Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
Жалпы Энтомология
II.Негізгі бөлім
2.1.Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA.
2.2.Әр түрлі қанатты ірі көбелектер тобы - MACROFRENATA
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиет

Кіріспе
Энтомология (грек. entomа - жәндіктер және logos - ілім) - жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы.
Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 - 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 - 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 - 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді.Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология ин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар "Қазақстан соналары", "Қазақстанның қан сорғыш масалары", "Қазақстан цикадалары", "Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары", "Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары", "Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары", "Жетісу шөліндегі құмырсқалар", "Қазақстанның қансорғыш шыбындары", "Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары", "Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары", т.б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады.

Негізгі бөлім
Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA.
Өте ұсақ күйе көбелектерден бастап едәуір ірі көбелекке дейін үлкендігі алуан түрлі. Қанат өрісі 3 - 8 мм шамасынан 200 - 300 мм шамасына дейін жетеді, үстін ұнтақ қабыршықтар басқан, біртекті 2 жұп қанаты бар бөжектер. Ауыз аппараты сорғыш спираль түрінде иілген ұзын тұмсықтан тұрады. Кейде тұмсығы шала дамыған немесе мүлде болмайды. Көбелектің дәрнәсілдерін жұлдызқұрт деп атайды. Олардың жақсы дамыған кеуде аяқтарынан басқа құрсағында 2-5 жұп аяқтары болады. Қуыршақтары көбінесе жабық және жабылған(піллә) болып келеді.

Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы
Көбелектер отряды түрлерінің саны жағынан қоңыздардан кейінгі, екінші орында, жер бетінде - 150 мыңнан аса түрлері бар, соның ішінде 3 мыңнан астамы біздің елде кездеседі. Көпшілік көбелектердің жұлдызқұрттары фитофагтар(өсімдік қоректі), олардың ішінде көптеген түрлері ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестері, кейбіреулері теріден және жүннен жасалған бұйымдарды жеп бүлдіреді, басқалары ара ұясына зақым келтіреді. Тамақ өнеркәсібіне де зиянын тигізеді. Бұлардан басқа көбелектердің бірнеше түрлерінің жұлдызқұрттары пайдалы - табиғи жібек береді. Қабыршақ қанаттылар мына төменгідей 3 отряд тармағына бөлінеді: жақты көбелектер, тең қанаттылар немесе жоғарғы сатылы сорғыш көбелектер, әр түрлі қанаттылар, немесе жоғары сатылы сорғыш көбелектер.
Жақты және тең қанатты көбелектер топ тармағы - Laciniata. Бұл отряд тармаққа күйе көбелектері тұқымдасының (Micropterygidae) өкілдері жатады. Олар кеміргіш ауыз аппаратарының белгілерін сақтап қалған. Жұлдызқұрттары мүк және қына өсімдіктерімен қоректенеді, шаруашылық маңызы жоқ.
Тең қанатты көбелектер топ тармағы - Jugata. Тең қанатты көбелектер де көне заманнан келе жатқан түрлер. Бұл топқа жұқа тоқығыш көбелектер туыстастарының өкілдері жатады. Оның жұлдызқұрттары көп қоректі, топырақ арасында тіршілік етіп, құлмақтың, сәбіздің, қымыздықтың және басқа өсімдіктердің тамырын зақымдайды.
Әр түрлі қанатты ұсақ көбелектер топ тармағы - Frenata. Көбелектердің 70 шамасындай түрлерін біріктіретін негізгі топ тармағы. Ауыз аппараты нағыз сорғыш типіне жатады. Алдыңғы қанаттары артқыларынан үлкендеу. Отряд тармағы түрлі қанатты ұсақ және түрлі қанатты ірі көбелектер болып 2 тармаққа бөлінеді.
Бірінші топтың құрамына қанаттарының өрісі 20-25 мм аспайтын ұсақ көбелектер кіреді. Жұлдызқұрттары көбінесе жасырын тіршілік етеді. Бұл топқа қаракүйе көбелектерінің бірнеше туыстасы, ала көбелек пен бұрғы көбелек тұқымдастары және тағы басқалары жатады. өсімдік зиянкестері әсіресе жапырақ ширатқыштар мен қаракүйе және қан көбелегі туыстастарында кездеседі.
Жапырақ ширатқыштар туыстасы - Tortricidae. Қысқа шашақты қанаттарының өрісі 14-25мм шағын көбелектер. Мұртшалары жіп, қылшық, кейде тарақ тәрізді, алдыңғы қанаттарынан қысқа болады. Тұмсығы жақсы жетілген. Жұлдызқұрттары ұсақ.
Жұлдызқұрттары жылдам келеді, сыртқы әсерден шошынғадары тез қимылдап, ирелеңдейді де, өрмек жібінің көмегімен төмен қарай салбырап түсе бастайды. Көбелектер ымырт кезінде ұшады. Олар жұмыртқаларын өсімдіктің әр түрлі мүшелеріне бір-бірлеп немесе тоқтап салады да, үстін қосалқы бездерінен бөлінетін сұйықтықтан пайда болатын қалқаншамен бүркейді. Бұл тұқымдастың құрамына 5000-нан астма түр кіреді, соның ішінде бір жүздей түрлері біздің елде кездеседі. Өте қауіпті зиянкестер қатарына алма жегірі (Laspeyresia pomenella L.), раушан жапырақ ширатқышы (Cacoecla rosona L.) және басқа көптеген түрлер жатады.

Алма жегірі (Laspeyresia pomenella L.)

Аққіс тәрізділер туыстасы - Yyponomeutidae. Алдыңғы қанаттары ұзын, ал артқы қанаттары дөңгелектеніп келген ұсақ көбелектер. Қанаттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыршақ қанаттылар
Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA
Табиғатқа көрік берген көбелектер
Күздік көбелек
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Буынаяқтылар типі жайлы
Бөжектердің анатомиясы
Ызылдақ шыбын
Пәндер