Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
ЖШС КАСПИЙ ӨҢІРІ БОЛАШАҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Педагогика
Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
Орындаған:Тлебова Ақмарал
Тобы:НОО-19 Тексерген:Көшербаева Гүлназ
Ақтау 2023 ж
ЖШС "КАСПИЙ ӨҢІРІ "БОЛАШАҚ" КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
___________________________________ _______________________________
Пәні бойынша
Студенттің аты жөні:______________________________ __________________
Тобы:______________________________ _______________________________
Тақырыбы:__________________________ _______________________________
Қолданылған әдебиеттер
___________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _______________________________
Берілу мерзімі:___________________________ __________________________
Тапсыру мерзімі:___________________________ _________________________
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың стратегиясы
1.1. ... ... ... ... ... ..8
1.2.Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талапта ... ... ... .14
II-тарау.Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі
2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2.Дарынды балалармен жұмыс істеуде ата-аналарға берілетін кеңестер ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, ,,,,, ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 38
КІРІСПЕ
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жүзеге асыру қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылы Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту [4] бұйрығын шығарумен ерекше назар аударды. Осы бұйрықтың негізінде 1996 жылы Республикада Дарын жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы [5] шығарылды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [6] тұңғыш рет элитарлық білім термині енгізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Мектеп - білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі - дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық -- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Дарындылық - баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. "Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ғылыми - теориялық негіздері
1.1. Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі - заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі - балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.
Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жас талаптыларды қолдау бағдарламасы және президенттің Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту қаулысы. Дарын республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.
Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.
Олар:
-- Аналитикалық(Жаппай әдіс)
-- Түрлі тесттер
-- Анкеталар
-- Ата-ананың әңгімесі
-- Мұғалімнің мінездемесі
-- Диагностикалық әдіс.
Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны
-- Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау , қолдау.
-- Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.
-- Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.
-- Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.
-- Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.
-- Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.
Дарынды балаларды анықтау жолдары
Дискуссия туындайтын жағдай жасау
Сабақ үстінде экстрималдық жағдайлар (ситуациялар) туғызу
Ойындар ұйымдастыру (КВН, сайыс, дебат, т.б)
Топтық жұмыс ұйымдастыру
Творчествалық потенциалын зерттейтін тәсілдер жүргізу
Әр оқушыға өсу деңгейін көрсететін мониторингтер жасау
Деңгейлеп оқыту
Жеке тапсырмалар беру
Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек?
Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау. Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет. Баланың мінезін - құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б) Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу. Берілген тапсырманы бірлесе талдау. Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.
Дарындылықты анықтау міндеттері:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық педагогикалық көмек көрсету.
Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату. Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын іс - әрекетге талдау жасай алатын жоспарлау мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.
Іс - әрекеттің жағдайдағы ерекшелігін, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.
Ақылдың потенциалы немесе интелек. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.
Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.
Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс -шаралар.
Дарынды баланың сипаттамасы:
Интелектуалдық сферасы.
Білімділік өрісі
Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.
Дарындылық үш параметрмен анықталады:
Танымдылық жеке дамуы.
Психологиялық дамуы.
Физикалық дамуы.
Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер.
Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.
Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.
Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.
Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек.
Жас ерекшелігі.
Тұлғалық ерекшелігі.
Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.
Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған.
Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.
Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фарби Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін зерттеген.
ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин [12] Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, онда дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім, - дейді.
Ш.Уәлиханов [12] шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді. Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
Абай Құнанбаев [12] адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол: Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады, - дейді.[71-75]
Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов [12], А.Байтұрсынов [12], М.Дулатов [12], М.Жұмабаевтардың [12] педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж.Аймауытов [52] Психология және мамандық таңдау еңбегінде эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет. Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қасиетпен айналысқаны тиімді болады дейді.
М.Жұмабаев [12] өзінің Педагогика еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуальдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.
Шығармашылықта материалдық және рухани үрдістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев [46] адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. [51-59]
Шығармашылық өнер, ғылым, философия шеңберімен және рухани әрекетпен шектелмейді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау, бау-бақша салу немесе бөлмеде әр түрлі өсімдіктер өсіру де шығармашылық болып табылады. Шығармашылықтың ішкі себептеріне тұлғаның қабілеттілігі мен әрекеттердің себептерін жатқызады. Бұл жинақтар біртұтас: шығармашылық қабілеттілік табыс негізін құрайды, бірақ өзінің іске асуын себептер арқылы алады. Шығармашылыққа деген қабілеттілік көптеген қасиеттермен сипатталады. Шығармашылық тұлға ойының тереңдігімен, білу қабілеттілігімен, пікірлерінің еркіндігімен, ойлауының қайталанбастығымен елестету мен сезімталдығының үйлесімділігі және күштілігімен, еңбекте берік те төзімділігімен, сыншылдықпен және жоғары этикалық қасиеттермен ерекшеленеді.
Шығармашылы тұлғаның көп таралған сипаттамасы мына түсініктермен беріледі: "қабілетті", "талантты", "данышпан". Аталған белгілер табиғи талаптарда болады, олардың даму ережесі (бұл тек белсенді әрекет арқасында болмақ) шығармашылық нәтиженің маңыздылығын түсіндіреді. Басқаларға қарағанда қабілеттілік тапсырма түрлерін нәтижелі орындауға көмектеседі. Талант жаңа, өзіндік нәтижеге жетуді көздейді, ал данышпандық тұлғаның ұзаққа созылатын аса күрделі де жағымды ықпалында және де оның мәдениет дамуындағы шығармашылық жетістіктерінде көрінеді. Бердяевтің пікірі бойынша, данышпандық және адамның біртұтас қасиеті, ол арнайы сый емес, данышпандық-адамның алғашқы бастамаға ұмтылысының дәлелі, ондағы шығармашылық үрдіс алғаш рет туындайды және арнайы қатпарлармен анықталмаған. Бірақта данышпандық сый ретінде шеберлікпен, материалда өз-ой-пікірін іске асыру қабілеттілігімен толықтырылуы керек. Дана тұлға бастапқы бастамаларға ұмтылыс жасап алғаш рет туындаған шығармашылық үрдісті және де өте үлкен талап пен талант арқылы шығармашылықты іске асыруды біріктіру-кемеңгер адамды тудырады.
Адамның танымдық қабілеттілігі негізінде оның шығармашылық әрекеті өрістеп, жасампаздық мәні ашылады.
Шығармашылық түсінігі жаңаның пайда болуымен ассоциацияланады. Өйткені ол жаңа әрекеттің барлық саласында болады, осы негізде кейбір зерттеушілер шығармашылықты табиғатпен қатар қояды. Мына бір көзқарас бойынша: "шығармашылық өлі табиғатқа да, ал тірі табиғатқа-адам пайда болғанға дейін және де адамға да, қоғамға да тән. Шығармашылық-материяның дамуының қажетті шарты, оның жаңа түрлерінің құрылуы, оның жаңа түрлерінің пайда болуы шығармашылық түрлерін де өзгертеді. Адам шығармашылығы осындай түрлердің біреуі ғана.
"Шығармашылық табиғаты" деген түсінікте терең мағына жатыр. Шығармашылықты өнімділік дамуының механизмі ретінде жалпылай түрде қарастыру," деп жазады Я.А.Пономарев [14], білімнің зерттелген саласына-диалектика дамуына шығармашылық мәселесін кіргізуге ықпал етеді. Шығармашылықтың негізгі анықтамасына оның ең кең түрдегі түсінігін енгізу керек. Ал пайыз, бір жақтылық мағынада шығармашылық-тек адами (Я.А.Понамарев өзінің психологиялық еңбектерінде "шығармашылық" терминінің екінші мағынасына сүйенеді) оның болжамы бойынша: "шығармашылық кең мағынада дамуға әкелетін даму механизмі ретінде, өзара әрекеттесу ретінде көрінеді". [72-74]
Екінші жағынан оның адам әрекеті ерекшелігіне, әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік нәтижелеріне назар аудару шығармашылықты тек әлеуметтік және праксеологиялық түрде түсінуге себеп болады. Мысалы, Г.А.Давыдова: "Шығармашылық қатынас үшін негізгі, анықтайтын жайт-адамның дүниеге әсер етуі-материалдық шындықты жалпы адамзат дамуының тарихи қалыптасу қажеттілігіне сай өзгерту қажет",- деп санайды.
Владимир Дальдың "Орыс тілінің нақтылы түсіндірме сөздігінде": шығармашылық "жасау, жасап, жарыққа шығару сияқты әрекетті қажет, жасаушы мен шығармашылыққа қатысты шығармашылық" деп түсіндіріледі.
Шығармашылық әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық термин "эврика" - қандай да бір мәселені шешуде табысты ой, идея мен "пікір" тындағанда қуанышты білдіретін сөз процестердің құрылымы, сатылары шығармашылық әрекеттер типтері, ғылыми және көркемөнер шығармашылығы сәйкестігі, болжам мен оқиғалар рөлдері, шығармашылық процестерді ынталандырушы және жоятын факторлар талант пен дарындылық туралы, шығармашылық қабілеттілік пен шығармашылық прогреске әлеуметтік жағдайлардың ықпал етуі, шығармашылық өнімділік пен шығармашылық жас шамасы туралы, ғылыми шығармашылықтың тәсілдері мен түрлері ретіндегі өнімді ойлау, ғылым мен шығармашылықтағы диалог пен пікір таластағы ойлау үлгілері т.б. мәселелерді қамтиды.
Шығармашылық бірегей емес: шығармашылық көрінудің көп түрлілігі әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Шығармашылықтың әр түрі барын атап өткен жөн: өндірістік - техникалық, бейнелеу, ғылыми, саяси, ұйымдастырушылық, философиялық көркем сурет, мифологиялық, діни күнделікті-тұрмыстық т.с.с.; басқа сөзбен айтқанда, шығармашылықтың түрлерін атап көрсету мұнымен шектелмейді. Шығармашылық процесс құрылымы да ары қарай зерттеуді және соның негізінде жалпыға бірдей маңызды түсінікті қалыптастыруды талап етеді. Мәселенің шешімін табумен ғылыми шығармашылықты шектеу түсінігі әлі күнге дейін бар, бірақ бұл көзқараста шығармашылық процестің басталуымен оның қанат жаюының басталуы есептелмеген. Проблеманың қажеттілігін түсіну, оны қою мен тұжырымдау - бұл проблеманы шешуді іздеу процесінің басталуы болып табылады. Нақтылы проблемалы жағдайды және оны зерттеудің мақсатын белгілеп алып, проблема барлық шығармашылық процесті нәтижеге жетудің күрделі қозғалысына бағыттайды. Шығармашылық процестің орталық бөлімі ретіндегі идеалды проблеманың тікелей әсер етуімен, субъектінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін туындайды.
Сонымен, ғылыми шығармашылықты қарастыру оның терең өзіндік табиғатын көрсетеді, онда зерттеушінің кәсіпкерлігі мен таланты, адамгершілік қасиеттері, ішкі түйсігі мен кездейсоқтық үлкен рөл атқарады; сонымен қатар шығармашылық құпия құбылыс емес ішкі түйсік механизмі мен кездейсоқ факторлар рөлін шешу жақындап келеді.
Шығармашылықтың құндылық сипаты оны ойынмен жақындастырады. Ойынға деген ынта тұлғаның ішкі емес, сыртқы риясыз себептерін, ойын әрекетінен ләззат алумен байланысқан сырластық талапты анықтайды. Шығармашылық пен ойын әрекеттерінің механизмдері ортақ.
Немістің классикалық философиясының басты еңбегі-жаңа білімнің пайда болуын адам әрекетін талқылау барысында түсіндіруі. Шығармашылық мағынасы рухани-практикалық өзіндік әрекет ретінде анықталады. Шығармашылық механизмі рухани-практикалық қарама-қайшылығы шығармашылықты өздігінен іштей дамыту бастамасы ретінде түсіндіріп беріледі. Әрекет принципі адамның әрекетті-шығармашылық мәнін зерттеу мәселесін қоюға ықпал етті. Неміс классикасы жүйесінде өз нәтижесі мен жемісі ретінде шығармашылық субъекті туралы ереже қалыптасты (философиялық өзіндік сана-сезім түсінігінде).
Жеке тұлғаның шығармашылық әрекетінің арнайы бір уақытта жүзеге асып жатқанын сезіну рефлексті белсенділіксіз де болуы мүмкін. Бірақ субъектінің санасында ешқандай да жарық беріп көрінбейтін зияттың шығармашылық әрекеті болмайды.
Талант - қабілеттің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түп нұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір - бірімен тығыз байланыста пайдаланылады. Соңғы уақытта өмірдің жылдам өзгеруіне байланысты маманға деген жоғарғы талаптардың қойылуы бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет етуде.
Осыған орай, жоғарыда аталған ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оларды қалыптастыру мәселесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер туындауда. Солардың бірі - Н.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы кітабы. Осы еңбегінде Н.Лейтес дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: Дарындылық - баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді иегеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы. [99 -101]
Бұл ой тұжырымдардан мынадай қорытынды шығаруға болады: дарындылық тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық - адамның бір не бірнеше іс-әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған құрылым.
1.2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар
Белсенді дамыта оқыту студенттер мен оқушыларда шығармашылық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық ойлау болашақта өмірдікң өзгермелі жағдайына тез бейімделуге көмектеседі.сабақтарды белсенді әдістермен өткізу ойлау әрекетінің дәстүрлі түрінен латеральды ойлау түріне өтуді көмектеседі. Латеральды ойлау шығармашылықпен байланысты. Латеральды ойлаудың негізгі мақсаты - идеяларды генерациялау. Жаңа идеялар - жаңалықтың қозғаушы күші болып табылады.
Миға шабуыл әдісімен өткізілген сабақтар оқушылардың ойлау типін өзгертуге көмектеседі. Латеральды ойлау жаңа модельдердің тууына негіз болады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында мектеп өміріне бейімделу кезінде пайда болатын бірқатар мәселелермен санасу керек. Белгілі американ педагогы Л.Холлингуорт ата-аналар мен педагогтарға дарынды балалардың төмендегідей проблемаларын ұсынды. Кесте 1.
Кесте 1. Дарынды балалар проблемалары
№
Дарынды балалар проблемасы
Сипаттамасы
1
Мектепке деген қызығушылықтың жоқтығы
Мұндай қарым-қатынас оқу бағдарламасының қызықсыз болуы. Оқу жоспары балалардың қабілетіне сәйкес келмейді.
2
Ойын мүдделері
Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды.
3
Философиялық проблемаларға үңілу
Дарынды баларды көп жағдайда өлім, о дүние, діни наным мәселелері толғандырады.
4
Баланың дене, ақыл-ой және әлеуметтік дамуының сәйкес келмеуі.
Дарынды балалар көп жағдайда өздерінен үлкен балалармен қарым-қатынас жасауға және солармен ойнауға тырысады. Сондықтан олар лидер болуға қиналады.
Белгілі ғалым Дж. Уитмор дарынды балалардың осал тұстарын зерттей келе, келесі факторларды келтірді( Кесте 2).
Кесте 2. Дж. Уитмор бойынша дарынды балаларға сипаттамасы
№
Дарынды балалардың осал тұстарына әсер ететін факторлар
Сипаттамасы
1
Шынайылылыққа жету
Дарынды балалар үшін шынйылылыққа жетудің ішкі қажеттілігі тән құбылыс. Олар жоғары дәрежеге жетпегенше тынышталмайды.
2
Қанағаттанарлықсық сезімнің болуы
Мұндай сезім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz