Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері
Курстық жұмыс
Н 3-1.1.34-2022
1 баспа 02.02.2022
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ
Ұстаз институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті пәні бойынша
Тақырыбы: Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік сипаты мен әдеби маңызы
Студент _____________________ Тобы __________ ________________
аты-жөні қолы
Жетекші аға оқытушы Әбдімомынов Е.Б.
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ______ ж. _______________________
қолы
Жоба қорғалды __________________2023 ж. бағасы ____________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: Шормақова С.М. ______________________
аты-жөні қолы
Саламатова Р.М. ______________________
аты-жөні қолы
Тараз, 2023
Курстық жоба

КЯ _________ тобының студентіне _____________ курстық жұмыс
аты-жөні

ТАПСЫРМА
1. Тақырыбы Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік сипаты мен әдеби маңызы
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы : бұл зерттеу жұмысында А.Иүгінекидің Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері мен әдеби маңызы ашып көрсетілген.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
1. Ақиқат сыйы - А.Иүгінекидің діни-философиялық мұрасы
25%
2. Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері
25%
3. Ақиқат сыйы еңбегіндегі рухани жетілу идеясы және оның маңызы
25 %
Қорытынды
25 %
4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
100 %
6. Қорғау
Кафедра мәжілісінде бекітілген ж. хаттама №
Жетекшісі:
аға оқытушы _____________________ Әбдім омынов Е.Б.
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым ж. ____________________
студенттің қолы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1. Ақиқат сыйы - А.Иүгінекидің діни-философиялық мұрасы ... ... ... ... .
6
2. Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
10
3. Ақиқат сыйы еңбегіндегі рухани жетілу идеясы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
21
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Халқымыздың сан ғасырлық тарихында ойып тұрып орын алатын мәдениет - ортағасырлық түркі мәдениеті. Еліміздің ата-баба жолымен келіп жеткен дүниетанымына ХХ ғасырдағы тарихи жағдайлар әсер етіп, атеисттік көзқарастарды тықпалағаны баршамызға белгілі. Тек демократиялық жүйеге жасалған бетбұрыс қана Ахмет Иүгінеки секілді діни философия өкілдерін мойындатуға мүмкіндік берді. Ғасырлар бұрын жазылған, алайда өз құндылығын әлі күнге дейін сақтап келе жатқан еңбектерді дұрыс бағалап, көлеңкеден шығарғанның арқасында қазіргі таңда тарихшылар мен әдебиет зерттеушілері өз кәсіп жолын ғасырлар қойнауында жатқан, эстетикалық және этикалық құндылықтары мол еңбектерді зерттеуге арнау үстінде. А. Иүгінеки сияқты адамгершілік принципін ту қылып ұстаған тұлға шығармашылығын әдеби зерттеу нысанына айналдыру біз үшін ғылыми және әлеуметтік маңызы мен нәтижелілігі жоғары дүние екендігі талассыз. Бұл арқылы жалпы адамзаттық тарихты байытып қана қоймай, ондағы тұтастық пен байланысты жаңа қырынан ашарымыз сөзсіз. Дей тұрғанмен тұтастықтан бөлек түркілік дүниетанмға тән өз ерекшеліктерімізді айқындаудың да маңызы зор. Халқымыздың түркі заманындағы рухани бастауын философиялық тұрғыда ашқан еңбектің бүгінгі гуманитарлық білімге де берері мол болмақ. Бұл өз кезегінде Ақиқат сыйы еңбегінің әдеби маңызымен қоса тарихи және әлеуметтік маңызы зор екендігінің дәлелі. Ақиқаттың ұлы заңдылығы адамзат баласының рухани дамуының жолдары мен түрлі қырлары жайлы дұрыс көзқарастар қалыптастырады. Ал ғылыми зерттеулердің басты мақсаты - адамзат тарихындағы інжу-маржандарды жинақтап, әлемге объективті түрде ұсыну. Сондықтан жаһандану заманында ұлтымыздың тұсбағдары ретінде әдеби мұраларымызды ұсынып, оларды жан-жақты зерттеу қисынды ізденіс екенін айтқымыз келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: А.Иүгінекидің Ақиқат сыйы еңбегін жан-жақты талдап, оның әдеби маңызын, көркемдік ерекшеліктерін және негізгі идеясын ашып көрсету зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді алға қоямыз:
1. Ақиқат сыйы еңбегімен толық танысып, ондағы негізгі ойларды анықтау.
2. А.Иүгінекидің өмір жолы және дүниетанымы жайлы ақпараттар жинау.
3. Ақиқат сыйы еңбегі жайлы жазылған мақалалармен, зерттеулермен танысу.
Зерттеу нысаны: Ақиқат сыйы еңбегінің әдеби маңызы, көркемдік ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында жинақтау, талдау, анықтау, саралау т.б әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Бұл зерттеу жұмысында Қ.Әбішовтың, Ә.Нысанбаевтың, О.Мұхатованың, Ж.Алтаевтың зерттеу еңбектерін қолдана отырып, теориялық маңызын қарастырамыз.
А.Иүгінекидің Ақиқат сыйы еңбегіндегі көтерілген мәселелер мен тақырыптар әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақыл-өнегеге, бүкіладамзаттық құндылықтарға толы шығарманы ұрпақ тәрбиесінде қолдану қоғамды ізгі жолға бағыттайтын басты құрал болары сөзсіз.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы: Ахмет Иүгінекидің Ақиқат сыйы дастанындағы рухани жетілу ұғымын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АҚИҚАТ СЫЙЫ - А. ИҮГІНЕКИДІҢ ДІНИ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫ
Атым Ахмет, ғылым сөзім,
Кетсем де өзім, қалады сөзім.
Өмір озып, келеді көңіл күзі,
Толғандай болды екі көзім.
Соның үшін шығардым түрікше кітаб,
Керек болса тәлім, дос кітаб [1.13]
Қазақ халқының тарихы ғасырлар тезінен өткен сайын түрлі мәдениеттер мен дүниетанымдардың лебін сезіп отырды. Ата - бабаларымыз да содан болар, өзге де мәдениет өкілдерімен үнемі горизонтальды және верикальды мәдени байланыста болды. Сондықтан болар, көне түркі мәдениетін зерттеуші Л.Н.Гумилевтің пікірінше, әр этнос өз атауына сай келетін бір ғана ата - бабадан емес, керісінше мұраларды жаңа ортақ этникалық жүйеге біріккен этникалық субстраттардан мұра етіп қалдырған. Әлбетте, мұны ұлт болып қалыптасқан әр халықтың тарихына қарап айтуға болады. Сондықтан да өз тарихымыз бен мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды толық тану үшін өзге де халқтардың тарихы мен мәдениетіне ден қойғанымыз жөн. Сондай көптеген мәдени мұралардың, оның ішінде әдеби мұраның ішіне Ахмет Иүгінекидің Ақиқат сыйы дастанын жатқыза аламыз.
Әдиб Ахмет Махмудұлы Иүгінекидің Ақиқат сыйы (Хибатул хақайық) еңбегі - дидактикалық сарында жазылған, адамзатқа ортақ моральдық құндылықтарды уағыздайтын ХІІІ ғасырда жазылған дастан. Бұл кітап Ж.Баласағұнның Құтадғу білігі тәріздес түркі халықтарының әдебиетіндегі баға жетпес мұра. Дастан мазмұны 14 тарау, 235 бәйіттен құралған. Бұл туралы Р.Бердібай Ғасырлар толғауы атты еңбегінде Дастанның бес жүзден астам өлең қатарында насихат, үлгі сипатты әңгімелер қозғалады [2.42]. Ал А.Қыраубаева Кітап 456 жол өлеңнен тұрады. Түркі тілін құрметтеп, оны поэзия тіліне айналдыруды мақсат еткен. Түркі ақындарының өлеңді түркі тілінде жазуының өзі өз заманындағы оянушылықтың бір көрінісі еді [3.94] дейді. Кітаптың алғашқы үш тарауында сол кезеңдегі дәстүрге сай Аллаға (1-10 бәйіттер) , Пайғамбарға (ﷺ) (11-19 бәйіттер) арнайды:
Иесі құдіреттің жалғыз Құдай,
Өлгендерді тірілту оған оңай.
Айтайын артықтығын Пайғамбардың,
Ұғып ал толғауымен ой мен ардың [1.17]. Ары қарац оның 4 сахабасына мадақ айтып, құлшылық етуден басталып, артынан шығарма Датбек атты шахқа бағытталады (20-33 бәйіттер). Дастанның әр бөлімі әртүрлі мәселелерді көтергенімен, Ахмед Иүгінекидің әлеуметтік көзқарасындағы негізгі және басты орын Аллаға, яғни күллі ғаламның Жаратушысына арналады. Ақын бізге ұсынған ақиқатына жету жолында Алланы басты күш пен әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде қарайды. Мысалы:
Ұшқан құс, жүгірген аң - барлығы да,
Паш етер Сені бар - деп, жөн бар соған!
Бірлігіңді білуге ұмтылғандар,
Жалғыз заттан мың түрлі дәлел табар [1.11]. Мұндай ерекшеліктер Иүгінеки заманында өмір сүрген Ж.Баласағұн, М.Қашқари және А.Яссауидің кездеседі. Иүгінеки кітаптың төртінші тарауында Датбектің әділетті басшы, адамгершілігі зор адам, дана шах болғандығы дәріптеліп, дастанның жазылу себептерін түсіндіреді. Ақынның негізгі ойлары кітаптың 5 - тарауынан бастап анық көріне бастайды. 5 - 8 тарауларда түгелдей дерлік білім - ғылымның пайдасы жайлы сөз болады (40-62 бәйіттер), адамгершілікке баулитын ақыл - өсиеттер айтылады. Олар:
Айтайын білім жайын, құнты бар бол,
Ей, досым, білімдіге ынтызар бол.
Ашылар білімменен бақыт жолы,
Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді - алтын нұры ашылатын,
Білімсіз - қара бақыр шашылатын [1.65].
Адам баласы ақыл - парасатымен, ұстамдылығымен, бойындағы ізгі қасиеттерімен әділдік үшін еңбек етуі тиіс, тіліне сақ болып, уақытын бос өсек - аяңмен өткізбей, басқаны жөнсіз тілдемей, ақындарымен ғибратты ғұмыр кешкені әсте орынды екендігі жайлы сөз қозғайды. Өйткені, бұл дүние пәни, он сегіз мың ғаламда өзгермей тұрарлық жаратылыс жоқ, сол себепті де жауыздыққа жол бермей, жақсылықпен өміріңді байланыстыру Жаратушының пендесіне жүктеген міндеті. Ақын мұнан кейінгі тарауларда дүниеқорлық пен сараңдықты, малжандылық пен пендешілік әрекеттерді сынға алып жазады. Өмірді опасыз әрі нәтижесіз өткізуге қарсылық көрсетеді. Алтыншы тарауда (63-86 бәйіттер) ақын тілді тыйып сөйлеу - әдептіліктің әрі тәртіптің басты шарты екендігі жайлы сөз қозғайды. Шығарманың жетінші тарауы (87-100 бәйіттер) өмірдің құбылмалылығы, дүниенің жалғандығы жайлы ойлармен толығады. Ал сегізінші тарауда сараңдық және жомарттық жайлы айтылса, оныншы және басқа да тарауларда әрқилы моральдық-этикалық мәселелер турасында уағыз - өсиет айтып өтеді. Ақын мінез - құлықтың сипаттарын сипаттап қана қоймай, көркем мінезге жетудің жолдарын өз стилінде төмендегідей үлгіде жеткізеді: Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет, Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба, Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал.
Дастанның түпнұсқасы бізге дейін жетпеген. Шығарманың ХІV - XV ғасырда жазылған үш түрлі үзіндісі мен үш түрлі көшірмесі бар. Дастанның көне қолжазбасының табылғандығы жайлы алғашқы мағлұматты түркі ғалымы Нажиб Осим хабарлаған. Нажиб Осимнің 1906 жылы жарияланған көшірме нұсқасы Стамбул кітапханасынан табылған. Ал София мешітінде 1480 жылғы нұсқасы бар. Осылардың ішіндегі ең көне әрі жақсы сақталған нұсқасы - София мешітіндегі Самарқан нұсқасы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында өмір сүрген каллиграф Зейнул - Абидин Джураний Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен ұйғыр әрпінде көшірген екен. Бұл - дастанның 508 жолдан тұратын үлгісі. Шығарманың бұдан кейінгі нұсқасын 1480 жылдары Шейхзаде Әбдіразақ - бақши көшіріп шыққан нұсқасын жоғарыда айтып өткен Нажиб Осман түрік тіліне аударған әрі дастанның түпнұсқасымен қоса 1916 жылы жеке кітап ретінде басып шығарған. Ақиқат сыйының үшінші арабша үлгісі ХІV ғасырдың соңында шамамен 524 жол өлең болып көшірілген. Қазіргі таңда бұл көшірме Стамбулдағы Топы-Қапы сарайында сақтаулы тұр. Дастан өз заманында кеңінен қолданылған ұйғыр және араб тілдерінде жазылған. Ал араб әрпімен көшірілген қолжазба нұсқасы Берлин қалалық кітапханасында сақталған. Жоғарыда айтылып өткен ақпараттардың барлығы Ахмет Иүгінеки еңбектерінің кең көлемде таралғандығын көрсетеді.
Зерттеушілер Ахмет Иүгінекиді осы күнге дейін түрлі халықтарға таңып келеді. Н.М.Малаев пен Е.Э.Бартельс оны өзбек ақыны ретінде көрсетсе, С.Е.Малов ұйғыр-қашқар ақыны дейді және оның өлеңдерінде ескі ұйғыр тіліне ұқсас детальдардың кездесетінін айтады. Ақиқат сыйы дастаны - түркі халықтарының әдебиетінің қалыптасуында үлкен рөл ойнайтын тарихи маңызы зор туынды. Оның өзбек, қазақ және ұйғыр әдебиеті тарихындағы маңызы да осы жерде белгіленеді.
Ақиқат сыйы - дидактикалық үлгіде жазылған шығарма. Дастан белгілі бір сюжетке құрылмаған. Дастанның әр тарауында автор белгілі бір мәселені көтеріп отырады, осылайша А.Иүгінеки өз оқырманына тиісінше ақыл - кеңес береді. Шығарма өзінің көтерген мәселелері мен құрылымы жағынан ақынның өмір сүрген қоғамындағы мінез - құлық нормалары мен моральдық ұғымдарының жиынтығы болып саналады.
Адам қалай өмір сүруі тиіс? А.Иүгінеки осы сауалға өзінше жауап іздеп, сол жолда дастанды оқыған әр оқырманға жүрекжарды өсиетін жеткізеді. Біз жоғарыда айтып өткен тарауларды өз өсиетіне арқау етіп алады. Ойшылдың бізге қалдырып кеткен рухани мұрасын меңгеру оның тек қайраткер ретіндегі жеке бас дарылығын айқындау ғана емес, тарихымыздың үлкен ір бөлшегінің құпиясын ашу болып саналады. Одан бөлек шығарма мәніне терең бойлап, әрі оны бүгінгі күнмен байланыстырып, өз тұжырымдарымызды шығару - тұлғалық дамудың баспалдағы болмақ. Ақиқат сыйын мүмкіндігінше терең түсініп, мазмұнына сәйкес деңгейде түйсіне алу - қазіргі қазақ менталитеті үшін өте маңызды. Ақиқат сыйы атауының өзі адамзат балас үшін тылсым, жұмбақ дүние, яғни жай ғана шындықтың емес нағыз ақиқаттың адам үшін ашылуы. Ақынның пікірінше де бұл қарапайым дүние емес, себебі ол сан қатпарлы сатылар мен мәннен тұрады. Адамзат баласы өзін қоршаған дүниемен толық сіңісіп, балансты сақтай алуы үшін, жан тыныштығын сезініп, тереңдікке бойлай алуы үшін, өз бойындағы кемшіліктерме күресіп, рухани жетілу жолына түсуі үшін Ақиқаттың заңдылықтарын ұғынып, оның түрлі қырлары мен құпияларын білуге тиіс. Ал бұл шығарма Ақиқатты іздеген жанға сый ретінде берілген тұсбағдар іспеттес.
Адал еңбектің түп тамырында жеке адамның өзіне ғана емес, адам өмір сүретін қоғам мен әлеуметке, Жаратушыға деген құрмет жатыр. Негізінде адам бұл құндылықтардың байыбына жетпей-ақ өмір сүре алады. Алайда, адиб Ахметтің айтуынша, бұл адасу мен рухани азғындаудың белгісі. Міне, сол себептен автордың шығармасының әр бөлімінде қандай тақырып қозғалмасын, мәселенің түпкі мәні рухани байлыққа, адамның өз болмысын ізгіліктен табуына тоқталады. Адам бұл құндылықтарға немқұрайлы қараған жағдайда ішкі тыныштықтан ажырап, өмірлік балансын жоғалтып алатындығы жайлы айтады.
Ақиқатты танып білуге деген талпыныс, қай кезеңде болмасын, адамның рухани жетілуі мен материалдық қажеттіліктерінің арасында көлеңкелі тақырыпша болып келгендігі рас. Сондықтан да барлық әлеуметтік проблемалардың шешімін экономика мен материалдық құндылықтардан іздеу нәтижесіз болып жатады. Адамның барлық қадір - қасиеті мен мүмкіндіктерін дүниелік заттарға таңу тек теориялық қана емес, жалпы дүниетанымдық шектеу екенін естен шығармаған жөн. Анығында, мұндай тұжырымды ұстана отыра өмір сүретін қоғамның өз күтетін бақытты табуы екіталай. Өйткені, тарих көрсеткен шындық осы, мұндай типтегі қоғамдар революциялар жасауға, реформалар жүргізіп, төңкеріс тудыруға бейім тұрады. Ал адамның рухани әлеміндегі, жан дүниесіндегі толғаныстарға бас ауыртып жатпайды.
Шығыс ғұламалары бұрыннан-ақ өз еңбектері мен ойтолғауларында адам өзі өзгеруге тырыспаса, оның рухани һәм дүниелік халінің өзгеруі екіталай екендігін шегелеп айтып отырған. Байқағанымыздай, Ахмет Иүгінеки шығармашылығының да негізі осында жатыр. Анығына келсек, ақын гуманизмі діни-этикалық қағидалармен тығыз байланысты. Оны Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды немесе Дүние бір қолымен бал, бір қолымен у ұстатады сынды нақыл сөздерінен байқай аламыз. Ахмет Иүгінекидің өмір сүрген заманы мен ақынның өз шығармашылығы терең зерттеп, жан - жақты мән беруді қажет ететін нысан екендігін білгеніміз жөн.
2. АҚИҚАТ СЫЙЫ ЕҢБЕГІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов Әдебиет тарихы еңбегінде алғашқы діни-наным сенімдердің тууы жайлы айта келе Табиғат басшысын қадірлеу, Құдайға жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады деп жазады [4.21] Ал әдебиеттанушы ғалым Х.Досмұхамедов халық әдебиеті түрі ретінде өсиеттік өлеңдерді атай отыра, оларға мінәжатқа қатысты мазмұндық ұқсастықтарды теліген. Ислам дінінің келуімен бірге төл әдебиетіміздегі мінәжат мәнді өлеңдер ислами реңк алып, Аллаға мінәжат ұғымы ретінде қайта қалыптасты. Ақиқат сыйы дастанының түгелдей дерлік бөлімдері Алламен байланысты болғандықтан көптеген әдебиет зерттеушілері бұл шығарманы да мінәжат мәнді өлеңдерге жатқызып жүр. Дегенменен, дастан мазмұны тек ислами бағытта өрбімеген. Онда әлеуметтік проблемалар, адами құндылықтар мен бақытты қоғамды аңсау көрінеді. Оны төмендегі үзіндіден байқай аламыз:
Қайда уәде? Ізгілік сіз қайдасыз!?
Әділетсіз жерде қайыр пайдасыз.
Қайырлы істің кетсе - бәрі кетеді,
Әділетсіз жерге бәрі пайдасыз.
ХІІ ғасырда түркі халықтарының рухани мәдениетінің қазығы болған Түркістан маңындағы Иүгінек қаласының тумасы Ахмет Иүгінеки - араб, парсы тілін меңгерген, өз заманының білімдісі саналған тұрға. Біз зерттеу жұмысына арқау етіп алып отырған автордың Ақиқат сыйы дастаны - адамилық пен мұсылмандықтың асыл қасиеттерін насихаттайтын бағалы еңбек. Бұл еңбекті қазақ тілінде алғаш 1985 жылы басып шығарды. Еңбектің сөздерін сөзбе - сөз транскрипциялап, прозалық үлгідегі аудармасын жасаған Б.Сағындықов болса, Алғы сөз, Кіріспесін және поэтикалық аудармасы мен түсндірмесін Ә.Құрышжанов жасаған. Жалпы бұл еңбекті түрколог ғалымдар поэма ретінде қарастырады. Поэзиялық үлгідегі шығарма болғандықтан белгілі бір өлшемдік жүйеге бағынып, тізбекке түскен күйде келеді.
Дастанның композицилық құрылымына баса мән беріп қарар болсақ, бірқатар бөлігі бәйіт үлгісінде жазылған. Орта ғасырдағы шығыс әдебиетінің классикасында бәйіт екі жолдан тұратын шумақ түрі болып саналады. Өзара жұптасқан қос жол ұйқасып келеді, кейде ұйқассыз да келіп жатады. Алайда бәйіт міндетті түрде аяқталған ойды білдіруі керек. Мысалы, 131 - бәйітте былай деләнеді:
Тілді берік ұста - тісің сынбасын,
Егер тілің шыға қалса - тісің сынады [5.37]. Ахмет Иүгінеки бәйіттері өзара ұйқасып келеді. Алайда ондай шумақ жолы, яғни бәйіттер Ақиқат сыйында көп емес, бар болғаны 19 бәйіт, 38 жолды құрайды. Ал дастанның көп бөлігі, анығырақ айтсақ 424 жолы төрт тармақты шумақ ретінде келеді. Олардың ұйқасы қара өлең ұйқасына (а, а, б, а) көбірек жақын.
Ахмет Иүгінеки әр сөзді ажарлап, әрқалай құбылтып шебер пайдалана білген. Ақын өзі хикаялаған құбылыстың ерекше белгілерін үстеме мағынамен, ерекше көрік беріп жазады. Бұл үшін ақын өз шығармаларында теңеу әдісін қолданады. Мысалы, автор Ақиқат сыйында жомарттық жайлы ойын былайша жеткізеді: Жеткізбес мұратқа жомарттық жеткізер, көнбес көңілді жомарттық көндірер. Жамандық келетін жолды жомарттық қияды, ұрыс жүретін жолды жомарттық бұрады. Қиядағы мұратқа жомарт жан жетеді. Сақылық пен жомарттық - бар сұраудың дауасы. Ең құтты қол - береген қол. Ел сүйерге жол ашық, болып тұрсаң қолы ашқық. Жомарттық бар айыптың кірін жуады. Жомарттық - сараңдықтың өлшемі. Мақтасаң жомарттықты мақта, күншілге қорамсағыңда бір оқ сақта. Жомарттықты қара да, хан да сыйлайды. Барлық тіл де жомарттықты мақтайды. Жомарт ел малын сатып атақ алады (сый - құрметке ие болады). Сонымен қатар өлең түрінде:
Жұмсармас, иілместі жомарт иер,
Қол жетпейтін мұрат та оған тиер.
Мақтайтын бақылдарды жан шыға ма?
Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер, - дейді.
Ахмет Иүгінекидің Ақиқат сыйын оқып отырып поэтикасына зер салатын болсақ, шығармадан теңеу мен эпитеттен өзге құбылтудың барлық түрін дерлік кездестіруге болатындығын байқаймыз. Автор кейде метономия мен кейіптеуді қатар қолданады. Мысалы:
Күлімқағар бұл дүние, ым жасар,
Өз қолымен балын беріп, у қосар.
Ең әуелі бал жегізіп дәндетіп,
Іле - шала сол тостақпен зәр тосар [5.41] , - дей келе өлеңнің алғашқы екі тармағын кейіптеу, ал кейінгі екеуін метономияға айналдырады. Мұндағы негізгі ой дүние - жалған екендігі жайлы айтылып, артынан зәр тосады деп дүниенің ауысып тұратындығын ескертеді. Бал мен зәр тура мағынада емес, алмастыру түрінде алынған. Осы арқылы дүниенің қуаныш пен бақыттан бөлек қайғы мен қасірет сыйлайтындығын жеткізеді.
Ақын дастанда ыспаһсаларды - теңізге, өзін - жаңбыр тамшысына теңейді. Мұндай тамшылардың теңіз түбіне түсіп маржанға айналатындығын меңзейді. Мұндағы Ыспаһсалар ақын дастанын арнаған бек болса керек, оны шығармада былай деп сипаттайды:
Қайырым мен адалдығы кіршіксіз,
Мадақтасаң тұрған бойы - тек ерлік.
Мол парасат ақыл - ойдың кеніші
Жақсылық пен білім ғана төгерлік [5.89]. Білімді адамды - таза алтынға, ал надан кісілерді - құн жоғалған жалған ақшаға теңейді. Білімді әйелді - ер жігітке, ал білімсіз ерлерді - әйелге теңестіреді. Шын сөзді - бал, далғанды - пияз деп, шығармадағы ойларға көрік сыйлайды. Ақын өмір жайында толғай отыра, бұл дүние керуен сарай, оған бірі енді келіп жатса, біреулері сол сәтте мәңгілікке аттанып жатады деген бейнелі ой айтады. Сонымен қатар дастанда сараңдық - ем қонбайтын ауру, жеміссіз ағаш, ал жомарттық болса - алқызыл раушан гүлі деп ойын көркем түрде жеткізеді. Ақын шығарма иілінің әсерлілігін арттыра түсу мақсатында екі бірдей ұғым мен құбылысты, сезімді қатар қоя отыра суреттейді. Дәлірек айтар болсақ, сөзді айшықтаудың бір түрі - параллелизм, егіздеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz