Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Кафедра Есеп және қаржы
SYLLABUS
Пәннің атауы Экономикалық талдау
Білім беру бағдарламасы 6В04105 Қаржы
Құрастырушы: Ш . М. Алтыбаева э. ғ. м., аға оқытушы
Орал, 2022 ж.Экономикалық талдау пәні бойынша SYLLABUS Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша Тарих, экономика және құқық факультетінің академиялық кеңесінде қарастырылған жб мемлекеттік білім беру стандарты элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды. № 1 хаттама 16 қыркүйек 2022 ж. бекітілген және енгізілген.
Есеп және қаржы кафедрасының мәжілісінде қаралды
Хаттама № « 1 » 27 тамыз 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі: _ Искакова Б. Г.
(ТАӘ, қолы)
1 Пән туралы мәліметтер:
Кредит
3
Курс
4
Семестр
7
емтихан
Дәріс (сағаты)
15
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
15
СОӨЖ (сағаты)
СӨЖ (сағаты)
Барлық сағаттар
90
Мақсаты: Бұл пәнді игеру мақсаты студенттерде әдіснамалық негіздерді қабылдау және тәжірибелік жұмыста керек экономикалық талдаудың тәжірибелік машықтарын алу арқылы аналитикалық, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- тәлімгерлерді шаруашылық қызметтің нәтижелерін дұрыс бағалауға, талданушы объектке тәуелді және тәуелді емес болатын көрсеткіштер өзгерісінің себептерін өзара ажыратуға үйрету;
- уақытында қаржылық-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз жағдайлардың алдын алу, алдыңғы кезеңге болжау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтауға үйрету;
- қызметінің жеке тараптарының, жеке буындарының ортақ нәтижеге әсерін анықтау арқылы кәсіпорын қызметінің қорытындыларын шығару;
- шаруашылық етудің тиімділігінің резервтерін және оларды пайдалану жолдарын анықтау;
- тиімді басқармалық шешімдерді қабылдау үшін материалдар жинақтау.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- Өзінің кәсіби және әлеуметтік қызметінде білімі мен түсінігін көрсетеді
- экономикалық талдаудың ұғымдық аппаратын және оны жүргізудің методологиясын білу;
- Экономикалық және әлеуметтік құбылыстарды талдауда пайдаланылатын функционалдық тәуелділіктердің негізгі түрлерін білу;
- экономикалық талдаудың мәнін, мазмұны мен мақсаттарын білу;
- экономикалық талдаудың қазіргі кездегі кәсіпорын қызметі үшін ролі мен қажеттілігін ұғыну;
- талдаудың негізгі әдістерін білу. Нәтижелі көрсеткіштің өзгеруіне факторлардың әсерін анықтау үшін талдау әдістерін пайдалана білу
- қаржылық сипаттағы ақпараттарды өңдеу мен дайындау жүйесін талдауды қолдана білу.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- Өзінің кәсіби қызметінде экономикалық және арнайы пәндер бойынша білімді пайдаланады;
- экономикалық талдаудың ережелері мен принциптерін іс жүзінде қолдану;
- логикалық ойлау, индукция, дедукция және критикалық анализ әдістерін қолдану, туындаған мәселелерді шешу,
- мамандырылған экономикалық терминологияны және кәсіби терминдарды қолдану;
Игерілетін дағдылар:
- экономикалық талдау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, деректерді жинау және талдамалық өңдеуді жүзеге асыру, нақты зерттеу үшін қажетті модельдеу құралдарын пайдалану;
- ақпаратты талдау және жүйелеу, өз идеяларын ұсыну және негіздеу және мұның бәрін нақты құрылымдалған, логикалық реттелген мәтін түрінде ұсыну, әр түрлі ақпараттық ресурстарды сыни бағалау;
- жинаудың компьютерлік әдістерін, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты өңдеу және сақтау.
Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы»
Постреквизиттер : Кәсіби (өндірістік) сараман
2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Алтыбаева Шынар Мендигалиевна, 87018492318, shynar_alt@mail. ru
3 Курстың саясаты:
Пәнді оқу кезінде келесі ережелер сақталуы тиіс:
1. Сабаққа қатысу.
Сабаққа кешікпей келу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Сабақты орынды себепсіз қалдырмау, ауырған жағдайда - анықтаманы, басқа жағдайларда түсіндірме хатты ұсыну. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп.
Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді, сабақ уақытында сөйлеспеу, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. Оқу процесіне күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру. Жіберілген практикалық сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру. Курстастармен және оқытушылармен шыдамды, ашық, қалтқысыз және тілектес болу.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т. б. ) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
7. Ерекше білімді қажет ететін студенттердің жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріле отырып, тапсырмалар беріледі. Көру қабілеті бұзылған студенттер үшін аудиолекциялар, есту қабілеті бұзылған студенттер үшін видео (титрмен), мәтіндік, тест тапсырмалары, презентациялар қарастырылған.
4 Пәннің құрылымы мен мазмұны
Тақырыбы:
Әдістері:
Тақырыбы:
Әдістері:
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны.
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың негіздері
. 1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты.
2. Экономикалық талдаудың негізгі түрлері
3. Экономикалық талдаудың ақпараттық базасы
Әдістері: презентация қорғау
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Әдістері: сараптама жүргізу
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Эксперттік бағалау әдісі
Орташа және салыстырмалы көлемдер
Мәліметтерді топтау әдісі
Индекстік әдіс
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Интегралдық тәсіл
Корреляциялық-регрессиялық талдау
Дисперсиялық талдау
Шешімдер ағашын құру
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Факторлық талдау
Әдістері: сараптама жүргізу
Тақырыбы: Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері.
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Факторлық талдау
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
1. Өнімді өндіру және өткізу жоспарының орындалуын және динамикасын талдау.
2. Өнімнің құрылымы мен ассортиментін талдау.
3. Өткізу нарығында тауарлардың орналасуын талдау.
Әдістері: презентация қорғау
Тақырыбы: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
1. Өнім сапасын талдау
2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
3. Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Негізгі құралдардың қолданылуын талдау
Әдістері: сараптама жүргізу
Тақырыбы: Негізгі құралдардың қолданылуын талдау
1. Кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамы мен көрсеткіштері
2. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау
3. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру резервтері
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Кәсіпорын персоналының және еңбекақы қорының қолданылуын талдау
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Кәсіпорын персоналының және еңбекақы қорының қолданылуын талдау
1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
2. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.
3. Еңбек өнімділігін талдау.
Әдістері: презентация қорғау
Тақырыбы: Материалдық ресурстарды қолдануды талдау
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Материалдық ресурстарды қолдануды талдау
1. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
2. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
3. Материалдық ресурстарды басқару
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Өнімнің өзіндік құнын талдау
Әдістері:дәріс-дискуссия
Тақырыбы: Өнімнің өзіндік құнын талдау
1. Өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар сомасын талдау
2. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау
3. Өнімнің бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру.
Әдістері: сараптама жүргізу
Тақырыбы: Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру
1. Қаржылық жағдайды талдаудың пәні мен әдісі
2. Баланс өтімділігін талдау
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру.
Әдістері: сараптама жүргізу
Тақырыбы: Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру
Қаржылық тұрақтылықты талдау
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Ақша ағынын талдау
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
Тақырыбы: Ақша ағынын талдау.
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, оның талдамалық құндылығы.
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы: ұйымның қаржылық, инвестициялық, операциондық қызметтерінен болатын ақша ағыны.
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Тақырыбы: Компанияның табыстылығын талдау
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
Тақырыбы: Компанияның табыстылығын талдау.
- Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" ҚР Заңы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы. 01. 01. 2017. (2016. 28. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (2016. 28. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (2016. 28. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (01. 01. 2017. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы. ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығы.
3. Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ (01. 01. 2018.
4. Экономикалық талдау : оқулық / Г. Т. Андыбаева, А. К. Канабекова, А. К. Абитова. - Алматы : Экономика, 2016. - 296 б.
5. Аманова Г. Д., Садуақасова К. Ж. Экономикалық талдау: оқу құралы / Г. Д. Аманова, К. Ж. Садуақасова- Алматы: Эпиграф, 2019. -280 б.
6. Алтыбаева Ш. М., Шамакова Н. Г. "Экономикалық талдау" курсы бойынша оқу құралы / Алтыбаева Ш. М., Шамакова Н. Г. - Орал: М. Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2019. - 156б.
7. Гиляровская, Л. Т. Экономический анализ: учебник для вузов / Гиляровская Л. Т. - Москва: ЮНИТИ-ДАНА, 2014.
8. Джаншанло Р. Е., Андыбаева Г. Т., Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. / - Алматы : LEM, 2015. - 72 б.Қосымша әдебиеттер:
- Гинзбург, А. И. Экономический анализ / А. И. Гинзбург. - М. : Питер, 2011. - 448 c.
- Маркарьян Э. А., Герасименко Г. П., Маркарьян С. Э. Экономический анализ хозяйственной деятельности/ - Москва: КноРус, 2015.
- Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С. Методика финансового анализа. - М., ИНФРАМ, 2005.
- Погорелова, Марина Яковлевна. Экономический анализ: теория и практика: Учебное пособие / Марина Яковлевна Погорелова. - Москва: Издательский Центр РИОР; Москва: ООО "Научно-издательский центр ИНФРА-М", 2014.
- Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. -А. ; «Экономика», 2001.
- Дуйсенбаев К. Ш. Анализ финансовой отчетности по МСФО. -А. ; «Экономика», 2009.
6. Дәрістер кешені
№1 дәрістің тақырыбы: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
- Экономикалық талдаудың негізгі тарихи аспектілерін зерттеу;
- Экономикалық талдаудың негізгі ұғымдарын қарастыру
Сұрақтардың мазмұны:
1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты.
2. Экономикалық талдаудың негізгі түрлері
3. Экономикалық талдаудың ақпараттық базасы
1. Табиғаттың және қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерделеу талдаусыз мүмкін емес. Талдау термині - грек сөзінің «анализ», яғни аударғанда «бөлу», «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Осыған орай, талдау - қысқартып айтқанда құбылыстарды бөлшектеу немесе қатты толық зерделеу үшін, олардың бөліктерін, элементтерін құрамдарға бөлшектеу. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты. Мысалы: Пайданың мәнін түсіну, оның алудың көздерін білуді, сонымен қатар оның ауқымын анықтайтын факторларды анықтауды қажет етеді. Бірақ, талдау зерттеліп жатқан затты синтезсіз, толық ашып, көрсете алмайды. Яғни, байланыс пен тәуелділікті оның бөліктерімен алмасу, яғни оның толық бөлінуге болмайды. Мысалы: Пайданы зерттеген кезде, оған әсер ететін факторлардың өзара байланысын, қарым-қатынасын бірге зерттеу керек. Тек, талдау мен синтез бірге болғанда ғана заттар мен құбылыстарды ғылыми зерттеу қамтамасыз етіледі.
Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды.
Экономикалық талдаудың мақсаттары:
- Объектінің жағдайларына нақты баға беру
- Қойылған талаптан айырмашылығын көрсету
- Активтер мен міндеттемелердің өзгерістеріне әсер ететін факторларды зерттеу
- Өндіріс тиімділігін арттыру, резервтерді анықтау
Экономикалық талдаудың негізгі объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері табылады.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық талдау басқарушылық және қаржылық болып екіге бөлінеді.
Экономикалық талдау
Мұндай бөлу коммериялық құпияларды сақтау заңы іс-ірекетіменен негізделген және тәжірибе жүзінде бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын көлемінде басқару және қаржылық есепке бөлуіне байланысты, ал есеп беру басқарушылық және қаржылық есеп беру болып бөлінеді. Басқарушылық есеп беру өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құны жайлы немесе өтпей қалған тауарлар төменгі сападағы тауарлар туралы сыртқы тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын деректері бар есеп қисап.
Ал қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатынесеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бөлінбейді. Ол өндірістік және қаржылық талдауға бөлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде өндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқы мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.
2. Экономикалық әдебиет беттерінде шаруашылық қызметін талдау түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мен терең зерттелгендері келесілер:
1. Салалық белгісі бойынша ШҚТ екі түрге бөлінеді:
- Салалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, сауда, т. б. ), яғни жеке саланың ерекшелігін ескеретін талдау.
- Салалық емес (экономикалық талдау теориясы), яғни талдаудың ортақ теориялық және әдістемелік негізі.
2. Уақыт белгісі бойынша:
- Алдын-ала талдау (перспективалық) - шаруашылық іс-әрекеттерін жүргізбестен бұрын, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеу үшін жүргізіледі.
- Кейінгі талдау (ретроперспективалық, тарихи) - кәсіпорын қызметінің нәтижесіне баға беру үшін жүргізіледі.
Перспективалық және ретроперспективалық талдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Ретроперспективалық талдаусыз перспективалық талдау жүргізу мүмкін емес. Өткен кезеңдерде кол жеткізілген жетістіктерді талдау кәсіпорын қызметінің тенденциясын, заңдылықтарын, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ал олар болашақта экономикалық көрсеткіштер деңгейін негіздеу үшін қажет.
Өз кезегінде ретроперспективалық талдау оперативті және қорытынды талдау болып бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық іс-әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін немесе қысқа уақыт аралығында нақты жағдай өзгергеннен кейін бірден жүргізіледі. Оның мақсаты - кемшіліктерді жылдам анықтап, оны өзгертуге ықпал ету.
Қорытынды талдау есепті мерзім үшін (ай, тоқсан, жыл) жүргізіледі. Оның құндылығы талдаудың есепті мәліметтерге сүйеніп кешенді және жан-жақты жүргізілуінде.
Перспективалық талдау уақытына байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді талдау бір жылға дейінгі мерзімді, ал ұзақ мерзімді талдау - бір жылдан үзақ мерзімді қамтиды. Қысқа мерзімді талдау кәсіпорынның тактикалық, ол ұзақ мерзімді - стратегиялық саясатын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бұл жерде екінші түрінің маңызы зор, себебі егер кәсіпорынның стратегиялық дамуы дұрыс айқындалса, тактикалық шешімдер қабылдау жеңіл болады.
3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
- Сандық талдау (факторлық) - бұл экономикалық құбылыстардың түрлі факторлар әсерінен өзгерісін сандық анықтау әдістемесі.
- Сапалық талдау - бұл зерттелетін құбылыстар мен үрдістердің салыстырмалы сапалық сипаттамалары мен сараптамалық бағалауларға негізделген зерттеу әдістемесі.
- Экспресс-талдау - белгілі бір экономикалық құбылыстарға тән ерекше белгілерге негізделе отырып, кәсіпорын экономикасына баға беру әдістемесі.
- Маржиналдық талдау - бұл сату көлемі, өзіндік құн мен пайда арасындағы себеп-салдарлық байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.
- Экономикалық-математикалық талдау - бұл экономикалық-математикалық үлгілеу негізінде қолда бар ресурстарды барынша ұтымды пайдалану жолымен экономикалық міндеттердің оңтайлы нұсқасын анықтау әдістемесі.
- Фундаментальдік талдау - бұл зерттелетін құбылыстың мәнін күрделі математикалық не басқа есептеулер көмегімен терең, кешенді зерттеу әдістемесі.
4. Талдау субъектілері бойынша:
- Ішкі талдау - бұл кәсіпорынның өз ішінде өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерді шұғыл, қысқа және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізілетін талдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz