Үшінші сортты бидай



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
8 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
8.1 Ұн тарту зауытын салу қажеттілігіне ұйымдастыру-экономикалық дәәйектеме

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қара бидай-бидай қоспасынан жасалған наубайханалық сортты ұн тартуға арналған қуаты тәулігіне 60 тонналық ұн зауытын салуға қажетті дәйектемелер.
Жобаланатын құрылыс ауданына қысқаша сипаттама. Еліміздің Оңтүстік аймағы көптеген жер ресурстары мен биоклиматтық көрсеткіштерге өте бай болып келеді, яғни бұл бидайдың бірнеше түрлерін өңдіріп, оларды сақтау және өңдеуге үлкен мүмкіншілік береді. Бұл облыс Қазақстанның Оңтүстік аймағында орналасқан. Оның территориясы- 39,7 мың км2. Облыс 24 әкімшілік ауданға бөлінеді, және де 11 қала мен 29 қала типтегі ауылдардан тұрады. Қалалық тұрғындары-54,9 %-ды құрайды.
Бұл облыста азық-түлік өңдірісі өте жақсы дамыған (соның ішінде өңдеу өңдірісі-19,5%). Облыста ұн,сыра,қант,кондитерлік,ет,сүт зауыты және басқа да салалардың зауыттары бар. Бұл облыстың ауыл шаруашылығы көп дақылды болып келеді, соның ішінде дәнді дақылдарды егу бірінші кезекті орындалады. Соның ішінде бидай, арпа дақылдары 63%-ды құрайды.
Облыста транспорттық желілер өте жақсы дамыған. Облыстың территориясын теміржол және көлік магистральдары қиып өтеді.
Ұнның қажеттілігін есептеу. Ең басты ұнды қажет ететін ол наубайханалық, макарондық зауыттар мен кондитерлік өңдірістер және күнделікті тұрғындар болып келеді. Аталған өңдірістердің өнімдерін соңында тұрғындардың тұтынатынын есепке ала отырып, ұнның қажеттілігін орташа нормамен есептейміз. Ұнды өңдіру және тұтыну балансын, ұнның сұранысына және оның сыртқа шығару мүмкіндігіне негізделіп құрайды. Халық санының өсуін, жылдық тұтыну нормаларын және макарондық, наубайханалық және басқа өнеркәсіп салаларына қажеттіліктерін есептеп ұнның сұранысын анықтайды.
Тұрғындардың саны облыстық басқарудың статистикалық есептеулерінен алынады. Дәл қазіргі уақытта облыстағы тұрғындардың саны (ЧП)-1312 мың адамды құрайды.
Есептеулер келесі 5 жылға есептелген.
Бес жылдықтың соңына қарай халық саны 10% артса, оның саны 1325 мың адам болады.
Дәнді өңдейтін кәсіпорынды жобалау кезіндегі ең маңызды және қиын есептеулер ол- тұрғындардың қажеттілік нормалары болып табылады. Бұл нормалар көбінесе тұрақсыз болып келеді. Себебі нормалар халықтың әлеуметтік жағдайларына қарай, жоғары сапалы және жоғары калориялы ұндарға деген сұраныстарына байланысты болып келеді. Кейбір кездерде олар жоғарылайды, ал кейбір кезде төмендейді.
Соған байланысты тағамдық нормалар Институты көрсетілген барлық факторларды есепке алып, барлық халыққа арналған орташа нормаларды шығарады. Ал жеке бір облыстарға үшін бұл нормаларды дифференциялдау қажет. Орташа нормаларды дифференциялдау үшін қатал бір арнайы есептеулер қолданылмайды. Есептеу өнімнің орташа нақты қажеттілігінің орташа нормадан ауытқу коэфициентімен есептеледі.
Соңғы үш жылдың ішіндегі облыс бойынша ұнның нақты қажеттілігі жылына 130,5-тен 128,6-ға дейін құрайды, ал барлық Қазақстан бойынша 132,9-дан 130,9-ға дейін құрайды. Институт ұсынған барлық елдің қажеттілігі жоғары болғандықтан, облыс бойынша алынған норманы ел бойынша қажетті нормаға бөлеміз: 124130,9=121,8
Облысқа арналған қажетті ұнның перспективті нормасы келесіні құрайды: 128,6x0,947=121,8 кг.
Қарабидай ұнының орташа нормасы тағамдық нормалар Институтының есептеулері бойынша 25 кг-ды құрайды.
Егер қарабидай 25 кг-ды құраса, онда бидай ұнының орташа нормасы келесідей есептеледі: 121,8-25=96,8 кг.
Қалған ұндар ұн түрінде өңделеді. Соңғы үш жылдың ішіндегі облыс бойынша қарапайым ұнның нақты қажеттілігі жылына 15,6-дан 14,7%-ға дейін құрайды, ал барлық Қазақстан бойынша 10,8-ден 10,2 %-ға дейін құрайды. Институт ұсынған барлық елдің қажеттілігі төмен болғандықтан, облыс бойынша қарапайым ұнның қажетті нормасы жылына 8,8 кг-ды құрайды.
Осы алынған перспективті нормалар бойынша келесі есептеулер жүргізіледі:
-бидай ұны-96,8-4,4=92,4 кг;
-қарабидай ұны-25-4,4=20,6 кг.
Алынған барлық есептеулерді 10 кестеге толтырамыз.
Облыстағы жұмыс істеп тұрған және құрылатын ұн тарту зауыттарындағы ұн өндірісі. Облыста ұн тарту өңдірісін жобалау бес кәсіпорынмен сипатталады. Солардың ішінде ең бірінші орынды Шымкент ұн зауыты болып табылады.(1974 жылы құрылған). Ұн зауыты жалпы шығымы 75%, үшінші сортты ұнды өңдіреді. Өңдірістің қазіргі уақыттағы тәуліктік өнімділігі-235т, жылдық ұн өңдірісі-53,8 мың тонна.Ұн зауытында өңдірістік өнімділікті қосымша өсіру қарастырылмаған.
Екінші орынды Алтын Дән ұн зауыты алады. Оның құрылысы 1966-1967 жылдарға жатады. Диірменнің ең басты корпусы - бетондық шатырмен жабылған кірпішті ғимарат болып келеді. Ол ғимаратта диірменнің сортты майдалау бөлімінің қондырғылары орналасқан.Басты корпустың жанында дән тазалау мен сортты диірменнің ұнтақтау бөлімдерінің қондырғылары, және де қарабидайдың обдирлі ұнтақтауының қондырғылары орналасқан. Диірменнің өте ірі элеваторы және тәулігіне 500 т ұнды қапсыз сақтайтын қоймасы бар.
Үшінші ұн зауыты ол Сарыағаш зауыты. Ол көбінесе екінші сортты ұнды өңдіреді. Оның тәуліктік өнімділігі-115т, ал жұмыс уақыты-305 тәулік. Сонымен қатар зауытта шығымы 96% қарапайым ұн өңдіріледі.

Кесте 10
Ұнның перспективті нормалары

Тұрғындардың перспективті саны,мың адам

Ұнның орташа перспективті нормалары, кг жылына

Барлығы
Сорттық ұн
Қарапайым ұн

Бидай
Қарабидай

1325
121,8
92,4
20,6
8,8
Тұрғындардың перспективті саны,мың адам

Ұнның қажеттілігі, мың адам

Барлығы
Сорттық ұн
Қарапайым ұн

Бидай
Қарабидай

1325
166,6
126,4
28,2
12

Ұн зауытының техникалық жағдайы төмендеу,бірақ технологиялық цехте машиналардың үйлесуінің тығыздығы ыңғайлы болып келеді,кейбір машиналардың арасындағы өту жолдары бұзылған. Ситовейкалық процесс жай схемамен құрастырылғандықтан төмен дамыған. Комбинатта шығымы 75% бидай ұны мен 87 % қарабидай ұны өңделеді. Зауыттың тәуліктік өнімділігі 80 және 60 т, жұмыс уақыты 305 және 312 тәулік болып келеді.

Кесте 11
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың есептеулері

Кәсіпорынның аты

Ұн тарту түрі

Кәсіпорын
ның
тәуліктік өнімділігі,т

Жұмыс уақыты,
тәулік

Өңделетін дәннің жылдық көлемі,
мың т

Сортты ұнның жылдық өңдірісі,мың

Бидай
Қара
Бидай
Шымкент ұн тарту зауыты
Үшінші сортты бидай

235

305

79,3

59,34

-
Алтын Дән ұн тарту зауыты
Үшінші сортты бидай

90

312

27,5
20,6
-

Обдирлі қара
бидай
80
305
-
-
21,2
Барлығы

-
-
106,8
74,4
21,2
Технологиялық қондырғылар қайта құрылған ғимаратта орналасқан.Яғни олар қазіргі шарттарға сәйкес келмейді. Астық бұрынғы базаларда сақталады. Осыған байланысты зауыт жаңа эксплуатацияны қажет етеді.
Қалған екі кәсіпорын облыстың қажеттілігі бойынша бидайдың сортты және қарапайым түрін, қарабидайдың обдирлі және қарапайым түрін өңдіреді. Жұмыс уақыты-305 тәулік.
Берілген дипломдық жұмыста өнімділігі тәуілігіне 60 тонна болатын, обдирлі ұнын шығаратын ұн зауыты жобаланады. Бұл зауытты Шымкент қаласындағы ұн тарту зауытының территориясында салу ұсынылады. Жаңа ұн зауытын қойма ғимаратының орнына құру қарастырылады. Ұн зауыты темір жолдың бойымен орналасады. Ұн зауыты ғимаратының құрылыс алаңы өте тиімді, себебі жаңа зауыт элеватормен, астық қоймалармен байланысқан. Астық өңдеуге тікелей элеватордан және қоймалардан жіберіледі.

8.2 Ұн зауытының өндірістік қуатын, шикізат қорын және дайын өнім мөлшерін анықтау

Жобаланатын ұн зауытын Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған элеватор территориясына салу көзделіп отыр, яғни дайын өніммен тұтынатын аймақта, ол келесі қызметтермен жүзеге асырылады: астық элеваторда сақталынады, ал оны ұнның сақталуымен салыстырғанда арзан және оңай; астық пен дайын өнімнің қысқа тасымалдануы; дайын өнімнің жартысы автомобиль транспорты арқылы тасымалданады, ал бұл ағынды шығындарды едәуір төмендетіп, капиталдық салымдардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етеді.
Ұн зауытының шикізатқа қажеттілігінің 60%-ы жергілікті қара бидай дайындаулармен қанағаттандырылады, ал қара бидайдың 40%-ы басқа астықтық аудандардан теміржол және автокөлік транспорттары арқылы келіп түседі.
Кесте 12
Сортты ұнның өңдірістегі перспективті балансы және қажеттілігі

Баланс
Барлығы,
мың
т
Сонымен қатар

Сортты
мың т
Қарабидай
мың т

154,6
106,8
47,8
Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындағы ұн
өңдірісі
95,6
74,4
21,1
Жеткіліксіз(-)
Артық(+)
-59,0
-32,4
26,6
Ұнның және кебектің шығымын есептеу үшін, дәннің базистік және нақты сапасын, яғни базистік шығымын білу қажет.
Базистік шығым деп базистік сападағы дәнді өңдеу және белгілі бір ұн тарту кезінде алынатын өнім шығымын айтады. Бидай және қарабидайды өңдеу үшін келесі базистік сапа көрсеткіштіктері көрсетілген: дәннің күлділігі (шөпшалаң қалдықтардан тазартылған) - 1,85% -дан көп емес, ал сортты және қарапайым ұн тартуда- 1,97%; дәннің ылғалдылығы - 14,5%; құрамында шөпшалаң қалдықтар мөлшері - 1,0%-дан көп емес, ал зиянды қалдықтар мөлшері - 0,1%, дәнді қалдықтар мөлшері - 1,0%-дан көп емес.
Есептік шығым-базистік шығымға қосылған жеңілдік нормаларын қолдана отырып есептелген, өңделген дәннің сапасына тәуелді болып келетін өнім мөлшері (%).
Дайын өнім шығымына бидайдың ылғалдылығы, шынылығы, күлділігі, дән натурасы, шөпшалаң және дәнді қалдықтар мөлшері әсер етеді. Әр сапа көрсеткіштіктерінің жеңілдік нормаларын әдебиеттерден аламыз.
Ең бірінші әр көрсеткішке шығымдарды жеке есептейді. Содан соң әр-түрлі сапа көрсеткіштіктері бойынша табылған өзгертулерді әр өнімдікін жеке-жеке қосады.Барлық өнім бойынша алынған бір сапа көрсеткішінің ауытқу саны әрқашан нөлге тең болады.Өнімнің есептік шығымы 100%-ға тең болады.
Бидай-қарабидайдың сапа көрсеткіштіктері келесідегідей:
Ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13%
Шынылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50%
Күлділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1,68%
Шөпшалаң қалдықтар мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 0,50%
Дәнді қалдықтар мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1,53%
Ұсақ қалдықтар мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2,29%
Зақымданған және өнген дәндер
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0,04%
Натурасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...700гл
Өнімнің базистік шығымдары келесі өлшемдерге тең:
Ұн шығымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87%
Кебектер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9,6%
Жемдік қалдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 2,4 %
Жемдік емес қалдықтар және механикалық жоғалтулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..0,7%
Дәннің ылғалдылығы. Бидай мен қарабидайдың ылғалдылығы 13%-ға тең, ол базистік ылғалдылықтан төмен болып келеді: 14,5 - 13=1,5%.
Қарабидайдың шынылығына байланысты (50%) ұнның және кебектің шығымының әр ылғалдылықта өсуін анықтаймыз. Бұл норма +0,5-ке тең болып келеді. Осыған байланысты өнімдердің базистік шығымының өсуі келесіге тең болады: 1,5x(+0,5)=+0,75%. Осы ылғалдылыққа байланысты ұнның және кебектің шығымдары өзгереді. Бұл өнімдердің базистік шығымдарына байланысты ұнның жалпы шығымы келесіге тең: 87+9,6=96,6%. Көрсетілген өнімдердің түрлерін осы шығымға байланысты есептейді:
Ұн шығымы:

Кебектер:
Дәннің күлділігі. Егер дәннің күлділігі базистік күлділіктен төмен болса, онда өнімнің өсу көрсеткіші өзгертілмейді. (1,68%1,97%).
Ал егер дәннің күлділігі базистік күлділіктен жоғары болса, онда әр 0,01% күлділікте, ұнның жалпы шығымынан 0,18%-ға түсіреді - 0,20% мөлшерде түсіреді.
Дәннің натурасы. Егер дәннің натурасы 750 гл-ден төмен болса,онда ұнның шығымын төмендетіп, кебектің шығымын әр грамм натурада 0,11 % -ға көтереді. Ал егер дәннің натурасы 750 гл-ден жоғары болса,онда керісінше, онда кебектің шығымын төмендетіп, ұнның шығымын әр грамм натурада 0,11 % -ға көтереді.
Шөпшалаң қалдықтар. Егер шөпшалаң қалдықтардың мөлшері базистік мөлшерден төмен болса, онда дәннің шығымында өзгеріс енгізу қажет. Әр шөпшалаң қалдықтықтың мөлшеріне байланысты өнімнің шығымын 1%-ға жоғарылатады. Бұл дәннің партиясында шөпшалаң қалдықтың мөлшері базистіктен төмен 1 - 0,5=0,50%. Шөпшалаң қалдықтардың нормаларды есепке алғанда, ұнның шығымының түзетілуі келесіге тең: 0,50x(+1)=0,50%.
Ұн шығымы:

Кебектер:
Дәнді қалдықтар. Егер дәнді қалдықтар мөлшері базистіктен жоғары болса, онда өнімнің шығымын әр дәнді қалдықтарға 0,15%-ға жоғарылатады. Бұл есептегі дәнді қалдықтар мөлшеріне байланысты түзетулер келесіге тең болады: (l,53-l)x(+0,15)=+0,08%. Осыған байланысты ұнның және кебектің шығымы 0,08%-ға төмендейді. Өнімнің түріне байланысты түзетулер келесідегідей болады:

Ұн шығымы:

Кебектер:

Егер дәннің құрамында зақымдалған дәннің мөлшері 0,5% болса, онда ұн шығымын кебектің мөлшеріне байланысты төмендетеді. Біздің есептегі түзетулер келесідегідей болады: 0,04x(-0,5)= - 0,020%. Ал өнімнің түрі бойынша келесідегідей болады:
Ұн шығымы:

Кебектер:
Сорттық ұн тартуларда ұсақ дәннің мөлшері бойынша ұн мен кебектің шығымын - 0,5%-ға төмендетеді. Бұл есеп үшін 2,29x( - 0,5)= - 1,145%-ға тең болады. Ал өнімнің түрі бойынша келесідегідей болады:
Ұн шығымы:
Кебектер:
Әр өнімнің түріне байланысты түсірулер мен қосылуларды бір-біріне қосамыз, соның нәтижесінде өнімнің есептік шығымы анықталады.
Өнімнің есептік шығымы келесіні құрайды:
Ұнның шығымы: 87+0,675+0,45-0,007-0,02-1,031=87,0 67%.
Кебектер: 9,6+0,007+0,049-0,001-0,002-0,114=9 ,5%.
Жемдік қалдықтар: 2,4+1,146-0,500+0,08=3,001%.
Жемдік емес қалдықтар: 0,7%.
Кеуіп кету: 0-0,3= - 0,3%.
Егер есептелу дұрыс болса, онда өнімнің барлық түрін қосқан кезде дайын өнімнің шығымы 100%-ға тең болады.
87,067+9,5+3,001+0,7 - 0,3=100%.
Өнімнің есептік шығымын есептеуден басқа, өңдірістің белгілі бір уақыттағы нақты шығымын есептеуге болады. Ол үшін өңдірістегі өнімнің нақты өңделуі, орташа ылғалдылығы мен өңделетін дәннің санын білу қажет.

Экономикалық тиімділігі мен шығынын есептеу

Берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидай ұнының нан пісіру қасиеті
Пионер кондитерлік фабрикасы
Астықтың технологиялық қасиеттері
Диірменнің астық тазалау бөлімшесінде астықты тартуға дайындау
Белгілеулер мен қысқартулар
Сағыздың мөлшері мен сапасы
Нан пісіру өндірісіндегі негізгі шикізаттар жайлы мәлімет
Бидайды ұнтақтау кезінде алынатын өнімдер
Ұн және ұн өндірісі
Ұн технологиясы
Пәндер