Қаржылық тәуекелдерді басқару


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Кафедра Есеп және қаржы
SYLLABUS
Пәннің атауы Қаржылық тәуекелдерді басқару
Білім беру бағдарламасы 6В04105 Қаржы
Құрастырушы: Ш . М. Алтыбаева э. ғ. м., аға оқытушы
Орал, 2022 ж.Қаржылық тәуекелдерді басқару пәні бойынша SYLLABUS Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша Тарих, экономика және құқық факультетінің академиялық кеңесінде қарастырылған жб мемлекеттік білім беру стандарты элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды. № 1 хаттама 16 қыркүйек 2022 ж. бекітілген және енгізілген.
Есеп және қаржы кафедрасының мәжілісінде қаралды
Хаттама № « 1 » 27 тамыз 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі: _ Искакова Б. Г.
(ТАӘ, қолы)
1 Пән туралы мәліметтер:
Кредит
3
Курс
4
Семестр
7
емтихан
Дәріс (сағаты)
15
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
15
СОӨЖ (сағаты)
СӨЖ (сағаты)
Барлық сағаттар
90
Мақсаты: осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты қаржылық шығындарды азайту және компанияның сәтті жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәуекелдердің ерекшеліктерін, теориялық негіздерін, тәуекелдерді бағалаудың негізгі принциптері мен әдістерін, тәуекел және сенімсіздік жағдайында шешім қабылдаудың дағдыларын оқып-үйрену болып табылады.
Курстың міндеттері:
- қаржылық тәуекел бойынша теориялық білімді қалыптастыру;
- шаруашылық субъектілер қызметіндегі тәуекел түрлері мен формаларын оқу;
- тәуекелді бағалау әдістемесін оқу;
- қазіргі уақыттағы каржылық тәуекелдің дамуын және қалыптасудағы өзекті мәселелерді оқу.
.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Осы пәнді оқығанан кейін студенттер келесі дағдыларға ие болу керек:
Білу керек:
- Қаржы институттары мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі мен дамуындағы үрдістерді анықтау үшін ақпаратты есептей, талдай және түсіндіре отырып, экономикалық санаттарға, қаржы ұйымдарының принциптері мен әдістеріне кәсіби түрде қызмет етеді.
- тәуекелдердің мәні мен түрлерін, сондай-ақ олардың пайда болу себептерін егжей-тегжейлі зерттеу;
- таза және алыпсатарлық, оның ішінде қаржылық тәуекелдердің пайда болу салаларын анықтау;
- - тәуекелдердің әртүрлі түрлерін басқарудың тәсілдерін, сондай-ақ оларды үйлестіру мүмкіндіктерін меңгеру.
Істей алу керек:
- Қаржы нарығы сегменттерінің қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдай және бизнес жоспарларды, сметаларды және бюджет жобаларын құра отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлейді.
- топтық белгісіне қарай тәуекелдерді бөлу, тәуекел есебіндегі негізгі көрсеткіштердің есептеу әдістемесін иемдену, берілген қаржылық есеппен жұмыс істеу, кәсіпорынның мүмкін болатын тәуекелдерін талдай алу керек;
Дағдыға ие болу:
- Стратегиялық ойлауға және топта жұмыс істеу дағдысына, аналитикалық ойлау қабілетіне, көшбасшылық қасиетке ие бола отырып, коммуникациялық құралдарды, ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін сауатты пайдалана отырып, экономика саласындағы тәжірибелік мәселелер мен міндеттерді кәсіби түрде шешеді, өзін-өзі қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға ұмтылады
- қаржылық категориялар мен коэффициенттерді анықтау үшін каржылық есептеулердің практикалық дағдысына ие болу (өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың, рентабельділіктің, айналымдылықтың, тәуекел мен табыстылықтың, қосылған құнның (экономикалық, нарықтық, акционерлік), меншікті және карыз капиталының, леверидждің, инвестициялық жоба мен капитал құнына) .
- компаниядағы қаржылық тәуекелді басқару мәселелерін, қаржылық инструменттерді қолдануда, операциондық, қаржылық жэне инвестициялық шешімдердің тиімділігін аныктаушы критерийлер мен әдістерді қарастыруда кұзіретгі болу керек.
- қаржылық тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау дағдылары.
Алдыңғы реквизиті: Қаржылық менеджмент, Корпоративтік каржы, Қаржылық мониторинг.
Кейінгі реквизиті: Кәсіби (өндірістік) сараман.
2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Алтыбаева Шынар Мендигалиевна, 87018492318, shynar_alt@mail. ru
3 Курстың саясаты:
Пәнді оқу кезінде келесі ережелер сақталуы тиіс:
1. Сабаққа қатысу.
Сабаққа кешікпей келу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Сабақты орынды себепсіз қалдырмау, ауырған жағдайда - анықтаманы, басқа жағдайларда түсіндірме хатты ұсыну. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп.
Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді, сабақ уақытында сөйлеспеу, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. Оқу процесіне күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру. Жіберілген практикалық сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру. Курстастармен және оқытушылармен шыдамды, ашық, қалтқысыз және тілектес болу.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т. б. ) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
7. Ерекше білімді қажет ететін студенттердің жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріле отырып, тапсырмалар беріледі. Көру қабілеті бұзылған студенттер үшін аудиолекциялар, есту қабілеті бұзылған студенттер үшін видео (титрмен), мәтіндік, тест тапсырмалары, презентациялар қарастырылған.
4 Пәннің құрылымы мен мазмұны
Тақырыбы:
Әдістері:
Тақырыбы:
Әдістері:
Қаржылық тәуекелдің теориялық аспектілері
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
- Қаржылық тәуекел түсінігі және аспектілері
2. Тәуекел деңгейін бағалау Әдістері: әңгімелесу
- Қаржылық тәуекел түрлері
2. Нарықтық тәуекел түрлері және оларға сипаттама.
Әдістері: презентация қорғау
Қаржы тәуекелдерін басқару
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Қаржы тәуекелдерін басқару жүйесі, басқару кезеңдері
2. Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Әдістері: әңгімелесу
Банктік тәуекелдердің пайда болу себептері және түрлері
Әдістері: Мәселелі дәріс
- Банктік тәуекел түсінігі
- Банктің тәуекелдерінің жіктелуі
Әдістері: презентация қорғау
Банктік тәуекелдердің пайда болу себептері және түрлері.
Әдістері:дәріс-дискуссия
Банктік тәуекел түрлері
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Несиелік тәуекел
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
2. Несиелік тәуекелді азайту әдістері
Әдістері: презентация қорғау
Несиелік тәуекел
Әдістері: сараптама жүргізу
1. Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері
2. Банктік несие тәуекелін өлшеу
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Валюталық тәуекел және оның түрлері
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Валюталық операциялардың жалпы сипаты.
2. Валюталық тәуекелдердің пайда болу себептері.
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Валюталық тәуекел және оның түрлері
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Валюталык тәуекелдердің жіктелуі.
2. Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Инвестициялық тәуекел ұғымы және түрлері
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
- Инвестициялық тәуекел
2. Қаржылық инвестициялау тәуекелі
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Пайыздық тәуекел түсінігі және түрлері
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.
2. Пассивтік операциялар бойынша пайыздық тәуекелдер.
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Банктердің ішкі тәуекелдері
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
1. Банктің клиентіне байланысты тәуекелдер.
2. Банктік операциялар сипатына байланысты тәуекелдер.
3. Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.
Әдістері: презентация қорғау
Активтік операциялар тәуекелдері. Портфелдік тәуекелдер
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Активтік операциялар тәуекелдерінің жалпы сипаты.
2. Портфелдік тәуекел және оның түрлері.
3. Инфляция тәуекелі.
Әдістері: презентация қорғау
Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы.
Әдістері:дәріс-дискуссия
1. Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.
2. Тәуекелді бағалау әдістері
Әдістері: есептер шығару, әңгімелесу
Сыртқы реттелмейтін тәуекелдерді басқару
Әдістері: Дәстүрлі дәріс
- Елдік тәуекел, оның пайда болу ерекшеліктері.
- Саяси және жалпы экономикалық тәуекелдер.
3. Табиғи апаттар (форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі) тәуекелдері.
Әдістері: презентация қорғау
- Девирсификация түсінігі
- Нәтижелер және таңдаулар туралы қосымша ақпараттар алу әдісі
- Лимиттеу әдісі
Сақтандыру
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Сапарова Б. С. Финансовый менеджмент: учебник. - Алматы: Экономика, 2015. -462с.
2. Бланк И. А. Основы финансового менеджмента. В 2 томах. 1 М: Изд-во «Омега-Л», 2015г. -656с. и 674с.
3. Шапкин, А. С. Экономические и финансовые риски: оценка, управление, портфель инвестиций : [учеб. пособие] / А. С. Шапкин, В. А. Шапкин. - 9-е изд. - М. : Дашков и К, 2016. - 543 с.
4. Кричевский, М. Л. Финансовые риски : учеб. пособие / М. Л. Кричевский. - М. : КНОРУС, 2015. - 244 с.
5. Когденко, В. Г. Краткосрочная и долгосрочная финансовая политика : учеб. пособие для вузов / В. Г. Когденко, М. В. Мельник, И. Л. Быковников. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2015. - 471 с.
6. Сребник, Б. В. Финансовые рынки: профессиональная деятельность на рынке ценных бумаг : учеб. пособие / Б. В. Сребник, Т. В. Вилкова. - М. : ИНФРА-М, 2016. - 365 с.
7. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник. / Под ред. Е. С. Стояновой. - 2-е изд., перераб. и доп. - М., Изд-во Перспектива, 2015. - 574 с.
8. Өсербайұлы С., Қалымбекова Ж. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. -Алматы, 2016 ж. - 93 бет
Қосымша әдебиеттер:
1. Ермасова Н. Б. Финансовый менеджент. Учебное пособие для вузов. - М. :Издательство Юрайт, 2010 г. - 621 с
2. Р. Пайк, Б. Нил. Корпоративные финансы и инвестирование. - 4-г изд. /Пер. сангл. - Спб:Питер, 2006. -784с.
3. Р. Брейли, С. Майерс Принципы корпоративных финансов. - Олимп-Бизнес, второе издание, 2008. -1012с.
4. ҚР нормативті-құқықтық актілері, кезеңдік басылымдар және интернет-ресурстар 5. Официальные web-сайты Казахстанской фондовой биржи РК- http://www'. kase. kz. Национального банка РК // http://www. nationalbank. kz/, РГУ Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан// http://economy. gov. k//ru/ hUp://stat. gov. k/y, Министерства финансов РК // hup://www. minfin. gov. kz/
6. Мадиярова Э. С., Суйеубаева С. Н. Қаржылық менеджмент. Оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2009 ж. - 262 бет
6. Дәрістер кешені
№1 дәрістің тақырыбы: Қаржылық тәуекелдің теориялық аспектілері
Сабақтың мақсаты: қаржылық тәуекелдің негізгі ұғымдарын меңгеру, қаржылық тәуекелдің мәнін, мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін анықтайтын түсініктермен, негізгі қағидаларымен таныстыру
Сұрақтардың мазмұны:
- Қаржылық тәуекел түсінігі және аспектілер
- Тәуекел деңгейін бағалау
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті ара-қатынасты таңдайды.
Бүгінгі таңдағы нарықтық экономикада жағдайында банк саласында банктер әртүрлі банктік операцияларды жүзеге асыру барысында мойнына алатын кедергілерді дұрыс бағалай білудің маңызы зор.
Тәуекелділік кез келген қаржылық операцияларда болады. Олардың ауқымы әртүрлі. Сондықтан да банк қызметтерде тәуекелдің мүлде болмауының маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу, кеміту маңызды. Сондықтан, кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерде жұмсауға тырысады.
Қаржылық тәуекелдер деп - мекеменің жүзеге асыратын, операциясының ерекшелігімен туындайтын шығын қатері, яғни мекеме өз ресурстарының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцяларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз. Тәуекел кәсіпорында, ұйымда төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын белгілейді.
Қаржылық тәуекел категориясы экономикалық теорияның тану обьектісі ретінде әртүрлі бағыттағы нәтижелер мен ақпараттардың анықталмағандығы және оссиметриялылығымен тығыз байланысты.
Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар қызметі залалсыз болуы үшін шығын, ысырап, залал сенімді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану керек.
-Ысырап - кәсіпорын қызметіне тән, тәуекелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысынан банк пайдасының болжанбаған кемуі ретінде ұғынылады. Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залалды ұштастырады. Сол себепті де, қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады. Қатер мен Ысырап ұғымы бір бірімен өзара байланысты. Осыған қарай қатерді ысырап категорияларын пайдалана отырып сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуекел теориясын дамытудың базасы болып табылады.
Шығын кәсіпорын өз қызметінде белгілі бір шығындар жұмсайды. Оларға: төленетін пайыздар, банк, өзге де қаржы институттарынан алынған кредит ресурстары үшін төлем, есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығын жұмыскерлерге, қызметкерлерге, үй-ғимаратқа кететін шығындар жатады.
Табысты ала алмауда немесе белгіленген шығыннан да көп шығын шығару жағдайы залал деп аталады. Залал алдағы кезеңнің операцияларының жеткілікті дәрежеде таңдалмаған кезде, жарамсыздыққа ұрынған жағдайда және хал-ақуалды болжауға келмейтін жағдайда болады.
Кәсіпорын өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығы мен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы”) және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді. Кез келген қызмет табысты болу үшін, кәсіпорын тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белігілі бір топтарға бөлуді айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс) .
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік(1-ші суретте көрсетілген) .
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық) .
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т. б. ) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т. б.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты.
Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.
Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.
Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет.
Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) Капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер) .
Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.
Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.
Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz