Қөркемеңбек сабақтарында инновациялық Қөркемеңбек ларды қолданудың әдістемесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық гуманитарлық - техникалық университет
Тілеулиев Әлімбек Айдарбекұлы
Кәсіптік білім беруде инновациялық техннологияларды қолданудың әдістері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Шымкент 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық гуманитарлы - техникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Өнер кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., доцент А. Ж. Утешева
дипломДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіптік білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың әдістері
5В012000 - «Кәсіптік оқыту»
Орындаған Тілеулиев Ә. А.
Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., аға оқытушы: Буркитбаев Т. С
Шымкент 2020
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі ізгілендіру үдерістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да нақтылуда. Өйткені бүгінгі ғылыми техникалық прогрестің дамуна орай техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу - тәрбие орындарының іс - әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардын сөзсіз арта түсуіне алып келді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: "Білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың жаңа «Қөркемеңбек»ларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп атап өтілген [1] .
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орындарында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әлауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр [1] . Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярдау қажеттігін алға тартады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелей мәселесі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының еңбекке окыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында орын тақан [2; 3] .
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми-таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, «Қөркемеңбек» дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа «Қөркемеңбек»ны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс;
- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық «Қөркемеңбек»ны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
- оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
- оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.
Білім беру мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, «Қөркемеңбек»лық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.
Бүгінде бүқіл дүниежүзілік білім әлеміне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстан Республикасында берілетін білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оку-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен катар жүргізілуде. Ендеше елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызға бүгінгі күн 20 жылдан асты, бұл үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретіндс танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтіі жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпағымызды лайықты тәрбиелеі отырып, сапалы білім беру қажеттіліг туындайды.
Сондай-ақ қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Мектеп -тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп, жаңашыл «Қөркемеңбек»ларды пайдаланып жүрген озық тәжірибелі мұғалімдер аз емес. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үдерістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудыруда.
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі деп түсіндіреді.
Инновациялық үдерісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы В. П. Беспалько, К. Ангеловски, Ш. Т. Таубаева, В. Д. Лушников, Г. П. Щедровицкий, И. А. Романова, С. А. Смирнов, А. Пригожин, В. Розин, А. М. Воронин, В. И. 3агвязинский, А. Г. Пинский, С. Д. Поляков, Ю. К. Бабанский, Е. Комраков пен А., Черняковская
және т. б. зерттеулерінде қарастырылған [4; 5 ; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18] .
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың және оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың педагогикалық жүйелері ғылыми тұрғыда кеңінен қарастырылып жеке мәселе ретінде зерттелмегендігі байқалады. Осы мәселе төңірегіндегі білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін "ескі" мен "жаңаның" арасындағы әлеуметтік педагогикалық қайшылықтарын және педагогикалық қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады.
Сондықтан біз зерттеп отырған диплом жұмысының мақсатына орай оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді көркемеңбек пәнін өту барысында пайдаланудың жолдарын қарастырып, көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Кәсіптік білім беруде инновациялық «Қөркемеңбек»ларды қолданудың әдістері » деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - «Қөркемеңбек» сабақтарында инновациялық «Қөркемеңбек»ларды қолданудың педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
а) Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне
және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау
жасау.
ә) «Қөркемеңбек» пәнінде оқушылардың оқу белсенділіктерін дамыту үшін оқытудың жаңаша педагогикалық «Қөркемеңбек»ларының ең тиімді түрлеріне талдау жасау.
Б) «Қөркемеңбек» сабақтарында инновациялық «Қөркемеңбек»ларды қолданудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Зерттеу жұмысының әдістері - мектеп мұғалімдерінің құжаттарына талдау, оларды жинақтау, іздену, бақылау, оқушы іс-әрекеттерін зерттеу, сауалнама жүргізу, тест т. б.
Зерттеу жұмысының объектісі - Мектептің оқу- тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының оқу белсенділіктері мен іскерлік қабілеттерін техология пәнінде дамыту.
Диплом жұмысы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. Кәсіптік білім беруде инновациялық «Қөркемеңбек»ларды қолданудың теориялық негізі
1. 1 «Қөркемеңбек» сабақтарында жоғары сыныптарында инновациялық «Қөркемеңбек»ларының қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т. б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл әдістер инновациялық «Қөркемеңбек»ның бір компоненті. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив - ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:
-дайын білімді қабылдап алу,
- зерттеу барысында жаңалық ашу,
- әр түрлі жағдайда әсерді сезіну,
- синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рөлдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi - ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi - оқушылардың оқыту дағдыларын өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, "интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi - ағылшын тiлiнен аударғанда, inter - аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң м а қ с а т ы - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы көтермелеушi қор - құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң "бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз”, - деген қорытындысын жиi естимiз.
Бiздiң тәжiрибе - соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:
- балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
-балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау,
-оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату,
-іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу емес, үйрене бiлу
Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) ;
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
- пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т. б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу - қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі - оқи алуы болса, екіншісі - оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.
Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады.
Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.
Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:
- фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi) ;
- құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
- бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
- анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу) ;
- синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру) ;
- бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу) .
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.
1. 2 «Инновация» ұғымына сипаттама
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; . . . оқытудың жаңа «Қөркемеңбек»ларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуда» деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [2] . Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып, саралауды, жастардың шығармашылық әулетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі -маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Атап айтқанда:
- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттілерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің «Қөркемеңбек»лық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа «Қөркемеңбек»ны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер - тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап - білім сапасы оқушының алған білімін жеке басын әрі қарай дамытуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.
"ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" тұжырымдамасында: "Білімді, білік-дағдыларды механи калық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады", - делінген [3] . Демек, бұл тұжырымдама білім берудің басты философиясы болмақ.
Ал білім беру саласындағы «Қөркемеңбек»лық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту «Қөркемеңбек»сы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары көмекке келді.
«Педагогикалық «Қөркемеңбек»» термині педагогикалық әдістерге негізделген оқыту «Қөркемеңбек»сы 1960 жылдарда шетел зерттеушілері тарапынан енгізілді. «Педагогикалық «Қөркемеңбек» дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның бөлігі ғана» - деп көрсткен В. Беспалько [4] .
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту «Қөркемеңбек»сында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру «Қөркемеңбек»ларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына төмендегі мәселелерді ескерген жөн:
- қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
- әдістеме «Қөркемеңбек»ның сабақтастығы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz