Мәдени әрекет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«ИТСУ» кафедрасы
Семинар 1
Пәні: Мәдениеттану
Тақырыбы: «Мәдениет нышандары, олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы»
Мамандығы: 5В070200-«Автоматтандыру және басқару»
Орындаған:
Тобы: АУк
Қабылдаған:
«» 2023 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2023
Жоспар:
- Кіріспе
- Мәдениет
- МӘДЕНИЕТ НЫШАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы ресми атауы Әлемдік және отандық мәдениеттің теориясы мен тарихы. Мәдениеттану пәні ғылым реттінде ХІХ ғасырдын аяғында мәдени антропологиялық және мәдени философиялық зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты. Мәдениеттану пәні негізінен үш құрлымдық бөліктен тұрады: 1. Мәдениет философиясы немесе мәдениет теориясы 2. Әлемдік мәдениеттердің теориясымен тарихы 3. Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы Мәдениет материалды мәдениет және рухани мәдениетке бөлінеді. Матералды мәдениет бұл негізінен адамды қоршаған жасанды орта яғни адамның қолымен жасалып шыққан болса неге адамның ақылының ықпалы, ойы, парасаты араласқан болса соның бәрі мәдениетке жатады. Матерялды мәдениет бұл ғылыми тілде артефактілер яғни жасанды құнды құбылыстар деп аударылады. Әрине материалды мәдениет өте маңызды бірақ сонымен бірге рухани құбылыстармен тығыз байланысты. Рухани мәдениет жалпы мәдениеттің өзегіг құрастырады. Біз рухани мәдениет туралы айтқанда рух және жан деген ұғымды бір бірінен ажырата білуіміз керек. Жан субъективті категория психологилық ұғым, себебі адам бекерден бекер жаным ашиды, жаным ауырады деп айтпайды. Рух бұл жағынан алғанда ерекше объективті құбылыс халықтың рухы туралы айтады жалпы әлемдік рух туралы айтылады.
Мәдениет
Адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
- Мәдени әрекет
- Мәдени орта
- Мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
- Мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады
МӘДЕНИЕТ НЫШАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Адам баласы өмірінің басты мақсаты - мәдениет ұстындарына сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда басталған жаңа үрдістерде көп деңгейлі және көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің бірі - қазіргі кездегі қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар - ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы даужанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т. с. с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өмірінде орын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі - бұл реттеу функциясы. Оның негізгі мәні - адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді. XVIII ғасырдан бастап көрсетілген үрдістер ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар мәселесін құра отырып, мәдени релятивизм мен мәдени әмбебаптылық нысанында болады. Мәдени релятивизмнің басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт өзінің жеке ұлттық идеясын құрайды деп болжаған. Алайда бұл неміс философы Гердердің жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде ұсынылған. Мәдени релятивизмнің қазіргі өкілі француз мәдениеттанушысы К. Леви-Строс болды. Мәдени әмбебаптылықтың белгілі өкілдері Руссо, Кант, Гете, көптеген ағартушы-философтар адамгершілік әмбебапты, көпшілік ұстындар жағында болады деп болжаған. Кант белгілі кесімді оған сәйкес егер қылық әмбебапты, жарамды болса, жақсы болып саналады. Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі әмбебаптылық дәрежесіне сай келеді. Мәдениет - философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму үдерісінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көптүрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салалармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет - адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. адам болу үшін еңбек құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет. Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері кездеседі Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қарағанда, философиялық мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажет. Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы кейде «Батыс - Шығыс» белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады. Батыс және Шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: «Батыс ол Батыс. Шығыс ол Шығыс… Олар ешқашан қосылмайды». К. Юнг де осындай көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері соншалық өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет емес деп есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» ұстындардың толық жеңуіне негіз болады деп санаған.
Мәдениеттану пәнінің негізгі ұғымына әрине мәдени мадина қала деген ұғымды білдіреді, бұл орта ғасырларда ислам ренесансы кезіңде қалыптасқан ұғым. Шетелде культура деген термин қолданылады. Культура дегеніміз натурға яғни табиғатқа қарсы қойылған ұғым. Бұл әрине ұғымның синтактикалық мәнісін білдіре бермейді қысқаша айтқанда мәдениетке мынандай анықтамалар беріп кетуге болады. Біріншіден белгілі ХХ ғасырдың ойшылы З. Фрейдтің анықтамасы бойынша тотем және табу деген еңбегінде мәдениет бұл адамның табиғатпен және басқа адамдармен қарым қатынасын ретке келтіретің норма, талап, тілек болып табылады. Басқа бір анықтамаларда мәдениет негізінен құндылықтар жүйесі деп анықталады яғни адамға не нәрсе пайдалы, игі, құнды болса соның бәрі мәдениетке жатады. Еңді шың мәнісінен алғанда мәдениет әрине бұл адаммен тікелей байланысты бұл адамнын болмыста өмір сүру тәсілі. Егер мысалы басқа тірі жануарлар табиғатта бұл гинеттикалық ақпаратын жүзеге асыру арқылы өмір сүретің болса адам мәдени ақпарат арқылы, мәдени талаптар арқылы қоғамда өмір сүреді. Әрине мәдениеттің анықтамалары өте көп мәдениеттілік ұғымыменде тығыз байланысты. Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес болып табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа, мемлекетке және Әлемге қатысты мәдени ұстанымдар жүйесі енеді. Айтып кететін бір нәрсе, мәдениетті анықтаудағы үш көзқарасты қолдана отырып, зерттеуші соған тән барлық үдерістерді толық қарастыра алады: тарихи (уақыттылық) - қандай да бір мәдени құбылыстардың өмір сүруінің уақыты және орны; формальды-функциональды (уақыттан тыс) - мәдениеттің қызметі мен құбылыстарын талдау, олардың уақыттан тыс, қайталанатын және кері түріндегі үдерістерін, интеграция мен дезинтеграцияны түсіну; формальды-уақыттылық үдеріс, әдетте, мәдениеттің өсуі немесе дамуы деп атайды - бұл мәдени жүйенің бір форма алдыңғы формадан шығуы және келесі бір формаға айналуы. Бұл үдерістің шеңберінде өзгерістер жеке құбылыстармен емес, мәдени құбылыстардың сыныптарымен болады. Мәдениет ұғымына адамзаттық қоғамның өндірістік, қоғамдық және рухани өмірдегі жетістіктер, ережелер мен тәртіптер жиынтығы, тәрбие мен білімділіктің белгілері тағы с. с. түсініктер кіреді. Ауылдар, аймақтар, этникалық топтар, халықтар, діни ұстанымдар - бұлардың барлығы мәдени әртүрліліктің деңгейлерін көрсететін өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір мәдениетке ие. Мәдениет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт Швейцер былай дейді: «Мәдениет дегеніміз адам баласының және бүкіл адамзаттың алға қарыштауының жиынтығы, ал бұл қарыштау индивидтің рухани жетілуіне ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл қарыштау мәдениетке апармайды. Яғни, бұл алға қарыштау адам баласының рухани жетілуінің белгісі болып табылады және солай болуға тиіс. Алға қарыштау дегеніміз тек ғылыми техникалық прогресс емес, керісінше, рухани дүниенің, құндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы тиіс. Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен нысандары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады. Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды. Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды «жасау», тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам) .
Бұл үдерісте адамның өзін дамытуы үшін жасалған қызмет жүйелері мәдениетке жатады. Сонымен біз мәдениетті адамның табиғатты түрлендіруінің материалдық және рухани салаларда іске асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз. Мәдениеттің қоғам өміріне белгілі бір дәйектілік пен позитивті дамуы бойынша әсеріне қатысты «мәдениет» ұғымы гуманитарлық ғылымдардағы ең басты ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл ұғым қазіргі мағынада XVIII ғасырда Еуропада Дж. Вико, И. Г. Гердер, Ш. Монтескье сынды ойшылдардың еңбектері арқасында пайданалына басталды. Бұл кезеңде географиялық экспансия толқындары адамдардың өз мәдени құндылықтарын, стереотиптерін, өмір сүру тәсілдерін өзге мемлекеттерге тән мәдениет құндылықтарымен салыстырудан мүдделер шиеленісуіне әкелді және мәдени көптүрлілік құқығы туралы пікірталастардың тууына ықпал етті. XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін «мәдениет» ұғымы біртіндеп ғылыми категория мәртебесіне ие бола бастады. Сөйтіп, ағартушылық кезеңіндегі мәдениеттің қоғам дамуындағы «жоғары» деңгейі деген мағынасы өз құндылығын жоя бастады. «Мәдениет» біртіндеп өркениет, қоғамдық-экономикалық формация, жаһанды аймақтандыру категорияларымен тоғыса бастады. Мәдениет - бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар бар. Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық сипаты бойынша екі қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм және космополитизм.
Мәдени тілдегі белгілер жиынтығы (алфавит, лексика) және оларды біріктіру ережелері (грамматика, синтаксис) әрқашан шектеулі, сондықтан шындық пен мағынаның әр түрлі құбылыстарына қатысты шектеулі. Мысалы: ақпаратты бір тілден екінші тілге" аудару " кезінде бұрмалау неғұрлым маңызды болса, осы тілдердегі мағыналау (сілтеме жасау) принциптері соғұрлым әр түрлі болады. Мәдениет тілінің экспрессивті құралдарының әртүрлілігі, демек, оларды білдіру принциптері олардың "аударма" (әртүрлі тілдердің көмегімен мағынаны білдіру мүмкіндігі) және "басымдық" (белгілі бір коммуникативті жағдайда белгілі бір тілді таңдау) мәселелерін өте күрделі етеді. Мәдениет тілінің қызмет етуінің тағы бір маңызды сәті - түсіну, ұғыну. Қарым-қатынас кезінде (белгілермен алмасу) сөзсіз түсінудің белгілі бір жеткіліксіздігі (жеке тәжірибенің айырмашылығына, тілмен танысу дәрежесіне және т. б. байланысты), бастапқы мағынаны бұрмалайтын түсіндіру (қайта ойлау) сәті болады. Түсінуші әрқашан түсінілетін нәрсе туралы белгілі бір идеяға ие, белгілі бір мағынаны күтеді және белгілерді осы көрініске сәйкес түсіндіреді. Мәдениеттің негізгі қызметі - артефактілерді шығармашылық тұрғыдан жасау құралы болу. Артефактілер - бұл адам қызметінің өнімдері мен нәтижелері, адам жасанды түрде жасаған заттар мен құбылыстар (артефакт - лат. arte - жасанды және factus - жасалған) . Жәдігерлер әлемі - адамның жасанды ортасы, адамдардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын «екінші табиғат». Табиғат заттары мен құбылыстарына қарағанда артефактілердің объективті қасиеттері ғана емес, адам үшін субъективті маңыздылығы немесе құндылығы бар. Адам мәдениеттің көмегімен құндылықтар жасайды.
Объектінің құндылығы бар, егер адам онда өзінің қажеттілігін қанағаттандыру құралын көрсе, егер көрмесе, онда объектінің құндылығы жоқ немесе теріс құндылығы - орысша айтқанда “антиценность”, яғни анти-құндылық болады. Әдетте құндылықтарды материалдық (тұрғын үй, киім, техника және т. б. ) және рухани (ақиқат, сұлулық, жақсылық, сенім, үміт, махаббат және т. б. ) деп бөледі.
Жәдігерлердің ішінде өздері туралы емес, өзінің маңыздылығы мен құндылығы туралы, басқа да нысандар туралы ақпарат беретін жәдігерлер бар. Олар туралы олардың мағыналары, мағыналары бар және олар таңбалар немесе символдар деп аталады дейді. Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі ғана емес, таңбалар әлемі, символдар әлемі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz