Оқушылар ұжымы туралы түсінік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ
АҚТӨБЕ КӨПСАЛАЛЫ АГУ ТАРЛАН КОЛЛЕДЖІ
Мамандығы: 0111000-Негізгі орта білім беру:0111013- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Курс:3
Пәні: Педагогика
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ұжым-тәрбие құралы
Орындаған:Көпбергенова Гүлназ Асхатқызы
Тексерген:
Қорғауға жіберілді: _____________2023 жыл
Бағасы: _________
Ақтөбе, 2023
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
I.Ұжым
1.1.Ұжым туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.2.Ұжымның түрлері,ұжымның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 8-10
II.Оқушылар ұжымы
2.1.Оқушылар ұжымы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-13
2.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері,олардың бір-бірімен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-17
2.3.Ұжымға педагогикалық басшылық жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-18
III.Ұжым-тәрбие құралы
3.1.Ұжым тәрбие құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-23
3.2.Ұжымды ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-27
3.3.Ұжымды қалыптастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
.
Кіріспе
Мектептегі балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дүрыс па? Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол -- отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық мемлекет қүрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала -- ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің маңызды қүралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар. Ұжым -- ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нөтижесінде асады (Қазақ Совет энциклопедиясы. -- Алматы, 1974. -- 5 т. 490 б.). Бүл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін.Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар -А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.Мысалы, А.В.Луначарский: Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым, -десе, Н.К.Крупская: Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді деген. Олар мектептегі ңоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бүл ой бүгінгі күні де өз қүндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық үйымдарға көп мән берген
3
Бүгін ол заманның қоғамдық үйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар. Олар -- Балдырған, Жас ұлан, Ұлан. Сондықтан Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын жойған жоқ. А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. Оның Педагогикалық поэмасы (1937 ж.), Мүнараның басындағы ту (1938 ж.) атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын сақтауда.
Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен, қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек. Әрине бүл қағида бүгін ескіргендей болып көрінеді. Қазіргі талап алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң қоғамға үлесіңді қос, дейміз. Бір жағынан бүл да дүрыс шығар. Біраң, Адамның күні адаммен, деген қағиданы есте үстағанымыз жөн. Ерте ме, кеш пе өйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақыт та келер. Сонда А.С.Макаренконың айтқан қағидаларының дүрыстығына қайта соғармыз. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті: а) Ұжым тәрбиенің маңсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
4
Курстық жұмыстың өзектілігі:Ұжым процесі оқушы өмірінде ғана емес,жалпы адамзатқа қажетті тәрбие жұмысы болып табылады.Осы ұжым процесі тәрбие теориясының негізгі принциптарының бірі.Педагогтардың зерттемелерінен нақтылай негіздер келтіре отырып,қазіргі таңда таптырмас оқудың да тәрбиенің де негізгі құралы болып отырған ұжым процесін оқушылармен жұмыста тікелей пайдалана білуге баулу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ ел болашағы үшін қызмет ететін педагогтарға ұжым жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы екенін дәлелдеу.Ұлы педагогтардың еңбектерінен ұжым теориясы туралы зерттеулер мен ұжым проблемалары және теориялық,практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі:Педагогтар,студенттер,оқу шылар,ата-ана,сыныптастар,достар арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері: Болашақ ел болашағы үшін қызмет ететін педагогтарға ұжым жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы екенін дәлелдеу.Ұлы педагогтардың еңбектерінен ұжым теориясы туралы зерттеулер мен ұжым проблемалары және теориялық,практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.
5
1.Ұжым
1.1.Ұжым туралы ұғым
Ұжым жан -- жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. педагогтардың еңбектерінде ұжым теориясының зерттелуі және балалар ұжымының қалыптасу процесі, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ұжым проблемалары туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан -- жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.
Тәрбие теориясының негізгі бір принципі -- ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу деп анықталған.Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол -- ортақ мақсатпен, іс -- әрекетпен, гуманистік қарым -- қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден -- бір көзі -- адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген.
Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында ұжым ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір -- бірімен қарым -- қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы -- тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі -- өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.
Оқушылар ұжымы -- тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш -- қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
6
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым -- қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс -- әрекетінің формалары мен әдістері, өзін -- өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс -- әрекеті, қарым -- қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді.
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның
бөлігі.
Ұжымның өзін -- өзі басқару органдары және өкілдері --
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым -- бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым -- бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым -- бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым -- бұл студенттер тобы, негізгі ұжым -- факультет т.б.Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың Коммунар әдісі игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық
7
біріккен іс -- әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс -- әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың Коллектившілдерді тәрбиелеу" атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде Мудрая власть коллектива, Коллективтің құдіретті күші т.б баяндалды.
ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым -- қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым -- қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым -- қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми -- әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы -- мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы -- бұл іс -- әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
1.2. Ұжымның түрлері, ұжымның атқаратын қызметтері
Кәсіптік мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым мүшелерінің құрылымы туралы хабардар болуы маңызды болмақ .
Алғаш ұжым - мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі
8
жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар,клубтар,секциялар.т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізіндеұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарайалғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы мүмкін.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметін атқарып, өмір сүруін тоқтады.Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады. Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік,кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады. Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына, дамытуына зор үлес қосады. Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда. Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір сүру уақытымен (уақытша және тұрақты) басқару формасымен ( формалды емес ұйымдар) , кәсіпкерлік мазмұнымен ( қоғамдық - политикалық, потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру үшін
құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Қортынынды шығару, ұжымдық рефлекция ұжым мүшелерінің кезең-кезеңімен ұжымдық қызметтің бірлесе отырып жасауға жаңа мақсат қоюына әкеледі.Өзін-өзі басқару оқушылардың кез-келген қызметтері түрінде дамыды. Тез дамыған сайын қызығушылар көлемі де кеңейе түседі.Өзін-өзі басқарудың спецфикалық қызметтерін мақсатты түрде бөлу Соларға өзін-өзі реттеу, ұжымдық өзін - өзі бақылау. Өзін-өзі активациялау - әртүрлі сферадағы істердің жүйелі орындалуына жііне басқару мәселелерінде шешім қабылдауда мүшелер
9
санын көптеп кірістіруді қарастырады.
Ұйымдастырудың өзін-өзі реттеу - ұжымның өзінің құралын ұйымдастырудың мәселелерін шешуде одан әрі жақсарту үшін және ұйымдастыру қызметтерін шешуде ұжым мүшелерінің табандылығы мен белсенділігі және авторитеті дегенді ұғындырады. Ұжымдық өзін-өзі бақылау - жеке ұйымдастырушы мен өзін-өзі басқару органдарының өзінің атқаратын іс-шараларына өзін-өзі таңдау, үнемі анализ жасап отыру - басқарудағы мәселелерге қолайлы шешім табуға жол іздеу үшін қолданылады. Өзін-өзі басқарудың дамуында өндірістік оқыту шеберінің ролі міндетті. Оның оқушыларға олардың мүмкіндіктері мен жауапкершіліктерін түсіндіріп отыру өте маңызды. Шебердің басты мақсаты - оқушылардың белсенділігін арттырып, іскерлік түрі мен ұйымдастыру формасын таңдауға көмектесу. Ұжымдағы өзін-өзі басқарудың дамуындағы жетекші факторлардың бірі - бұл оқушылардың іскерлік белсенділігін арттырып қана қоймай, қарсыластық рухпен жігерлендіретін топаралық бақталастық қарым-қатынас. Тек мұндай қарым-қатынастарды барынша адамгершілік құндылықтармен толықтыру керек, бұл оларды адалдыққа баулиды. Педагогтар өзара көмекке бағытталған іскерлікті қолдануы керек. Барлық оқу орындарындағы ұжымындағы оқушылардың өзін-өзі басқарудағы дамуы топтағы өзін-өзі басқарудағы дамуымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарындағы өзін-өзі басқару олардың алға қойған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Топ ұжымы өзінің өспелі және тұрақты құрамымен олардың әрқайсысы үшін қоғамдық іскерлікке араласу мүмкіндіктерінжасайды. Сондықтан оқу орындарындағы өзін-өзі басқару топтық ұжымдардың инциативасы мен дербестігін шектемеу керек.
10
2.Оқушылар ұжымы
2.1.Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі. Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру -- мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады.. Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті -- оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу -- ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген. Оқушылар ұжымы -- оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар -- идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық.
11
Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады.. Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті -- оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар ұжымында дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады. Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді. Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай
12
білуінің маңызы да ерекше. Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко: Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала... өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі. Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе сынып тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі.
2.2.Оқушылар ұжымының даму кезеңдері,олардың бір-бірімен сабақтастығы
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс -- әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс -- әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез -- құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
ұжым іс -- әрекетінің дамуы;
13
жеке адам арасындағы қарым -- қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы
барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс -- әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс -- әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезенде ұжым өзін -- өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс -- әрекеттерін бақылау т.б.Мұғалімнің қызметі -- коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең -- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір -- біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: Дұрыс тәрбиелеудің бірден -- бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы -- жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым.
14
Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады. -- деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс -- әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.Оқушылар ұжымы іс -- әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).
Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі -- талаптың бір -- бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын -- ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді.
А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.
А.С.Макаренко: Өз тәжірибесінде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді -- кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын деген.
Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс -- әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ -- мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақьш тірегі ретінде қараған.
Белсенділер дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және
15
гуманистік қатынастың мәні. Қазіргі мектеп ұжымы бір -- бірімен тығыз
байланысты болатын екі ұжымның -- педагогтар және оқушылар ұжымдарының құрамынан тұрады. Тұтас педагогикалық процесс барысында бұл ұжымдардың өзара байланысты әрі сабақтастық қызметі атқарылады.
Қазіргі жағдайда педагогикалық ұжымның негізгі міндеттері қоғамның мектеп алдына қойып отырған әлеуметтік талаптарына байланысты күрделеніп отыр.
Педагогикалық ұжымның ең негізгі тәрбиелік міндеттеріне мыналар жатады:
оқушыларды қайта құру ісіне белсенді қатысуға, негізгі әлеуметтік
қызметтерді жауапкершілікпен орындау үшін мақсаттылыққа
тәрбиелеу; оқушылардың рухани қажеттілігін және творчестволық
қабілеттерін, интеллектуальдық потенциалын айқындау және
дамыту;
оқушыларды талаптылық пен инициативаға, іскерлік пен саналы
тәртіптілікке тәрбиелеу;
ұжымды демократияландыру, гуманитарландыру, оқушылардың
өзін -- өзі басқару принциптерін жүзеге асыру.
Педагогиклық ұжымның жоғарыдағы аталған міндеттері оқушылар
ұжымымен өзара пікірлестік принципі болғанда ғана орындалады. Оқушылар ұжымы -- өте күрделі, өзіндік арнайы құрылысы бар әлеуметтік бірлестік. Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында бірнеше оқушылар ұжымы болады: бастапқы ұжым, жеке -- жеке сыныптар, жастар ұйымдары, бүкіл мектептік оқушылар комитеті. Оқушылардың талап -- тілектері қызығушылығы мен бейімділігіне, мамандық бағыт -- бағдарларына қарай әр салалы оқушылар топтары құрылады.Оқушылардың өзін -- өзі басқаруын дамыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін көтермелеу әрқашан мектептің өзекті міндеттерінің бірі болып келді.Педагогика ғылымының теориясында оқушылардың өзін -- өзі басқару проблемасы қоғамдық өзін -- өзі басқарудың бір түрі ретінде қарастырылып, болашақ ұрпақты өмірге, еңбекке, қоғамдық жұмысқа дайындаудың маңызды жолы болып есептелінеді. Сонымен бірге өзін -- өзі басқару проблемасы жайлы білім беретін мектеп жұмысының әртүрлі кезеңдерінде тұтас педагогикалық процесті жолға қоюдың неғұрлым сипатты ерекшеліктерін бейнелейтін өзіндік ерекшелікке ие болып отырды.
16
2.3.Ұжымға педагогикалық басшылық жасау
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшн староста және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады. Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе алмасу семинарлары, т.б.
Актив топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру - бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады. Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы өз тапсырмасын орындау барысында топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК - ға жауаптыларды тағайындау керек.Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік болып бөлінеді. Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады.Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады.
Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік, кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып табылады.
17
Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына, дамытуына зор үлес қосады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.
3.Ұжым - тәрбие құралы
3.1. Ұжым - тәрбие құралы ретінде
Ұжым - тәрбие құралы ретінде. Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz