Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1. Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын талдау ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Жалғыз поэмасының идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
8
2. Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
27

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жалғыз поэмасы - жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз.
Жалпы, жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді. Білетіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде өзін жалғыз сезіне бастайды. Сол жалғыздықтан қиналғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек.
Бұл поэма қазақы тәмсілмен басталады. Ғұлама таулардың тұрғыны арқар, құлжаны кәнігі аңшылар күзде, тек қана күзде аулайды. ...Қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдар сияқты бірден құлап түсіп, жантәсілім етпейтін көрінеді. ...қорғасын оқтың уы денесіне жайылғанша, сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны аңшылар қауымы оққа сүйенген жалғыз арқардай деген тәмсіл арқылы еске алады.
Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқытудың тиімді жолдарын көрсетіп, әдістемесін ұсыну біздің жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқытудың әдістемесін жасай отырып, тиімді оқытудың жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын талдау;
- Жалғыз поэмасының идеясын ұсыну;
- Жалғыз поэмасын оқыту әдістемесін жасау.
Курстық жұмыстың зерттелуі: Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқыту.
Зерттеу пәні: Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқытуда зерттеу барысындағы мақалалар мен ғыдыми еңбектер.
Зерттеу әдісі: зерттеу, баяндау.
Зерттеу болжамдары: Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқыту негізінде оқушылар шығармашылыққа тарбиеленеді, өздігінен ұзақ жырларды оқуға құштарлығы оянады.
Жаңашылдығы: Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқыту жаңа педагогикалық технологиялар негізінле оқытудын әдістемесін ұсыну.
Теориялық негізі: Қ.Бітібаева, А Көшімбаев, Ә Қоңыраьпаев, Қ Айтжановаеның еңбектері қолданылды.
Практикалық негізі: теориямен практиканы ұштастырып Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқыту жолдары көрсетілді.
Құрылысы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

1. Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасы
1.1 Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын талдау
Ж.Бөдеш Жалғыз поэмасына оққа сүйенген жалғыз арқар тәмсілін арқау ете отырып, жалғыз концепциясын халық ұғымында қалыптасып қалған түсініктен жаңаша түрде ұсынады. Бұл жалғанда кім жалғыз? сұрағына оқырмандарын жетелеу арқылы ақын тарихи қайталанбас тұлғалардың
даналығы мен даралығын көрсетіп, шығарманың бар болмысын ашады. Ж.Бөдеш Жалғыздықты даралық, даналық деп түсінем. Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы деп айтқанындай, кейіпкерлердің тағдырлары, өмір сүрген уақыттары әртүрлі болғанымен, халқының рухани өсімінде атқарған мүдделері ортақ екенін алға тартады. Олар өнeгелі өмір жoлымен, дүниeтaнымымен, ұлтқа жaсaған еңбeгімен ғана емес, тұлғалық даралығымен ерекшеленді. Атадан алтау, анадан төртеу болып өскен Абайдың өзі Моласындай бақсының Жалғыз қалдым - тап шыным! деп айтып кеткен болатын. Оның жалғыздығының себебі: сөзді ұғатын саналы жандардың жоқтығы еді. Автор кейбір кейіпкерлерді топтастырып көрсетеді. Ақындықтың жолында Абай мен Мағжанды қатар алса, тәуелсіздік күресі
жолында Махамбет пен Исатайды, Абылай мен Бұхар жырауды қатар ала отырып, тарих парақтарынан сыр шертіп өтеді. Сонымен қатар берілген кейіпкерлердің ішінде жалғыздықтың азабын тартқан Ш. Құдайбердіұлына ерекше тоқталып кетеді. Шәкәрімнің өмірінің соңында халықтан жырақта өмір сүргенін, кеңес үкіметі адамдарының қолынан қаза тауып, отыз жыл құдық түбінде көмусіз жатқанынан да оқырмандарын хабардар етеді. Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім? Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?.
Жалғыздық - үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы. Актриса Фаина Раневскаяның осы бір сөзінде жылдар бойы, тіпті ғасырлар бойы біз сарсаң болып іздеп жүрген өмір сүрудің мағынасы жатқандай сезіледі. Мына ғаламда жалғыздық феномені хақында ойланбаған ақыл иесі кемде-кем шығар. Меніңше, ол туралы ойланудың өзі Жалғыздыққа бастайтын жол сияқты. Жапан далада көктегі бұлтпен жарысып, ауық-ауық әлдебір әуенге басып, бір сапарға кетіп бара жатқан жалғыз атты жолаушыны көрген боларсыз, міне, оның аты - Жалғыздық. Алыста, мәлім бір қалада теңіздей терең ойын тар бөлмеге, ақ параққа сыйғыза алмай арпалысып отыратын ақынды білерсіз, ендеше, оның да аты - Жалғыздық [2].
Сөздің шыны керек, бізде жалғыздық туралы жыр жазбаған ақын некен-саяқ. Атақты Мәшһүр Жүсіптің өзі бұл тақырыпты айналып өтпеген. Әйтпесе ол:
Үш ағаш, басын қосса, мосы болар,
Көп болса, жылқышының қосы болар!
Талай қыз: Жалғыз қалғыр!, деп айтқан-ды,
Жалғыз қал! - деген қарғыс осы болар!
деп өлеңдетпес те еді.
Ал ақында жиі кездесетін бұл хәл туралы бард әнші атанып кеткен Табылды Досымов: Шаршаған шылымымның шоғын, қарашығыма сөндірдім , деп жырлайды. Кім қалай төгілдіріп жырласа да, оның өлеңіндегі жалғыздықтың үні бірден аңғарылып тұрады. Былайша айтқанда, парасатты адамдар өз өмірі мен тағдырынан, қуанышы мен қайғысынан ләззат алатынын ескермей тұра алмайсыз. Біздің бұл мақаламыздың кейіпкері ақын Жәркен Бөдешұлы болмақ. Оның есті жырларының негізгі ауаны - жалғыздық, жалғыздық болғанда, өзінше әуені мен болмысы бар ұлы жалғыздық [2].
Ол әрбір асқақ жыры арқылы барлық құдіретті және құнды дүниелердің жалғыздықтан тұратынын ескертіп отырған сияқты. Яғни талант та, ақынның өзі де, сөзі мен өмірі де жалғыздықтан құралғанын жоққа шығара алмайсыз. Бұл туралы Жәркен Бөдешұлының өзі Жалғыздық Құдайдан кейін ақынға жарасады деп ашық айтады. Ақынға дегені өзі емес, өзегін талдырып өлең жазған, онысы ғасырлар сорабынан, заман көшінен, уақыт сынынан аман өтетін сөз иесі. Сосын ол Жалғыздық деп поэма жазды, онда осылай деді:
Бұл жалғанда кім жалғыз?!
Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз.
Жарқырап тұрған Шолпан да жалғыздығын сезінер,
Таң алдында көз ілер...
Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда.
Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да.
Аспанды бұлт торлайды, жауынсыз жер сорлайды.
Абылай хан жалғыз болғансын, Бұхар екеу болмайды.
Махамбет жалғыз құбылыс, Исатай оқыс бұрылыс.
Ақжайық көздің жасындай, Қарой топырақ бір уыс...
Қиял - қыран, ақыл - шың.
Майдансыз қайтпас жау беті.
Сен де, жалғыз батырсың. Ер Баукең Момыш әулеті [1]. Ақынның Бұл жалғанда кім жалғыз? деп сөз бастауы санаға салмақ түсіреді, бірақ терең ойға жетелейді. Біз әр шығармасын сүйіп оқитын Бернард Шоу: Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу - дарын. Шексіз қуатын, қарымы мен білімін өлеңге арнаған ақын да осы - Жәркен Бөдешұлы. Қадау-қадау ғасырлардың жүгін, тарихтың сөзін жалғыз ғана поэмаға арқау етіп, ұлтының басынан кешкен қасіретін ақ қағаз бен қоңыр сия арқылы әдіптеген жан талант емей немене?
... Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?
Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?
Жалғыз таудың қуысын қысы-жазы паналап,
Жалғыз балға. Төрт таға. Жалғыз атын тағалап.
Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап...
Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде:
Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.
Жалғыз Құран. Жалғыз құман.
Жалғыз шаршы жайнамаз.
Бес намазын оқиды. Күңіреніп білікті ұл,
Тыңдайды оны сай-сала,
Орман тоғай, Тымық қыр.
Жалғыз жарлы ас үйде:
Жалғыз ошақ. Жалғыз қазан. Жалғыз шөміш.
Жалғыз көсеу. Жалғыз табақ. Жалғыз кесе.
Жалғыз қасық.
Жалғыз шәугім. Бәрі-бәрі жалғыздан.
Жалғыз жүрек. Жалғыз қалам. Жалғыз жан.
Тағы сол ұлы жалғыздықтың өлмес жыры. Тәңірге бетін бұрып, ұлтына жүрегімен берілген Шәкәрімнің шын кейпі, жалғыздығы ұлттың жалғыздығы екенін сезінбеуге шарасызбыз.
Жалғыздық жақсы, бірақ жалғыздық жақсы екенін айтатын адам керек дейді Оноре де Бальзак. Жәркен Бөдешұлы жалғыздықтың да жақсы қасиет екенін ақ қағазға, одан ары оқырманына, ел-жұртына айта алды. Оның өзінің де, сөзінің де түпкі мақсаты - осы. Екі жыл бұрын ақын тура бірінші қараша күні телефон шалды. Тұтқаның ар жағынан: Әй, бала, хабарсыз кеттің ғой, айтпақшы, бүгін қай айдың қай күні, тамыздың бірі ме? , деп саңғырлай сөйледі. Жоқ, аға, бүгін қарашаның бірі ғой дедім, телефонның ар жағында үнсіздік орнады. Сәлден соң: Е, үйде құры жатқан адам уақыттан та адасып қалады екен ғой деп күрсінді. Осы оқиғаның өзі Жәркен ақын мен жалғыздықтың қаншалықты егіз болып үндесіп кеткенін түсіндіреді. Өткен жылы ол кісі туралы Жәркен Бөдеш + өлең = жалғыздық деген мақала жаздым, газеттен сол мақаланы оқыған ақын: Кезінде Оралхан Бөкеев маған: Түбі сен мен туралы жазасың, мен сен туралы жазамын деп айтып еді, сол сөзді саған айтқым келеді деген жылы сөзін айтты. Осы бір сөз ойымда қалықтап, Қазығұртқа шөккен кемедей міз бақпай тұрып алғалы қашан?! Жалғыздықты жырлап қана қоймай, өзіне серік еткен ақынның жырлары поэзия майданында да дара болып қалары даусыз. Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады дейтін Артур Шопенгауэрдің сөзін Жәркен Бөдешұлының ешкімге ұқсамайтын өмірі мен өлеңдері дәлдеп берді. Өлеңге адал, өмірге өкпе айтпаған ол Рене Декарт сияқты жалғыздықты ұлы қалалардан ғана емес, айналадан, адамдардың болмысынан, туған жерінің тау-тасынан, ұлтының тарихы мен оған қарыздар замана ағысынан іздеді. Тапты да. Сосын соны жырлады. Өлеңдегі ұлы қасіретті, жалғыздықтағы сансыз мехнатты жүрегімен көтере білген ақынның әр сөзі бүгін, ертең, тіпті мәңгілік оқыла бермек. Оған тағы сол жалғыздықтың өзі куә-дүр. Мүмкін біреу Жәркен Бөдешұлы жалғыз ба? деуі мүмкін, иә, ол - жалғыз. Өлеңдегі өзгеше болмысымен, қуатымен, туған жерге деген сарқылмас сағынышымен, тіпті жыраулығымен ғана жалғыз.

1.2 Жалғыз поэмасының идеясы
Қай кезең екенін кесіп айту қиын, ақын бір кезеңде кемелділікке ұмтылады. Бұл төрт аяғынан тік тұрған, төрт тұрманы сай, қайталанбайтын дүние жазуға бет бұру ғана емес, онан да маңыздысы әлгі тиекке - сөздің бар болмысын ашып жіберетін тиекке қол тиген сәтке тура келеді. Бұл ақын өзі ұзақ іздеп келіп ақыры тапқан есіктің алдында сәл тыныстап тұрып, кілтті бұрап ашқандай - өзін де ашып жібергендей - соған дейінгі барлық сәттілік пен сәтсіздікті, кедергілер мен адасуларды артқа тастаған, жетпек мақсаттың соңғы баспалдағын басып тұрғандай өзгеше көңіл-күй. Құдыретті поэзияның да осы деңгейде өмірге келетінін айтпағанның өзінде, ақынның кемелділікке айналып кетер алдындағы толық бейнесіне байыздай қарап, түс тоқтатып қалудың өзі нағыз поэзияны тереңнен түсінудің өзгеше бір мүмкіндігі екені де шындық. Мұның өзіндік себебі де бар. Ақын өмір бойы сөздің кілтін іздесе, оқырман ретінде біз де тынбастан поэзияның кілтін іздейміз [4].
Қазақ поэзиясында өзін жаңа бір әлемге айналдырып жіберетін әлгі есікті іздеген ақындар болмады емес, болды. Бірақ олардың бәрі бірдей сол есікті ашты деп айта алмаймыз. Дегенмен, Жалғыз (Қазақ әдебиеті №1, 2009 ж) поэмасымен қазақтың талантты, біртуар ақыны Жәркен Бөдешұлы сол есікті ашқан сыңайлы.
Қазақ поэзиясында өзін жаңа бір әлемге айналдырып жіберетін әлгі есікті іздеген ақындар болмады емес, болды. Бірақ олардың бәрі бірдей сол есікті ашты деп айта алмаймыз. Дегенмен, Жалғыз (Қазақ әдебиеті №1, 2009 ж) поэмасымен қазақтың талантты, біртуар ақыны Жәркен Бөдешұлы сол есікті ашқан сыңайлы.
Поэма кіріспеден және алты бөлек жырдан тұрады. Соңғы алтыншы бөлек бүкіл жырдың текшесі, тұғыры сияқты. Ол текшеде тіршілікке, бұлқынған өмірге қажетті дүние - ауа, су, топырақ бар. Бұл тұрғыдан келгенде поэма терезенің алдында, күн шуағында тұрған гүл құмырасына ұқсайды. Көз алдыңызға Ван Гогтың Күнбағыс атты май бояулы суретін келтіріңізші. Айтпақшы, Ван Гог пен ақын Жәркен Бөдешұлының арасында сырлы бір байланыс бар. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында, ақын Ван Гог туралы өлең жазған. Ван Гогпен қатар сол тұста ақынның назарына ілінген тағы бір тұлға бар. Ол - Шешенстанның тұңғыш президенті, аты әлемге әйгілі қас батыр Жоһар Дудаев. Бұл екі адам ақынға несімен ардақты болды дейсіз ғой. Бұл екеуі де дара туған жалғыздар болатын. Жоһар Дудаев - жарты әлемге үкімі жүріп тұрған Кеңес Одағынан тәуелсіздікті талап еткен бірінші көсем. Бұл тіпті 1989 жылғы іс. Ол кезде тәуелсіздік туралы ой кейін Кеңес Одағының құрамынан бөлініп шыққан елдердің өңі тұрмақ түсіне де кірмеген кезең болатын [5].
Қас батырдың бейнесі, әсіресе, олардың құрбан болар шағындағы соңғы арпалысы замандардан бері адамзаттың көкірек көгінде мәңгілікке жанған шырақтай болып қалып келеді. Әлем әдебиетінде жанып тұрған сондай шырақтың бірі - Л.Толстойдың Қажымұрат повесінің соңындағы Қажымұраттың оқ тиіп құлап түсіп, жаны шығып кеткеннен кейін де, өзін жұлмалап, басын кесіп жатқандарды біліп жататын сол бір беттер. 1995 жылы Жоһар Дудаев та Қажымұрат сияқты сәтсіздікте, қастандыққа ұшырады. Ақын Жәркен Бөдешұлы, міне, осы кезеңде қас батырға арнап жыр жазды. Бұл батырлық пен жалғыздық туралы толғау болатын. Ван Гогқа келсек, бұл адамның ақынды қызықтыратын себебі, Ван Гог соңғы екі ғасырдағы батыс суретшілерінің ішіндегі өнердің отына өзін-өзі итеріп жіберген ең бір айтулы тұлға. Онан да маңыздысы, Ван Гог сурет өнерінде адамның ішкі рухани дүниесін жеріне жете, үзілді-кесілді, қайталанбастай етіп жасаған, жарық пен бояу арқылы адамзаттың арыдағы көрінбейтін әлемінен бір үзік жол ашқан өнер иесі. Ван Гогтың Күнбағыс, Тұқым себу, Батар алдындағы күн, т.т. суреттері тап-таза рухани дүниені бейнелеуге арналған туындылар. Оларды өзінен бұрын ешкім жасай алмаса, кейін де қайталай алғандар болған жоқ. Бұл туындыларда рух пен тән өнерде үйлесім тапқан өзгеше бір өрнектің бар екені байқалып тұрады. Өнердегі мұндай ішкі келісімді біздің поэзия деп атауымызға да болады. Ақын Жәркен Бөдешұлын Ван Гогқа жақындатқан да суретшінің бойындағы осы поэзия. XIX ғасырдың соңында Ван Гог өз суреттерін қалай дүлей етіп салса, сол кезеңдегі Француз ақындарының дәл сондай дүлей жазғаны бізге белгілі жағдай.
Сонымен, өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында үш жалғыздың басы қосылған. Олар: Жоһар Дудаев, Ван Гок және ақын Жәркен Бөдешұлы. Бұл энергияның өзгеше жиналуы еді. Бұл арада осы топырақта жер басып жүргеніне қарамастан, жарты ғасырдан бері Жәркен Бөдешұлының да жалғыз болғанын айта кеткеніміз жөн сияқты. Қылышынан қан тамған Кеңес Одағының әлі де дәурені жүріп тұрған кезеңде шекара жарып бері өткен ақынның 1990 жылға дейін желі оңынан тұрды деп айта алмаймыз. Идеологияға ең қатал қарайтын саяси жүйе ретінде Кеңес Одағы үшін Жәркен Бөдешұлы ең әуелі қашқын, одан қалса қазақ болды. Енді бір сөзбен айтқанда, ол қашқын қазақ еді. Орыс та, тіпті қазақ та емес, қашқын қазақ болудың неден дерек беретінін сезіну үшін Кеңес Одағы кезін іздеп жатудың қажеті жоқ, оны бүгінгі өмірден-ақ сезіне салуыңа болады. Ол дегенің барлық жағынан қоғамның шеткері, алыс аймақтарына шеттетілу, көзге түсе бермейтін, елеусіз, ешкімнің алдынан көлденең өтпейтін, тек өзіңе-өзің ғана сыбырлап сыр ашатын міскін өмір. Жәркен Бөдешұлының 1970 - 1990 жылдарда жазған шығармаларына назар салсаңыз, туған жері Жәйіртауды жырға қосқан өлеңдерінен басқа да ақынның тұсаулы аттай кібіртіктеп, созылып шаба алмағанын бірден байқайсыз.
Жәркен Бөдешұлының жырдағы бағын ашқан 1991 жылы келген Тәуелсіздік болды.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында құрылған үш жалғыздың одағы араға он жылдай уақыт салып барып өз жемісін берді. Жинала берген энергияның түптің түбінде жарылмай қалмайтыны белгілі еді. Ол жарылыс мынау алдымызда жатқан Жалғыз поэмасы. Бұл арада неге он жылдай уақыт қажет болды? деген заңды сұрақ туады. Бұған біз поэманы бастап оқып алғанан кейін жауап қарастырып көрейік [7].
Жалғыз арқар.
Жалғыз оқ.
Жалғыз құздың басында -
Селт етпейді боранға,
Селт етпейді жасынға.
Мұңлы қоңыр жанары бір жанады, бір өшіп,
Ажалына сүйеніп, қатып қалған сіресіп.
Қос өкпесі деміксе - жусан исі бұрқырап,
Таңғажайып тағдырға тау тағысы тұр шыдап.
Жапанда жалғыз бәйтерек, айнала дауыл боратқан.
Жапырағын желге ол тонатқан.
Өз діңіне сүйеніп, шайқалса да жарықтық құламайды құрдымға -
Тамыры шынжыр болаттан.
Батыр Баян бабамыз ақ найзаға сүйеніп, ел қорғаған қасқайып,
Көкірегін кекті жас шайып.
Киелі қара шаңырақ, сүйеніп қызыл уыққа, уыққа емес рухқа.
Ана тіл ақ боз биедей оқыранып, жер тарпып,
Талқандап тұсау, кісенді ілінбеген құрыққа.
Ақ бесікке сүйеніп, әлди-әлди әндетіп апамыз бөбек тербеткен.
Әкем қырдың басында ақ таяққа сүйеніп ақтылы қой төлдеткен.
Жалғыз поэмасы - жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз [8].
Жалпы, жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді. Білетіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде өзін жалғыз сезіне бастайды. Сол жалғыздықтан қиналғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек.
Бұл поэма қазақы тәмсілмен басталады. Ғұлама таулардың тұрғыны арқар, құлжаны кәнігі аңшылар күзде, тек қана күзде аулайды. ...Қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдар сияқты бірден құлап түсіп, жантәсілім етпейтін көрінеді. ...қорғасын оқтың уы денесіне жайылғанша, сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны аңшылар қауымы оққа сүйенген жалғыз арқардай деген тәмсіл арқылы еске алады.
Жәркеннің де жүрегінің сау-тамтығы жоқ. Өмірдегі болмысына қарап, ешкіммен бармақ басты, көз қыстыға бармаған, біреудің ала жібін аттамаған кісі екен деп ойлайсың. Әңгімесін тыңдағанда өзін Жәркен ақын ретінде алып шығатынына сенетін жалғыз серігі жыры екенін түсінесің. Мына қоғамда сенері де, сүйенері де өлеңі. Жалғыз жырға сүйенген шайыр Жәркен деп ойлайсың. Ойлайсың да, жалғыздығының шыңы поэма болғанда, түйіні мына өлең екен дейсің:
Ұл кетті Ұлытаудан ұлар аулап,
Қыз кетті қына теріп, қыр алаулап.
Мен қалдым қараша үйдің іргесінде,
Жыландай белден соққан бұралаңдап.
Ошақтың күлін төккен борпаң жерге,
Бозінген түні бойы шығады аунап.
Бозайғыр үйірінен адасып қап,
Бозбие айдалада жүр алаңдап.

2. Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасын оқыту әдістемесі
Білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сабақ құрылымы бүгінде оқытудың жаңа технологияларына негізделген тың ізденістермен толығып келеді. Біз мысалға келтіріліп отырған сабақ жоспарлары дәстүрлі сабақ түрлеріне құрылған. Әдістеме ғылымында отандық әдіскерлердің қалыптастырған жүйесін жете ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Кие қандай атау
Аққу неге киелі
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы
Өлең сөздің патшасы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Думан Рамазанның журналистикадағы бастамалары
Пәндер