Қала мен даланың өзара байланысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

175337614_2862029294062185_2095774199559334053_n.png

Кафедра: “Қазақстан тарихы және әлеуметтік - қоғамдық пәндер”

Презентация

Тақырыбы: XIV ғасыр - XVIII ғғ. бас кезіндегі Қазақстан-ның қалалық мәдениеті.

Орындаған: Есім Н. Е. Топ: В-ПҚА-01-22
Қабылдаған: Абдухаимов Е. Ф.

Шымкент 2022

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:

1. Қала мен даланың өзара байланысы;
2. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы;
3. XVII ғ. - XVIII ғ. басында мәдениеттің кері кетуі

III. Қорытынды :
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

I. Кіріспе:

Ортағасырлық Қазақстан тарихы - қала мен даланың тұрақты өзара әрекеттестігі мен ықпалының жарқын тарихы. Бұл Ұлы Даланың көшпенді халықтарының отырықшы қала мәдениетіне бейімделуін көрсететін айқын мұра. Карл Байпақов, Дмитрий Воякин сынды археолог ғалымдарымыздың еңбегіне сүйене отырып ұсынылған мақала беттеріндегі ортағасырлық Қазақстан туралы түсінік беру кең аймақтың тарихи болмысының негізгі бағыттарына айналған бірнеше құбылыстарға көмектеседі. Олардың ішінде: дала мен қала, Жібек жолы және ортағасырлық урбанизация туралы айтылады.

Қазақ даласындағы ең көне 5 қала ▻ E-history.kz

II. Негізгі бөлім:

Жалпы Қазақстан, әсіресе оның кейбір жекелеген аймақтары үшін малшылар мен егіншіліктердің, дала мен қалалардың өзара іс-қимылы айқын көрінеді. Мұнда өзара іс-қимылдар әртүрлі болды: саяси, экономикалық, мәдени, этникалық. Олар материалдық мәдениетте қандай да бір дәрежеде көрініс тапты. Жазба деректердің аздығы ескерткіштердегі археологиялық зерттеуді өзекті етеді. Қалалық мәдениетті археологиялық зерттеу жаңа материалды анықтауға, оны жүйелендіруге және бірқатар мәселелерді, соның ішінде қала мәдениетін көшпелілікпен тығыз қарым-қатынаста дамыту аспектісін қарастыруға мүмкіндік берді.

X-XIII ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті | iKaz.info

Көне түркі мемлекеттері дәуірінде, әсіресе Қараханид мемлекеті кезінде көшіп-қонудың аумағы шектеледі, қоныстардың бағыттары тұрақталады, тұрақты қыстау мен жайлау бекітіледі, егіншілік дамып, жеке рулық бөлімдердің отырықшылыққа ауысуы орын алады. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат, жалпы тіл мен жазба қалыптасады, сауда және дипломатиялық байланыстар дамиды. Қалаларды әкімшілік тұрақтар, қолөнер, сауда, мәдениет орталықтары ретінде қалыптастыру үрдісі жүреді.

Қала мен даланың өзара іс-қимылының мәдени аспектісі өзара әрекеттесу, алыс-беріс, еліктеу, интеграция сияқты құбылыстармен сипатталады. Мысалы, отырықшы халық көшпелілерден қару-жарақтың, әшекейлердің, бағалы металдардан жасалған ыдыстардың түрлерін қабылдап алды. Алайда, отырықшы халық толықтай көшіру жолымен емес, бұл бұйымдарға өздерінің ерекше элементтерін әкелді.

X-XII ғасырлар қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен ерекшеленді. Осы мезгілде қала мәдениетінің жаңа аудандары қалыптасты. Археологтар бұл кездегі қала орындарын көлеміне қарай үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топ - көлемі 30 гектардан асатын қала орындары. Олардың қатарында Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе, Құйрықтөбе, Сауран, Жанкент, Құмкент, т. б. бар. Екінші топ - көлемі 10 гектардан 30 гектарға, ал үшінші топ - 10 гектарға дейінгі қала орындары болды. Солтүстік Шығыс Жетісуда IX-XIII ғасырлар басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер бұған дейін осы аумақта не бәрі 10 ғана қала болса, біз қарастырып отырған кезде олардың саны 70-ке жет -кен. Мұнда да археологтар көлеміне қарай ескерткіш-терді үш топқа бөледі. Мұндағы қала жұрттары «төрткүл» үлгісінде, яғни тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланып салынған. Қала қақпалар бар дуалдар -мен қоршалған. X-XII ғасырларда қала мәдениеті Орталық, Шығыс Қазақстанда да қалыптаса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Нұра, Кеңгір, Жезді аңғарлары мен Ұлытау етегінен төртүклдердің орындарын тапқан. Қарастырып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрылымында пайда болған жаңа элементтердің бірі мешіттер пен моншалар болды. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Бабаджа қатын кесенесі де осы Тараз қаласында салынған. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда кейін XIY ғасырдың соңында Ахмет Йасауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.

Ерте және орта ғасырлардағы қазақ жерінде қала мәдениеті болған | Қазақстан жаңалықтары: Kazakh TV арнасындағы соңғы жаңалықтар | Kazakh TV

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.

Қазақстаннын ежелгi қалалары

Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, кала жұрттары. VI-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда кала мәдениетi жаксы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттері- не бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанды қтарының құрамына ендi.

Еліміздегі "ең көне қала" атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта

ғасырлардан бері "Тараз" атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған.

Презентация по казахскому языку на тему: "Көне қалалар"

Ақындар шығармасына арқау болған көне Тараз

Тараз - Самарқанд, Бұхара, Мерв, Фустат, Киев, Каффа сияқты ірі қалалармен бір қатарға қоюға болатын Еуразияның ең танымал қалаларының бірі. Бұл қаланы Хафиз, Омар Хайям, Руми секілді ортағасырлық белгілі ақындар өздерінің өшпес шығармаларында жырлаған. Қала қарлұқ, түргеш, түркі тайпаларының алғашқы мемлекеті Батыс-түрік қағанатының саяси орталығы, қараханидтер мемлекетінің астанасы болды. Дәл осы уақытта Тараз маңында сәулет өнерінің аса көрнекті туындысы Айшабибі, Қарахан, Бабаджа-хатун кесенелері пайда болды. Тараз қаласы мен жалпы бұл аймақ Қазақ хандығының қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Ежелден Тараз Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі экономикалық орталық болды. Мұнда ең көне ақша сарайларының бірі орналасқан. Сондай-ақ мұнда қолөнер, жергілікті және халықаралық ауқымдағы сауда дамыды. Тараздың отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылық екі аймақтың ортасында болғанын атап өту маңызды, бұл Қазақстанда бірегей дала өркениетінің қалыптасуына себепші болды. Тараз мәдениет орталығы болды. Мұнда зороастризм, христиан, манихейлік, ислам, тәңіршілдік және шаманизм сияқты діндер дамыды. Таразда ең алғашқы мешіттер мен медреселер ашылды.

Көне Тараз

Орта ғасырдағы Сайрам қаласы

«Ақ өзендегі қала» немесе «Испиджаб» VIII ғ. басындағы қытай және араб дереккөздерінде кездеседі. ХІ ғасырда Махмұд Қашғари Испиджаб пен Сайрам - бір қаланың атауы деп көрсеткен. «Маданият ал-Байда» - Испиджаб - Сайрам қалалары шығыс пен солтүстік-шығысында Шуға дейінгі және солтүстік-батысында орта Сырдарияға дейінгі жерді алып жатқан үлкен аумақтың орталығы болды. VIII-XII ғғ. қала қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатқан Жібек жолындағы ірі сауда орталығына айналды. Испиджаб аумағында Кедер, Сығанақ, Сауран және Янгикент сияқты Сырдария бойының қалалары, сондай-ақ Қаратаудың солтүстік беткейінде орналас-қан Баладж, Берукет және Жетісудың Тараз, Құлан, Меркі, Суяб қалалары болды. Испиджаб (Сайрам) аумағы мен оған жақын қалалар халық тығыз қоныстанған аудандардың бірі болды. Археологтардың есептеуінше, қала мен қала маңында 40 мыңға жуық адам өмір сүрген. Қала халқы арасында IX-XI, ислам діні кең таралған. Сондықтан да Ибн Хаукалдың еңбектерінде маңызды қала құрылыстарының қатарында мешіт көрсетілген. Әдет-ғұрыпқа мұсылманша жерлеу дәстүрі кірді. Араб жазуы пайда болды. Алайда исламмен қатар халық ескі діни көзқарастар мен пұтқа табынушылықты ұстанды. Бұған дейін Испиджаб христиан дінін тарату орталықтарының бірі болған, бұл жерден монахтар паналаған қала сыртындағы монастырьлар мен үңгірлерден табылған.

https://el.kz/upload/medialibrary/403/40327a3578fb88856eef6def6c9b670d.jpg Ежелгі Сайрам қаласы атауының шығуы туралы аңыз | Newsroom.kz

Оңтүстіктегі Отырар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Архив - тарих сақтаушысы
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Көшпелілер тарихы. Көшпелілерде өркениет болды ма
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы
ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет
Ұлы ойшылдардың сана мәселесіне көзқарастары
Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы
Туған жерім - Түркістан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz