Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар - қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ә.Бахадүрхан Түрік шежіресі
З.М.Бабыр Бабырнаме
М.Х.Дулати Тарихи рашиди
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар - қазақ тарихының дерек көзі ретінде.Мен қарастырып отырған рефераттың тақырыбы - қазақ хандығы заманындағы тарихи шығармалар. Қазақстан тарихының дереккөзі, яғни, жаңа замандағы қазақ жұртының өткеніне шолу жасау. Менің бұл тақырыпты таңдап алудағы мақсатым, жалпы сол кездегі тарихи шығармалардың жазылу стилін, жазылудағы көзделген мақсаты мен мүдделерін қарастыру. Сондай-ақ сол кезде қазақ хандығы дәуіріне сипаттама беріп, оның ішкі, сыртқы саясаттағы көріністерін айқындап беретін қандай шығармалар болды, сондай-ақ авторларын атап өту т.с.с. мәселелерді қарастыру жатады.Сонымен қатар осы кезеңге тиісті тарихи шығармалардың Қазақстан тарихында алатын орнын және оның қандай сипатта, қандай деңгейде жазылғанын ашып көрсету кіреді.Тағы бір айта кететін жәйт, бұл шығармаларда сипатталатын өзгеде мемлекеттер мен хандықтардың саяси тұғырнамасына да шолу жасап өту, сондай-ақ ол мемлекеттердің Қазақ хандығына деген пиғылдары мен ұстанған позицияларын айқындау.Ең бастысы бұл тарихи шығармалар өз заманының ең озық үлгідегі туындылары. (Шедевр)
XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның Түркі шежіресі кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.б.) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі - әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі - ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі - бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу.
Әбілғазы 1603 жылы Хиуа хандығының астанасы Үргеніш қаласында Жошы ұрпағынан тараған Араб Мұхаммед хан отбасында дүниеге келген. Әбілғазының әкесі Араб Мұхаммедтің Хибаш, Жолбарыс, Аспандияр, Әбілғазы, Шәріп Мұхаммед, Хорезмшах, Ауған атты жеті баласы болған. Әбілғазының 6 жасында шешесі өліп, өгей шешесінің қолында тәрбиеленді. Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алады. Осы жылдарда ол халық ауыз әдебиеті шығармаларын сүйіп оқып, тарихи тұрғыдан зерттейді, әскери өнер, мемлекет басқару ісін меңгереді. Әбілғазы Баһадүрдің Түрік шежіресі атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болады. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысша аудартады. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, ол аударма кешігіп, 1780 жылы ғана басылып шығады.
Шежіренің баспа бетін көруі оны жан-жақты зерттеуге кең жол ашады. Академик Х.Френ бұл басылымды Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс деп бағалаған, Оның ойынша, бұл басылым Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады.
Шежіренің ғылым үшін, оның ішінде тарих, этнография және тіл ғылымдары үшін маңызы мен оның кейбір тіл ерекшелігі бұл еңбектің алғашқы аудармашысы Г.С.Саблуковтың кіріспе мақаласында сөз болады. Бұдан кейінгі Әбілғазы және оның шығармалары туралы толық мәлімет беретін зерттеу - А.Н.Каноновтың 1958 жылы жарық көрген Родословная туркмен атты монографиясы. Әрине, бұл еңбек, атына сай, Түрікмен шежіресіне, оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді.
Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен Шежіренің кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады.
Шыққан тегі жағынан ежелгі моңғол тайпасы барластан тарайтын, атақты Әмір Темір көрегенннің (Ақсақ Темірдің) ұрпағы болып келетін Захириддин Мұхаммед Бабур 1483 жылы 14 ақпанда қазіргі Өзбекстанның Әндіжан қаласында, Ферғана ұлысының әмірі Омар Шейх мырзаның отбасында дүниеге келген. Бұл кезеңде Орта Азияда Әмір Темір ұрпақтары мен Шыңғыс хан ұрпақтары арасында билікке талас өршіп тұрған еді. Захириддин Бабыр бала кезінен бастап өнерге, әдебиетке, табиғат сұлулығына өте құмарланып өседі. 1494 жылы әкесі қайтыс болған соң 12 жасар Бабыр әкесінің орнына, Ферғана ұлысының тағына отырады. Осы кезеңде Әндіжан тағы үшін өзінің туыстары Жаһангир мырза мен Сұлтан Ахмет мырзамен, және Сұлтанмұхаммед ханмен талас туындайды. Осыдан кейін ол Ферғана тағын туыстарына екіге бөліп бередіБабыр тек жалаң саясатшы, жауынгер қолбасшы ғана болмаған, сонымен бірге ол XVI ғасырдың атақты ойшылдарының бірі. Бабыр жазушы-ғалым ретінде өз артынан едәуір әдеби мұра қалдырған адам. Оның біздің заманымызға жеткен еңбектерінің ішінен Бабырнаманы, Мубайин атты өлеңдер жинағын, Хәтти Бабри атты өзі жасаған жаңа алфавитті, махаббат тақырыбына жазылған көптеген газелдер мен төрт жолдық өлең шумақтарын ерекше атуға болады. Бабыр сонымен бірге музыка, поэзия және соғыс туралы да көптеген трактаттар жазған. Бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбектері біздің заманымызға жетпеген.
Бабырнама - Ферғана, Кабул, Үндістан секілді үш бөлімнен тұрады. Алғашқысы ХV ғасырдың екінші жартысында Ферғана жазығындағы Ахсикент, Намаған, Әндіжан, Марғилан, Ош, сондай-ақ Самарқан, Исфара секілді қалалар мен елді мекендер, онда тұрған түрлі тайпалар мен жамағаттардың әдет-ғұрпы, тілдік ерекшеліктері, мәдениет, жан-жануарлар дүниесін баяндаумен басталады. Автор, әсіресе, ата-бабасының шежіресі, кәсібі, тыныс-тіршілігі, тіпті аталған өлкенің тау-тасы, бау-бақшасы, жеміс-жидегі, өзен-суы, ұшқан құсына дейін сүйіспеншілікпен, туған жерге деген перзенттік махаббатпен жазған.
Бабырдың түркі руханиятына жасаған келесі еңбегі Бабыр жазуы яғни, Хати Бабыр. Бабыр көне түркі ескерткіштері жазуына ұқсас жазуды негіздеді. Бұл жазу алғашында Сырдария бойындағы Сығанақ, яғни Сунақ қаласында өмірге келген болатын. Алайда бұл кезеңде Орта Азияда біржола үстемдікке ие болған араб жазуын қолдаушылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz