Оңтүстік Қазақстанда 60 т/тәулік қуатқа арналған бидай мен қарабидайдан сорттық ұн өндіретін зауытты жобалау: технологиялық және экономикалық негіздеме


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет.

Кіріспе 3-4

  1. Кәсіпорынды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер 5-61. 1 Өнеркәсіпті талдау және кәсіпорынның орналасқан жерін негіздеу
  2. Кәсіпорынның бас жоспары 7-9
  3. Технологиялық бөлім 10-243. 1 Жобалауға берілген шикізаттың сапалық сипаттамасы3. 2 Бидай мен қара бидайды ұнтақтауға дайындау3. 3 Қара бидай-бидай қоспасынан жасалған наубайханалық сұрыптық ұн өндірісінің технологиялық схемасын таңдау және оның сипаттамасы3. 4 Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу3. 5 Технологиялық жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы
  4. Метрологиялық қамтамасыз ету 25-364 1 Бидайға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары4. 2 Қара бидай сапасының көрсеткіші мен стандарттары

4. 3 Дайын өнімнің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер

4. 4 Ұн тарту зауытында технохимиялық бақылауды ұйымдастыру

4. 5 Астықты майдалау технологиялық процесін бақылау

5 Энергетикалық бөлімі 37-42

5. 1 Кәсіпорынды электр энергиясымен қамтамасыз ету

5. 2 Электр жабдықтары мен электржарықтандыру

5. 3 Қажетті және қойылған қуатты есептеу

6 Еңбекті қорғау 43-47

  1. 6. 1 Ұн тарту зауытында жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі

7 Қоршаған ортаны қорғау 48-50

8 Экономикалық бөлім 51-67

  1. 8. 1 Ұн тарту зауытын салу қажеттілігіне ұйымдастыру-экономикалық дәәйектеме

8. 2 Ұн зауытының өндірістік қуатын, шикізат қорын және дайын өнім мөлшерін анықтау

9 Қорытынды 68

10 Қолдданылған әдебиеттер тізімі 69

КІРІСПЕ

Қазақстанның егемендікке ие бола беруінің басты шарттарының бірі - кең-байтақ еліміздің астық өңдірудегі ұшан-теңіз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыра отырып, азық-түлік пен жем қорларын молайту және экспорт ресурстарын арттыру, егіннің шығымдылығын өсіру, жинап алынған астықтың сапасы мен одан өңдірілетін өнімнің тиімділігін жақсарту, сақтау мен өңдеу барысында шығынға жол бермеу есебімен ғана орындалады. Астық шаруашылығының дамуы елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.

Қазіргі кезде, Қазақстанда технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.

Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы халыққа жолдауында ауыл шаруашылығының барлық салаларының сапалық анализін өткізуге, ең алдымен атқарылатын шаруаларды анықтау; ауыл шаруашылығы өнімділігінің деңгейін жоғарлату мәселесін жүйелі түрде шешуді; ауылшаруашылығы өнімдерінің жаңа нарығын және экологиялық таза өнімдердің жаңа өндірістерін құруды міндет етіп қойды.

Өңдеу өндірісі - Қазақстан АӨК құрылымындағы негізгі тізбектердің бірі. Бұл сала халықты азық - түлік өнімдерінің көптеген түрлерімен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл саланың негізгі міндеттері - халықтың барлық топтарын азық - түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны дамыту және жаңарту үкімет алдында маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде үкімет өз алдына ұн және жарма өнеркәсібінің техника - өңдірістік және техника - қайта жандандыру базаларын дамыту, қосымша өңдірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды тиімді пайдалану, құрылыстық өңдірісті экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.

Тамақ өнеркәсібіндегі өнімдердің көпшілігі адамзат ағзасына кері әсерін беретін химиялық қоспалардан жасалып жатыр. Бұл көбінесе өнімдердің сақтау мерзімін арттыруға бағытталған пайдалы компонентер мөлшерін азайтуға алып келетін күрделі технологиялық өңдеулерден өтуімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, адамзаттың күнделікті тамақтануына қажетті өнімдер құрамына кіретін теңестірілген ақуыздар, тағамдық талшықтар мен минералдық заттар мөлшерінің төмендеуі, май мөлшері, консерванттар, химиялық бояғыштар мен тұздар, адам ағзасына әсері әлі толығымен зерттелмеген генетикалық модифицирленген өнім көздерінен алынған тағамдық қоспалардың үлесі қарқынды өсіп келеді.

Қазіргі заманғы даму тенденциясы сұранысына байланысты тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары бағыттағы ұн өнімдерін дайындау тамақтану саласы алдындағы қойылатын талаптарының біріне айналды.

Қазақстанның тұрғындары тек дәстүрлі тағамды қолдану арқылы микро- және макро-нутриенттерге деген қажеттілігін толық қанағаттандыра алмайды. Бұл мәселені шешу үшін адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын қосымша микро- және макронутриенттермен, қажетті биоқоспалармен байытылған ұн өнімдердің өндірісін жетілдіру қажет. Сол себепті құрамында үйлесімді өмір сүруге қажетті ақуыз, дәрумендер, минералдық заттар, тағамдық талшықтарға бай, тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары ұн өнімдерін алу мақсаты алға қойылған.

Өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтардағы оның бәсекеге қабілеттілігінің шешуші шарты ретінде бағаланады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көбіне елдің беделін анықтайды және ұлттық байлықты арттырудың маңызды факторы болып табылады.

1 Кәсіпорынды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер

1. 1 Өнеркәсіпті талдау және кәсіпорынның орналасқан жерін негіздеу

Ұн тарту зауытының өнімділігі - 60 т/тәул;

Жобаланған технологиялық сұлбада өңделетін дақыл түрі - бидай, қарабидай;

Ұн тарту түрі - сортты;

Ұн тарту зауытының бөлімі - майдалау;

Жобаланған технологиялық линияның районы -Оңтүстік Қазақстан.

Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астықпен қамтамасыз етуге, тіпті, дәнді дақылдарды шет елдерге экспорттауға мүмкіндік беруде. Егін алқабынан жиналған астық дастарханымызға дайын өнім болып келгенге дейін бірнеше сатыдан тұратын күрделі дайындау процестерінен өтеді. Астықты сақтау, кептіру, одан ұн тарту да ірілі-ұсақты компаниялардың жыл бойы тынымсыз айналысатын жұмысы.

Ұн - дәнді дақылдарды ұнтақтау арқылы алынатын тағамдық өнім. Ол негізінен бидай, қарабидай, сондай-ақ жүгері, арпа, сұлы, бұршақ дәндерінен дайындалады. Ұн: нан, кондитерлік, кеспе өнімдерін, т. б. дайындау үшін пайдаланылады. Ұнның химиялық құрамы, тағамдық және технологиялық сапасы дәннің түріне, ұнтақталу дәрежесіне, т. б. байланысты. 2-сұрыпты және еленбеген ұнда В1, В2, РР және Е витаминдері болады. Жоғарғы сұрыпты ұнда бұл витаминдердің мөлшері өте азайып кетеді. Ұзақ сақталған ұнның сапасы нашарлайды. Оның ылғалдылығы 15%-дан аспау керек, ылғалдылық мөлшері одан жоғары болса, ұн қышқылданып көгереді және өздігінен қызып кетеді.

Әлемдік астық нарығында белгілі жаңалық болып бірінші ондық экспортқа Бүкіл әлемдік бидай орындаушы кеңесіне Қазақстанның енуі табылды. Қазақстанның әлемдік астық өндірісіне қатысуы экспортты инфрақұрылымды дамытуда ғана емес, қаржылық ресурстарды, ғылыми зерттеулерде де дамытуға бағытталды.

Бидай адамдардың ең негізгі азықтарын өндіруде және жануарларды азықтандыруда қолданылатын басты шикізат болып табылады. Дегенмен бидайды тұрақты түрде сақтау басқа ауыл шаруашылық өнімдеріне қарағанда өте үлкен әрі күрделі іс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында тәулігіне 60 т қуатты ұн тарту зауытын салудың ұйымдасты-экономикалық дәйектемесі және өндірістік-экономикалық негіздемесі
Қарабидайдан 65% шығыммен еленген ұн өндіруге арналған ұнтақтау бөлімінің технологиялық жобасы
Астана қаласындағы Табыс ЖШС ұн зауытының тәулігіне 300 т, 76% сорттық ұн шығымымен дайындау бөлімінің технологиялық жобасы
Уланская МТС ЖШС-де ұн алу цехын жобалау: технологиялық және экономикалық негіздеме
Ұн зауытының дайындау бөлімі мен бидай шикізатының технологиялық және сапалық сипаттамасы (100 т/тәул.)
Тәулігіне 0,5 тонна өндіретін ысталған шұжық цехын жобалау: технологиялық және өндірістік-экономикалық негіздеме
Қуаты 60 т/тәулігіне бидайдан жарма өндіретін зауыттың дайындау бөлімін техникалық және технологиялық жабдықтау
Тәулігіне 200 тонна бидай өңдейтін, 70% бірінші және 5% екінші сорт ұн өндіретін ұн зауытының дайындау бөлімінің жобасы
250 т/маусым жүзімді өңдейтін асханалық және ароматтандырылған Кагор шарабын өндіретін кіші шарап зауытын жобалау және техникалық-экономикалық негіздеме
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бидай мен арпа тұқым шаруашылығы: Алтынтөбе тәжірибе бекетінің технологиялық және экономикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz