Дарынды балалардың қабілетін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі
Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі

Мамандығы:0111013 Қазақ тілі мен әдебиет
Курс: 3
Пәні: Психология

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасындағы дарынды оқушылардың психикалық дамуы

Орындаған: Әлиханов.А.А
Тексерген: Курмантаева А.А.

Қорғауға жіберілді: "____" _______2022
Бағасы: "_____"

Ақтөбе, 2022

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
I. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау.1.1.Дарындылық туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-61. 2.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-8
ІІ. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
2.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-12
2.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-13 III. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық ерекшеліктері
3.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-17 3.2. Дарынды оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-20
3.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру ... 20-22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23 -24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән вундеркинд.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.
3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Бүгінгі таңда дарынды балалар психологиясы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да осы дарынды балалар психологиясын зерттеу мақсатында зерттеу жұмысымның тақырыбын Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы деп алдым.
Зерттеудің өзектілігі: Дарынды оқушы өз бетімен жұмыс істеу арқылы білім алудың қарапайым дағдыларын меңгереді және алған білімді біліктік дәрежеге көтереді. Оқушы күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, пікір айту, түрлі жағдайда өздігінен шешім қабылдау баспалдағынан өтеді, өздігінен алған біліміне риза болады.
Зерттеудің көкейкестілігі: Балаларды зерттеу барысында дарындылығын анықтап, бойындағы бар дарындылықты одан әрі ашыла түсуіне жол шау. Ертеңгі күннің білікті, білгір дарын иесі болуына атсалысу.
Келешек жас қоғамның ертеңгі болашағын қалыптастыру мен дамыту, баланың кіші мектеп жасынан басталады, үздіксіз үрдіс барысында қалыптасып, дами түседі. Білім берудің түрлі жолдары барлық салада үлкен міндеттерді жүктейді.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі.
Зерттеу мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтап және оларды зерттеу. Дарыны психологиялық жағынан дамыту жолдарын қарастырып жетілдіру. Дарындылығы байқалған оқушылрмен жұмыстанып, одан әрі дамыту.
Зерттеу міндеті:
-Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылық үрдісін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылықты дамытудың теориялық моделін құру;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылықты дамытудың қосымша бағдарламасын ұсыну;
Зерттеу обьектісі. Жасөспірім кезең 9-12 жастағы оқушыларды зерттеу.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ішіндегі дарынды балалардың психикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылым болжамы:Егер бастауыш сынып оқушылырының ішіндегі дарынды балаларды дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп жасындағы балалардың дарындылығын арттыру оқу-қиял үрдісін дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп жасындағы балалардың дарындылығын дамыту мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда дүниетанымы мен біліктілігі жоғары деңгейде қалыптаса бастаған балаларды тәрбиеленуі мүмкін.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге ғылыми талдау, жинақтау, қорыту, психодиагностикалық әдістемелер тәжірибелік экспериментті өткізу барысында сауалнамалар .
Зерттеу базасы: №1 жалпы орта білім беретін мектеп. 4а сынып оқушылары.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін анықтау. Отбасында және мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата - аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата - аналармен жұмысында, педагог - психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми құрлымы: Кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімдерден және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

I.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау. 1.1 Дарындылық туралы жалпы ұғым

Әр адам балалық шағы мен жасөспірім кезінен өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жастық шақ - іздеу, үміт, күдік, алаң уақыты. Көптеген балалар ерте кезден бастап әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты қабілеттер таныта бастайды. Дегенмен, бұл қабілеттер уақыт өте келе өз күшін жоғалтып, болашақта оның кәсіптік қалыптасуына әсер етіп, ол қарапайым орташа маман болып қалады.
Дарындылық пен қабілеттер түсініктері өзара ұқсас келеді. Қабілет сөзі екі мағынаны білдіреді: 1) табиғи дарындылық; 2) мүмкіндік, бір нәрсе істеу.
Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі дарындылық деп аталады [1].
Дарындылық - адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі. Бұл - балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі[2].
Дарындылық ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауда интеллектуалдық, шығармашылық, талант, данышпандық, танымдық белсенділік ұғымдары маңызды болып табылады.
Талант - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.
Данышпандық - қоғам өміріне тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады. Әрине, бұл ұғымдар, жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады [3].
″Дарындылық" деген ұғым "қабілеттілік" деген ұғымға өте жақын. Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік. Яғни, белгілі бір тәсілді игерудегі

шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, қабілеттілік - әркімнің қолынан, бірдеңе келуінің мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгіруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі[5].
Қабілеттер философиялық энциклопедиялық сөздіктерде бұл - белгілі бір іс-әрекеттің табысты болуының субъективті шарттары болатын тұлғаның жеке ерекшеліктері. Қабілет индивидтің білімі, дағдысы, іскерлігіне сәйкес келмейді. Ол кейбір іс-әрекеттерді меңгерудегі әдістердің жылдамдығы, тереңдігі мен беріктігінде. Және ол ішкі психологиялық реттегіш болып табылады.
Бүкіл дүние жүзінде дарындылық мәселесі аса үлкен қызығушылық туғызды, өйткені бұл мәселесі кейде мүлде болмады, ол кейде қызу талқылау үстінде болды. Бұл жағынан дарынды балаларға арналған мектептер болды, бұл мектептерде әртүрлі, көптеген сайыстар (интеллектуалдық, музыкалық, спорттық және т.б.) өткізілді,бұл сайыстар балалардың қабілеттерін ашуға көмек берді. Екінші жақтан, тепе - теңдік мәселесі қабілеттерге де таралды. Оқудағы элитарлық дарындыларға арналған сәйкестендіру (идентификациялық) тестілері әрқашан қатал сынға алынды. Соңғы жылдары бұл проблемаға деген қызығушылық өсті. Дарындылығы жоғары дамыған балаларға арналған мектептер ашыла бастады.
Егер адам белгілі бір қабілеттерге ие болса, бірі мінез жағынан, екінші әлемді қабылдаудан, бұлар қоршаған ортамен әртүрлі қарым - қатынас жасайды және әртүрлі еңбектенеді. Біз көбінесе өз құрдастарынан аса көп білетін дарындылық жайында мәселе қозғаймыз. Бұдан да бөлек және қиын тағы да бір дарындылық түрі бар. Бұл дарындылық түрі ұстаздың көзіне жеңіл түсіп, қиын қабылданатын жетекшілік немесе әлеуметтік дарындылық. Бұл сөздің синонимі ұйымдастырушылық қабілеттілік.
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде барлық дамыған елдерде дарынды балаларды анықтау, оқыту, дамыту, жұмыстары жандандырылады, себебі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени процестерінде тұлғаның ролі өзгерді. Барлық мәдени, ғылыми, өнер, өндірістік, басқару өрістерге дербес, шығармашылық ойлауға қабілетті жас мамандар қажетті болып келеді.
Мұғалім дарындылық түрлерін білу керек, біріншіден, баланың мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және оған оның мәселелелерін шешуге көмектесу, болашақ мамандығына дұрыс бағыт - бағдар беру, екіншіден, дарындылықтың түрін білмеген соң, кейбір оның түрлерін ажырата алмайды, баланың ақыл - ой және шығармашылық әрекетінің кәдімгі еместігін оның тәртіпсіздігі немесе оғаштық болып есептелінеді.

Көптеген мамандарға да осы құбылыс күрделі және де жұмбақты да болатын мәселеде мұғалім өзінің оқушыларында дарындылықтың негізгі түрлерін көріп, ажырату керек.

1.2.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі

Д.Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз - үш байланыстың үйлесімділігі жоғары интеллекілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативтілік нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.
Л.А. Венгердің, Г.В. Бурменскаяның Дарынды балалар еңбегінде Егер оқушы кез келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбыларынан ерекшеленсе, ондай оқушы дарынды болатынын айтады.
Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:
Ойлау ерекшелігі;
- Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы.
Ішкі сезім ерекшелігі:
Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдасарынан көп біледі);
Жан дүниесінің тереңдігі;
Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
Өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында:
Оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
Математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне қажет жағдайда қолдана алады;
Қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
Шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.
Дарындылардың ішінде де үлгерімі төмен немесе үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оның себебі:
Талаптың, мотивацияның төмендігі;
Жұмыс істеу құштарлығының төмендігі;
Білім қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығы.
Осы себепте, оқушылар бір сатыдан екінші сатыға көтерілгенде, мектеп неврозына (мектептен қорқу) шалдығып кетпеу үшін мектеп психологтары үлкен жұмыс атқаруы қажет.
Белгілі ағылшын психологы П. Торанстың зерттеуі бойынша, қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек, осы сияқты қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Ресей психологтары дарындылық туралы мынандай анықтама берген: Дарындылық - психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғарғы нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды.

ІІ. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
2.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы - баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі - қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл - қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс педагогикалық және психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс педагогикасының белгілі ғалымы П.Ф Каптерев өз еңбегінде былай деп жазады: Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар: жеке тұлғаның дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты жетілуі.
Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек. Бұл - ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу арқылы әр тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады. Баланың психологиясы мен педагогикалық психология саласындағы зерттеулер арқылы оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, жекелеген психикалық процестер мен функцияларды дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Ғалымдар дәлелдегендей, адамның өмірден меңгереген білімі мен дағдысын практикалық істерді төте және ең ыңғайлы жолдармен қолдана білу шеберлігі қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
Дарындылық - табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық - көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: Дарындылық - бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы.
Дарындылықты анықтау - өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік-психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау маақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:
1. Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.
2. Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.
3. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді.
4. Есте сақтау қабілеті жоғары болады.
5. Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді.
6. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
7. Табандылық басым.
8. Қиялы кең болады.
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дамудағы шапшаңдылық.
2. Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды.
3. Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.
2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие.
3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады.
4. Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды.
5. Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым келеді.
Дарындылықты анықтаудағы назар аударатын осы басты ерекшеліктердің аясы бұдан да кең болуы мүмкін.
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. Оның 1-ші кезеңі - анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да бір іс-әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата-аналардың өз балаларыныңқабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол нақты
жауапқа нұқсан келтрмейді.
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы, арнаулы, практикалық деп үшке бөледі. Қабілеттің бұл түрлері бірін-бірі жоймайды, қайта бір-біріне байланысты дамиды.
Жалпы қабілеттілік - жеке тұлғаның өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттауы.
Арнаулы қабілеттілік - белгілі бір бағытта ерекше дағды таныта білуі.
Практикалық қабілеттілік - өмірден алған білімін шығармашылықпен пайдаланып, бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу. Баланың бойындағы осы қабілеттерді ең әуелі ата-анасы байқайды.
Ерекше қабілеттер жиынтығы - дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі:
Диагностикалық кезең. Бұл - педагогикалық және психологиялық тесттер мен түрлі әдістемелер арқылы жүргізіледі. Ол баланың психологиялық ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады.
Дарындылық үш бағытта анықталады:
- интелектуалды дарындылық.
- шығармашылық дарындылық
- лидерлік дарындылық.
Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады. Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән.
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны анықтау мектептегі педагог - психологтардың басшылығымен жүзеге асады. Дарындылық бірінші кезеңде байқау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық диагностика арқылы нақтылан түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық қасиеті ескеріліп, оның дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен жүргізілуі қажет.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Бала дамуының дербестік, шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

2.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу
Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды балаларды анықтау
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Пәндер