Бағалау әдістеріне қысқаша шолу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Мамандығы:
Пәні:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті
Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:
Қызылорда 2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Жаңартылған білім беру жүйесіне теориялық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.1 Жаңартылған білім беру - жаңашылдықтың бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..8
0.3 Жаңа білім беру мазмұнындағы инновациялық үрдіс,даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
II тарау Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерінің практикалық маңыздылығы мен нәтижелегі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Жаңартылған оқу - тәрбие мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Тәжірбиелік бөлім
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламалрын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің мағызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шағырмашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - бұл жаңа тәсілдер,әдістер, стратегиялар, критериалды бағалау (дамыған критериялар бойынша баңалау), жоспарлаудың жаңа формалары ( ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді), бағалаудың жаңа тәсілдері (қалыптастырушы және жиынтық), АКТ-ны қолдану,үштілдікті енгізу (үш ітлде біртіндеп кіріспе оқыту қазақ,орыс,ағылшын).
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Ағылшын ғалымы Д.Брунердің теориясының ажырамас бөлігі "Жаңалық ашу" және "Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе,алынған нәтижелер шынайы" - деген ұғымдар болды . (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында:
oo Біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы;
oo Екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы;
oo Үшіншіден, жаңалық ашу арқылы жадыны жетілдіру;
oo Төртіншіден, жадыны дамыту үшін оқытудың ұтымды әдістерінің тиімділігі арқылы нәтижеге қол жеткізу.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана жаңа материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенінң түсінеді.
Ең бастысы, мұнда мәселені шешу процесі жауапқа қарағанда маңызыд екендігін түсіну қажет.Оқыту үдерісінде қолданылыатын бұл әдістердің мақсаты - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендңгңмен байланысты.
Курстық жұмыстың нысаны: әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту үдерісі.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Басылымдық материалдарм мен ғылыми - әдістемелік әдебиеттерде жарияланған білім мазмұнын жаңартудағы өзекті мәселелер және оны шешудің жолдары,алғашқы нәтижелерін саралау;
2. Оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұнын қарастыру;
3. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін тәжірбиеде қолдану және тиімді анықтау;
4. Ұтымды әдіс-тәсілдерінің практикалық маңыздылығын көрсету;
5. Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерінің эксперименттік нәтижесін ұсыну;
Курстық жұмыстың болжамы; Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын байланыстырып жалғастырып көпір салуға негізделсе, онда мұғалімдер оқушылардың не білетінін және ненә жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көріп не істегісі келетінін түсінуге тырысып, осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер білімді меңгерудегі үдерістердің екі жағын да қадағалай алуға мүмкіндігі болар еді.
Курстық жұмыстың құрылымы; курстық жұмыс екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I тарау. Жаңартылған білім беру жүйесіне теориялық сипаттама
0.1 Жаңартылған білім беру - жаңашылдықтың бастауы
Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда.Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. XXI ғасырдың мектептері оқушылары өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымда өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып,өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек.
Жоғарыдағы көрсетілген тұжырым Қазақстанда білім беру саласына өзгеріс қажет екенін анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа XXI ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында Балалар XXI ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек? және Оқытудың тиімді әдістері қандай? деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты [1, 40 бет].
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірбиемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі - спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында спиральді тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген [2,29-30б]
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының басымдықтары
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1 - кесте):
Құндылықтар
Дағдылар
oo Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
oo Қарым-қатынас жасау қабілеті;
oo Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау;
oo Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
oo Өмір бойы оқуға дайын болу.
oo Сын тұрғысынан ойлау;
oo Білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетті;
oo Проблемаларды шешу қабілеті;
oo Ғылыми-зерттеу дағдылары;
(тілдік дағдыларды қоса алғанда)
oo Жеке және топпен жұмыс істей білу қабілетті;
oo АКТ саласындағы дағдылар.
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері;
oo Пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктілігін арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
oo Таным заңдылығы мен пәндік операцияларының неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксрнмиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;
oo Білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкндік беру;
oo Бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
oo Оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде болуы [3,45бет].
0.2 Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңартудың басты мақсаты: білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру. Бұл бағдарлама Д.Брунердің когнитивті теориясына негізделген білімнің спираль түрін дамытуға негізделген. Спиралбды оқыту мектепте күрделі болатын материалды қайта қарау қазіргі заманғы оқушы үшін дамудың дәстүрлі оқытуға қарағанд үлкен артықшылығы бар деп болжайды.
Спиральды оқу бағдарламасының артықшылықтары;
oo Оқушының алға қойған мақсаттарға жету үшін бұрын алынған білімдеріді қолдануды енгізуді ұсыну;
oo Жаңа білім алдыңғысымен тығыз байланысты және алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;
oo Әр қайталаған сайын тақырыптың немесе сабақтың күрделілігі артады;
oo Спиральды білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан күрделі, ыңғайлы жолдарға өтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қазақстандық оқушылардың дамуы білім берудің белсенді түрлерін енгізу арқылы жүзеге асады, оның барысында оқушылар дербес функционалдық сауаттылықты дамытады. Білімді белсенді түрде алады, сыныптастармен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға деген үлкен ықыласпен және мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарас. Жаңартылған бағдарламаны қолдану барысында мұғалімдердің міндеті - оқушылардың бойана адами негізгі нормалар мен адамгершілікті сіңіру, толеранттылық пен басқа мәдениеттер мен көзқарастарға деген құрметті қалыптастыру және саналы, салауатты бала тәрбиелеу[4,56бет].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты - білім деңгейлеріне қойылатын талаптар жиынтығын анықтайды;
oo Оқушылардың дайындық деңгейіне;
oo Білім мазмұнына;
oo Оқушылардың оқу жүктемесінің максималды көлеміне;
oo Оқу мерзімі бойынша;
Оқу жоспары - бұл пәннің құрылымдық сипаттамасын және пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық техникалар туралы ақпаратты беретін құжат. Оқу жоспарында оқушылардың пән шеңберінде дамуы туралы күтілетін білім мен кәсіптік дағдылар оқу мақсаттары түріне көрсетілген. Осы білім беру мақсаттары үшін әр сыныпқа арналған оқу жоспарының мазмұны анықталады. Оқыту мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды тек ұсынылған тәртіп бойынша оқыту қажет емес. Спиральды оқу бағдарламасы оқушылардың сыныпқа қалай алға жылжуын көрсетеді.
Оқу бағдарламасына қарастырылған сұрақтар;
oo Пәннің мақсаты, міндеттері және мәні туралы қорытынды;
oo Оқу бағдарламасында қалыптасатын білім, түсініктер, дағдылар, пікірлер және құндылықтар туралы ақпарат;
oo Оқу бағдарламасына сәйкес оқытуда қолданылатын педагогикалық техника;
oo Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды түсіндіру;
oo Бағалау әдістеріне қысқаша шолу;
oo Бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдың асқыну тәртібі.
Оқу жоспарына мыналар кіреді:
oo Ұзақ мерзімді жоспар;
oo Тілдік мақсаттар туралы;
oo Орта мерзімді жоспар;
oo Қысқа мерзімді жоспар.
Орта мерзімді жоспар - бүкіл оқу жылына арналған барлық оқу мақсаттарын қамтиды және оқушыларға сол мақсаттарға жету үшін мүмкіндік беретін және оларға ұсынылатын іс-шаралардың қысқаша мазмұнын ұсынады. Бұл іс-шаралар пайдалы кеңестерден тұратын қысқаша жазбалармен бірге мұғалімдерге сабақжоспарлауда қолдау көосету үшін жасалған және осы сабақта қолдануға болатын ресурстар енгізілген.
Қысқа мерзімді жоспар - бұл мұғалімдерге орта мерзімді жоспардың мазмұнын олардың егжей-тегжейлі сабақ жоспарларында қалай бейімдеу туралы нұсқаулық ретінде ұсынылғна үлгі. Жалпы, оқу жооспары пәннің мазмұнын және оны оқыту әдістерін жақсы меңгерген мұғалімдердің жаңартылған оқу бағдарламасын сәтті жүзеге асыруын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған. Оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты -- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ - ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: бөлім бойынша жиынтық бағалау (ББЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТБЖБ). Баланың жан -- жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы -- баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Сабақ жоспарын құру кезінде мұғалім келесі сұрақтарды қарастыру қажет:
Сабақтың мақсаты:
oo Сабақ басында қыздырынуға арналған жаттығудың оқу мақсаттарын және сабақтың негізгі бөліміне арналған оқуа мақсаттарын алдын-ала анықтаңыз. Оқу жоспарында тиісті басшылықтар ұсынылған.
oo Сабақтың кейбір мақсаттарын бірнеше мақсатқа бөлуге болады.
oo Тақырыпқа сәйкес қандай тілді және қандай концепцияларды қолданатындығыңызды ойлаңыз.
oo Бір немесе бірнеше мақсат бірнеше сабақтың тақырыбы бола алады.
oo Өз жұмысыңызды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін мақсаттарды топтастырыңыз.
oo Сіздің сыныбыңызға, тобыңызға қандай мақсаттар сәйкес келетінін түсіну үшін аралық жоспарлауды қолданыңыз.
Мұғалім оқушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынуы қажет:
oo Бірқатар белгілі фактілерден жаңа фактілерді алу және қолданылатын әдістер мен тәсілдерді түсіндіру;
oo Оқушылар тез жаттайтын фактілер анықтап, оны орындау жолын талқылау;
oo Тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыра отырып, тақырыптағы сөздік қор мен терминдерді дұрыс қолдану [5,118 бет].
1.3 Жаңа білім беру мазмұнындағы инновациялық үрдіс,даму жолдары.
Халық пен халықты теңестіретін - білім - деп қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірбие, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негңздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін,ұлттық мәдениетін, ұлттых рух пенсана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктірге жетелейді.
Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдиеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әпекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаы - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану, оқып үйрену,меңгеру,өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді
Тереңдетумен қатар, оқушыны оқу іс-әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады [6, 13 бет].
Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдала отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек , мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықдарды қалыптастыру, қолдану, жүззеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген матеиарал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатара ғалымдардың еңбектерін,жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе, біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау,жаңалау дегенді айтқанды жөн көрдік. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытқа ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталады. Инновациялық технологиялар:
1. Жобалау технологиясы
2. Саралап оқыту технологиясы
3. Дамыта оқыту технологиясы
4. Модульдік оқыту технологиясы
5. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
6. Сатылай комплексті талдау
7. Дамыта оқыту технологиясы
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп,тарату мәслесіне қатыстырады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі,қолдану ерекшелігі,одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып оытрған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас пен психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірбиеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашыл қабілетін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр баланың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушы сезіну.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, рекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты .
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын мұғалімдер, мектеп оқушылары және өзінің басқарушы ішкі жүйесі біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздік өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты; адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы деке тұлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғыру жағдайында ұстап қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек. Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісін енгізу үш бөлімнен тұрады;
I - бөлім. Кәсіби шеберлік.
II-бөлім. Біліктілік дағдылары.
III-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы - оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілеттерін арттыруға,тапқырлыққа баулиды.Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтар шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін,түсінік-танымдарын еселеп,арттыра түседі.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор.Оқушының әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz