Азаматтық ғимараттардың сәулеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
«Ғимарат және имараттарды жобалау» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС)
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
«Азаматтық ғимараттардың жобалау сәулеті» пәні бойынша
Тақырыбы: Ақтөбе қаласындағы 9 бөлмелі жеке тұрғын үй
Орындаған: ПЗС-21 тобының студенті:
Тлеуханов Ерсұлтан Дарханұлы
Қабылдаған: профессор, т. ғ. к., Ph. D. Турашев Ағжайық Сейтқожанович
НҰР-СҰЛТАН, 2022
Мазмұны
Курстық жоба (жұмыс) тапсырмасы2
Эскиздік жоба2
Кіріспе2
1 Бас жоспар2
2 Ғимараттың функциональдық тағайындалуы2
3. Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі2
5. Ғимараттың көтергіш және басқа конструкциялары2
5. 1 Ғимараттың негізі және іргетасы2
5. 2 Ары қарай рет-ретімен2
5. Х Ары қарай рет-ретімен2
6 Ғимараттың инженерлік жүйелері2
7 Қорытынды2
8 Пайдаланған деректер көзі3
Қосымшалар3
№1 қосымша:Бас жоспарды жобалау кезінде қолданылған нормативтік құжаттар3
№2 қосымша:Негіз және іргетасты жобалау кезінде қолданылған нормативтік құжаттар3
№Х қосымша:. . . кезінде қолданылған нормативтік құжаттар3
Курстық жобаның ғылыми жетекшісі, жоба авторы туралы мәлімет3
Сведения об авторе, проекте и научном руководителе курсового проекта4
Information about the author, project, and supervisor of the course project4
Тұжырымдама/аннотация/ annotation4
Курстық жоба (жұмыс) тапсырмасы
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Сәулет-құрылыс факультеті
Ғимарат және имараттарды жобалау кафедрасы
5В072900-Құрылыс мамандығы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Шахмов Ж. А.
« 17 » желтоқсан 2022 ж .
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент (ТАӘ) : Тлеуханов Ерсұлтан Дарханұлы
Курс, тобы, мамандығы: 2 курс, ПЗС-21, Ғимарат және имараттарды жобалаушы
Пәннің атауы : Азаматтық ғимараттардың сәулеті
1. Курстық жұмыс(жоба) тақырыбы: Ақтөбе қаласындағы 9 бөлмелі жеке тұрғын үй
Нобайлық (эскиздік) жоба алынған сайт сілтемесі:
https://chertezhi. ru/modules/files/showfile. php?lid=41031
2. Ғимаратты жобалайтын елді мекенің толық атауы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы 9 бөлмелі жеке тұрғын үй
3. Студентпен аяқталған жұмысты тапсырудың соңғы мерзімі « 17 » желтоқсан 2022 ж.
4. Жұмысқа берілетін мәліметтер (заңдар, әдебиет көздері, зертханалық - өндірістік мәліметтер)
1. Қазақстан Республикасы көлемінде құрылыс саласында қолданылатын кодекстер, заңдар, нұсқаулықтар және басқа нормативтік құжаттар (АГСК-2020 тізімі бойынша) ;
2. Азаматтық ғимараттардың сәулеті мен жобалауына арналған әдебиеттер (соңғы он жылда шыққан) ;
3. Азаматтық ғимараттардың сәулеті мен жобалауына арналған типтік жобалар, аудио және видео материалдар.
5. Курстық жұмысты(жобаны) жасауға тиесілі сұрақтар тізімдемесі:
а) Түсіндірме жазбасы бойынша: Титулдық бет; Тапсырма; Мазмұны; Кіріспе, 1. Ғимараттың функциональдық тағайындалуы; 2. Бас жоспар; 3. Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі; 4. Ғимараттың негізі және іргетасы; 5. Ғимараттың көтергіш және басқа конструкциялары (қабырға, ұстын, ара жабын, төбе жабын, баспалдақ, шатыр, еден, есік, терезе, қақпа және т. б. ) ; 6. Ғимараттың инженерлік жүйелері (салқын/ыстық су, жылыту, желдету, ауаны баптау, кәріз жүйесі, телефон, интернет, электрмен жабдықтау және т. б. ) ; 7. Қорытынды; 8. Пайдаланған деректер көзі (саны 20-дан кем емес әдебиеттер және нормативтік құжаттар ҚН, ЕЖ, БҚ, МЕМСТ) ; Тұжырымдама/аннотация/ annotation; Қосымша(лар) . Ескерту: Түсіндірме жазбада А4 форматта, мәтінмен (текст) қатар, сызбалар, суреттер, кестелер, диаграммалар қолданылады және ол Ворд редакторында орындалады.
б) Графикалық материалдар тізімдемесі (Сызбалар А3 форматта, Microsoft Paint, Revit®, САПФИР, Allplan, Archicad, AutoCAD графикалық редакторларының бірінде орындалады) : Титулдық бет; Бас жоспар; 4 (төрт) қасбет; Қабат жоспарлары (1-ші қабат; 2-ші және басқа, жертөле) ; 2 (екі) қима: бойлық (1-1) және көлденең (2-2) қималар; Іргетас, Ара жабын, Төбе жабын, Шатыр, Итарқа (стропила) жоспарлары; кемінде 4 (төрт) түйін (узлы) .
Ескерту: Студент Курстық жұмыс (жоба) сызбалары және оның түсіндірме жазбасын, бастапқы редакторда жасалған файлдарын (түпнұсқа), осы файлдардың «пдф» форматқа айналдырған нұсқасын және қорғауға арналған «поверпоинт» редакторында жасалған баяндамасын жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін, электрондық форматта тапсырады және жобаны қорғау емтихан кестесі бойынша жүзеге асырылады.
7. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
1. «АГСК-2020» нормативтік құжаттары мен сәулет, қалақұрылысы арналған заңдар, МЕМС/ГОСТ;
2. Пән бойынша әдебиеттер және әдістемелік (методикалық) нұсқаулықтар мен кеңестер;
3. Курстық жұмыс (жобаға) сәйкес басқа да дерек көздері.
Тапсырманың берілген күні: 25 » қазан 2022 ж .
Ғылыми жетекші: Турашев А. С., т. ғ. к., профессор
Қолы аты-жөні, ғылыми атағы, лауазымы
Тапсырма қабылданды: Тлеуханов Ерсұлтан Дарханұлы
Қолы аты-жөні
Эскиздік жоба
Кіріспе
Құрылыс пен сәулет егіз ұғымдар. Олар үнемі бірге қолданылады. Құрылыс саласы адам баласымен бірге дамып келеді. Сәулет өнері барлық өнер салаларының тоғысқан жері. Ақтөбе қаласы мен облыс аумағындағы елді мекендерде мемлекеттік сәулет-құрылыс алаңдары мен қала құрылысы саласының саясатын жүзеге асыру мақсатында, облыстың елді мекендердің аумағында инфрақұрылымды дамыту және құрылыстар жүргізу мақсатында құрылған «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» бар. 2000-ыншы жылдардың басында Ақтөбе қаласы мен облысындағы құрылыстың өсу қарқыны едәуір өзгеріп, елордамыз Астанадан да асып түсіп, құрылыс саласындағы ең үлкен серпіліс орын алған болатын. Мысалы, Ақтөбе қаласында 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2, 8 есе тұрғын үй қүрылысы қолданысқа өткен екен. Яғни, Ақтөбе қаласындағы құрылыс саласы жылдан жылға дамып келе жатқандығын аңғаруға болады. 2019 жылдан қалада заманға сай 8 ықшамадауның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарындағы «Батыс-2», «Батыс-3» ықшамауданында жататын 32 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар осындай шағын аудандар маңынан мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер де салынуда. Ең қызығы, бұл аудандарда екі деңгейлі аулаларды салу жоспарланған, яғни жертөле паркингпен жабдықталып, жоғарғы қабаты балаларға арналған ойын алаңы болады деп күтілуде. Қазіргі таңда «ескі» және «жаңа» болып екіге бөлінетін Ақтөбе қаласын біріктіретін орталыққа айналдыру мақсатында Мәскеу ықшамауданында Көп қабатты тұрғын үйлер салу басты мақсаттардың бірі. Қала халқының саны артып келе жатқандықтан, 2030 жылға дейін 600мыңға жетеді деп болжам жасалып, жеке тұрғын үй құрылысы шектеліп көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы ең биік ғимарат - 25 қабаттан тұрады. Алдағы уақытта қаланың кез-келген бөлігінде биік ғимараттар бой көтереді деп ойлаймын. Бірақ мен көп қабатты пәтерден гөрі, жеке тұрғын үйде тұрғанды жөн санадым. Мен таңдаған жеке тұрғын үйдің жобасы Ақтөбе қаласының континенталды климатына сай етіліп және заманауи үлгіде жасалынған. Оның үстіне қазіргі таңда Ақтөбе қаласында жүргізілген көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыстарынан көптеген шикіліктер анықталып, халық өз наразылығын білдіріп жатыр. 9 бөлмелі 2 қабатты жеке тұрғын үйді таңдаған себебім, болашақта ата-анама осындай үйді сыйға тарқым келген. Жеке тұрғын үйдің, пәтерден артықшылықтары өте көп. Кейбір егде жастағы адамдарға, көп қабатты үйлерде тұру денсаулығына кері әсер беруі мүмкін. Оларға жеке тұрғын үй ыңғайлы деп есептеймін. Қонысың жеке тұрғын үй болса, аулаң тек өзіңе ғана тиесілі болады, қалағаныңша пайдалансың. Жеке тұрғын үйде тұрсаңыз көршілеріңіз мазаңызды алмайды. Ең кереметі өз отбасыңмен, аулаңда табиғат аясында көңіл көтергенге не жетсін!
1 Бас жоспар
Мен жеке тұрғын үйді Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Заречный- 4 елді мекені 213-жер учаскесіне жоспарладым. Бұл елді-мекен Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан. Жалпы Ақтөбе қаласының климаты континенталды болып келеді. Климаты күрт континенттік және тәулік бойына және жыл бойына да температура мен ылғалдылықтың, және басқа да метеорологиялық элементтердің құбылмалылығымен ерекшеленеді. Ақтөбе қаласына күшті желдің жиі қайталанып тұратын қатаң режимі тән және қыста оңтүстік құрамдас желдің, ал жазда солтүстік құрамдас желдің басымдығымен сипатталады. Ақтөбе қаласы ҚР ҚНжЕ 2. 04-01-2010 «Құрылыс климатологиясына» сәйкес III - А құрылыстық-климаттық ауданында орналасқан болып табылады. Ақтөбе қаласының географиялық координаталары - 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б. Және UTC+05:00 уақыт белдеуіне сәйкес келеді. Ақтөбе қаласының аумағы Ақтөбе-Орал маңындағы, Елек өзенінің алқапүстілік I террассасының Орал-Ембі платформасының шеткі шығыс бетіндегі толқынды беткейінде . Мен жеке тұрғын үйді жоспарлаған елді-мекен Қарғалы өзенінің жағалауында, теңіз деңгейінен 250м биіктікте орналасқан. Террассаның беткейі жалпы алғанда солтүстік батысы мен Елек өзенінің арнасына қарай ойысатын әлсіз толқынды жазық болып табылады. Рельеф беткейінің абсолюттік шамалары 209, 8-210, 1 м шегінде өзгеріп тұрады.
Гидрографиялық ерекшелігі бойынша аумақ Елек өзені және оның сағалары Қарғалы, Жіңішке, Тамды және Саздыға қарайды. Елек өзенінде Ақтөбе суқоймасы, ал Сазды өзенінде - Сазды суқоймасы салынған .
Аумақ қара-күлгін топырақты орташа құрғақ даланың аймағы шегінде жатыр. Көгалдандыру жасанды көшеттерді отырғызу жолымен жүзеге асырылады.
Қала аумағы мен жаңадан игерілетін аумақтарда қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық процестер мен құбылыстар қатарынан мыналар атап өтуге болады:
1) шөгінділігі; қала аумағындағы саздақтар мен құмайтты және саз шөгінділік қасиетіне ие болып табылады;
2) еру мен көшкіннің кең таралуы сияқты тайғақты процестер кездеседі;
3) эрозия : өзен жағасында кездесетін бүйірлік эрозия және де беткейлеріндегі тұрақты ағынсуы жоқ жыралы эрозия;
4) топырақтың борпылдақтығының күшеюіне және күштілігінің кемуіне әсер ететін ісінулер болып тұрады;
Аймақтың орташа жылдық температурасы +5, 3 C°. Жаздағы ең ыстық ауа температура шілде айында болады, ауа температурасы +40C° қа дейін көтеріледі. Шілде айы бойынша орташа температура +29, 9C°ты құрайды. Ал қыс айларындағы ең суық температура қаңтар айында болады, ауа температурасы - 35C°қа дейін төмендейді, орташа температура -13, 3C°ты құрайды. Қар жүктемесіне келетін болсақ, қыстағы ең үлкен онкүндіктің орташа мәні бойынша -32, 7 ні құрайды. Ал қыс мезгіліндегі онкүндік бойынша ең үлкен мән -65, 0 құрайды. Тұрақты қар жамылғысының жату ұзақтығы - 134.
Ақтөбе қаласындағы жалпы халық қолданысындағы сумен қамту жүйесі Елек өзені мен оның сағалары (Қарғалы, Тамды, Сазды) алабының аллювиальді қабаттарының жерасты сулары арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін бекітілген жерасты сулары қорларының жалпы шамасы тәулігіне 325, 6 мың м3, ал белгіленбегені - тәулігіне 25, 1 мың м3 құрайды.
Ақтөба облысында жеке тұрғын үйлер бойынша жер аумағы (үй маңы құрылыстары) жалпы ауданы 2, 5 млн. м2 құрайды.
Соңғы жылдар Ақтөбе қалалық әкімшілігі бойынша тұрғын үйлердің пайдалануға орташа жылдық берілу аумағы 317, 8 мың м2 құраған. Аумақтарды және тұрғын үй қорының жағдайын талдау, үй маңы учаскелері бар көбінесе аз қабаттық үйлер салынған учаскелерді бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 240, 8 га аумақта ауданы 264, 9 мың м2 қолданыстағы жалпы тұрғын үйді бұзу арқылы реконструкциялау алға қойылған негізгі іс-шаралардың бірі.
2 Ғимараттың функциональдық тағайындалуы
Жалпы ауданы - 187, 58м 2 .
Бірінші қабат еденінің ауданы- 162, 73м 2
Екінші қабат еденінің ауданы-96, 92 м 2
.
Бірінші қабат жоспары Екінші қабат жоспары
Тұрғын үй биіктігі 9, 9 м, қабат биіктігі 2, 9м. Салыстырмалы белгі ретінде 0, 000 деңгейдегі 1-қабат таза еден деңгейі алынды.
Бірінші қабатта орталық кіре беріс орналасқан. Сол арқылы холға өтеді. Есіктен тіке жүргенде екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ бар. Сонымен қатар бірінші қабатта асхана, тамбур, гардероб, терраса, санузел, қонақ, қонақтық жатын, қазандық бөлмесі орналасқан.
Екінші қабатта холымен қатынасатын 2 балалар жатын бөлмесі, жуынатын бөлме, 1 жатын бөлме, жұмыс кабинеті, гардероб және кір жуатын бөлме орналасқан. Қабаттардың әрқайсысында сан. түйін бар. Бірінші және екінші қабаттағы қосарласқан сан. тораптар сыртқы қабырғамен шектеседі, сондықтан мұнда гидрооқшаулағышына айрықша көңіл бөлінеді.
Жобада екі маршты баспалдақ берілген. Есептеулер барысында баспалдақтардың биіктігін 169 мм деп алдым, демек n=3100/169=19 көтеріліс.
Еңісті мына формула бойынша анықтаймыз:
i=
i= =0. 5
ҚНжЕ бойынша еңіс і=1/1, 25=0, 8 нормативтерден аспау керек. Марш енін 125мм деп алу қабылданған.
![]()
3. Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі
Ғимараттағы бөлмелердің экспликациясы
Ғимараттың техника-экономикалық көрсеткіштері
5. Ғимараттың көтергіш және басқа конструкциялары
5. 1 Ғимараттың негізі және іргетасы
Мен ғимарат жобалап отырған құрылыс алаңының негізі мен іргетасы
Іргетастың жоспары кез-келген ғимарат құрылысының аса маңызды кезеңі болып табылады. Оның дәлдігі мен ақпараттылығы одан әрі жұмыстың сапасын анықтайды, сондықтан жоспар құрудың жалпы ережелерін білу өте маңызды. Мен жобалаған тұрғын монолитті құрылымды технология арқылы салынады.
Жеке тұрғын үйдің іргетасы ретінде іргетас плитасын немесе таспалы іргетас қолданған дұрыс. Мен жеке тұрғын жобалайтын аймақтың геологиялық жағдайына байланысты жолақ негізді салуды ұйғардым. Іргетасқа ФБС24-6-6т деп аталатын іргетас блоктарын қолданатын боламын. Және ФЛ 16-8-3 маркалы іргетас асты блоктары қолданылатын болады. Іргетастың барлық ұзындығы 2700мм ді құрайды.
Егер топырақ нашар болса, онда плитаның негізін қарастырған жөн, бірақ ол таспадан гөрі қымбат болады. Егер топырақ жолақ негізін салуға мүмкіндік берсе, онда ол сіз үшін баға мен сапаның ең жақсы нұсқасы болады. Негіздің кең таралған түрі жеке үй салу кезінде ол таспа болып саналады. Бұл жүктеме қабырғаларының астына салынған таспа немесе бетон жақтау. Бетонның астында құм мен қиыршықтас жастықшасы пайда болады, бұл топырақтағы жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік береді және іргетас салмас бұрын топырақ дайындауды едәуір жеңілдетеді. Құм мен қиыршықтас жастық дренаж қызметін атқарады және жер асты суларының әсерінен қорғайды. Іргетас және талап етеді.
Әр ғимарат пен құрылым үшін сенімді негіз қажет.
Негізгі құрылғы келесі ретпен орындалады:
- Таспалы іргетасты нығайту сызбаларына сәйкес траншеядан топырақ алу.
- Құмды жастықшамен орындау.
- Болат арматурасынан жасалған раманы орнату.
- Сыртқы температура бес градус белгісінен төмен болған кезде бетонды жылыту керек.
- Форманы бекіту.
- Бетон құю.
Іргетасты тұрғызбас бұрын, топырақтың қасиетін толық біліп, диаграмма жасап, жұмсалатын материалдың мөлшерін есептеп, сатып алу қажет.
- арматураның қалыңдығы;
- раманың ұзындығы мен ені;
- өзектер формалары;
- тоқу әдісі.
Пайдалану кезінде іргетас аяз көтерілу кезінде топырақтың орнынан қозғалуы, шөгінділер мен карсттардың болуы және де сейсмикалық жағдайда, ғимараттың өзі салдарынан әртүрлі жағдайларға ұшырайды. Осылайша, негізнің жоғарғы жағы негізінен сығымдау жағдайында, ал төменгі жағы кернеу астында болады. Ортада жүк жоқ. Сондықтан оны күшейту мағынасы жоқ.
Егер есептеу барысында анықталған іргетасты нығайту керек болса, қосымша деңгей орнатылатын болады.
5. 2 Аражабын тақталар
Аражабын тақталар ағаштан және темірбетоннан жасалуы мүмкін. Соңғы уақыттарда дизайн бойынша құрама, темірбетонды, монолитті болып бөлінеді. Мен өзім қолданатын темірбетон аражабын тақталар туралы айтатын боламын.
Аражабын тақтасы - әр түрлі мақсаттағы ғимараттарда көлденең жүк көтергіш құрылымдарды салуға арналған дайын темірбетон бұйым. Олар әртүрлі қабаттарды бір-бірінен бөлуге, сондай-ақ тік жүктемелерді қабылдауға, оларды бөлуге және басқа тіреу элементтеріне (қабырғаларға, іргетастарға) ауыстыруға арналған. Қабаттасу жүктемені қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар үйдің құрылымындағы қаттылық элементі ретінде қызмет етеді.
Мен темірбетонды қабырға қолдануды жөн көрдім. Себебі, жеке тұрғын үй құрылысында қуыс темірбетон плиталары үлкен сұранысқа ие. Бойлық технологиялық бос орындар темірбетон бұйымдарының салыстырмалы түрде аз салмағын қамтамасыз етеді, олардағы ауа әсерінен жылу мен дыбыс оқшаулау сипаттамаларының жоғарылауына ықпал етеді.
Қуыс темірбетон плиталарының артықшылығы:
- Салыстырмалы түрде арзан. Мысалы, Ақтөбе облысындағы қуыс аражабын тақтасының бағасы орташа бағасы 1 данасы 14000 теңгеден басталып өлшеміне қарай жоғарылайды.
- артқан жүктемелерге төзімділік;
- әмбебаптық;
- жоғары дыбыс және жылу оқшаулау;
- шөгу құбылыстарының болмауы;
- тез және ыңғайлы орнату;
- коррозияға, ылғалға, жоғары температураға төзімділік;
монолитті өнімдермен салыстырғанда жоғары дірілді өшіру мүмкіндігі;
байланыс орнатудың ыңғайлылығын қамтамасыз ететін бос жерлердің болуы.
Мен ПБ 48. 12-8 ені 1200мм биіктігі 220мм болатын 16 және ПБ 37. 15-8 ені 1500мм биіктігі 220мм болатын 4 аражабын тақталарын қолданатын боламын.
ПБ темірбетон аражабын тақталары беріктігі жоғары M400-M500 маркалы бетонды қолдана отырып жасалады. Кез-келген ұзындықтағы бұйымдарды арматуралау үшін алдын ала кернеулі арматура қолданылады. Сығылған және созылған аймақтардың алдын-ала кернеуі осы типтегі бетон бұйымдарының еркін ауытқуын азайтады және ПК-мен салыстырғанда олардың крекингке төзімділігін арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz