Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

І. Отбасы сипаттамасы
1.1. Отбасы типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.2. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсері ... ... ... ... ... ... 9-10

II. Сынып жетекшісінің оқушы отбасымен жұмыс істеу формалары мен әдістері
2.1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-15
2.2 Ата-аналармен жұмыс істеу формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...16-18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 20

КІРІСПЕ
Ғалымдардың пікірінше, отбасы - адамзат өзінің өмір сүру тарихында жасаған ең ұлы құндылықтарының бірі. Бірде-бір ұлт, бірде-бір мәдени қауым отбасысыз бола алмады. Қоғам мен мемлекет оның оң дамуына, сақталуына және нығаюына мүдделі, әрбір адамға жасына қарамастан берік, сенімді отбасы қажет.
Қазіргі ғылымда отбасының біртұтас анықтамасы жоқ, дегенмен бұл әрекетті ұлы ойшылдар көп ғасырлар бұрын жасаған (Платон, Аристотель, Кант, Гегель және т.б.).Отбасының көптеген белгілері бар. Көбінесе отбасы қоғамның биологиялық және әлеуметтік ұдайы өндірісіне тікелей қатысатын қоғамның негізгі құрылымдық бірлігі ретінде айтылады. Соңғы жылдары жиі отбасын белгілі бір шағын әлеуметтік-психологиялық топ деп атайды, сол арқылы оған азды-көпті заңдармен, моральдық нормалармен, дәстүрлермен реттелетін тұлғааралық қатынастардың ерекше жүйесі тән екенін атап көрсетеді. Отбасының мүшелерінің ортақ тұруы, ортақ үй шаруашылығы сияқты белгілері де бар.
Ал бала тәрбиесінде отбасының алатын орны зор. Себебі отбасынан алған тәрбиесін бала мектепте көрстеді. Мектеп - бала - отбасы осы үш байланыс болған жағдайда бала дұрыс бағытталған, жеке тұлға ретінде қалыптасуы әлдеқайда жеңілірек болады.
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.(Ыбырай Алтынсарин)
Мұғалім - басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе - еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Бауыржан Момышұлының Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымының мойнында.
Бұл курстық жұмысымда мұғалім отбасының маңызы, сынып жетекшінің оқушылар алдындағы міндеті, құқықтары және сынып жетекшісінің оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері туралы кеңірек баяндалады. Бұл жоба 2 тараудан және 4 бөлімнен тұрады. І тарау Отбасы жайлы, отбасы түрлері, бала өміріндегі отбасының маңызы туралы деректерден тұрады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор демекші ІІ тарау сынып жетекшінің атқаратын қызметі, сынып жетекшісінің негізгі функиялары мен құқықтары, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері кеңінен тарқатылып келтіріледі. Ескендір Зұлқарнайын: Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол - ұстазым Аристотель десе, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеген екен. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.
Мұғалімнің жауапты міндеті - ол адамды қалыптастыру. Бүгінгі таңдағы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, өсіру - мұғалімдік қызметке артылған үлкен міндет. Мұғалімдік қызығы мен қиындығы қатар жүрер, мол еңбекті, үлкен шыдамдықты талап ететін қызмет. Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы - ұстаз. Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы деген. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға.
Абай атамыз Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге кірпіш болып қалануына зор үлес қосуға мен де өз үлесімді қосқым келеді. Осы тақырыптар төңірегінде курстық жұмысымның әр бөлімінде анық, айқын көрсетіледі.

І. Отбасы сипаттамасы
1.1. Отбасы типологиясы
Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді. Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар сипаты.
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы - бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы - ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.
Кеңейген нуклеарлы отбасы - ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.) қосылған отбасы.
Толық емес отбасы - ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі - бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рөлін, асыраушы рөлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден өткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі аналық отбасы, оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі - бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді.
Функционалды толық емес отбасы - ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы. Ерлі-зайыптының өзінің отбасылық рөлдерін атқаруға кедергі келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы, отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер), еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар, құрылысшылар, поляршылар),жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар қызметкерлері, жедел жәрдем және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) өздерін отбасылық өмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық көмек функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның кәсіби қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын іздестіруінебағытталуы тиіс.
Аралас отбасы - ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.
Ерлі-зайыптылық өмірдің отбасылық өтіліміне байланысты: жастар отбасы (бал айындағы отбасы); жас отбасы (жарты жылдан балалар туғанға дейінгі бір жарым жыл); бала күтіп жүрген отбасы; орта ерлі-зайыптылық жастағы отбасы (3 жылдан 10 жылға дейін бірге тұру); ересекерлі-зайыптылық жастағы отбасы(10-20 жыл ерлі-зайыптылық өтілім) және қартайған ерлі-зайыпты жұптар(өз отбасын құрған ересек балалар тәрбиелеп жатқан ерлі-зайыптылар және қазіргі уақытта ата және әже отбасылық рөлдерін атқарып жатқан отбасы).
Отбасылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалы және көп балалы отбасына бөлінеді. Некеге түскеннен кейін 8-10 жыл бала көрмеген ерлі-зайыптылар баласыз отбасы болып саналады. Отбасында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз отбасылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады. Психологиялық себептер тәуекел тобына кіреді. Ана болуға және әке болуға ұмтылысты жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы, тұлғалық иденттіліктің аяқталмауы ерлі-зайыптының біреуінің жанына батып, жаңа отбасын құруына себепші болады, яғни баланың болмауы күрделі отбасылық мәселе болып табылады. Екінші жағынан баласыз отбасыларда ажырасудың меншікті салмағы жоғары болып келеді, ол ерлі-зайыптылық қатынастардың үйлесімсіздігінен туындайды. Мұндай жағдайда баладан бас тарту себеп емес, ерлі-зайыптылар қатынастарының қиындығының салдары болып саналады. Бір балалы және аз балалы отбасылар қазіргі, әсіресе қалалық отбасылардың демографиясында кең таралған. Төрт және одан көп балалары бар отбасы көп балалы отбасына жатады. Көп балалы отбасы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді.
Рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипатына байланысты дәстүрлі, авторитарлық, эгалитарлық, демократиялық отбасыларды бөледі.
Дәстүрлі авторитарлы отбасы авторитарлы типтегі ердің жеке билігімен және ер мен әйелдің рөлдерін нақты жіктеу арқылы отбасылық рөлдерді дәстүрлі бөлумен ерекшеленеді. Авторитарлы отбасы патриархалды (ер адам билік етеді) және матриархалды (отбасын әйел билейді) болуы мүмкін.
Эгалитарлы отбасы (тең құқылы, эквивалентті) - отбасында билік, рөлдер мен міндеттерді нақты бөлу болмайды, рөлдік құрылым бекітілмейді. Әдетте, эгалитарлы отбасы - бұл баласыз жас ерлі-зайыптылар. Баланың дүниеге келуі ерлі-зайыптылардан ұстанымдар мен рөлдерді бөлуді талап етеді, сондықтан эгалитарлы тип дәстүрлі немесе демократиялық типке ауысады.
Демократиялық (серіктес) отбасы ерлі-зайыптылардың тең құқылығымен, бірлесе билік етуімен, қызметтерді бірге бөлумен, отбасы рөлдері мен міндеттерінің икемділігімен және әрбір серіктестің, біртұтас отбасының мүдделерін ескере отырып, рөлдік құрылымды өзгертуге дайындығымен ерекшеленеді.
Ерлі-зайыптылардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансабы (карьера) өлшемдері бойынша толық жұмысбасты отбасын (қоғамдық өндірісте ерлі-зайыптының екеуі де жұмысбасты) және жартылай жұмысбасты отбасын (ерлі-зайыптының біреуі жұмысбасты), зейнеткерлер отбасын (ерлі-зайыптының екеуі де жұмыс істемейді, екі мансапты отбасын (мансап пен кәсіби жүзеге асу құндылығы ерлі-зайыптының екеуі үшін маңызды және өзі үшін әрі жұбайы үшін тең дәрежеде басым болып танылады)бөледі. Мұндай отбасы жас отбасына тән, ол өндірісте және әлеуметтік-саяси өмірде әйел орнының өзгеру үрдістерімен байланысты. Әрине тек мансаптық мотивациялық бағыттылық екі мансапты отбасының өмір сүру мүмкіндіктеріне кепіл бола алмайды, оған қосымша шарттар қажет:
* отбасында эмоциялық жағымды қатынастардың,махаббаттың болуы,ерлі-зайыптылар арасындағы құрмет, тең құқылық;
* ерлі-зайыптылар құндылықтарының, соның ішінде кәсіби және мансаптық өсу құндылықтарының ортақ болуы;
* мамандықтың айрықша түрі, ең алдымен бір жағынан тұлғаның анағұрлым толық жүзеге асуын, екінші жағынан қатаң бекітілген уақыт аралықтарымен қыспақтамайтын кәсіби іс-әрекетті (жұмыста қолайлы кестенің, демалыс күндерін, жұмысты, үй жұмыстарын орындау мүмкіндіктері) қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін шығармашылық мамандық (ғылым және өнер);
* ерлі-зайыптылардың кәсіби білімін аяқтап, алғашқы мансаптық жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік алу үшін өзара келесім бойынша ата-ана болуды кейінге қалдыру;
* қызмет атқару ресурстарының және отбасы қолдауының (бала тәрбиелеуде ата-әжелер көмегі, жақсы денсаулық,шамадан тыс күш жұмсауға төзімділік).
Әлеуметтік біртектілікке, яғни ерлі-зайыптылардың бір әлеуметтік топқа жатуына, білім және мәдени шектелім (ценз) ортақтығына, интеллектуалды, аффективті, әлеуметтік жұмысбастылық бойынша мамандықтардың жақындығына қарай әлеуметтік гомогенді (біртекті) және гетерогенді (әртекті) отбасыларды бөледі. Әлеуметтік гетерогенді отбасылар тұрақтылығы әлсіз, ерлі-зайыптылық қатынастар үстемдік ету-бағыну принципі бойынша құрылады, өзара түсіністік бұзылып, жанжалдасу жиілейді.
Отбасының құндылық бағыттылығының өлшемдері отбасының келесі типтерін бөлуге мүмкіндік береді: детоцентрлік және тұлғалық-орталықтанған отбасы, тұтыну, психотерапевтік отбасы (көңіл жұбатушы отбасы А.Н. Обозова бойынша), салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы, атаққұмар отбасы, спорттық-жорықтық, интеллектуалды отбасы.
Балаларды, балалардың жеке басын тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау детоцентрлік отбасы қызметінің басымдық құндылығын құрайды. Тұлғалық-орталықтанған отбасы - отбасы тағдырын оның әрбір мүшесінің тұлғалық өсуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасаудан көреді. Мұндай отбасында ерлі-зайыптылық автономды тұлғалардың еркін, рухани одағы ретінде қарастырылады. Тұтыну отбасы иелену модусын жүзеге асырады (Э. Фромм), мұндай отбасы қорлануға және прагматикалық қажеттіліктерді анағұрлым толық қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл отбасындағы ерлі-зайыптылық - өзара пайда алуға негізделген серіктестік, отбасының әрбір мүшесі отбасының нанын басқалардың есебінен болса да табуға тырысады.Психотерапиялық отбасы өзара түсіністікті, эмоциялық қолдауды, махаббатқа қажеттілікті қанағаттандыруды, өз мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең жоғары құндылық деп санайды. Отбасының әрбір мүшесі өздерін тыңдайтынына, түсінетініне және қабылдайтынына сенімді. Салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы денсаулыққа, дұрыс күн тәртібіне, дұрыс тамақтануға, демалуға, тазалыққа, тәртіпке және отбасы тұрмысын қолайлы етіп ұйымдастыруға баса мән береді. Атаққұмар отбасы әлеуметтік мәртебе, бедел үшін күреседі. Ең жақсы атану, жоғары ортада болу - атаққұмар отбасының басты мақсаты. Егер отбасы мүшелерінің біреуі бекітілген табыс стандартынасай келмей жатса, одан аяусыз құтылады.

1.2. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсері

Оқушылар тобымен жұмыс істейтін мұғалім отбасының қалыптастырушы рөлі және бұл рөлдің оның мүшелерінің құндылық бағдарларына тәуелділігі туралы жақсы түсінікке ие болуы керек. Мұндай ақпаратқа ие болу отбасындағы қарым-қатынас баланың жеке дамуына, оның мінезіне, мінез-құлық реакцияларына қалай әсер ететінін болжауға мүмкіндік береді. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, мұғалім ата-аналармен жұмыстың бағыттары мен формаларын таңдауы керек. Тұлғаның қалыптасуы мен қалыптасуының негізгі факторы - өсіп келе жатқан баланы қалыптастыратын, оның жеке әлемінің қалыптасуына шешуші әсер ететін әлеуметтік орта.
Ата-аналармен жұмысты жоспарлағанда мұғалім соңғы онжылдықтарда біздің елде патриархалдық-дәстүрліден балаға бағытталған және постмодерндік отбасы түрі қалай өзгергенін білуі керек. Сонымен, 20 ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы - 60-шы жылдардың басы үшін үлкен материалдық және рухани игіліктер (балаға бағытталған отбасы) алуда көрінетін балаларға эмоционалды байланыстырудан туындаған ата-ана мінез-құлқының жаппай таралуы тән. Осы типтегі көптеген отбасыларда отбасы бюджетінің 50%-ға дейіні балаларға жұмсалатынына қарамастан, оларда қалыптасатын тәрбие жүйесі бірқатар жағымсыз белгілермен сипатталады. Ата-ананың өз балаларының алдындағы парызын асыра сезінуі баланың жеке қасиеттерін деформациялайды. Олар өз жұмысымен баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ете отырып, оны кез келген уайымнан, күш-жігерден, қиындықтардан қорғайды. Соның салдарынан балаларда дербестік, бастамашылық, жауапкершілік жетіспейді. Оларға мектепте қиын, өйткені отбасы олардың бойында еңбек ету қажеттілігін тудырмаған. Мектеп табалдырығын тоздыратын мәселелер көп, өйткені бұл балалар бұйрық беруді жақсы көреді, басқалармен қарым-қатынаста оларда истерия және дөрекілік жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасынан бастап шартты түрде постмодерндік деп атауға болатын отбасының жаңа түрі қалыптасты. Мұндай типтегі отбасында отбасылық өмірдің нормасы өзгереді: ата-аналар өз мүдделерін балалардың мүдделеріне толық бағындырмайды. Мұндай отбасылардың ерекшелігі - ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүдделері отбасынан гөрі кеңірек және әлеуметтік шеңбер неке шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Мұнда неке де, ата-ана болу да бірдей маңызды.
Мұғалімнің отбасының моральдық құндылықтары мен микроклиматын дұрыс түсінуі өте маңызды, олар шын, жүзеге асырылған немесе жай жарияланған.
А.С. Макаренко балалардың рухани келбеті, олардың мінез-құлқының қалыптасуы отбасылық өмірдің бүкіл құрылымымен анықталады деп есептеді, оны ол ата-ананың субъективті қалауына қарамастан балаға әсер ететін байланыс, отбасының үні деп атады. тіпті бұл тілектерге қарама-қайшы.Кейде ата-аналар келіспеушіліктер мен жанжалдарды балаларынан жасыруға тырысады. Бірақ бала отбасындағы жалпы көңіл-күйдің өзгеруіне, өтіріктің ең кішкентай көрінісіне өте сезімтал. Осылайша, психологиялық климат пен бала тәрбиесінің нәтижелері арасында табиғи байланыс бар: берік, шынайы, өнегелі отбасы тікелей және шынайы мінезді тәрбиелейді.
Отбасының әлеуметтік ортасы баланың жеке тұлға болып қалыптасуының ең күшті факторы болып табылады. Оның әсерін жоққа шығаруға немесе елемеуге болмайды. Тәрбиенің маңызды шарты ата-ана билігі - әке мен шешенің білімге, адамгершілік қасиеттерге негізделген балаларға ықпалы. Мұғалім өз оқушыларының отбасылық тәрбие тәжірибесін талдауы қажет, өйткені барлық ата-ана бала тәрбиесіндегі өз беделінің маңыздылығын түсінбейді. Балаға отбасындағы қиын жағдайдан шығуға көмектесу үшін мұғалім білуі керек көптеген жалған бедел негіздері бар.
Баланың ерік-жігері әлсірегенін, азғындағанын, қараусыз қалғанын немесе керісінше өзін ұсақ тиран тәрізді, кекшіл, әлсіздермен бірге күш көрсетуге бейім екенін байқап, мұғалім мұны ата-ана билігінің балаға қысым жасауының нәтижесі деп біледі. , ата-аналар әр жағдайда ренжігенде, дауыстарын көтереді, кейде физикалық әсер ету әдістеріне жүгінеді.
Балалардың мақтаншақтығы мен өркөкіректігі көбінесе ата-анасының позициясының шынайылығын бұрмалаумен байланыстырады - олардың ата-аналары жарнамалаған лауазымдары, сіңірген еңбегі.
Кейде балаларда тәуелсіздіктің болмауы немесе, керісінше, ересектердің талаптарына қарсылықтың болуы ата-аналық педантизмнің нәтижесі болып табылады, ата-аналар баланың пікірін мүлде ескермейді және олардың барлық талаптарын қатаң және сөзсіз орындауды талап етеді. бұйрықтар мен нұсқаулар.
Бала ата-анасын естімегенде және тыңдамағанда, бұл оның шексіз ілімдер мен тәрбиелерге берген жауабы, тәрбиелеуші ​​билікке толығымен бағынбау арқылы жауап береді. Неліктен ақкөңіл, тәп-тәтті балалар мысқыл, парасатты іскер, қатал, агрессивті адамдар болып өседі? Қаншалықты кереғар көрінгенімен, бұл ата-аналық сүйіспеншілік танытатын, баланы сыйлау ата-анаға деген сүйіспеншіліктің барлық тілектері орындалатын отбасыларда болады.
Көбінесе баланың жақсы мінез-құлқы сыйлықтармен немесе жақсылық туралы уәделермен сатып алынады.Мұндай тәрбиенің салдары, әсіресе, отбасында әркім баланы өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасын негізгі тәрбие мектебі ретінде қарастыру
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Балаңыз қанша жаста
Отбасының қазіргі жағдайы
Оқушы тәрбиесі
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Пәндер