Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Орталық Азия инновациялық университет
Халықаралық гуманитарлық - техникалық институт
Шалдар Алтынай Уристембекқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы
Шымкент 2022

Қорғауға жіберілді
Өнер кафедра меңгерушісі
өнертану.к., доцент _____ А.К.Ниязов
дипломДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
5В012000 - Кәсіптік оқыту
Орындаған Шалдар А.У.
Ғылыми жетекшісі, п.ғ.к., аға оқытушы: Күнпейіс Ж.Қ.
Шымкент 2022
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан − 2030 стратегиялық Жолдауында айтылған: Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденіп дамиды, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, - деген пікірінің мәніне үңілетін болсақ, елдің жарқын келешегінің келбетімен қатар, сол келешекке жету жолында шешілуге тиісті міндеттердің бірін айқын көре аламыз.[1] Ол міндет − ұлттық құндылықтарымыз - бабалар дәстүрлерін сақтап әрі дамыта отырып, тәуелсіз Қазақстан экономикасын дамытатын білікті кәсіби маман даярлау болып табылады. Бұл міндеттің мәні ұлттық дәстүрлер мен өркениет жетістіктерін сабақтастыра дарытатын кәсіби құзіреттілігімен арттыратын, әрі патриот, әрі ізгі ұрпақ тәрбиесімен айқындалмақ. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруы атап көрсетілген. Ұрпақ тәрбиесін ұлттық мүддеден, ұлттық мұраттан бөле-жара жүзеге асыру мүлдем мүмкін емес. Ел келешегінің қандай болмағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты. Ал бұл орайда назарға алынуға тиісті факторлар аз емес. Солардың бірқатары ұлттық мәдениетпен өзектесе танылады. Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері: Қ. Жарықбаевтың, С.К. Қалиевтың, К.Ж. Қожахметованың, Ж.Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, қолданбалы салалары бойынша Қ. Бөлеевтің, Р.Қ. Дүйсембінованың, сонымен қатар Р.М. Айтжанованың, С.Қ. Әбілдинаның, Ш.М. Мұхтарованың, Қ.А. Сарбасованың, Л.С. Сырымбетованың және т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды. Бұл қатарда кезек күттірмес мәселелердің бірі халық өнерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты танып-білу, нәтижеде оның жетіле түсуіне, кең арнада дамуына жол табу болып табылады. Сонымен қатар зерттеудің негізгі идеясы Білім туралы, Цифрлық Қазақстан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қағидаттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың Ұлттық бірлік және жүйелі реформалар-өркендеудің берік іргетасы атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары негізге алынады. Жалпы ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту міндеттерді орындаудың қажеттілігіне айналатын кез-келген кәсіби саладағыдай сәттілікке жетудің маңызды шарты болып табылады. [2]
Технологиялық құзіреттіліктің жоғары деңгейде болуы біздің заманымыздың өзекті талабы болып табылады, кәсіби педагогикалық қызметті сәтті жүзеге асырудың негізін құрайды, кәсіби сипаттағы міндеттерді орындау барысында бұл зерттеу мәселесінің өзектілігін растайды. Сондықтан, жалпы технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру замануи білім беру жүйесінің неғұрлым өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. [3]
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің адам өміріндегі рөліне Орта Азия халықтарының этнографиясын, тарихын зерттеген ғалымдар (И.Г.Андреев, А.А.Бобринский, А.А.Боголюбов, А.Фелькерзам және т.б.) қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин аса мән берген. Ұлттық қолөнердің әсемдігі мен көркемдігі, мазмұны мен маңызы, қазақ шеберлерiнiң эстетикалық талғамы С.М.Дудин, В.Чепелев, Б.Веймарн, В.Мошкова, А.И.Тереножкин, Е.Р.Шнейдер, Т.К.Бәсенов және т.б. ғалымдар еңбектерінде мазмұндалады. Қазақтың ұлттық қолөнер мәселелері өз алдына зерттеу объектісі тұрғысынан этнографтар (Ә.Тәжімұратов, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан, С.Қасиманов, Ө.Жәнiбеков, М.С.Мұқанов, Қ.Ақышев, М.Қадырбаев, А.Оразбаев және т.б), өнертанушылар (Қ.Ибраева, Г.Абдрахманова, С.Садырбаева және т.б.), философтар (Ж.Әлiбеков, Б.Байжiгiтов, К.Ж.Каракузова, К.Нұрланова, Б.Р.Қазыханова және т.б.), филологтар (М.Өмiрбекова, Р.Шойбеков және т.б.), технологтар (С.Ж.Асанова, М.А.Нұржасарова және т.б.), суретшілер (Р.Д.Ходжаева, И.В.Захарова, Г.Тәкішева, А.Құралов, Қ.Саматұлы), қолөнер шеберлері (Д.Шоқпарұлы, Ә.Ш.Әбдуәлиева және т.б) еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Қазақтың ұлттық қолөнері мәселелерін зерттеуге педагог ғалымдар да аса ден қойған. Оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері этнопедагогика саласынан орындалған бірқатар іргелі еңбектерде (Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, Ж.Асанов, А.Қалыбекова, Н.Көшеров және т.б.) қарастырылған. Ұ.Әбдіғапбарованың докторлық зерттеуінде халық педагогикасында балалар мен жастарды ұлттық қолөнерге үйретудің ғылыми негіздері жасалып, жүйесі негізделген. Педагог ғалымдар қазақтың ұлттық қолөнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу (О.Сатқанов, Қ.Әмірғазин, М.Мырзақанов және т.б.), олардың шығармашылығы мен қабілетін дамыту (Ж.Балкенов), оларға эстетикалық тәрбие беру (Б.Әлмұхамбетов, А.Қамақов, С.Жолдасбекова, Л.Котенко Т.Левченко, Ф.Жұмабекова) болашақ көркемөнер, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктерін қалыптастыру (Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, Б.Ижанов, Қ.Ералин, Ұ.Әбдіғапбарова, А.Манабаева, Р.Х.Канапьянова, Б.Ортаев және т.б.) мәселелерін зерттеген. [4]
Ұлттық қолөнері арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де ғалымдар зерттеуінен тыс қалмаған. Л.В.Котенко сәндік-қолданбалы іс-әрекеттер негізінде мектеп-интернат оқушыларының эстетикалық мәдениетінің элементтерін қалыптастыруды зерделеген. Д.Үркінбаева халықтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды (кәсіптік оқыту материалдары негізінде), Г.Қ.Шырынбаева жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды қарастырса, А.Д.Райымқұлова 5-9 сынып оқушыларының технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру проблемасын зерттеп, негіздеген. Халықтық қолөнердің жалпы ғылыми-теориялық проблемалары, сондай-ақ оның жекелеген түрлері мен олардың мән-маңызы, мазмұны мен сипаты, ел өміріндегі орны сияқты мәселелер бүгінге дейінгі зерттеулерде қарастырылып келгенімен, халықтық өнерге қатысты әлі де болса зерделене қоймаған жәйттер аз емес. Солардың бірі − халықтың ұлттық қолөнеріне байланысты. Халық өнерін насихаттаумен қатар оларды білім беру жүйесінде қолдану мәселелері кеңестік кезеңде де біршама еңбектерге арқау болды. Г.Н. Волков, Е.И. Игнатьев, В.С. Кузин, Б.Ф. Ломов сияқты белгілі зерттеушілер халықтық өнер түрлерін көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында қарастырып, оларды оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың әдістемелік жолдары мен тәсілдерін ұсынды. Халық қолөнерінің педагогикалық мүмкіндіктері мәселесін талдап қарастырған зерттеулер ұлттық ғылымымызда да баршылық. Бұл тарапта М. Балтабаевтың, Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтің, Б. Әлмұханбетовтің, Т. Самұратованың т.б. еңбектерін атап кетсек болады. [5]
Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстары бүгінгі оқу орны практикасының сұранысынан шығып отырған ғылыми-педагогикалық маңызы зор еңбектер болып табылады. Дейтұрғанмен қазақтың ұлттық қолөнері арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру проблемасы орта мектеп педагогикасының теориясы мен практикасында өз деңгейінде зерттелмеген. Демек, оқушыларды ұлттық қолөнері негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; оқу-тәрбие процесінде оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігі мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында; қазақтың ұлттық қолөнерінің эстетикалық тәрбиедегі мүмкіндіктерінің кеңдігі мен оларды жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында меңгерту жүйесінің жасалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттіліктерін қалыптастыру - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзіреттілігін қалыптастырудың әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.
Зерттеудің нысаны: көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру барысы.
Зерттеудің пәні: көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепте Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері айқындалып, моделі жасалса және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие процесіне жүйелі бірізділікпен ендірілсе, онда оқушылардың ұлттық қолөнері саласынан білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда негіз болып табылады. Сонда аталмыш құзіреттілікті қалыптастыру оңтайлы шешімін табады.
Зepттey жұмыcының мiндeттepi:
oo көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
oo көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнері арқылы оқушылардың технологиялық құзіреттілігін қалыптастырудың моделін жасау;
oo ұлттық қолөнер түрлерін педагогикалық жіктемеге келтіру және олардың оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау.
oo көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзіреттілігін қалыптастыруды тәжірибелік бөлімде талқылау.
Зерттеу әдістері:
- философтардың, психологтардың, педагогтардың, өнертанушылардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың еңбектеріндегі ғылыми ой тұжырымдарын теория жүзінде талдау, салыстыру;
- қазақ халқының ұлттық қолөнерін зерделеу;
- технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында оқушылармен тестік-сауалнамалық және тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмыстарын жүргізу, нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдеу;
- оқушыларға технологиялық құзыреттілікке байланысты тәжірибелерді жинақтау, салыстыру, талдау, саралау, қорытындылау әдістері.
1. КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР АРҚЫРЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекшелігі мен қолданылу аясы
Қазақ халқының қолөнерінің көпғасырлық мəдениеті мен тарихы бар. Бұл мəдениеті мен тарихы ғасырлар тереңінен көшпенділердің күнделікті тұрмысында қолданылатын əдеттегі заттары мен бұйымдары, яғни қолөнер шеберлерінің жұмысы, қолөнер заттары болып табылады. Сондықтан да қазір оларды өнер туындысы ретінде практикалық жағынан ғана емес, эстетикалық мəні жағынан да маңызды дайындалған жəне көркем жасалған шебер туындысы ретіндеде қарастырып жатады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау ете білген халықтық өнерге тән. Ол әр халықта көркем пластикасымен ерекшеленгенімен, рухани көркем тәжірибесінің бірлігін айқындап тұрады. Әр заманның көркем санасының өзгеруінен ұлттық қолөнері де жаңаша көркем ізденістерден жаңа көркем пластиканың тілімен толықтырылып отырады. Жаңашылдықтың бастапқы көркемдік ойын сақтай отырып, жаңаша инновациялы ізденістерге жол ашады. Қолданбалы өнер негізінен тұрмысты безендіру үшін қолданылса да, оларға эстетикалық мән беріп, бұл пайдалы заттарды өнер туындыларына айналдырады. Ол арқылы қалың бұқараның эстетикалық сезімдері, көркем талғамдары қалыптасады. Демек, қолөнер бұйымдары сәндік мақсатты да алға тартып, көркемдік құрылымын да қалыптастырды. Қолданбалы өнер - шекарасы бұйыммен ғана шектелмейтін, ерекше шығармашылық әдісі бар, көркем өнерді жасап шығаратын әрекеттің түрі мен тәсілі болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнер атқаратын қызметіне қарай екі 24 сөз тіркесінен құралған. Бірі - оның тұрмыста қолдануға болатындығымен (утилитарлы), екіншісі көркемдік ерекшелігімен байланысты. Қолданбалы-сәндік (халықтық) өнер туындылары көркемдік-эстетикалық мәдениетпен тікелей жанасуға, заттық әлемнің нәзік сұлулығын сезінуге, мәдени бейнелеу кешендерінің халықтың тұрмысымен байланысын көрсетуге мүмкіндік береді. Халық шеберлігінің мектебі - оның сабақтастығының арқасында сақталып келеді. Атадан балаға мұра етіп қалдырылған ұлттық қолөнер түрлері халықтың рухани байлығының қайнар көзі. Сабақтастық - бұл өз кезегінде атадан қалған мұраны ұрпақтарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар осы тәжірибені өз шығармашылық жетістіктерімен байыту. Халық көркем кәсібі бұйымдарының ерекше бағалануы суретшінің, шебердің қызметінің нәтижесінде қайталанбас өнер туындысы пайда болатын шығармашылық еңбегінің сипатымен байланысты, - дейді В.Ф. Максимович [6].
Бұқара халық әрдайым ұрпақтан-ұрпаққа өмірлік мысалдар мен тәжірибелер арқылы, сондай-ақ көркем бейнелеу кешендері (бейнелеу, ою, кесте тігу, тоқу, зерделеу) арқылы берілетін ежелгі рулық дәстүрлердің сақтаушысы болып табылады. Халық шығармашылығының көркемдік-эстетикалық анализі ұлттық өнерге үлкен қызығушылықтың туындауынан жүргізілуде. Осы орайда ұлттық қолөнер туындыларының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін зерттеу маңыздылығы артады. Себебі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру және оның дамуы көп жағдайда бұқара халықтың энергиясына, бастамашылдығына, шығармашылығына байланысты. Түстік шешімдердің ең айқын эстетикасы қазақтардың материалдық және көркем мәдениеті заттарында көрініс тапқан. Осыған байланысты қазақ халық өнері бұйымдарына тән түс үйлесімділігі мен түс символикасын, декор мәселелерін қарастыру, түстің рөлі мен дәстүрлі түс реңктеріне байланысты тақырыптың маңызды аспектісі болып табылады. Ұлттық қолөнер заттарында қазақ халқының түстік шешімдерінің ерекшелігі байқалады. Қазақтың ұлттық қолөнер заттарында байқалған жоғары көркемдік деңгей жергілікті табиғаттың сұлулығын көрсетті. Өз есімдерін қалдырмаған халық шеберлері көркем шеберліктің шынайы жауһарларын жасады. Ежелден қазақ шеберлері қолымен түсі және ою-өрнегі жағынан керемет үй тұрмысына қажетті заттар жасалған: маталы алаша, бау, 25 басқұр, ши тоқу, түрлі-түсті киізден тігілген және жүнмен, жібекпен және қағаз жіптермен тігілген сырмақ, текемет кілемдері сонымен атар былғары мен теріден жасалған бұйымдар және т.б. Бұйымдар түстерді таңдауда мінсіз талғаммен және ою-өрнекті сарындарды жасауда өнертапқыштығымен ерекшеленді. Шеберлер түстік гамманы таңдауда екі-төрт бояумен жиі шектелді, бірақ осының өзімен тамаша үйлесімге қол жеткізе алды. Бейнелілік, жарқындық олардың туындыларына жыйнақылық пен оптимизм белгілерін сыйлады. Қолданбалы өнер бұйымдарындағы бірде-бір түс басқасына зиян келтірмеген, бірде-бір ою-өрнек сарыны шынайы шедевр болып табылатын тұтас үйлесімді әсерді бұзған емес. [7]
Қолөнер дүние жүзінің əр халқына тəн, -- халық қазынасы, ғасырлар мұрасы, əр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпейтін із қалдырып отырған. Ұлттық қолөнер мəдени мұраның өшпес бір бөлігі болып саналады. Бұл дəстүрлі өнерді қамқорлыққа алу нəтижесінде қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін, былғарыдан картина жасау өнерін жандандырып, Қ.Тыныбеков, Б.Зəуірбекова, М.А.Қалқабаев, Сəуле мен Əлібай Бапановтар сияқты қолөнер шеберлерінің шығармашылығын үлгі тұтып, болашақ тарихымызды, дəстүрімізді сақтаушы ұрпақты өсіруіміз қажет. Дүние жүзіндегі əр халыкқа ата-баба мұрасын, халық қолөнерін сақтап қалу -- парыз. Атадан балаға мирас болған қолөнерін жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің тендесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты қуантып, өнердің жаңаша туындылырын алып, өміршеңдігі арта түсетініне сөз жоқ. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп,біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Ол тек қазақ халқының ғана емес,сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтары мен ұлы орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатады. Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде осы қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй салуды, киім-кешек тігуді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп,оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көріс кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз. Халықтық өнерге тұрмыс-салт жабдықтарымен қатар, күнделікті қажетті жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегін кебеже, сандық, әр алуан ыдыстар т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Біздің еліміздің жалпыға білім беретін мектептерінде қазіргі мәдениет деңгейіне сай келетіндей етіп дайындау талап етіледі. [8]
1.2 Құзыреттілік, технологиялық құзыреттілік ұғымдарының мәні мен құрылымы
Құзырет термині ғылымның әртүрлі саласында қолданыс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзырет, құзыреттілік, құзыретті ұғымдары әр түрлі мәнде саралануда. Латын тілінен аударғанда Компетентность (лат.competentia - құқылы тиесілік) термині бір нәрсе жайында өзінің дәлелді, абыройлы пікірін білдіре алатындай білімді меңгеру, бір салаға қатысты хабардарлық, беделділік деген мағынаны білдіреді. Competence - беделді тұлғаның нақты шарттарда белгілі бір іс-әрекеттерді жасай алуының заңдастырылған мүмкіндігі, өкілеттілік шеңбері. Осыдан келіп, (competens - тиесілі, лайықты, мүмкіндігі бар) - өзінің білімі мен өкілеттілігі тұрғысынан шешім қабылдап, пікір білдіре алатын белгілі бір саланың білімді, білгір маманы.
Компетенция (лат. Competere - дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) -
* белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері;
* біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттігі шеңбері. [9]
С.И. Ожеговтың сөздігінде құзыреттілік сөзіне төмендегідей анықтама берілген: құзыреттілік - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы. [10]
Ал Ю.Н.Емельяновтың еңбектерінде құзыреттілік ұғымы ауқымды жоспарда қарастырылады: Құзыреттілік - дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр. Оқытудағы құзырет, құзыреттілік құзыреттілік тәсіл дегеніміз нені білдіреді, бұл ұғымдардың еліміздің білім беру жүйесінде қандай маңыздылығы бар және шәкірт құзыреттілігін қалыптастыру қалай жүзеге асады? Осы сұрақтар курстық жұмыстың осы бөлімінде талданады. [11]
Қазіргі таңда білім сапасы категориясының мазмұнын ашуда құзырет ұғымы ерекше орын алады. Зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке жақынырақ және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды. Яғни құзыреттілік ұғымы білім, білік және дағды сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол студенттердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді. Құзыреттілік тәсілдің шығуына себепші болған проблема бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнының қазіргі заманғы экономика мен өркениеттің сұранысына сәйкес болмауынан туындап отыр дейді И.Д.Фрумин. Қазіргі қоғамда оқытуда құзырет және құзыреттілік ұғымдарының қолданылуы туралы бірнеше пікір қалыптасқан. Мәселен, бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені мектеп бітірушінің дайындық деңгейі және оқу біліктіліктері деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар дейтін, немесе құзырет және құзыреттілік адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді дейтін де пікірлер бар. Дегенмен, құзырет және құзыреттілік ұғымдары студенттердің мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруде. [12]
Құзырет пен құзыреттілік - бір-бірімен тығыз байланысты екі ұғым. "Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, іскерлік, дағды, әрекет тәсілі) жиынтығы болса, құзыреттілік - адамның сол әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі" болып табылады. Сондықтан да құзыреттілік ұғымына тек танымдық және әрекеттік-технологиялық құраушылар ғана емес, сондай-ақ мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық компоненттер де кіреді. Сонымен құзыреттілік ұғымына қатысты анықтамаларды былайша топтастырып беруге болады:
Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді жəне олар бəсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мəн беру білімді жоғары дəрежеге көтергені мəлім. Құзыреттілік - тұлға бойындағы белгілі-бір пəн бойынша алған нəтижелі білімнің білім, білік, дағдыларынан көрінуі. Құзырлылық - осы құзыреттілікті тұлғаның пəн бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сəйкес қолдана, пайдалана білуі. Құзыреттілік терминіне алғаш анықтама беріп лингвистикаға енгізген - американдық ғалым Н. Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда құзыреттілік дегеніміз - жеке тұлғаның белгілі бір мəселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы жəне адамның жеке өзінің іс- əрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Құзыреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде, күнделікті өмірде қандайда бір практикалық жəне теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық əдістің маңызы зор. [13]
Құзыреттілік ұғымы білім, білік және дағды сияқты ұғымдарды қамтитыны, бірақ мұнымен шектелмейтіні жазылып жүрген жай. Педагогика ғылымдарының докторы К.С.Құдайбергенова құзыр ұғымының педагогикалық термин ретінде қалыптасуын 1950 - 70 жылдарға сілтейді. 1957 жылы Кеңес Одағы жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін АҚШ білім жүйесінің сынға ұшырап, соңы құзыр мәселесіне қатысты зерттеулердің ашылуына себеп болғанын айтады. Жалпы, ғалымдардың пайымдауынша құзіреттілік дегеніміз оқушының өзін-өзі ұйымдастыруы, басқаруы, бағалауы, қадағалауы, түзетуі, масылдық пен енжарлықтан арылуы, белсенді болуы және өз өміріне қатысты жауапкершілікті толық өз мойнына алуы. Мұның бәрі, яғни құзіреттіліктің белгілері адам өзі қызыққан, көңілінен шыққан әрекеттерді орындау барысында анық байқалады. Құзыреттілік оқыту нәтижесін ғана емес, сонымен қатар оқушылырдың шығармашылық әрекетін, рухани деңгейін де көрсетсе керек. Қысқа қайырып айтар болсақ, алынған білімді күнделікті өмірде пайдалана отырып, қандай да бір күрмеуі, түйіні қиын мәселелерді шешуге қолдана білу қабілеті. Бұл әрине оқушы практикасында ең алдымен мектептегі оқу үдерісінде қалыптасады. Коммуникативтік құзыреттілік (латынның соmpetere - қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) - қоршаған орта, адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, кез келген топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеру сияқты басқа да көптеген мәселелерді қамтиды. Оқушы белгілі бір кезеңде ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ хат, сауалнама, өтініш дегендерді өзі толтырып, түсініксіз мәселе жайында нақты сұрақ қойып, сауатты пікір таластыра білуі тиіс. Мұғалім қазақ әдебиеті сабақтарында оқушыларға әдеби тілдің, басқаша айтсақ шешендіктің заңдылықтарын жаттатпай, тілдік және қатысымдық тәсілдерді пайдалана отырып, айшықты, ажарлы сөзді орынды қолдануға жетелеуі керек. Сонда оқушы әдемі сөйлеумен шектелмей, жан дүниесіндегі әдемілікке көңіл бөледі. Эстетикалық талғамы қалыптасады. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін дамытады, айналасындағы адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.[14]
Оқушылардың құзыреттіліктерін жалпы оқу сапалары мен қабілеттер жүйесі ретінде сондай - ақ оларды тәжірибеде саналы түрде пайдалануға талпыныс және дайындық ретінде қарастыруға болады. Білім беру мазмұнын меңгеру мақсаты және нәтижесі кіші мектеп оқушысының тәжірибесін дамыту болып табылады. Ол әлеуметтік тәжірибенің түрлі салалары бойынша түйінді құзыреттіліктер жүйесімен анықталады. Құзыреттіліктің шығуына ғалымдардың ізденістерінен қысқаша талдау келтіретін болсақ:
Э.Б.Жалолова бүгінде көп жағдайда бір контектте пайдаланатын құзырет және құзыреттілік ұғымдарын бірегей түсініктемесі жоқ деп көрсетеді. Құзырет ұғымын авторлар іскерлік термині арқылы ажыратады. Іскерлік - бұл ерекше жағдайдағы әрекет. Іскерліктер әрекеттегі құзырет ретінде көрсетіледі. Құзырет - іскерлікті тудырады.
В.А. Тимофеев мектеп оқушыларының оқытудағы құзыреттілік тұрғыдан келудің заманауи аспектілерін қарастыра отырып, құзыреттер дегеніміз - бұл мектеп оқушысының мектепте меңгеретін және оларды өзінің ары қарайғы өмірлік іс - әрекетінің барлық салаларында пайдаланатын білім, іскерлік және дағдылары деген қорытындыға келеді жәнеде екінші бөліктің маңыздылығына назар аудартады, ол құзыреттілік тұрғыдан келуді сипаттайды әрі оны басты мақсат етіп тек баланың білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруін ғана қоятын өзге білім беру тұрғыларынан ажыратады.
О.Л.Шабалина мен С.С. Мустафинаның пікірі бойынша құзыреттілік тұрғыдан келу - бұл білім беру мақсатын анықтау, білім беру мазмұнын іріктеу, білім беру үдерісін және білім беру нәтижелерін бағалауды ұйымдастырудың жалпы қағидаларының жиынтығы. Сондай - ақ зерттеушілер білімді меңгеру ғана емес, маңыздысы белгілі бір жеке тұлғалық сапаларды игеру және де кез - келген уақытта өз бетімен адамзаттың қолынан шыққан ақпараттар қоймасынан қажетті білімді таба алу және іріктей білу оны түрлі жағдайда және өмірлік іс - әрекетте пайдалана білу деп тұжырымдайды. [15]
Отандық ғалымдар құзырет және құзыреттілік жайында төмендегідей ойларымен түйіндеген. Құзырет - қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс - әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды. Құзыреттілік - оқушылардың іс - әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ғалымдар зерттеушілік тәсілдің оқушылар үшін белгілі бір ғылым әдісіне бастайтын жол екенімен қатар, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал сонымен қатар шығармашылық ойлауы мен танымдық дербестігін дамытатынын атап өтеді. Осыған орай өздігінен оқу әдістерінің қоршаған ортаны тануға, өзіндік ойлау машықтарына баулитын негізгі оқу әдістері ретінде терең зерделеу мен зерттеушілік тәсілдің мәнін тану және оның оқушы бойынша түйінді құзыреттіліетерді қалыптастырудағы мүмкіндіктерін жан - жақты қарастыру қажеттігін айтады. Тұлға ретінде жеке даму құзыреттілігі - жеке сыртқы физиологиялық және ішкі рухани болмысы мен зияткерлік дамуына негіз болатын тәсілдерді пайдаланып, өзін - өзі қолдау мен жағымды көңіл - күй болуын сақтау, сондай - ақ өзінің жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктерін жетілдіру тәсілдерін меңгеруі. Яғни өзін - өзі дамытып, тәрбиелеу арқылы жеке жаратылысындағы қабілет - қырларын ашу мен тану және адами сапаларын дамыту, әрі өзіне психологиялық тұрақтылықты қалыптастырып, мінез - құлықтық мәдениетіне ие болуы мен жеке ақыл - ойын жетілдіру. Жалпы айтқанда оқушылардың құзыреттілігін дамыту педагогикалық мақсаттардың ерекшелігін ескеру бірақ, мұғалімнің әрекеті түрінде құрылмайды, керісінше оқушының іс - әрекет нәтижесінде қалыптасқан көзқарасынан бастау алады да оның белгілі бір әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісінде дамуы мен рухани өсуі болып табылады. [16]
В.А. Болотов: Құзыретқұзыреттілік - атау ұғымларына түрліше анықтамалар арқылы талдаулар бола тұра, кейбір ғалымдардың оларды синоним ретінде қарастырады.
Дж.Равен: құзыреттіліктің іс - әрекеттік сипаты оның субьект үшін тұлғалық маңызды іс - әрекетте көрініс табады. Л.Г. Смышляева: зерттеушілік мәселелерді тиімді және ықшамдылығы, шағын мен шапшаң нәтижелілігіне қол жеткізу түрде шешу қабілеттілігі және оған дайын болуынан. А.К. Маркова мен В.Н.Шапалов: құзыреттілік және тұлғаның белгілі бір бағытта кемелденуіне қолжеткізу сонымен қатар сатылық және деңгейлік білім алу жағдайындағы теория мен тәжірибені үйлестіре білетін (мамандықты игеру, кәсіптік) іс - әрекет саласында оның білімдік, іс - әрекеттік, ынталылық себеп - салдар бағытындағы түрткілік - құндылықтық және этикалық құрамалар негізінде құрылатын мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген тұлға деген. [17]
Құзыреттілік ұғымына мазмұнын терең және толық ашқан ғалымдардың бірі - А.И.Савенков. құзыреттіліктің өзара байланыстық немесе кіріктірілген сипатын аша отырып, оның құрылымдық құрамаларындағы іс - әрекеттік үдерістерімен байланысты табиғи құраушылары іс - әрекеттік үдерістерімен байланысты табиғи құраушылары деп: білімдер жүйесі және оларды туындаған мәселелерді шешудегі қолданыс табатын тәсілдер - оқушы тұлғасының зияткерлік - шығармашылық даму деңгейін анықтайды. Құзыреттілік ұғымы әдебиеттерде түрліше тұжырымдалып келді және де оның теориялық перспективаға тиесілі болатындар және операциялық перспективаға тиесілі болатындар деп бөліп қарастыруға болады. Теориялық тұрғыдан алғанда құзыреттілік негізгі когнетивті құрылым ретінде анықталады. Ол әрекеттер - тәртіптер мен іс - әрекеттердің нақты формаларынан ерекшеленеді, алайда оларды жүзеге асыруға негіз болады. Операциялық тұрғыдан қарағанда құзыреттілік күрделі және алдын - ала болжанбайтын жағдайларға қолданылатын анағұрлым жоғары деңгейлі дағдылар мен әрекет тәртәптерге жатады, соған сәйкес бұл құзыреттіліктер білім, дағды, қатынастар, метатаным және стратегиялық ойлауды кіріктіреді дейді. Яғни Құзыреттілік - бұл жұмыс немесе оқудың белгілі бір категорияларын сәтті орындау үшін, сондай - ақ тиімділік және нәтижелілік жағдайында кәсіби немесе тұлғалық өзге де табыстарды дұрыс таңдау, үйлестіру және қолдану бойынша расталған қабілет.
Педагогика ғылымында құзырет ұғымы жеке тұлғаның өзара байланысты сапаларының жиынтығы ретінде қарастырылады, яғни деңгейіне сәйкес қалайтын нәрсесі және соған қол жеткізуге тиісті әрекеттер деп белгіленеді. [18]
Құзырет және құзыреттілік ұғымдары бағытында зерттеу жүргізу жасап, өздерінің ғылыми негіздегі ой - түйіндеулерін жасаған ғалымдардың еңбектеріне талдаулар жүргізіп, қарастыра отырып мынадай ой - тұжырымдарды жасасақ болады:
oo құзырет бұл белгілі бір бағытта және саладағы өз іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып сапалы өнімді қамтамасыз етудегі жеке адамға қойылатын жалпы талаптар;
oo құзыреттілік адамның игерген құзыреті, ол оның тұлғалық болмыс бітімінен көрініс тауып, оның қабілеттік сипатына айналған өзгермелілік қасиеттерге бейім және жеке тұлғаның белгілі бір бағытта немесе салада нәтижелі іс - әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілігі және оған дайын екенін көрсету. [19]
Білім алу үдерісінде құзыреттіліктің қалыптасуы оқушылардың пәндер мазмұнындағы оқу материалдарындағы танымдық мәліметтерді меңгеру басты мәселе ретінде орын алмайды, оның әр түрлі бағыттағы көкейкесті мәселелерді шешудегі іскерлігі мен білігі және жұмыс жасау дағдысы басшылыққа алынады. Қазіргі таңда құзыреттіліктердің түрлері және оның мазмұндық құырылымы жайында зерттеушілік жұмыстары көптеп кездеседі. Бұл өз кезеңінде заңдылық деп қарастыруға болады. Себебі ғылым мен техниканың қарқынды даму заманында адамдардың атқаратын әрекеттері де түрленіп, жеке тұлғалардың дамуына ықпал жасап, жаңа талаптар мен сұраныстар қойылуда. Осы кезде сол талап - тілектерді қанағаттандырып отыратын құзыретті тұлғалар қажет болып табылады. Бұндай ағымдық үдерістің орын алуы мектептегі оқушыларға да ықпалын тигізіп, олардың педагогикалық үдерістерін жаңа тұрпатта ұйымдастыруға алып келеді және осының негізінде оқушылардың түрлі құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту мәселелері де іске асырылуда. [20]
Кесте 1 Құзыреттіліктің негізгі құрылымдары
Құрылымдардың негізгі мазмұны
1-құрылым
Орындалатын міндеттер мен шешілуі тиіс мәселелердің мәнін терең түсіну
2-құрылым
Осы саладағы тәжірибені жақсы білу, оның үздік жетістіктерін игеру.
3-құрылым
Орын мен уақыттың нақты жағдайына сай келетін әрекет етудің құралдары мен әдістерін таңдай білу.
4-құрылым
Алынған нәтижелер үшін жауапкершілік сезім
5-құрылым
Қателіктерден сабақ ала білу және мақсаттарға жету барысында өзгерістер енгізе білу.
Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық жəне еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. Негізгі құзыреттілік. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
* ақпараттық;
* коммуникативтік (қатысымдық);
* əлеуметті - құқықтық құзыреттілік көрсетілген.
Ақпараттық құзырет - мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет - бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дəстүрді білу, дау-жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу жəне
қолдана білу қабілеттері.
Əлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту.
Коммуникативтік құзыреттілік (латынның соmpetere - қол жеткізу, сəйкес келу, сөзінен шыққан) - оқушылар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі, қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл жəне сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мəдени дəстүріне сəйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.
Коммуникативтік құзыреттілік өз ана тілін жəне басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді:
1) Грамматикалық құзыреттілік;
2) Социолингвистикалық құзыреттілік;
3) Дискурсивті құзыреттілік;
4) Стратегиялық құзыреттілік;
5) Социомəдениеттік құзыреттілік.
Енді осы құзыреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.
Грамматикалық құзыреттілік - тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.
Социолингвистикалық құзыреттілік - мəтіндердің шығу жəне танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мəтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзыреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзыреттілік. Себебі оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен, яғни оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.
Стратегиялық құзыреттілік- əңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру жəне оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мəселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-
қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін əрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.
Социомəдениеттік құзыреттілік - тілді тасымалдаушы, қолданушы халық мəдениетін білу жəне қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дəстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер жəне мейрамдар, отбасы тəрбиесінің дəстүрлері жəне қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімен таныстыра отырып оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру жəне қазақ халқының мəдениеті, тұрмысы, салт-дəстүрлері туралы білімдерін тереңдету.
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей.
:: Сұрақ-жауап (мұғалім мен оқушылар)
:: Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
:: Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
:: Жазылым (тақырыпқа байланысты мəтінмен жұмыс).
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі, себебі бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Өз іс-тəжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың қатысым жəне жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның құзыреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады. [21]
Сонымен, құзіреттілік білім беру нәтижесі ретінде оқыту сапасын қамтамасыз етеді. Құзырет және құзыреттілік ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді талап етеді. Оқушы білімді іс-әрекет негізінде алады. Ол алдыңғы кезекте оқушының тақырыптан қаншалық хабардар екендігін емес, сол мәселені танып білудегі әрекеті, яғни алдыңғы біліммен қалай ұштастырғанына, одан қандай нәтиже шығаратынына, қазіргі заманғы техника мен технологияны қалай игергеніне, кикілжіңдер мен қиындықтарды қалай шешетіндігіне назар аударады. Бүгінгі таңда мұғалім білім мазмұнын қалай игертемін деген мәселеде жиі ойлануы тиіс. Балаға тақырыпты меңгертудің жолын көрсете отырып, оған жұмыс істетеді. Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Оны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Бағдарламаны толық меңгеруге, жұмысын жоспарлай алуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының заман талабына сай білім алуына ақпараттық құралдар тікелей әсер етеді. Ол тіпті білім сапасына да оң әсерін тигізеді деп батыл айта аламыз. Оқыту кезінде оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне орай ыңғайластыруға, жаттатып қоймай, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, оны ойлануға жетелеу керек. Жан дүниесі таза әрі нәзік, қылау түсірмеуге тырысу қажет. Олар өздері қызыққан кезде белсенді әрекет етеді. [22]
Тұлға бойына ХХІ ғасыр дағдылары аталып жүрген құзіреттілікті сіңіру уақыт талабы. Аталарымыздан қалған Заманың түлкі болса, тазы боп шал деген керемет сөз бар. Яғни замана көшінен қалма, жаңалықтардың алдында бол дегені. Демек, біз өмір сүріп отырған осы қоғамда мұғалім құзіретті педагог, бала құзіретті оқушы болуы тиіс. Ол құзіреттіліктерді ғалымдар төмендегідей жіктеп жүр.
* Тұлғалық - өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдайтын кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу;
* Азаматтық - қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі;
* Технологиялық- ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларын сауатты пайдалану;
* Басқарушылық - баланың кез келген қиындықты өз күшімен шеше білу қабілеті;
* Ақпараттық - ақпарат көздері арқылы өзіне керегін тауып, білімін көтеріп отыруы;
* Әлеуметтік - өзі өмір сүретін ортада өзін еркін сезініп, әрекет жасай алу қабілеті; [23]
Енді біз диплом жұмысы тақырыбына сәйкес осы құзыреттіліктің ішіндегі технологиялық құзыреттілікке тоқталсақ:
Технологиялық құзыреттілік басқа құзыреттердің элементі екені анық. Сондықтанда технологиялық құзыреттілік туралы анықтаманың біржақты түсіндірмесі жоқ.
Маркова А.К. технологиялық құзыреттілік - іс-әрекет кезіндегі барлық субъективті қасиеттер деп тұжырымдайды. Оның пікірінше технологиялық құзыретті адам ойына алған әрекетті жоғары деңгейде іске асырады. Мұғалімге қатысты айтатын болсақ, ол - оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтиже көрсететін адам. Ондай мұғалім өзгелерден өзінің технологиясы, жеке тұлғалық қасиеті, педагогикалық қарым-қатынасымен ерекшеленеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz