғалары әлі күнге дейін биіктен көрінеді, ал төбелер астында үлкен көне қорымдар сақталған. Тараздың жанында Жамуқат қаласы болған. Оның қалдықтары Талас алқабында жатыр. Бұл орын қазір Қостөбе деп аталады. Жібек жолының бойында бірнеше жаңа қала пайда болып, ал бұрынғы қалалар дами түсті.
6 ғасырдың екiншi жартысында түркiлер Ұлы Жiбек жолының бiраз бөлiгiне иелiк еттi. Нақты осы түрiк кезеңiнде Қытайдан Жетiсу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстiгiне өткен Ұлы Жiбек жолы бойында жандану байқалады. Бұл жолдың негізгі бөлігі болды және керуен саудасы мен елшiлiк сапарлары 6-13 ғасырларда осы жермен өттi. Бұл жағдай Жетiсу мен Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңа қала орталықтарының пайда болуына түрткi болды, осыған дейін бар қалалардың тез өсуiне әсер еттi. Жiбек жолының түрiк бөлiгi бойынан мұндағы қызу керуен саудасының көптеген заттық дәлелдерi табылды.
Қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның Ұлы Жібек жолы атты қорытынды конференциясы Парижде өтті. Онда Орталық Азия халықтарының түрлі жүзжылдықтардағы мәдени жетістіктерін көрсеткен үлкен көрме ұйымдастырылды. Және де ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған үлкен мұраны зерттеуге ғана емес, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұрасы нысандарының тізіміне Ұлы Жібек жолы номинациясында 30-дан астам тарих және археология ескерткіштерін енгізді.
21. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.
Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас - Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы Көне түрік дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон - Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны -- 85 шамалы. Олардың ішінде кіші - гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
22.Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.
Қожа Ахмет Ясауи -- ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.
Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X - ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады.
Оның 90 мыңдай шəкірт -- мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII - XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: Мəдинада -- Мұхаммед, Түркістанда -- Қожа Ахмет, -- деген.
Қожа Ахмет пайғамбар жасына келгенде, бар дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге, ғəріп- міскіндерге таратып беріп, қылует (фəниден жалғыздықта күн кешу) жасауға бел байлайды. Ол өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінəжатханада өткізеді. Сопы: Алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнə, -- деп өзіне бір тоқтам жасайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz