Сатып алу шарты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ТӘУЕЛСІЗ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
ГУМАНТИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Сатып алу сату шарты
(жұмыс тақырыбының атауы)

Орындаған: 0201000-Құқықтану мамандығы
ПК-301 тобының
Студентің тегі, аты-жөні: Сердіғалиев Сағдат Мұратұлы
Ғылыми жетекші: арнайы пән оқытушысы, Мылтықбай.Ш.М

Ақтөбе 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. САТЫП АЛУ, САТУ ШАРТЫ
1.1. Сатып алу шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Сату шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Сатып алу шартының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ бөлім. САТЫП АЛУ ЖӘНЕ САТУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ...18
2.2. Сатып алу сату шарттарының элементтері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Сатып алу сату бейімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4. Сатып алу сату шарты ақылы шарт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Сатып алушы алынған өнім үшін ақы төлеуге міндетті. Заттың бағасын анықтау ережелері ертерек қарастырылған. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды жағдайларды атап өтеміз. Шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. 2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы" Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ. олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен анықталады. Мемлекет шарттың тарапы ретінде, оның кейбір түрлеріне қатыса алмайды, мысалы: бөлшектеп сату шартына ол қатыса алмайды. Сатушыл мен сатып-алушы арасындағы келісім шарт екі тарап арасында өте маңызды. Өнімді алу шарты бойынша заңды меншікті иелену тармағы бойынша қарастырылады. Басқа адамның заңды жылжымалы мүлігін заңды түрде өзіне иемдену. Азаматтық кодексінің 277 бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзім ішінде несие берушінің талабын орындауы қажет. Яғни заттама бөліп төлеуге алынған жағдайда жасалынатын құқықтық келісім. Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сатып алу мен сатудың құқықтық нысанын анықтау. Екі жақтық құқықты сараптап, нәтижесін айқындау және екі жақтық нысанды түсіндіру. Сатып-алу шартын құру, сату шарттарының түрлерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Сатушы тауарды сатумен айналысатын кез-келген жеке немесе заңды тұлға. Сатып алушы тауарды ақша төлеп өз меншігіне алатын кез келген жеке немесе заңды тұлға

І бөлім. САТЫП АЛУ, САТУ ШАРТЫ
1.1. Сатып алу шарты
Сатып алу мүлікті ақшалай алу және еншілеу шарттарының ең маңызды түрі болып саналады. Сатып алушы өзінің іс әрекетін азаматтық-құқықтық нормаларын және басқа да бірнеше түрін зерттейді. Олардың әрқайсы ерекше ұғым болып табылады. Себебі қолданылатын әрбір салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алуды да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған. Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi. Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап мүлікті екінші тараптың меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді,шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті немесе тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі. Сатып алу-сату шартының суьбектілері мынадай түрге бөлінеді:
Азаматтық құқық суьбектілері
Әкімшілік құқық суьбектілері
Жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет ете алады. Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап мүлікті екінші тараптың меншігіне, шаруашылық жүргізілуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді. Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойын­ша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Сату барысында мақсатты істі жүзеге асыру барысында екі тұлға арасында келісім шарт немесе сатылғаны не сатылатыны туралы қандайда бір дәлелді құжат толтыруы қажет. Немесе сатып алушы сатушыға алдын ала төлем қалдыруы міндетті. Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы
Адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас
Азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы
Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында көмегімен құқықтық нысанға ие болады. Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Егер екі тарап ішінде дұрыс келісімшарт жүргізілмей, тауар заңсыз жеткізілсе, екі жақтық тергеу шересы жұргізіледі. Бұл тергеу шарасы аясында жеткізілген тауар өз қожайынына толықтай қайтарылады. Тауардың заңсыз болуы не болмауы екі тараптың сауатсыздығы нәтижесінде туындайды. Яғни үлкен көлемдегі жүктерді келісім шарт жасасу арқылы толтырылатын қолхат құжаты болуы міндетті. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес, сатып алу шарты бойынша бір тарап мүлікті екінші тараптың сатып алушының меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті. Ол нысан құқықтық қатынас нысаны. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы тауар беруші сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімді немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым заттақ тұрмыстық сатып алу-сату шарттарына түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шартының тауары материалдық құндылықтарды экономиканың кез-келген салаларында үлестіруге, қайта үлестіруге мүмкіншілік береді. Бұған бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкеледі. Осының нәтижесінде тауар жеткізілімі шарты әкімшілік-жоспарлы болып табылмайды. Алайда оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандыру күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдері кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне иелік береді. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекеленген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфрастуктурасына ауысады. Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді.
1.2. Сату шарты
Қазақстан Республикасының аумағында, КСРО кезіндегі Республикалық азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты, аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне толық шаруашылық жүргізуіне өтелі. Яғни меншік иесі өзінің қарамағындағы жүкті иеленеді. Азаматтық кодекстің ережелері сатып алушыға сапасыз зат берілген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшілігін алдын ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы:
Сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту туралы;
Қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жою жөнінде;
Тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеу туралы;
Тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен салыстыру туралы;
Шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады.
Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады. Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау, себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді. Сатып алу сату шартының элементтері шарт жасасу жағдайы барысының нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар. Бөліп сату, сатып-алу. Қазіргі жағдайда тек өндірісте қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника сияқты кейбір тауарларды қоспағанда тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға арналғанын анықтау қиын. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты - жария шарт азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы. Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез келген шарт жасауға міндетті. Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты сатып алу-сату шартының түрі болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелігі кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі ерекшеліктеріне байланысты болып, оған негізделіп келуінде. Кәсіпорын түсінігі Қазақстан Республикасының заңнамасында екі мағынада қолданылады. Біріншіден, кәсіпорындар бұл мемлекет меншігі негізінде құрылған заңды тұлғалар. Екіншіден, кәсіпорын-кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен, оның режимі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 119-бабымен және өзге де заңнама нормаларымен анықталады. Жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережелеріндегі тәртіптеріне көз салсақ, біз осыған растау таба аламыз. Аталмыш ережелерде жекешелендіру объектісі болып бірдей мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, мүліктік кешендер анықталған. Айтылған азаматтық құқық объектісі заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысанасынан байланыссыз жұмыс етуі мүмкін. Сатып алу-сату шартының сипаттамасы:
Шарт консенсуалды өйткені, тараптар оның елеулі жағдайлары бойынша келісімге келгеннен бастап жасалған болып саналады, ақылы тауарды берген жаққа ақы төленеді, екі жақты міндеттейтін құқықтар мен міндеттер екі жақта да пайда болады. Тіпті жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданылатын мүлкі де кәсіпорын, мүліктік кешен болып табылуы мүмкін. Бұдан бұрын мүлікке иемденген заңды тұлға коммерциялық болып келмегені мүліктік кәсіпорын қылып бағалаған кезде басты мәнге иемденбейді. Ең бастысы оны мүліктік кешен ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдалану мүмкіншілігі. Бірінші кезекте азаматтық құқық объектісі ретінде кәсіпорын бір күрделі зат есебіне азаматтық айналымда болады. Оған қатысты мәмілені жасау мүліктік кешен-кәсіпорынның барлық құралдарының заңдық тағдырының өзгеруіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, осындай кешенде бірлескен, мүліктің әр текті құрамы, кәсіпорынды сату шарты мазмұнының ерекшелігінің бар екендігіне әсер етпеуі мүмкін емес. Сатушының құқықтары мен міндеттрі жайында түсіндірсек. Сатушы сатып алушыға тауарды беруге, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауармен қоса оның керек-жарақтарын және де құжаттарын беруге міндетті, яғни сатып алушыға меншік құқығын шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығын беруге міндетті.

1.3. Сатып алу шартының түрлері
Сатып алу-сату шарты ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Кәсіпорындар әйнектерінде, тек саудада бар болып келетін тауарлар қойылуы керек. Әйнектің ішінде болып келетін тауарлар тұтынушылардың талабы бойынша олардың сапасы тексеріліп сатылады. Тауардың әрбір үлгісінде онда тауардың атауы, бағасы бір келі, дана және тауардың өзге мөлшері үшін салмағы көрсетілген қағазы болуы керек. Қажетіне қарай жыл кезеңіне, жаңа тауарлардың түсуіне және кәсіпорындардың өзге жағдайларына қарап дүкеннің әйнектері жаңартылады. Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады. Мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойыыша жеткілікті екенін болжауға бо­лады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа езге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз. Сатып алу сату шартының заты, сатушының сатып алушыға беретін немесе беруге міндеттенетін мүлік немесе мүліктік құқықтар болады. Ол "тауар" деп аталады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл заңды тұлға құру мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пай­да болатыны анық. Сатып алу-сату шартының түрлері:
Нысаны бойынша:
Тауар жеткізілімі
Келісім-шарт жасасу
Валютаны сату
Автокөлікті сату
Жылжымайтын мүлікті сату
Мемлекет мүддесі үшін жеткізу
Құнды қағаздарды сату
Кәсіп орындарды сату
Тұрғын үйді сату
Жер учаскесін сату
Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтың құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді. Бұл олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен, олар қолданылатын салалардың ерекшеліктеріне байланысты қолданыс табуда. Жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттік мұқтаж үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Мiндеттемеге сәйкес бiр адам басқа адамның пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.
Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына, жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды. Жоғарыда аталғандар мен оның элементтері бөлшек сатып алу-сату шарттарындағы тараптар қарым-қатынастары ерекшелігінің түйінін құрайды. Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшш арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны­мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энер­гиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі. Сатып алу-сату шартының түрлері:
Сату тәсілі бойынша:
Көптеп сату
Айырбастау
Аукционда сату
Бөлшектеп сату
Несиеге сату
Үлгілер бойынша сату
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша сатуға рұқсат етілген кез келген мүлік болады, соның ішінде жылжыйтын және жылжымайтын, тұтылатын және тұтылмайтын, жеке және тектік белгілерімен анықталған. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады. Сатып алушы, әдетте жеке тұлға болып келеді. Заңды тұлғалар тауарды бөлшек сауда кәсіпкершілік қызмет үшін емес, өзге осы сияқты пайдалану үшін сатып алады. Сонымен заңды тұлға осы сияқты келісімшарт қатынасына ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмысшылардың дұрыс демалысын ұйымдастыру, олардың тұрмыс-материалдық жағдайын қамтамасыз ету үшін кіріседі. Айналымда шектелген тауарлары сатып алушының сол затты алуға арнайы рұқсат қағазы болуы қажет. Затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақ келешектегі заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны. Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірңеше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жасамақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сенімді ақпарат беруі керек. Сатып алушының құқығы мен міндеттері. Сатып алушы сатып алынған тауардың ақысын төлеуге міндетті. Шартқа отыру кезі мен ақы төлеу кезі сәйкес келген жағдайда сатып алушының жалғыз міндеті затты қабылдап алу. Қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу - сату затына талаптардың жоғарлауына әкеледі. Заттар сатып алу- сату шарты нысанының кең тараған түрі. Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған сатып алу-сату шарты жасалған болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы бұл ережені өзгертпейді. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары тауар ақысы алдын ала төлену міндеті бекітіліп немесе тауар кредитке, не ақысы бөлініп төленетін болып сатыла алады. Бұл жағдайда сатып алушы ақы төлеу мерзімін сақтауға міндетті. Бірақ сатып алушы тауар ақысын алдын ала төлемесе, бұл оның шарттан бас тартқаны болып қана есептелінеді, яғни бөлшектеп сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушыға негізінен шарттың бір жақты бас тарту құқығы беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының бүлінуінің тәуекелі сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқарған болып есептелінетін сәттен өтеді.
Жағдайларда шарт тараптары араларында тәуекел үлесуінің бастапқы негізгі ережелерінен ауытқу орын алуы мүмкін. Бұл шартта мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі сатып алушы тарапына оған меншік құқығы өткенге дейін өтетіні қарастырылса орын алады. Өз кезегінде бұндай шешім шарттың тараптары бір біріне қатысты тең болып келгенде орынды сатушыда және сатып алушыда бірдей кәсіпкерлер немесе кәсіпкерлер емес т.б. Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс жарналы. Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа. Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасау тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұстанушы бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс жарналы. Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Айырбас шартының түсінігі
Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңыздылығы
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Пәндер