Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 156 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Кафедра Есеп және қаржы

SYLLABUS

Пәннің атауы Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау

Білім беру бағдарламасы 6В04105 Қаржы

Құрастырушы: Ш . М. Алтыбаева э. ғ. м., аға оқытушы

Орал, 2022 ж.

Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау пәні бойынша SYLLABUS Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша Тарих, экономика және құқық факультетінің академиялық кеңесінде қарастырылған жб мемлекеттік білім беру стандарты элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды. № 1 хаттама 16 қыркүйек 2022 ж. бекітілген және енгізілген.

Есеп және қаржы кафедрасының мәжілісінде қаралды

Хаттама № « 1 » 27 тамыз 2022 ж.

Кафедра меңгерушісі: _ Искакова Б. Г.

(қолы, ТАӘ)

1 Пән туралы мәліметтер:

Кредит

3

Кредит:

Курс

3:

4

Кредит:

Семестр

3:

7

Кредит: Қорытынды бақылау түрі
3:

емтихан

Кредит:

Дәріс (сағаты)

3:

15

Кредит:

Практикалық (семинар, лабораториялық)

сабақтар (сағаты)

3:

15

Кредит:

СОӨЖ (сағаты)

3: 15
Кредит:

СӨЖ (сағаты)

3: 45
Кредит:

Барлық сағаттар

3:

90

Мақсаты: студенттерді инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау негіздерімен және қағидаларымен, инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау пәнімен және әдісімен, бағалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру негіздерімен таныстыру болып табылады.

Курстың міндеттері:

а) инвестициялық жобаның тиімділігін бағалауда қолданылатын негізгі түсініктермен, қағидалармен таныстыру;

б) инвестициялық жобананың тиімділігін бағалауды игеру және оларды тәжірибеде қолдану;

в) студенттерді инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау облысындағы оқу және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:

  • Қаржы нарығы сегменттерінің көрсеткіштері мен даму үрдістерін, қаржыландыру мен инвестициялаудың табыстылық дәрежесі бойынша оңтайлы құралдарын айқындау үшін ақша-несие, валюталық және инвестициялық операцияларды реттеуді түсіндіреді.
  • инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудың мәнін, мазмұны мен мақсаттарын білу;
  • инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудың негізгі әдістерін білу. Нәтижелі көрсеткіштің өзгеруіне факторлардың әсерін анықтау үшін талдау әдістерін пайдалана білу
  • қаржылық сипаттағы ақпараттарды өңдеу мен дайындау жүйесін талдауды қолдана білу.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:

  • Экономикалық дамуды болжау, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, оңтайлы басқару шешімдерін негіздеу үшін экономикалық-математикалық және статистикалық әдістерді, менеджмент және маркетинг тәсілдерін қолданады;
  • техникалық-ұйымдастыру деңгейін, сыртқы орта ықпалын, бәсекеқабілеттілік деңгейін, субъекттердің экономикалық потенциалын қалыптастыру мен пайдалануды талдаудың арнайы әдіс-айлаларын пайдалану машықтарына ие болу;
  • инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудың ережелері мен принциптерін іс жүзінде қолдану;
  • логикалық ойлау, индукция, дедукция және критикалық анализ әдістерін қолдану, туындаған мәселелерді шешу,
  • мамандырылған инвестициялық терминологияны және кәсіби терминдарды қолдану;
  • болашақ қызмет сферасындағы стандартты жағдайларды талдаудағы кәсіби аргументацияның әдістерін іздеу және қолдану;

Игерілетін дағдылар:

- жинаудың компьютерлік әдістерін, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты өңдеу және сақтау;

- инвестициялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, деректерді жинау және талдамалық өңдеуді жүзеге асыру, нақты зерттеу үшін қажетті модельдеу құралдарын пайдалану;

- ақпаратты талдау және жүйелеу, өз идеяларын ұсыну және негіздеу және мұның бәрін нақты құрылымдалған, логикалық реттелген мәтін түрінде ұсыну, әр түрлі ақпараттық ресурстарды сыни бағалау;

  • есептік-бюджеттік сферадағы тәжірибелік жұмыс
  • өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлардың ықпалын бағалауға дағдылану;
  • дер кезінде басқару шешімдерін қабылдау.

Пререквизиттер: Қаржы нарығы және делдалдары, Биржалық іс

Постреквизиттер : Кәсіби (өндірістік) сараман.

2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:

Алтыбаева Шынар Мендигалиевна, 87018492318, shynar_alt@mail. ru

3 Курстың саясаты:

Пәнді оқу кезінде келесі ережелер сақталуы тиіс:

1. Сабаққа қатысу.

Сабаққа кешікпей келу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Сабақты орынды себепсіз қалдырмау, ауырған жағдайда - анықтаманы, басқа жағдайларда түсіндірме хатты ұсыну. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп.

Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді, сабақ уақытында сөйлеспеу, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. Оқу процесіне күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру. Жіберілген практикалық сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру. Курстастармен және оқытушылармен шыдамды, ашық, қалтқысыз және тілектес болу.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т. б. ) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

7. Ерекше білімді қажет ететін студенттердің жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріле отырып, тапсырмалар беріледі. Көру қабілеті бұзылған студенттер үшін аудиолекциялар, есту қабілеті бұзылған студенттер үшін видео (титрмен), мәтіндік, тест тапсырмалары, презентациялар қарастырылған.

4 Пәннің құрылымы мен мазмұны Әдістері:дәріс-дискуссия

Апта
Дәріс
Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ
СОӨЖ
СӨЖ
Апта:
Дәріс: 1 - модуль Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың теориялық негіздері
Апта:
Дәріс:

Тақырыбы:

Әдістері:

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

Әдістері:

СОӨЖ: Тақырыбы:
СӨЖ: Тақырыбы:
Апта: 1
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі.

Әдістері: Дәстүрлі дәріс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі.

1. Инвестициялар ұғымы және экономикалық табиғаты

2. Инвестициялардың түрлері

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Инвестициялық қызметінің негізгі объектілері мен субъектілері
СӨЖ: Қазақстан экономикасындағы инвестицияның көлеміне әсер етуші факторлар
Апта: 2
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық қызмет түсінігі мен инвестициялардың түрлері

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық қызмет түсінігі мен инвестициялардың түрлері

1 Жоба түсінігі мен жобалардың түрлері

2 Инвестициялық жобалардың өмірлік кезеңдері

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Салыстыру және жалпы экономикалық тиімділіктің анықтамасы
СӨЖ: Экономикадағы институционалды инвесторлардын құрылымы мен ролі
Апта: 3
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық қызмет түсінігі мен инвестициялардың түрлері

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық қызмет түсінігі мен инвестициялардың түрлері

  1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының стратегиясы

2 Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің мәні

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Портфелдік инвестициялар, олардын ерекшеліктері мен айырмашылықтары
СӨЖ: Инвестициялық салымдардын тиімділік көрсеткіштері
Апта: 4
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары

Әдістері: Мәселелі дәріс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары

1. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және критерийлері

2. Инвестициялық жобалардың ақша ағындары

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Ақшаның бүгінгі (келтірінді) құны
СӨЖ: Жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялардын экономикалық тиімділігін бағалау
Апта: 5
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Әдістері: сараптама жүргізу.

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау

  1. Жобаларды қаржыландырудың тәсілдері мен түрлері
  2. Жобалық қаржыландыру

3. Инвестициялық жобалардың қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Ақша ағымын болашақ болжау үшін экономикалық көрсеткіштер
СӨЖ: Лизингтін тиімділік көрсеткіштері
Апта: 2 - модуль Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері
Апта: 6
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері

Әдістері: сараптама жүргізу.

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері

1. Жай және күрделі пайыздарды есептеу

2. Инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық әдістері

3. Инновациялық-инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Таза кірісті жоспарлау кезінде жалпы шығындарды шегеру тәртібі
СӨЖ: Бағалы қағаздармен операциялары бойынша инвесторлардын тәуекелі.
Апта: 7
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері

Әдістері: Дәстүрлі дәріс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері

1. Инвестициялық жобалардың ақша ағындарын дисконттау

2. Дисконттау есебімен инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

3. Таза ағымдық құн әдісі

4. Инвестициялардың дисконтталған өтелу мерзімі

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Халықаралық көрсеткіштер жүйесі бойынша инвестициялардын тиімділігін бағалау
СӨЖ: Инвестициялық жобаны іске асыру процессінде ақша ағымын жоспарлауда салық және пайыздық төлемдері, амортизацияның айырмашылық ерекшеліктері
Апта: 8
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері

  1. Капитал салымдарының рентабельділігінің ішкі нормасы
  2. Дисконтталған рентабельділік индексі
  3. Аннуитет әдісі

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Инвестициялау процесін қаржылық талдау ерекшеліктері
СӨЖ: Қаржылық тұрақтылықты талдау әдістері
Апта: 9
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды әзірлеу және талдау

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды әзірлеу және талдау

1. Жобаның тұжырымдамасын әзірлеу

2. Жобалық талдау, оның мазмуны мен мәні

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Шығындар жіктелуі
СӨЖ: Зиянсыздық нүктесін есептеу
Апта: 10
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды әзірлеу және талдау

Әдістері: Мәселелі дәріс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды әзірлеу және талдау

1 Технико-экономикалық негіздеме

  1. Бизнес-жоспар құрылымы.

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Салынған кірістің әсері және операциялық леверидж
СӨЖ: Зиянсыздықты талдау және пайданы жоспарлау үшін жұмыс форматын құрастыру
Апта: 3 - модуль Инвестициялық жобаларды басқару
Апта: 11
Дәріс:

Тақырыбы: Тәуекел жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және талдау

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Тәуекел жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және талдау

1. Тәуекел түсінігі және оның түрлері

2. Инвестициялық жобалардың тәуекелділігін бағалау әдістемелері

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Белгісіздік жағдайларында жобаны бағалау
СӨЖ: Сезімталдықты талдау
Апта: 12
Дәріс:

Тақырыбы: Тәуекел жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және талдау

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Тәуекел жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және талдау

1. Инфляция жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

2. Меншікті қаражаттар есебінен инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында инфляцияның әсерін есепке алудың ерекшеліктері

3. Жобалық тәуекелдерді басқару

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Сценарийлерді талдау
СӨЖ: Монте - Карло моделі
Апта: 13
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды басқару

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды басқару

1. Жобаларды басқару әдістері

2. Жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары

Әдістері: әңгімелесу

СОӨЖ: Кәсіпорынның қарапайым акцияларының құнын бағалау
СӨЖ: Артықшылығы бар акцияларының құнын анықтау моделі
Апта: 14
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды басқару

Әдістері:дәріс-дискуссия

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды басқару

1. Жобаларды жоспарлау мен басқарудың желілік әдістері

2. Жобаларды басқарудағы ақпараттық технологиялар

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Капиталдын құнын анықтау көзқарасы мен моделі
СӨЖ: Қарыз капиталының құнын анықтау моделі
Апта: 15
Дәріс:

Тақырыбы: Инвестициялық саясаттың бағыттары

Әдістері: мәселелі дәріс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Инвестициялық саясаттың бағыттары

1 Қазіргі дүние жүзіндегі инвестициялық саясат

2 Қазақстан Республикасының қаржы нарығы үшін инвестиция тартудың маңыздылығы

Әдістері: презентация қорғау.

СОӨЖ: Нақты инвестициялар формалары, капиталдық салымдар
СӨЖ: Инвестициялардын әлеуметтік нәтижесін бағалау

5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2018. 04. 07. № 174-VI ҚР Заңы (2021. 02. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ. (2021. 12. 03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  3. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығы (2019. 26. 06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  4. Басовский, Л. Е. Экономическая оценка инвестиций: Учебное пособие / Л. Е. Басовский, Е. Н. Басовская. - М. : ИНФРА-М, 2013. - 241 c.
  5. Касьяненко, Т. Г. Экономическая оценка инвестиций: Учебник и практикум / Т. Г. Касьяненко, Г. А. Маховикова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 559 c.
  6. Турманидзе, Т. У. Анализ и оценка эффективности инвестиций: Учебник. /. - М. : ЮНИТИ, 2015. - 247 c.
  7. Марченко Г., Мачульская О. Рейтинг инвестиционной привлекательности Казахстана // Эксперт, - 2014.
  8. Нурланова Н. А., Бейсенбина А. К. Оценка потенциальных инвестиционных возможностей регионов // Капитал, инвестиции, технологии. - 2013. - № 11.
  9. Шарп Уильям Ф., Александер Гордон Дж., Бэйли Джеффри В. Инвестиции. М., «Инфра-М», - 2018 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Управление проектами: от планирования до оценки эффективности. // уч. пос. М. «Омега- Л»2013г.
  2. Қазақстан қаржы нарығы секторларының өзара ісқимылы және олардың реттелуі. Адамбекова А. А. Оқулық. Алмты. Экономика. - 2012.
  3. Дейнеко А. В. Привлечение иностранных инвестиций в экономику Казахстана: состояние и развитие процесса // Капитал, инвестиции, технологии. - 2013. - № 1.
  4. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
  5. Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысы. (2021. 05. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  6. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы.
  7. Ұлттық инвестициялық веб-сайт. - [ЭР] . Режим доступа: http://invest. gov. kz.
  8. http://www. akorda. kz
  9. http://www. kase. kz
  10. http://mf. minfin. kz/
  11. http://www. nationalbank. kz
  12. http://www. fin. ru

6. Дәрістер кешені

№1 дәрістің тақырыбы: Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

  • инвестициялардың негізгі ұғымдарын зерттеу;
  • инвестициялардың түрлерін қарастыру

Сұрақтардың мазмұны:

1. Инвестициялар ұғымы және экономикалық табиғаты

2. Инвестициялардың түрлері

1. Инвестициялар ұғымы және экономикалық табиғаты

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінің бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалынатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсаты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестициның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға аса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

“Инвестиция”термині латынның investire- ”жұмылдыру” сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландру туралы былай жазады: “Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді(ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т. б) “таза инвестицияландыру” немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвеситицияландырса, басқа біреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды”Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті актитвтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақты жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. ”В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты обьектілеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы:инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшалантын әр түрлі нысандары бар:құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

2. Инвестициялардың түрлері

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  1. инвестициялардың түрлері;
  2. ақша құралдарын салу обьектілері;
  3. инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  4. инвестицияландыру кезеңі;
  5. меншік түрлері;
  6. инвестордың қатысу түрлері;
  7. тәуекел дәрежесі;
  8. ұдайы өндіріс түрлері.
  1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:

● ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

● жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

● авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

● жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

● қандай да бір өндірісті(бірақ патенттелген “ноу-хау” емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2. Құралдардың салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:

● нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғиараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылатын құралдар;

● материалды емес активтер - лицензияларды, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

● қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар.

3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

● тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу обьектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру обьектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

● жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдардар арқылы ( инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру обьектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.

4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

● қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Бизнес - жоспарлаудың негізгі қағидаттары
Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу
Инвестициялық жоба,оның құрылымы және өмірлік циклі
Мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестициялары
Инвестиция, инвестициялық қызмет және инвестициялық жоба түсінігі
Инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz