Ыбырай Алтынсарин - ақын


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Ысқақ Әсел Бауыржанқызы
Ыбырай Алтынсарин - фольклортанушы
тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы
Нұр-Сұлтан, 2022
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., қауымд.
профессор Қ. Р. Кемеңгер
«___»2022 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин - фольклортанушы»
«5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған: Ысқақ Ә. Б.
Ғылыми жетекші
PhD доктор, доцент м. а. Сағынадин Г. С.
Нұр-Сұлтан, 2022
Мазмұны
КІРІСПЕ. . 6
1 ҰЛТ ҰСТАЗЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ МҰРА 9
1. 1 Ы. Алтынсарин шығармашылығы және ағартушылық қызметі хақында . 9
1. 2 Ы. Алтынсарин мұрасының зерттелуі . . . 16
2 Ы. АЛТЫНСАРИН ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ. . 20
2. 1 Фольклор мұраларын жинаудағы Ы. Алтынсарин еңбегі . . . 20
2. 2 Ы. Алтынсариннің таным мен тәрбие философиясындағы фольклорлық дәстүр. . 28
2. 3 Ы. Алтынсариннің ғылыми әлемі: ғұрып фольклоры және этноәлеуметтік мәселелер 34
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 46
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Ыбырай Алтынсарин - ұлы педагог-ғалым, қазақтың əдеби тілінің, жазба əдебиетініңнегізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ әдебиетіне озық ойлар мен тың тақырыптар енгізді. Ол - дарынды, жаңашыл ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларымен танысып, өз еңбегіне арқау еткен қоғам қайраткері. Өзі өмір сүрген дәуірінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне халық мұрасын жарата білген дара тұлға. Ақын ретінде мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, жазушы ретінде қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырғаны анық.
Қазақ Ыбырай Алтынсаринді педагог, ағартушы-ақын, жазушы, аудармашы, фольклортанушы ретінде таниды. Сан қырлы Ы. Алтынсари ннің ақындық, жазушылық, ағартушылық қырлары кеңінен зерттеліп, фольклортанушылық қыры кейде ашылмай қалған тәрізді көрінеді. Осы негізде күдікпен үлкен ізденістер мен біршама жұмыстар атқарылды. Сан қырлы Ыбырай Алтынсариннің қазақ үшін, қазақ балалары үшін жасаған еңбегі зор. Сондықтан оның әр қырын болашақ ұрпаққа таныту біздің парызымыз деп білеміз.
Диплом жұмысының мақсаты: Ы. Алтынсариннің бай мұрасына үңіле отырып, ондағы фольклорлық еңбектердің мәнін ашу.
Диплом жұмысының міндеті: Жоғарыда қойылған мақсат негізінде алдымызға мынандай міндеттерді қойдық:
- Ы. Алтынсарин шығармашылығы мен ағартушылық қызметін саралау;
- Ы. Алтынсариннің бай мұрасының зерттелу аясын қарастыру;
- Ы. Алтынсариннің фольклортану саласындағы рөлін айқындау;
- Ғалымның этнографиялық еңбектерінің маңызын сараптау.
Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен ғылыми жаңалығы:
- Ы. Алтынсариннің ағартушылық философиясында фольклорлық дәстүр орын алған;
- Ы. Алтынсарин ғұрып фольклоры жанрларын зерттеуші ғалым ретінде көрінеді;
- Ы. Алтынсарин - этнографиялық очерк жанрын қалыптастырушы ғалым екені айқындалды;
- Заманауи білім реформалары аясында Ы. Алтынсарин шығармашылығы-ның маңыздылығы жоғары мәнге ие;
- Ы. Алтынсариннің білім философиясында ағартушылықтың ұлттық тұ-жырымдамасы бар, себебі онда ұлттық бірегейлік пен білім дискурсының теориясы мен тәжірибесіндегі ұлттық және жалпыға ортақ мүдделерді қалай үйлестіру мәселесі көтерілді;
- Соңғы уақытта өзін-өзі дамытуға мән беріп жүрген білім парадиг-масының тәрбиені де қатар алып жүру керектігін алға тартуы Алтынсарин тұжырымдамасының заманауилығын көрсетеді, керісінше жағдайда студент пен ұстаз арасындағы тұлғааралық қатынас жойылып кетуі әбден мүмкін.
Диплом жұмысының ғылыми, теориялық, әдіснамалық негіздері.
Диплом жұмысының негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда Ы. Алтынсарин туралы жазылған іргелі зерттеулер, әдебиет тарихы мен жанрлары, ағартушылық жөніндегі М. Әуезов, С. Мұқанов, Х. Сүйіншәлиев, Қ. Т. Жұмағұлов және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық пікірлер мен тұжырымдар басшылыққа алынды. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы әр кезеңдерде баспа жүзін көрген Əлдибеков Ж., Эфиров А. Ф., Сулейменов Б. С. т. б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері, ой-тұжырымдары мен пікірлері бағыт-бағдарлық, теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылып, қажетті тұстарда пайдаланылды. Сондай-ақ мәтіндік талдау негізіне Ы. Алтынсариннің әр жылдары жарық көрген шығармалар жинағы қолданылды.
Зерттеу нысаны - Ы. Алтынсариннің фольклорлық мұрасы мен ғылыми-әдістемелік еңбектері
Диплом жұмысында қолданылған ғылыми әдістер: Зерттеу жұмысымызда Ы. Алтынсаринрнің еңбектерін, очерктерін жинақтау, жүйелеу талдау, салыстыру жұмыстары жүргізілді.
Диплом жұмысының тәжірбиелік маңызы: Осы зерттеу жұмысы арқылы оқырман Ы. Алтынсариннің фольклоршылық қырын таниды және дәлел ретінде дереккөздер таба алады. Бұл зерттеу жұмысы Ы. Алтынсариннің орасан зор еңбегіне берілген шағын бағалау. Біздің дипломдық жұмыс осы уақытқа дейін жазылған Ы. Алтынсарин туралы ғылыми және көркем еңбектерге тамшыдай болсын үлесін қосады деп ойлаймыз.
Диплом жұмысының дереккөздері:
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. - Алматы: Білім, 2003; Алтынсарин И. Таңдамалы шығармалары. Құрастырып баспаға дайындаған: Б. С. Сүлейменов - Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1955. - 295 б. ; Қазақ әдебиетінің тарихы - Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1948. - 49 б. ; М. Ғабдуллин еңбектерінің он бір томдық жинағы. - Алматы. 2008. 5 том. - 424 б. ; Классикалық зерттеулер. Көп томдық. Т. 24. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. - Алматы: Әдебиет әлемі, 2014. - 317 б. ; Қасқабасов С. Ойөріс. Алматы: «Жібек жолы», 2009. - 303 б. ; Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин: Деректі ғұмырбаяндық эссе-хикаят және ғылыми зерттеулер. Үш томдық шығармалар жинағы: 1-том. - Алматы: Дәуір-кітап, 2015. - 632 б.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Негізгі бөлім үлкен екі тараудан және әрқайсысы екі-үш тараушадан тұрады.
- Ұлт ұстазы және ұлы мұраЫ. Алтынсарин шығармашылығы және ағартушылық қызметі хақында
Зерттеу тақырыбымыз «Ыбырай Алтынсарин - фольклортанушы» болғандықтан, бұл зерттеу жұмысымызда сан қырлы Ыбырай Алтынсариннің фольклортанушылық қырына басымдық береміз. Ал адамның қандай да бір қырын ашып таныту үшін, ол адам туралы жан-жақты қарастыратынымыз анық.
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген. Ы. Алтынсарин - педагог, ағартушы, жазушы, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері. Педагог ерте жастан әкесінен айырылып, атасы Балғожаның тәрбиесінде болған. Балғожа би немересін қазақ балалары үшін ашқан Орынбор шекара комиссиясының мектебіне береді. 1857-1859 жылдары атасы Болғожа бидің хатшысы болады. Кейіннен Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш болады. Орынбор басқармасы 1860 жылы Ы, Алтынсаринге Торғайдан мектеп ашуды тапсырып, өзін орыс тілі мұғалімі етіп сайлайды. Дәл осы сәттен Алтынсариннің педагог, ағартушы ретіндегі қызметі басталады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашады, кейін мектеп жанынан интернат ашылады. Ағартушы тұңғыш рет дүниежүзі педагогтерінің гуманистік идеяларын қазақ мектебінде қолданады. 1868-1874 жылдар аралығында Торғайдың уездік судьясы қызметін атқарады. 1876-1879 жылдар арасында Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болады. Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай уездерінде екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты және педагогтың ұсынысымен 1888 жылы Орскте педагогтар даярлайтын мектеп те ашылған болатын. Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырып, қазақ қыздарына мектеп ашуды көздеді. Бірақ педагог қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң ғана қазақ қыздарына интернаты бар мектептер ашылады [1, 318 б. ] .
Ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» дидактикасы басылып шығады. Алтынсарин педагогикадан бөлек қоғамдық мәселелермен де айналысқаны белгілі. Мәселен, «Оренбурский листок» мақаласында өзінің қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алуға қатысты наразылығын білдірген болатын [1, 319 б. ] .
Сан қырлы Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі педагогикамен тікелей байланысты. Өзі ашқан мектепте ол оқушыларға өлең, қысқа әңгімелер, аудармаларын ұсынды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы.
ХІХ ғасыр әдебиеті десек, әуелі Абай, Ыбырай, Шоқан есімдері аталады. ХІХ ғасыр әдебиетін осы үш тұлғасыз сөз ете алмаймыз. Ол туралы М. Әуезов: «Қазақ ССР тарихының өткен ғасырына көз жүгіртсек, көңілге медеу болар үш адамды айтамыз. Олар - Қазақстанның кең шалғай жатқан өңірлерінен шықса да, үшеуі бірге туғандай сезілетін адамдар. Олар үшеуі үш мұнара тәрізді: Шоқан, Абай, Ыбырай» - деп баға береді [2, 106 б. ] .
Ыбырай Алтынсарин - ақын. Алтынсаринді ақын ретінде танытатын «Кел, балалар, оқылық», «Жаз», «Әй, жігіттер», «Әй, достарым», «Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен», «Өнер білім бар жұрттар», «Ананың сүюі», «Өсиет өлеңдер», «Бұл кім?», «Ұшақтан жылам бұлттар», «Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға» т. б өлеңдері. М. Әуезов Ыбырайдың ақындығы жайлы «Ол - жаңа үлгідегі ақын» - дейді [2, 108 б. ] .
Ыбырай туралы «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінде: «Біздің тарихымызда Ы. Алтынсарин - ағартушы-ақын деген қосарлы атпен белгілі. Өйткені ол табиғатынан ақын болып туылған кісі. Өмірдегі қажеттіліктер оны ағартушылық жолға алып келді» - деп жазылған [3, 271 б. ] . Ғалым Х. Жұмалиев те Ыбырайды қара сөздің шебері деп бағалай отыра, ағартушы-ақын екенідігін де ескертеді [4, 186 б. ] . Демек, Алтынсарин жай ақын емес, ағартушы-ақын. Ағартушы-ақын болғандықтан да өлеңдерінің көбі ағартушылық бағытта. Мысалы:
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар [5, 8 б. ], -
деп балаларды өнер-білім жолына шақырады.
Ақын оқу мен білімнің тек үлкен еңбекпен, терең ізденіспен табылатынына мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай сабыр мен талап керек екендігін ескертеді де, оқымаған адамдарды ақ-қараны айырмайтын көрсоқыр деп сынайды.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған [5, 8 б. ], -
деп күнделікті өмірдегі бар нәрсемен салыстыру жүргізеді. Айтылған бұл сөздер де қиындау болып кетпеді ме деп, оқымаған адам ақылға жарымайды, ол хайуанмен тең деп қатты айтады [3, 273 б. ] .
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап.
Надандықтың белгісі,
Еш ақылға жарымас [5, 9 б], -
деп, оқымау, оқуға талпынбауды қараңғылықпен салыстырып әдемі жеткізеді.
Оқу не үшін қажет?- дегендерге ақын былай жауап береді:
Ата-енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу [5, 9 б. ], -
деп болашақта ата-анаңа қамқор болу үшін, малсыз қалсаң өзінді асырау үшін деп нақты себебімен түсіндіре жеткізеді.
Ағартушылық бағытта жазылған өлеңдерінің бірі - «Өнер білім бар жұрттар» өлеңі. Ақын бұл өлеңінде жастарды оқуға, өнерге, техниканы игеруге шақырады. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Ыбырай шығармаларындағы көрегенділікті осы өлең жолдары арқылы анық тануға болады. Ыбырай шығармалары арқылы өз кезеңінде адам сенгісіз армандай болып жырланған ұғымдар бұл күндері шындыққа айналды, ол адамды құстай ұшырған - ұшақ, отынсыз тамақ пісірді - газ отыны, сусыздан сусын ішірді - құбырдан алынған су, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды - телефон, тастан сарай салғызды - көп қабатты үйлер, теңізде жүзді балықтай - деп, кемелерді атағандай. Өнерге деген оқырман құштарлығын арттыру барысында бұл сөздерді астарлап, метафораларды ұтымды қолдана білуі өнердегі тылсым, құпиялылықты арттыра отырып тыңдаушысын қызықтыра түсетіні анық.
Заманының осындай ұлы жаңалықтарын санамалап келгендегі ақын ойының тірелетін жері - жастар.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай [5, 12 б. ] .
Жас ұрпақ зор болашақтың иесі екенін көрсету мақсатында өзін кейінге ысырып тастап, жастарды ілгері шығару үшін қатардағы қара қазақ етіп сипаттайды. Мысалы:
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды [5, 92 б. ] .
Жоғарыдағы «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңі де ағартушылық тақырыпта деп айта аламыз. Өлең жолдары арқылы білім алған, оқыған, өнер үйренген ауылда тентіреп жүргеннен мың есе артық екенін жеткізеді. Бұл ойдың бәрі Балғожа бидің ойы ма? Әлде Ыбырайдың ойы ма? Кімнің ойы болса да, оқудың артықшылықтарын балаларға жеткізуді мақсат еткен.
Ақын өз өлеңдерінде тек білімді, оқуды ғана насихаттап қоймай адамгершілік, ұят тәрізді философиялық мәселелерді көтереді. Өзі оқытып жүрген балаларға сылдыр білім ғана емес, жүректеріне иман беруге тырысқан. Мысалы: «Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым», «Қорлама кем адамды болсаң дана», «Ұмытпа бай болдым деп бір Құдайды», «Ренжітпе пенде болсаң бейшараны», «Иманды ер Құдайынан ұялады» т. б. өлеңдері. Ал, «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Әй, жігіттер!», «Әй, достарым», « Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңдері жоғарыда өлеңдермен үндес келгенімен бұлардың ғибраттық мәні басым.
Ыбырай поэзиясы жөнінде сөз қозғалғанда ерекше тоқтауды қажет ететін екі өлең - «Өзен», «Жаз» туындылары [3, 275 б. ] . Табиғат жайлы жазылған Ыбырайдың бұл екі өлеңін оқып отырып, Абайдың «Жазғұтұры» өлеңі есіңізге түседі. Екі ақынның өмір сүрген ортасы, заманы бір. Бұл туралы М. Әуезов: «Екеуінің қазақ даласындағы көктем жайында жазғандарын оқысаңыз, бір ақындық дәстүрдің үлгісін, бір ақындық мектепті көресіз» [2, 246 б. ], - деп айтып кеткен.
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы болуымен қатар, балаларға арнап мазмұны мәнді, көлемі шағын әңгімелерін қалдырған дарынды жазушы. Х. Жұмалиев: «Ыбырай - көркем қара сөздің шебері» деп бағалайды да: «Алтынсаринге дейін ауыз әдебиетінде әртүрлі қарасөз нұсқалары болғанымен, жазба әдебиетінде көркем қара сөз болған емес. Ыбырайды жазба әдебиеттегі көркем қара сөздің атасы деуге болады» [4, 186 б. ], - деп жоғары бағалайды Сондай-ақ ғалым Ы. Алтынсариннің әңгімелерін новелламен тең деп санайды.
Жазушының әңгімелерінің идеясы жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталды. Ұят, адамгершілік, еңбекқорлық, ізгілік, жақсылық пен жамандық т. б. толып жатқан алуан түрлі тақырыптар балалардың қызығушылығын арттырады. Әңгімелерінің көлемі шағын, бірақ айтар ойы өте көлемді.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсету арқылы оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дегенді меңзейді. Осыған ұқсас Ыбырайдың «Әке мен бала» әңгімесінде: «Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деген әке сөздері өз баласына ғана емес, бүкіл қазақ баласына қарата айтылған тәрізді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмей, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Сондықтан педагог ретінде балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес. Мысалы: жазушы «Атымтай Жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ретінде жазып ұсынды. Әңгіменің идеясы да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен» [5, 49 б. ], - дейді.
Жастық шақ - қайрат, жігердің толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығару үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы» - деген әңгімесінде өзінің осы пікірін, негізгі идеясын жеткізіп бере алды.
Ыбырай жас кезінен дұрыс баулу, жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беруге ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деді. Жазушының осы тақырыпта жазған «Бақша ағаштары» әңгімесі бар. Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан» дегендей, оған жас күнінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып, мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.
«Шеше мен бала», «Мейірбанды бала», «Аурудан аяған күштірек» деген үш әңгімесінің берер тәрбиесі, айтар ойы ұқсас. Махаббат, мейірімділік ата мен ананың, үй-ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту қылып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді. Олардың кейбіреулері өсе келе тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі.
Жазушының ең танымал «Бай баласы мен кедей баласы» атты әңгімесі, бір қарағанда ешқандай ауыр жүгі жоқ, балаларға арналған жеңіл әңгіме тәрізді көрінеді. Бірақ бұл шағын әңгімеде үлкен идея бар. Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп, соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда дәрменсіздігін суреттеу арқылы, жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның адамдары өмірдің жасаушысы, күресушісі емес, бишарасы, үстемдік етуші таптың үлкені - жауыздық пен қорлықтың қапшығы да, жасы - мүгедектіктің бейнесі дегенді осы әңгіме арқылы жеткізгісі келген тәрізді.
Ғалым Қ. Жұмалиев жазушының «Надандық» әңгімесін жақсы талдап береді. Ауыл тұрғындарының өлмеген әйелді көміп тастауы - үлкен трагедия. Егер ауыл арасында дәрігер болса бұл трагедияның алдын алуға болатынын жеткізеді [4, 123 б. ] .
Ы. Алтынсариннің тағы бір танымал «Бақша ағаштары» әңгімесінде: «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, - дейді бір әке өз баласына. «Шырағым, мұнан сен де өзіңе тәлім алсаң болады. Сен де жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істерінді түзеп, пайдалы істерге үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық ағаштай қисық өсерсің». Әкесінің баласына айтқан ақылын баяндайтын осы әңгімеде үлкен мән бар. Егер, ата-ана тарапынан дұрыс тәрбие берілсе, оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Адам - тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса сонымен келмейді, оның тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиеттің қалыптасатын жері - өмір талқысы, әрекет ету, тәрбие.
«Аурудан аяған күштірек» деген әңгімеде адамның шыдамдылық, төзімділік сияқты тамаша ерік-жігер қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз болады. Абайсызда бір баланы арба қағып кетіп, аяғын сындырады. Шешесі мұны көріп есінен танады. Осыны сезген бала жалма-жан жылағанын қойып тіпті сынған аяғын салып жатқанда да дыбысын шығарып, қабағын шытпайды. Бұған қайран болған сынықшы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz