Құжаттарды тіркеу



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
6В04202 Құқықтану мамандығының
__________ тобының студенті ___________________________________

______ ________200 ___ ж. _______ _________200___ ж. дейінгі

_________________________________ тәжірибе өту туралы
(тәжірибенің атауы)

ЕСЕБІ

Кафедрадан тәжірибе жетекшісі
______________________________
_____________________________
(Е.А.Тегі)

Кафедра меңгерушісі:

______________________________
_____________________________
(Е.А.Тегі)

Орал қ. 20 ___ ж.

Мазмұны:

Кіріспе
• 5Жеке сот орындаушыларының қызметінің ережелері

Негізгі
• Қызметін құжаттарды дайындау
• Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту
• Іс номенклатурасын жасау
• Құжаттарды қалыптастыру, сақтау және оларды мұрағатқа дайындау
• Жеке сот орындаушысының мөрі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Оқу жоспарына сәйкес мен жеке сот орындаушысы Ильясов М.Н 23.01.2023-
14.04.2023 аралығында өндірістік практиканы өттім.
Мені практикалық сабаққа жеке сот орындаушысының көмекшісі ретінде
қабылдады. Тәжірибе жетекшісімен бірге тәжірибені өту жоспары құрылды, оны
мен сәтті аяқтадым.
Тәжірибе барысында мен:
- қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен құрылтай
құжатымен.
- компания персоналының жұмысының ұйымдастырылуымен және мазмұнымен.
- экономикалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және жоспарлау жұмыстарының
мазмұнымен.
- заң бөлімі жұмысының ерекшеліктерімен: серіктестік атынан жасалатын
азаматтық-құқықтық шарттардың түрлерімен және олардың ерекшеліктерімен.
- заң кеңесшісі жұмысының ерекшеліктерімен таныстым.
- негізгі азаматтық-құқықтық шарттар мен құрылтай құжаттарының жобаларын
жасауды үйрендім.
- құжаттардың азаматтық заңнама талаптарына сәйкестігін тексердім, сонымен
қатар олардың нысаны мен мазмұнындағы кемшіліктерді анықтадым және
қорытындыладым.
- тараптардың кейбір азаматтық-құқықтық шарттардың нысаны мен мазмұны
туралы келіссөздерге қатыстым.

Жалпы ережелер.
1.Жеке тәжірибемен айналысатын сот орындаушысының іс қағаздарын және
мұрағатты ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу жеке сот орындаушысына жүктеледі.
2.Жеке сот орындаушысының лицензиясының қызмет етуі тоқтатылған кезде жеке
сот орындаушыларының өңірлік алқасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша
лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының мұрағатын,
ағымдағы щоттағы құралдарын басқа жеке сот орындаушысына беру, сонымен
қатар сот орындаушысының лицензиясын алып, уәкілетті органға беру және жеке
сот орындаушысының жеке мөріни жою шарасын қабылдайды.
Қызметтік құжаттарды дайындау.
Жеке сот орындаушыларынан басталатын ұйымдастырушылық билік ету сипатындағы
құжаттарда жеке сот орындаушысы кеңсесінің атауын немесе жеке тәжірибемен
айналысатын жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын, почталық
мекен – жайын жеке сот орындаушысы атқарушылық қызметті жүзеге асыратын
жеке сот орындаушысы қызметінің аумағын көрсету керек. Құжат түрінің атауы
(хаттама, қаулы, акт, ұсыныс, сауал) бас әріптермен жазылады және құжаттың
тақырыбын көрсетіледі. Тақырып қысқа болуы және құжаттың мазмұның дәл
көрсетуі тиіс.
Құжаттың қол қою құрамы құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы, жеке
қолы мен оның толық жазылуын қамтауы тиіс.
Бірінші іс номенклатурасының данасы жеке сот орындаушысында сақталады,
екіншісі қызметтік түрде қолданылады, үшіншісі сот орындаушылары өңірлік
алқасының мұрағатына, төртіншісі мемлекеттік мұрағатқа
беріледі.Тапсырмаларды қалыптастыру кезінде келесіталаптарды сақтау қажет:
-тапсырмаларға тек орындалған, бекітілген іс номенклатурасына сәйкес
дұрыс ресімделген құжаттарды орналастыру;
- бір мәселені шешуге жататын барлық құжаттарды бірге орналастыру;
- тұрақты және уақытша сақтаудағы құжаттарды тапсырмаларға бөлек
қалыптастыру;
- қайтаруға жататын құжаттар, оларға жатпайтын артық даналар,
шимайпарақтар тапсырмаларға тігілмейді;
- тапсырмадағы парақтар саны екі жүз елуден аспауы тиіс.
Мөр металлдан жасалады (металл қорытпалар), қолдан жасаудан қорғалып
дайындаудың жоғары сапасымен оны дайындауға қойылатын барлық талаптарға
сәйкес келуі, мемлекеттік тілінде жазылуымен, ұзақ мерзімділігімен және
бояғыштарға төзімділігімен сипатталуы тиіс. Сондай – ақ, жеке сот
орындаушысында мөртабан мен жеке бланкілері болады. Мөрлерді беру
нөмерленген, бау тағылған және тиісті органның мөрімен бекітілген арнайы
басталған журналда қол қойдырып жүргізіледі. Журнал қатаң есептілік және
тұрақты сақтау құжаты болып табылады. Жеке сот орындаушысы мөрін жазба
мәтінінде, қаулыда немесе тапсырмада өз қолын бекіту үшін пайдаланылады.
Жеке сот орындаушысының қызметіне байлнысты емес құжаттарға мөр қоюға жол
берілмейді.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметі тоқтатылған жағдайда сот
орындаушыларының аумақтық органы және өңірлік алқасы жеке сот
орындаушысының мөрін мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей
етіп, деформациялау жолымен алып қою және комиссия арқылы жою жөнінде
шаралар қабылдайды, бұл туралы тиісті акт жасалады. Жеке сот орындаушысының
лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, мөр буып түйіледі,
пломбаланады және аумақтық органға уақытша сақтауға тапсырылады. Жеке
мөрлерді пайдаланған кезде қара немесе көп түсті бояғыштар қолдануға жол
берместен, тек көк және сиякөк бояғыштарды қолданады. Жойылған мөрлердің
қолданылуын жою және жарамсыздағы туралы ақпаратты уәкілетті немесе
аумақтық орган республикалық немесе жергілікті баспа басылымдарында
жариялайды.
Соңғы кездері жеке сот орындаушыларынын жұмысына шағым көбейіп кетті.
Әлеуметтік желілерде адамдар өздерінің банктік шоты бұғатталғаны, ауыппұл
өндіріп алу туралы сот шешімдерінің сырттай шығарылғандығы жайлы айтып
шағымдануда. Ал азаматтардың өзі бұл жайлы мүлдем хабарсыз болып, тек іс
насырға шапқанда ғана біліп жатады. Тек ерікті орындау мерзімі біткен кезде
борышкер ерікті түрде төлеуден бас тартса және жұмыс істемесе, не
зейнетақы, не шәкіртақы алмаса, яғни бас табыс көзі болмаса, онда әкімшілік
айыппұл салған орган мәжбүрлеп өндіірп алуға қаулы шығарады да оны жеке сот
орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп
алуды орындатуға арналған қаулыға тұлғаға айыппұлды ерікті түрде төлеу
хабарланғаны туралы фактіні дәлелдейтін құжат пен салық органының
айыппұлдың төленбегені туралы анықтамасының көшірмесі қоса беріледі.

Қызметін құжаттарды дайындау.
1.Қызметтін құжаттар бейтарап қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік
хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына
тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.
2.Сіздің хаттыныз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр
құжаттары үшін міндетті.
3.Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен
сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізе қоймайды.
4.Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.
Microsoft Office Word – қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік
процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға
шығаруға арналған қолданбалы програмассы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа
жүйесі ретінде кітап, газет – журналдар шығаруда кеңінен қолданылады.
Іс қағаздары формасына қарай типтік, трафареттік, еркін мәтін болып
бөлінеді. Типтік іс қағаздары деп мәтінінің белгілі бір бөлігі алдын ала
типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз.
Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары тұпнұсқалық және көшірмелік болып
бөлінеді. Тұпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет
жасалған нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына мәтіні сол күйінде
өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады.
Көшірмелік іс қағаздарына кез – келген құжаттың көшірмесін (диплом
көшірмесі, бұйырықтың көшірмесі) үзіндісін дубликатын жатқызуға болады.
Анықтамалық – ақпараттық құжаттар. Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп
бөлігі ақпараттық – анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты
істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы
құжаттарды дайындауға негіз болады. Ақпараттық – анықтамалық құжаттарға
анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар
жатады. Олар ұйымдастырушылық – бұйырықтық сиппатағы құжаттарға қосымша
болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс –
әрекетті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
Сенімхат.
Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорының немесе азаматтың)
атынан қандай да бір іс – әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы
құжат.
Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға
берілген құжат болып табылады.
Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін:
1)мәліме жасау;
2)акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;
3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;

Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады:
1)мерзімінің өтуі;
2)көзделген әрекеттің орындалуы;
3)сенімхат беруші тұлғаның сенімхат күшін жоюы;
4) сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет
қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар – ошарсыз кетті деп танылуы.
Хабарландыру.
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы
болатын іс – шаралар құжаттың түрі. Мұнда хабарланып отырған мәселенің
(жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны
көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымының аты қойлады.
Хабарланатын мәселенің мазмұнына қаарй хабарландыру түрлі – түрлі
көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.
Файл – дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады. Файл компьютердің
бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған
немесе суреті бар кез келген құжат сияқты, файл дерек жинағы болып
табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға не болмаса
басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару
құрылғысына жіберуге болады.
Файл атауының кеңейтімі файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда
сақтаулы деректер түрін білдіреді. Бұл кеңейтім осы файлдың мәтіндік файл
екенін көрсетеді. Файлды сақтау кезінде кеңейтімді көрсету міндетті емес.
Бағдарлама кеңейтімді өздігінен қосады.
Мәтіндік файл – құрамында құрылымдамаған түрдегі ақпарат мәтіні бар файл,
әріптерден, цифрлардан және тыныс белгілері мен арнайы символдардан
құрастырылған қарапайым мәтіндік файл
Бастапқы файл – алғашқы бағдарлама жазылып сақталған негізгі мәтіндік файл.
Жүйелік файл – операциялық жүйенін жұмыс істеуіне қажетті ақпарат
сақталатын файл.
Графиктік файл – графикалық кескіні бар файл графикалық редактордың
көмегімен даярланған файл.
Индекстелген файл – файд жазбаларына тез қатынас құруды жасақтайтын
индекстер жүйесімен жабдықталған файл. Индекс индекстік файл түрінде
қалыптастырылады.
Машиналық файл – құрамында машиналық программалар бар файл.
Жазық файл – басқа жазбаларға тура немесе жанама сілтемелері жоқ файл.

Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту.
Келіп түскен құжатты тіркеу құжаттың бірінші бетінің беткі жағының төменгі
оң жақ бұрышына қол штемпелдің көмегімен тіркеу мөртабанын қою және
мөртабанға құжаттың күні мен индексін жазу арқылы жүргізіледі.
Құжаттама қызметі:
1.Құжаттарды қаыблдау және экспедициялық өндеу;
2.Құжаттарды тіркеу;
3.Құжаттарды ұйым басшысына қарауға тапсыру;
4.Құжаттарды орындауға тапсыру;
5.Құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылау.
Құжат салынған конверттер құжаттама қызметінде ашылып, оның дұрыс
жеткізілгендігі, құжаттар орамының бүтіндігі тексеріледі. Егер құжаттар
толық болмай шықса немесе бүлінген жерлері болса, онда соңғы парағың
төменгі бөлігіне бағанына тиісті белгі салынып, бұл туралы жіберуші жаққа
мәлім етіледі.
Жіберішінің мекен – жайын, жіберілген және құжаттың алынған күнін анықтауға
қажеттілігі болмаса кіріс құжаттары салынған конверт жойылуға тиіс.
Азаматтардың өтініші және жеке құжаттар салынған конверттер сақталады.
Құжаттама қызметі келіп түскен құжаттарды мазмұнына сәйкес ұйым бойынша
белгіленген функциялық бөліністерге, қызметкерлер арасындағы міндеттер мен
өкілеттілік сипаттарына қарай тарату үшін алдын – ала қарап шығады.
Тіркелетін құжаттар мынадай топтарға бөлінеді:
1.басшылық атына жіберілген немесе құрылымдық бөлімше атаулары көрсетілмей
жолданған құжаттар;
2.азматтар өтініштері;
3.құрылымдық бөлімшелерге жолданған құжаттар.
Тіркелмейтін құжаттар уйымының тийсті құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылады.
Құрылымдық бөлімшелерге жолданған құжаттар тіркеуден өткен соң сол
бөлімшелердің басшыларына табыс етіледі. Құжаттарды қарау қорытындылары
ұйым басшысының бұрыштамасынан көрініс табады. Орындалуы бірнеше құрылымдық
бөлімшелерге жүктелген құжаттардың көшірмелері атқарушыларға кезегімен
немесе бәріне бір мезгілде беріледі. Құжат атқарылуға келіп түскен күні
беріледі. Тез арада орындау қажет болған жағдайда атқарушының құжатпен
басшылық қарамац тұрып танысып шығуына болады. Егер құжат құрылымдық
бөлімшеге немесе орындаушыға құжаттама қызметіне слқпай келіп түскен болса,
ол ұйым тәртібіне сәйкес тез арада тіркеуге берілуі тиіс.
Электрондық құжаттың алынғандығы туралы оны жіберушіге куәлік жолданбайынша
ол құжат алынған жоқ деп есептеледі. Егер құжат жіберушіге куәлік үш күнге
дейін келмесе бұл жөнінде құжат алушыға мәлімделуі тиіс. Электрондық
құжатты тексерудің кері нәтижесі конфликті жағдай деп еспетеледі. Бұл
жағдайды реттеу куәландырушы орталықтың қатысуымен және ақпарат саласындағы
екелетті мемлекеттік органның нормативтік құқықытық актілерінде
қарастырылған тәртіп, ереже бойынша жүзеге асырылады. Келіп түскен
электрондық құжаттардың компьютерлік вирустері бары – жоғы міндетті түрде
тексерілуі керек.

Іс номенклатурасын жасау.
Кез келген ұйымының күнделікті қызмет барысында түрлі құжаттар түзіледі.
Олар: бұйрықтар, келісім – шарттар, бағдарламалар, жоспарлар, жұмсалатын
қаржы сметасы, есеп берулер. Мұнымен қоса әрқилы іскерлік байланыстар
бойынша өзге ұйымдардан да құжаттар келіп түсіп жатады. Уақыт өткен сайын
олардың қатары көбейіп, көлемі ұлғая беретіндіктен қажетті құжаттарды іздеп
табу ісі де күрделене түседі. Тіпті бірте – бірте ол проблемаға айналады.
Құжат ұйымда түзіліп немесе бір жақтан ұйымда түзіліп немесе бір жақтан
келіп түскеннен кейін, бұл фактіні тіркеуге алу қажеттігі туады. Өйткені
тіркеу осындай құжаттың бар екендігін немесе болғандығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алым ставкалары
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ
Құжат айналымы. Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Құжат айналымының көлемі
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
Алымдар мен төлемақы түрлері және оларды есептеу мен төлеу тәртібі
Алымдар
АҚ «Казкоммерцбанк»
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
Мемлекеттік тіркеу
Пәндер