Христиан шіркеулерінің кұрылуы


14. Дәріс тақырыбы: Дін философиясы
2. Оқу нәтижелері:-Ойлау мәдениеті және ой-өрісі кең, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық пәндер саласындағы базалық негіздерді біледі және түсінеді;
3. Дәріс жоспары:
1. Буддизм және оның негізгі бағыттары.
2. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
3. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары
4. Суфизм(әл-Ғазали, Қожа Ахмет Яссауи)
5. Неміс романтизм өкілдерінің діни философиялық концепциясы(Ф. Шлейермахер) . С. Кьеркегордің діни философиясы
4. Дәріс тезистері:
... жалғасыБудда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды - садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.
Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б. э. дейінгі ІІІ ғ. ) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.
Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні” деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.
Манхаяна немесе “солтүстік будда діні” негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты.
Махаяна екі тармаққа - ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінеді. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ. ҮІІІ ғасырда буддизмнің жаңа ағымдары - тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері “жол” немесе “заң” деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталатын буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.
Ламаизм негізіндегі лама яғни “аса мәртебелі”деген дін басыларына, діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғасырдан Тибетті далай- лама мен панчен- ламалар басқарып келген. Олар “Мұхиттай шексіз ұстаз” дегендерді білдіреді. Тибеттің бүкіл тарихында он төрт адам көзі тірі құдырет саналатын далай- ламаатағына көтерілген. Мұнда далай- ламаны сайлаудың берік тәртібі қалаптасқан: далаи- лама өлген соң 49 күннен кейін (екі жылға дейінгі аралықта) дүниеге келген ер балалардан болашақ Будда іріктеліп алынатын болған. Оның шарты - жас баланың сыртқы пішін- келбетінің ұқсастығымен бірге, оған ұсынылған заттардың ішінен ламаға тиісті заттарды таңдап ала білуі. Осындай дін басыларының қалауы түскен бала 16 -17 жасына дейін шәкірттік жолдан өткен соң лама, кейіннен далай- лама атағын алатын болған.
Джайнизм ұлттық діні - Үндістан - ұлыстар мен тілдері көп ел болуымен қатар, қазіргі кезде өмір сүріп жатқан бірқатар діндердің пайда болған жері. Б. з. д. VI ғасырда буддизм және джайнизм, ал б. з. XVI ғасырда сикхизм пайда болды. Индуизмдегі касталық жүйеге және брахман сыныбының беделіне қарсы шыққан діндерден буддизм әлемдік сипатқа, ал джайнизм мен сикхизм ұлттық ерекшелікке ие болды. Бұл соңғы екеуі (сикхизмдегі кейбір ережеден тыс нәрселерді бір шетке қоя тұрсақ) Үндістаннан сыртқа тарай қоймаған. Бұларға біршама тоқталамыз.
Үндістанда тараған джайнизм кейбір ғалымдардаң пікірінше, сектаға немесе тариқатқа жатады. Джайнистердің саны 3 миллионға жуық. Бұл діннің негізін қалаған - махавира (б. з. д. 599-527) деп танылса да, шындап келгенде джайнизм Парсвадан (б. з. д. VIII ғ. ) бастау алатын өте ерте кезеңге тән. Парсваның доктринасын Махавира одан әрі жетілдіріп, бір жүйеге түсірді. Батыстық авторлар Махавираны бастапқы кезде аталмыш діннің негізін қалаған деп көрсетсе, ендігі жерде оны реформатор ретінде сипаттап жүр. Махавираның өмірі - Бенаресте туылған Парсваға «Parsvanatha» (жеңімпаз) деген ат берілді. Парсва мына жалған дүниелік істерден бас тартып барлық нәрсенің сырын білгеннен кейін халыққа өзінің үгіт-насихатын уағыздай бастады. Ол жүз жасады. Өлгенге дейін айлар бойы диета ұстады. Парсва, Махавира мен Будданың өмірбаяндары арасында едәуір ұқсастықтардың бар екендігі байқалады. Бұлардың үшеуі де кшатрий (ханзадалар мен әскерлер) кастасына жатады.
Парсваның доктринасы мен жамағаты весалилік ханзада Вардхамана тарапынан жаңартылып жетілдірілді. Вардхамана отыз жасында үйін, бала-шағасын тастап кетіп, монахтың киімін киіп, монахтықтың бір белгісі ретінде бес тал шашын жұлды. Біраз уақыт өткен соң киімдерін шешіп, тыржалаңаш кезуді шығарды. Отыз ай сынақ жаттығудан кейін ең үлкен сынаққа аяқ басады; ол он үш жыл бойы нәпсісін аяусыз қинап, бір ағаштың түбінде терең ойға шомып отыра беретін әдет шығарды. Рух көші (самсара) шеңберінің түпнегізіне еніп кеткенше, азапқа толы дәруіштік өмір сүрді, ақырында рух көшінен құтылар жол табады. Сол себепті Вардхаманға «Ұлы қаһарман Махавира», жеңімпаз немесе «адами ашкөздіктен құтылған» дегенді білдіретін Жина аты берілді (Жина санскритше бір сөз, бір термин) .
Джина (Джайна) өз доктринасын тектілер мен қарапайым халық арасында уағыздады. Ол өз уағыздарын қасиетті тіл саналған санскритше және жергілікті магадхи диалектісінде жүргізді. Маңайына түрлі касталардан адамдар жинап, үлкен жамағат құрды. Осы істі отыз жылдай жалғастырды. 72 жасында (б. э. д. 527 жылы) Бихарда дүниеден өтті. Тиртанкара (өткел жасаған, қайталап тұрған дүниеге келу шеңберінің селінен өткел тапқан, жол көрсеткен) ретінде Махавираға тағзым етілген. Оның Нирванаға жетуі джаинист күнтізбенің бастауы болған. Джаинизм аз уақыттың ішінде алдымен Махавираның мемлекеті Блхар-Ориссада, кейін б. э. д. ІІІ ғасырда бір қуаңшылық себебімен Үндістанның оңтүстігі мен батысына тараған. Бірақ бұл таралу монахтардың киіну мәселесіндегі тартыстарды және бөлінулерді де өзімен бірге ала келген.
Вардхаманы жақтайтындарды «джайнист» дейді. Бұл сөз Махавираны атайтын жеңімпаз мағынасындағы джина сипатынан тараған. Джинаның доктринасын «джайнизм» деп атады.
(Джина) кезеңі мен мемлекеті Будданыкімен сабақтас. Олардың өмірі, наным-сенімдері және еңбектері арасында өте ұқсастықтар бар. Махавира Буддадан бұрын дүниеге келген. Бірақ ол Будданың доктринасы уағыздалған заманды көріп өтті. Екеуі де брахмандарға әрі олардың құлшылық ету тәсілдеріне қарсы шықты. Жалпы олар рух көші теориясын жақтады. Бұл екі әрекет брахмандардың беделіне деген қарсылық көрсету еді; көптәңірлікке, тым қатал касталық жүйеге және қанды құрбандықтарға қарсы реакция ретінде қалыптасты. Араларындағы айырмашылық джайнистердің тақуалыққа анағұрлым маңыз бөлулері және өз нәпсілерін азаптауда тым шектен шығушылыққа барулары еді. Дегенмен буддизм бұл мәселеге әлдеқайда түсіністікпен қарайды. Джайнистер сондай-ақ мүсіндерінде адамдарды толығымен жалаңаш етіп көрсетеді.
Джаинизм брахмандардың ықпалына және кейбір үнділік көзқарас жүйесіне қарсы шыққан болса да, үнді түсінігінің жалпы шеңберін және ғибадатхана рәсімдерінде брахмандардың ролін қабыл етеді. Ахимсаны (қиындыққа бармау, өлтірмеу) принцип ретінде алып, қандай болмасын жаратылысты өлтіруге тыйым салады. Сондықтан да егінмен айналыспайды, жұмыс істеуді таңдайды. Тамақтану тәртібі барынша қатаң. Тамақтанулар үшін аздаған жеміс пен көкөніс жеткілікті. Жақсы джаинист ішкен суын, дем алған ауасын сүзгіден өткізуі міндетті. Сондықтан әрдайым аузында мата байлап жүреді, кішкентай болсын жаратылысты өлтіріп алмауы үшін жүріп бара жатқанда алдын сыпырып отырады.
Джайнизм атейстік дін ретінде сипатталады. Дегенмен бұл «атейзм» тәңірдің барлығын, рухтың мәңгілігін, құрбандықтың пайдасын, құтылу жолының мүмкіншілігін жоққа шығару деген сөз емес. Махавира Будда сияқты тәңірі идеясына тоқталмаса да, кейбір джайнистік ағымдарда оның наным-сенімі бар екендігі байқалады. Ғибадатханаларда тәңірдің мүсіндері туралы XV ғасырда құрылған стханакаваси ағымы алғашқы джайнизмнің тәңірді мойындамайтын бір ерекшелікке ие екенін жақтап, ғибадатханалардағы мүсіндерді, суреттерді қабылдамауға дейін барды.
Б. з. д. ІІІ ғасырдан бастап монахтар арасындағы киіну үлгілеріне байланысты шыққан талас-тартыстардың ақыры джайнизмнің екіге бөлінуіне әкеп соқты:
1. Дигамбра Бұлар Махавираға бағынып, толығымен анадан жаңа туғандай тыржалаңаш жүретін болған. Кейініректе мұсылмандар оларға шағын болса да, киім киюді үйретеді.
2. Светамбра Бұл атау үстеріне киген ақ киімдерімен байланысты.
Аталмыш екі ағым арасында доктрина тұрғысынан айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Екеуі де йогамен айналысады. Олар джинаға, тиртанкаға және өте кемелді қасиеттілердің барлығына сенеді. Тиртанкалардың әр кезеңде 24 шақты болғанын, Махавираның осылардың соңғысы екендігін қабылдайды.
Махавираның уағыздары алдымен ауызша риуаят етілген. Кейін жиналған консиль бұл уағыздардың бір бөлігін жинақтай алған, бірақ риуаяттардың басым бөлігінің жоғалуының алдын ала алмаған. Ауызша риуаяттардан қалғандар Махавираның өлімінен кейін он ғасырдан кейін жинақталған «ақ киінгендер» консилі тарапынан «Агамалар» немесе «Сиддханта» атты кітапта топтастырылған. Бұл кітап «Ганипидака» деп те аталады. Бұл кітапта монахтардың атқаруы керек қағидалар, джаинизмнің доктриналары және аңыздары орын алған. Жалаңаштар ағымы, ақ киінгендердің бұл кітабын апокриф (дұрыс емес) деп оны қабыл етпейді. Олар джаинистердің барлық кітаптарының Үнді философы Шанкара тарапынан жойылғандығын айтады. Жоғалған кітаптардың орнына, үлкен ұстаздарынан төрт адамдық бір топтың ортаға қойған бір еңбегі оқылады. Бұл кітап джаинистердің әлемді суреттеулерін, философиясын, моральдық-этика және құлшылық жайындағы көзқарастарын қамтиды. Бұл кітаптардың есепсіз түсіндірмелері болған. Бұл екі ағымның дұрыс деп қабыл еткен кітаптарынан басқа өте көп діни, әңгіме және моральдық-этикалық кітаптары да бар.
Джайнистік моральдық принциптері Махавираның қасиетті мәтіндерінде орын алған. Моральдық ережелер (қағидалар) монах еместерге де барынша қатысты. Бұл қағидалар төмендегі бес жолдан тұрады:
Жанды нәрсені өлтірмеу.
Жалған сөйлемеу.
Ұрлықтың қандай түрін болса да жасамау.
Мүмкіндігінше жыныстық қатынастан аулақ болу.
Азын-аулақ дүниемен тіршілік ету.
Мұның тақуалыққа жетелейтін өзге жақтары әсіресе монах ерлер мен монах әйелдерге арналды. Олардың көбі монастырда өмір сүреді. Өз сенімдерін дүйім жұртқа жаюды мақсат тұтпаған джайнистер туралыққа, қарапайым өмір сүруге үлкен мән берді.
Джайнизмнің мақсат-мұраты - рухты өмір мен өлім арасындағы байланыстан, кармадан құтқарып, нирванаға жеткізу. Бірақ барлық рухтар бұл мақсатқа жете алмайды. Өмір мен өлім шеңберінде мәңгі-бақи айналып келе береді. Мұнымен қоса, ерекше қабілетке ие рухтар сансыз тіршілік-өмірдің нәтижесінде нирванаға жетуі мүмкін. Ол үшін карманың рухқа кіріп кетуін тежеп, рухтағы бар карманы жойып жіберу керек. Кармадан сақтану жолдары жоғарыда айтылып өткен бес ережеде жазылған. Сол бес ережеге мойынсұну темірдей тәртіппен, қиыншылықтарға сабыр етумен, нәпсісін тізгіндеумен жүзеге асады. Қысқасы, қатаң бір тақуалық өмірге қадам басқан жандар, дүниені толығымен тәрк еткен монахтар мен монах әйелдер рух көшінен аман қалып, нирванаға жетуі мүмкін деп есептеледі.
Джайнистердің пайымдауынша бұл дінге мойынсұнғандар - өлімнің не екенін білмейтін болады, мәңгілік өмірге қадам басады. Ал әлемді ешкім жаратқан жоқ. Әлем - мәңгілік. Ол жаратылмаған. Оның пейіштері және тозақтары бар. Пейіш - тәңірлердің мекені. Тиртанкалар мен амандыққа жеткен жаратылыс иелерінің мекені болып табылатын мына әлемнің ең жоғары қабатына қарағанда тозақ өте төменде орналасқан. Мына дүниеге қайта келу машақатынан бір жола құтылғандар көк аспан әлемінен жоғары тұрған өзге бір әлемде өмір сүреді. Ортада жоғарыдағы пейіштер мен төмендегі тозақтарды бөліп тұратын, адамдар мен жануарлар мекендейтін орын бар. Жанды заттар сана-сезімдеріне, түйсіктеріне қарай топ-топқа бөлінеді.
Джайнистердің ғибадатханалары өте сәулетті. Джайнистер қауымын басқару монах пен монах әйелдердің қолында. Бастапқыда кезбе дәруіш боп өмір сүрген монахтар кейініректе монастырға орналасты. Олар қасиетті жазбаларды оқи отырып, жан мен тәнді тәрбиелеп уақыттарын өткізеді. Монахтар секілді халық та күнделікті белгілі құлшылықтарын орындайды. Құлшылық кезінде тиртанкалармен байланысты мадақтау жырларынан үзінді оқиды, терең ойға беріледі, тәубе етеді, белгілі бір іс-әрекеттерді орындайды, жан-жануарларға зәбір көрсетпеуге тырысады. Сол себепті олар өсімдіктермен көректенеді, мас қылатын ішімдіктерді аузына алмайды. Барлық жануарларды емдейтін емханалар бар. Діндар джайнистер аштан өлуді ең абыройлы іс деп санайды.
Көкте көптеген тәңірлердің бар екендігіне, бірақ олардың да рух көшіне ұшырайтындығына, адамзатты құтқаруда жәрдем бере алмайтындығына сенеді. Джайнистік ғибадатханалардағы мүсіндер қасиетті саналады. Алдында тұрып, мадақ айтылады. Оларға жеміс-жидектер ұсынылады. Алдарына шырақтар мен хош иісті заттар түтетіледі. Пұттар жуылып, тазаланады, майланады, гүлдермен әшекейленеді. Тиртанкалар өмір сүреді делінген қасиетті орындарға зиярат етіледі. Адамдар арман-тілектерін айтып оларға және тәңірге дұға оқиды. Кейбір джаинистер үнділердің тәңірлеріне де дұға етеді. Ғибадатханаларындағы құлшылықтар, монахтар тарапынан емес, халық тарапынан басқарылады. Индуизмнің дін адамы болған брахмандар жалақы алу арқылы джаинист ғибадатханаларында жұмыс істетеді.
Христиан дінінің пайда болуы. Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі жағдайларға тоқталуымыз керек Шындығында христиан діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде христиандарға үлкен ықпал еткен иудаизм - еврейлердің ежелгі монотеистік діні. Христиан дінінің қасиетті кітабы - Библияның құрамына иудаизмнің қасиетті кітабы - Көне өсиет те (Ветхий Завет) кірген. Ол құдайдың әлемді, өсімдік және жануарларды, адамды жаратуы туралы Көне өсиет қағидаларын өзгеріссіз сақтады. Қазіргі кезге дейін Көне өсиет христиан және иудаизм дініндегілер үшін де қасиетті кітап болып саналады.
Христиан шіркеулерінің кұрылуы . Телогтардың уағызына сәйкес шіркеу «Христостың денесі» ретінде дүние жаратылғаннан бастап бар. Олар шіркеуді тарихи түрде апостолдарда және Иерусалимдегі алғашқы діндарлардың бірігуінен шықты-мыс дегенді айтады. Шіркеудің мәңгі өмір сүруінен келіп христиан ілімінің өзгермейтіндігін тұжырымдайды. Шындығында, шіркеу христианшылдықтан тым кейін пайда болған. Шіркеудің пайда болуы алғашқы христианшылдықтың дамуының маңызды кезені болып табылады. Осылайша 11 ғасырдың екінші жартысында-ақ қауымдарда билік шын мәнінде епископтардың бай христиандар өкілдерінің қолына көшті. Шіркеудің нығаюы қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуымен қатар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек biblia - кітаптар ) жинақталған. Оның қазақша атауы Інжіл. Осы кітаптардың бірінші бөлігі (Ветхий Завет - Ескі өсиет, автор) Иудаизм дініне де ортақ. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей (өте аз бөлігі) және грек-койне (Новый Завет - Жаңа өсиет) тілдерінде жазылған. Қазіргі кезде Інжіл көптеген елдердің тілдеріне аударылған. Рим мемлекетінің христиандықты қудалауы немесе щған бейқам қарауы 1У ғ. Басында жаңа дінді қолдауға көшті. 313 жылы император Константин Әдикт үкім шығарып, христиан дінін басқа діндермен теңгерді, ал 324 жылы христиандықты ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жариялады. 325 жылы оның басшылығымен Нике қаласында 1 Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы шақырылды, ал христиан діни ілемінде зор рөл атқарды. Рим мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде төрт дербес шіркеулер пайда болды. Олар - Константинополь, Александрия, Антиохия, Иерусалим шіркеулері, іле-шала Антиохия шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православие шіркеуі бөлініп шықты. Христиан діні ірі екі негізгі бағытқа - православие, католиктік бағытқа бөлінді. Бұл бөліну жүздеген жылдар бойы қалыптасып, орнықты. V ғасырдан бастап олардың арасында христиан дінін билеп-төстеу үшін күрес басталды. 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері айырылысып тынды. Батыс шіркеүі - Рим-католиктік, яғни әлемдік шіркеу деп аталатын болды. Ал шығыс шіркеуі - православие шіркеуі деп аталып, ол алғашқы, ортодоксалды христиан принциптерін берік ұстанып қалды.
Христиан дінінің әлемдік мәні. Христиан діні 20 ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополияны сақтап келгенмен, христиан шірекулерінің саясаттағы ықпалының құлдырау ғасыры болды. Осыған байланысты олар өз саясатын өзгертуі қажет болып, саясатқа араласудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Қазіргі кездегі кез келген шіркеу иерархы - саясаткер. Дегенмен шіркеулер әлемдегі көптеген бейбітшілік жолындағы күрестерде үлкен роль атқарып келеді. Мәселен, үлкен апаттарға қарсы, ядролық қаруды жоюда т. б. с. с. Бүгінде конфессионалдық ерекшееліктеріне қарамастан христиан шіркеулерінің қайсысы болмасын әлеммн тығыз байланыста болуда белсенділігін көрсетуде. Христиан әдебиеті негізгі 4 жанрдан тұрады: 1. Інжілдер, 2. Апостолдардың арнау- лы хаттары, 3. Апостолдардың ісі туралы жазбалар, 4. Христос өсиеттері. Діншілдер олардың ішінен ең маңыздысы Інжілдер дп санайды. Ал алғашқы үшеуі ескі грек мемлекетіндегі Синопа қаласында жазылғандықтан синоптиктік деп аталады. Інжілдердің бір-біріне қайшы жерлері де аз емес, яғни әр кезеңдегі әр түрлі саяси-әлеуметтік көзқарастарды да меңзеп келген. Қазіргі заманғы христиандық және саясат. Христиандықтың тарихы - тұтастай халықтардың тағдырын өз уысында ұстауға бағытталған шіркеулердің өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі үздіксіз күрестер тарихы. Ол өзінің басынан құлдырау және дәуірлеу кезеңдерін талай өткерді. XX ғасырға дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополия сақгап келді.
Бүгін кез келген шіркеу иерархы - саясатшы. Мәселе оның осы саясатқа қалай араласатынында. Біздің заманымыздың саяси палитрасы алуан түсті. Осыған қарай христиандық та көп векторлы саясат жүргізіп отыр. Бүл бірнеше себептерге байланысты: кейбір елдерде, мәселен, Англияда, христиандық күні бүгінге дейін мемлекеттік дін болып есептеледі. Ал кейбір мемлекеттерде діннің мүндай мәртебесі жоқ, ол әр адамның жеке басының ісі деп жарияланған. Мәселен, американ протестантизміне өзімшілдік, волюнтаризм, жеке инициатива мен еркіндік тән. Өзін азат шіркеу және өкіметті табиғи дүшпаны санайтын протестантизм мемлекетпен қатынасын осы түрғылардан құрады. Бұл протестанттық тенденцияға секуляристік идеология қарсы қойылып келді: протестанттар дінді мемлекеттен қорғауға ұмтылса, секуляристер мемлекетті діннен қорғауға ұмтылды. Сонымен қатар көптеген протестанттық топтар мен қозғалыстар, әсіресе фундаменталистер, өздерінің алдына "Американың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz