Астықты қабылдау технологиялық процесін бақылау


Мазмұны
Бет.
Кіріспе 3-4
- Кәсіпорынды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер 5
- Кәсіпорынның бас жоспары 6-9
2. 1 Құрылыс алаңын таңдау
2. 2 Құрылыс алаңына қойылатын талаптар
- Технологиялық бөлім 10-243. 1 Жобалауға берілген шикізаттың сапалық сипаттамасы3. 2 Астық қабылдау кәсіпорнының технологиялық схемасының сипаттамасы3. 3 Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу3. 4 Таразы қондырғыларының есебі
3. 5 Автокөлік транспорт көмегімен астықты қабылдау және жіберу
3. 6 Теміржол транспортын қолдана отырып астықты қабылдау және жіберу
3. 7 Теміржол вагондарына астықты жіберетін құрылғылардың есебі
3. 8 Транспорттан дәнді түсіру жабдықтарының есебі
3. 9 Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу
3. 10 Технологиялық жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы
- Метрологиялық қамтамасыз ету 25-364 1 Бидайға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары4. 2 Бидай сапасының көрсеткіші мен стандарттары
4. 3 Дайын өнімнің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер
4. 4 Астық қабылдау кәсіпорнындағы технохимиялық бақылауды ұйымдастыру
4. 5 Астықты қабылдау технологиялық процесін бақылау
5 Энергетикалық бөлімі 37-42
5. 1 Кәсіпорынды электр энергиясымен қамтамасыз ету
5. 2 Электр жабдықтары мен электржарықтандыру
5. 3 Қажетті және қойылған қуатты есептеу
6 Еңбекті қорғау 43-47
- 6. 1 Астық қабылдау кәсіпорнындағы жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі
7 Қоршаған ортаны қорғау 48-50
8 Экономикалық бөлім 51-59
8. 1 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі мен шығынын есептеу
10 Қорытынды 60
11 Қолдданылған әдебиеттер тізімі 61
КІРІСПЕ
Елбасымыздың халыққа жолдауында тек қана жеткен жетістіктермен тоқталып қана қоймай, сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру келесі жылдарға берілген тапсырма болды. Астықты қабылдау, орналастыру, өңдеу және сақтау бойынша маңызды тапсырмалар болып республикамыздағы элеватор өндірісінің материалды-техникалық базасының, ғылыми-техикалық прогресстің күшею қарқынымен, жаңа технологияның енуі және озық технологияның дамуы және нығаюымен байланысты. Қазақстанда астық, тұқым және олардан өндірілетін өнімдер селекциялы станцияларда, әртүрлі нысандағы шаруашылықтарда, элеваторларда, астық қабылдау пунктерінде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік майын, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында сақталады. Мемлекет астық қорын жинақтау, орналастыру, өңдеу және сақтау, оларды пайдалану, әрі Қазақстан халық шаруашылғының барлық салаларын астықпен қамтамасыз ету, астық қабылдау және астықты өндіру кәсіпорындарына жүктелген. Аталған кәсіпорындар сонымен қатар дәнді, дәнді бұршақ, майлы дақылдар мен мал азықтанатын шөптердің сорттық тұқымдарын қабылдайды, сатады. Халықты нан, макарон өнімдерімен және жармамен тұрақты түрде қамтамасыз ету республикамызда ұн мен жарма қорларының болуын талап етеді. Ал олар ұн және жарма зауыттарында өндірілетін және бұл өнімдердің негізгі қорлары соларда сақталады. Сақтауды дұрыс ұйымдастырмау, бүлінудің негізгі себептерін білмеу және сақтау кезінде астық сапасының төмендеуі үлкен шығындарға ұрындырады. Сақтау-астық өндірісінің соңғы кезеңі және ол астық пен астық массасының сақтау зерзаты ретіндегі ерекшеліктерін, сонымен қатар оның күйіне химиялық және биологиялық факторлардың әсерін оқытатын ғылым. Астық және оның өнімдерінің соңғы кезеңі және үлкен тобын сақтауды ұйымдастырудың күрделілігі олардың физиологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты. Астық және жекелеген дән тірі ағза болып табылады, оларға әртүрлі тіршілік процестерді тән, әрі бұл процесстердің қарқындылығы қоршаған орта факторларына тәуелді. Егер соңғылардың зат алмасуды үдетсе, мұның өзі оның массасының шығынына әкеліп соғады да сапасының төмендеуіне себепші болады. Астық өнімдерінің сақтаудағы айтарлықтай қиындығы оларға микроорганизмдер мен жәндіктер әлемінің ықпалынан туындайды және өнімдердің сапасын төмендеп, массасының шығыны артады. Сақтау нашар ұйымдастырылғанда кеміргіштер мен құстар да астық өнімдерірінің ластануы мен шығынына ұрындырады . Сақтау кезінде ұн мен жармалар тұтыну қасиеттерін өзгертеді. Сонымен, сақтаудағы өнімдердің табиғаты мен мүмкін шығындарды ескере отырып, оларды биологиялық орта факторларының белсенді әсерінен қорғау, әрі дән жасушаларындағы қарқынды зат алмасуды тежейтін жағдайлар жасау қажеттілігі туындайды. Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін астық өнімдерін сақтауға қойғанда тиісті дайындау тәсілдерін қолдана отырып, белгілі бір сақтау жағдайларымен қамтамасыз еткен абзал. Мұның бәрін техникалық база жеткілікті болғанда ғана іске асыруға болады, басқаша айтқанда өнімнің ерекеліктерін ескеріп қажетті құрылымдарымен жабдықтаған қоймалар болғаны жөн. Астық және оның өнімдерін сақтауда төмендегідей негізгі міндеттер ұсынылады: 1. Шығынсыз, немесе аз шығынмен сақтау. Сақталынатын астық өнімдерінің шығын мөлшері мен сапасының төмендеу табиғаты жақсы зерттелген. Профессор Л. А Трисвятский ұсынған топтау жүйесі бойынша мұндай шығындар биологиялық және механикалық болып екі топқа бөлінеді. Кейбір шығын түрлері болмай қоймайды, атап айтқанда, астық сақтау кезеңіндегі тыныс алу нәтижесінде құрған заттың шығындалуы мен астық массасындағы есепке алынбаған органикалық заттардың ыдырауы. Алайда, сақтауды тиімді ұйымдастырғанда бұл шығындар айтарлықтай болмайды және табиғи шығын мөлшері негізінде анықтауға болады. Сақтауды дұрыс ұйымдастырғанда шашылу, астық өнімдерін құстар, кеміргіштер мен жәндіктердің жоюына, өздігінен қызғандағы және микроорганизмдердің дамуына т. б. нәтижесінде болатын астық массасындағы шығындарға жол бермейді. Аталған себептерден болатын шығындар, қиынсыз және өзін-өзі ақтамайды деп есептелінеді. 2. Астық өнімдері сапасын төмендетпей сақтау. Астық өнімдері мен тұқым сапасының төмендеу жағдайлары сақтау режимін бұзудың нәтижесінде, тиісті күтімнің жоқтығынан туындайды. Сапа көрсеткіштерінің төмендеуінен болатын шығындар, егер оларға шара қолданбаса үлкен зардапқа ұрындырады. Сақтау кезеңінде тек қана жаңа астық көрсеткіштерінің шығындары жарма, ұн мен нан өнімдерінің сапасын күрт нашарлатады, ал астық кейде азық-түліктің мақсатқа пайдалануға мүлде жарамай қалады. Астық өнімдері сапасының төмендеуінің басқа себептеріне олардың тым ұзақ мерзім сақталы жатады, әрбір тауар оңтайлы жағдайларда сақтағанның өзі белгілі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz