Касіпорындағы ақша қаражаттарын қозғалысын талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі
Жоғарғы құрылыс - экономикалық колледжі
Министерство просвещения Республики Казахстан
Высший строительно - экономический колледж

《Бухгалтерлік 》Бөлімшесі
Мамандығы《0518000 Есеп және аудит》

КУРСТЫК ЖҰМЫС
КМ12《Ұйымының бюджеттік жоспарларын құру, күрделі салым- дардың тиімділігін және қаражатты пайдалануды талдау》
Тақырыбы: Касіпорындағы ақша қаражаттарын қозғалысын талдау.

332-топ студент
Орындады: Шаймерден Қ.З
Оқытушы: Сулейменова Г.Е

Петропавл 2023ж
Мазмұны
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын қозғалысын талдау.6
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы түсінік ... ..7
Қаржылық қызметтен түсетін ақша ағындары қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2-ТАРАУ

Кіріспе
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген касіпорында өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау 3 Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру формасы арқылы жүзеге асады. Бұл есеп беру формасында ақшалай қражаттардың қозғалысы үш бағытта ашып көрсетіледі: операциялық, инвестициялық және қаржылық. Бұл ретте операциялық қызмет бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы тікелей және жанама әдістер арқылы анықталады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақшалай қаражаттардың түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивидендтен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстардан тұрады.
Жанама әдістер - бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалынады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржы-шаруашылық қызметініңнәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.Ақша қаражаттарының жылжуы инвестициялық қызметінің шегінде жер учаскелеріне, ғимараттарға, құрал-жабдықтарға, нематериалды активтерге, оларды сатумен, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асырумен байланысты.

Кез келген бизнес аздаған ақшалай қаражаттар көлемінен басталады. Олар өз кезегінде өндірістік босалқыларға айналады. Одан кейін айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлы нысанға, ал өткізу сатысында ақшалай нысанға өзгереді. Айналым капиталының айналымы негізгі шаурашылық операцияларымен тікелей бйаланысты:
-сатып алулар шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың қорлары мен кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді;
-өндіріс дебиторлық қарыздар мен кассадағы ақшалай қаражаттардың өсуіне алып келеді.Аталмыш операциялар ұдайы қайталанып отырады және ақшалай түсімдер мен төлемдерге саяды.Сонымен ақшалай қаражаттардың қозғалысы шикізаттар, материалдар үшін төлемдер жүргізу мен дайын өнімді сатудан ақшалай түсімдердің түсу уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің уақыт аралығына жабдықтаушылардың кәсіпорынды несиелеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыларды несиелеу кезеңі, шикізаттар мен материалдардың қор түрінде сақталу кезеңі, өндіріс және дайын өнімнің қоймадағы сақталу мерзімі ықпал жасайды. Кез келген кəсіпорынның ақша қаражаттарын бақылауы керек жəне есепке алуы қажет. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мəселе болып табылады. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизмін, оны жоспарлай жəне болжай білу, кəсіпорын қызметінің күтілетін нəтижеге жету, яғни, пайда табудағы басты құралы болып табылады. Сондықтан нарықтық экономикада ақша қаражаттарын жоспарлаудың жəне талдаудың маңызы зор. Зерттеу жұмысындағы қорытындылар халықаралық стандарттарға сай ақша қаражаттар қозғалысын талдау жəне жоспарлау бойынша жетілдіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы
Кәсіпорын активтерін басқару және оның тиімділігін арттыру
Кәсіпорынның ақша қаражаттары
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау
Пәндер