Дайындау бөлімінде астық тазаланып шыққаннан кейінгі сапа көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1. 2 Технологиялық бөлім

1. 2. 1 Жобалауға қажет мәліметтер

Для дипломного проектирования по теме "Проект подготовительного отделения мукомольного завода сортового хлебопекарного помола пшеницы производительностью 100 т/сут в АО "Петровское" Акмолинской области" приняты следующие исходные данные:

  • дипломдық жобаны орындауға берілген тапсырма;
  • ұн зауытының өнімділігі - 275 т/тәул. ;
  • сорттық наубайханалық ұн тарту, шығымы - 75%;
  • қарапайым (обойкалық) ұн тарту, шығымы - 96%;
  • ұн зауытына арналған құрылыс алаңы "Жалағаш элеватор" ЖШС бас жоспарында көрсетілген;
  • ұн зауытының дайындау бөлімінің сұлбалары "ұн зауытында технологиялық процессті ұйымдастыру және жүргізу ережесіне" [7] сәйкес алынады;
  • Қазақстанның оңтүстік өңірінде өсірілетін бидайдың сапасы;
  • Технологиялық жабдықтардың жүктемесімен өнімділігі анықтамалық әдебиеттерден алынған [23] ;

1. 2. 2 Ұн зауытына түскен шикізаттың сапалық мінездемесі

Ұн өндірісіндегі негізгі шикізат бидай болып табылады. Бұл астық түрі жоғары тағамдық құндылығымен ерекшеленеді. Өндірілетін ұнның сапасына өңдеуге жіберілетін астықтың сапасы, оның анатомиялық құрылымы, химиялық құрамы және технологиялық қасиеттері әсер етеді. Астықтың технологиялық қасиеті - бұл, технологиялық процесс кезіндегі астықтың қалпын, ұнның шығымы мен сапасын анықтайтын астық сапасының көрсеткіштері мен белгілерінің жиынтығы.

Астықтың технологиялық қасиеттерін бағалауда қолданылатын шикізаттың сапасының көрсеткіштері шартты түрде үш топқа бөлінеді: астықтың жалпы жағдайын көрсететін, оның ұндық және наубайханалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер.

Астықтың жалпы жағдайы оның дәмімен, иісімен, түсімен, ылғалдылығымен, зақымдануымен, ластануымен және ұсақ фракциялардың санымен бағаланады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер өңдеуге жіберілетін астық жарамдылығының барлық белгілерінің сапасын көрсетеді. Бұл көрсеткішпен астықтың ұн зауытына жіберуге болмайтын сапасының шегі айқындалады. Иісі, түсі және дәмі астыққа тән қалыпты болуы тиіс. Басқаша иісті және дәмді астық өңдеуге жіберілмейді. Бидайдың наубайханалық қасиеттерін келесі көрсеткіштермен бағаланады: клейковинаның құрамы мен сапасы, ұнның газтүзуші қабілеті мен дисперсті құрамы, қамырдың физикалық қасиеті мен піскен нан көрсеткіштері.

Астықтың ұндық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер ұн өңдеу кезіндегі астықтың қалпын сипаттайды, ұн шығару мен сапасына, сонымен қатар астықты майдалауға кеткен энергия шығынына әсер етеді. Оған жататындар: шынылығы, күлділігі, ірілігі және астықтың жиналуы, мың астықтың массасы, тығыздығы, төзімділігі, майдалану қабілеті және т. б. .

Диірменге түскен астық партиясы бір - бірінен сапа көрсеткіштері бойынша ажыратылады: типі, шынылығы , клейковина құрамы, күлділігі және т. б. .

Осындай әртүрлі астықты өңдеу машина жұмысының режимін және астық тазарту бөлімінің аппараттарын, оның ішінде диірменнің майдалау бөліміндегі білікті станоктарын қайта -қайта өзгертуді талап етеді. Өндірілген ұн сатандарт талартарына сәйкес болуы шарт, кейде стандартты ұн шығара алмайтын астық партиялары да кездеседі. Осының салдарынан ұн зауытына жіберілген бірнеше астық партияларын араластыруға тура келеді. Күшті және әлсіз бидайды араластыру ұнның наубайханалық қасиетін жақсартатыны дәлелденген. Араластыру құндылығы күшті бидайдың қабілетін араластырудың әлсіз жолымен жақсарту, яғни сұрыптау деп түсіндіріледі.

Майдалау алдында әртүрлі астық партиясын араластыру оның қасиетінің тұрақтылығын сақтайды, компоненттерді іріктеу арқылы өңделетін партияларда шынылық, күлділік, шикі клейковинаның құрамы және тағы да басқа астық сапасының көрсеткіштерінің болуын қамтамасыз етеді.

Тиімді араластыру астықтың технологиялық қасиетінің тұрақтылығын жоғарылатады.

Ұн зауытына жіберілетін астық алдын ала тазартуды қажет етеді. Қоймадан ұн зауытына жіберілген астық тазарту нәтижесінде келесі сапа көрсеткіштеріне ие болады:

  • ІІІ типті, І подтипті астық;
  • ылғалдылығы - 12%
  • шөп - шалам қалдықтар құрамы - 1% көп емес;

оның ішінде:

- зиян қалдықтар - 0, 2% көп емес;

  • дәнді қалдықтардың құрамы - 5% көп емес;

оның ішінде: өніп кеткендері - 3% көп емес;

  • клейкованың құрамы - 28% аз емес;

Дайындау бөлімінде астық тазаланып шыққаннан кейінгі сапа көрсеткіштері:

Шөп - шалам құрамы - 0, 4% көп емес;

Оның ішінде:

Зиянды қалдықтар - 0, 05% көп емес;

куколь - 0, 1% көп емес;

фузариозды дән - 0, 3% көп емес;

- дәнді қалдықтардың құрамы - 3% көп емес;

- астық күлділігінің төмендеуі - 0, 06%;

- І жармалау жүйесі алдындағы ІІІ типті астықтың ылғалдылығы - 16…17%

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарға арналған бункерлер
Ұн технологиясы
Нан, макарон өнімдері
Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі
Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Дәнді ұнға өңдеу технологиясы
Бидай дәндерінің технологиялық қасиеттері
Астық өңдеу машиналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz