Қалдықтарға арналған бункерлер


Кіріспе
Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған.
Қазақстанның астық өндірісі мұнай өндірісімен қатар стратегиялық болып табылады. Сондықтан «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында астық азық-түлік нарығының негізін құраушы ретінде қарастырылады. Аграрлық кешеннің басты тапсырмасы халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тапсырманы орындау көбінесе астық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық шаруашылығының даму елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.
Техникалық базаның даму тиімділігін және астық шикізатын өңдеу мәселесінің шешімі көбінесе астық өңдеу кәсіпорындарының жобалау және құрылыс дәрежесімен анықталады. Технологиялық процесстердің қарқынды дамуын, өндіріс процесстерін автоматтандырылуын және жаңа техниканы есепке алсақ, жаңа кәсіпорындарды жобалау және істегі кәсіпорындарды қайта қаруландыру қажет болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік жоспарлы экономика нарықтық қарым қатынастарға көшуіне байланысты, әрбір кәсіпорын өз жұмысын жоспарлауда және өнімдерін сатуда еркіндік алады.
Тұтынушы ұн түрін және өндіруші ерікті түрде таңдаған кезде, оның сұранысы өнімнің сапасы мен бағасына негізделеді. Өндірілетін өнімнің тұрақты жоғары сапасы және бәсекеге түсе алатын баға ұн зауытының тиімді жұмысының негізі болып табылады.
Ұн - ең бағалы дәнді ұнтақтау арқылы алынған өнім. Бұны нан пісіруде, макарон, кондитерлік өнімдерді және тағы басқа тамақ өнімдерін жасауға пайдаланады. Ұннан жасалған өнімдердің тағамдық құндылығы өте жоғары болады және жеңіл сіңіріледі, сондықтан ұннан ең көп жасалынатын өнім - нан, адамның тамақтануында ең басты орын алады.
Әр түрлі ассортименттегі және сападағы ұнды өңдеу үшін дәннің әр түрлі ұн тартуларын пайдаланады. Ұн тарту дегеніміз берілген ассортиментте және сапада бидайды ұнға тарту операцияларымен технологилық процесстердің бір ізді, үйлесімді жиынтығы. Әр ұр тарту өнімді өңдеудің бөлек кезеңдерінен және жүйелерінен тұратын белгілі құрылыммен сипатталады.
Шикізатты рационалды пайдалану, астықты дайындау және ұнтақтау технологиялық схемасын дамыту, технологиялық процесстердің барлық кезеңдерінде жоғары өнімділікті жабдықтарды орнату, оларды реттеу және тиімді пайдалануды ұйымдастыру, энергетикалық және еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану арқылы кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.
Индустриалдық - иновациялық даму стратегиясына сәйкес аграрлық кешенге жалпы және отандық өнім өндірушілерге арнайы көмек көрсету шаралары қарастырылған. Қазіргі кезде ұн өндірісінің жаңартылуы жүргізіліп жатыр - жоғары өнімділікті тиімді жабдықтарды пайдаланып жаңа технологиялық схемалар игерілуде. Жаңа зауыттарды салудың мақсаты, технологиялық процесстердің жүргізу және ұйымдастыру ережелерін қатаң сақтай отырып, астық өңдеудің техника мен технологиясын жетілдіру болып табылады.
Берілген дипломдық жұмыста ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолданып, Астана қаласындағы <<Табыс>> ЖШС кәсіпорынында жоғары өнімділікті жабдықтармен жарақталған өнімділігі тәуілігіне 300 тонна болатын ұн зауытының дайындау бөлімін жобалау ұсынылады.
1. Негізгі бөлім
1. 1 Ұн зауыты құрылысының дәйектемесі
Жай және сорттық наубайханалық ұн шығаратын ұн зауыты Астана қаласында «Табыс» ЖШС салынады деп жоспарланған. Аталған мекемеде астықты жинағаннан кейін өңдейтін техникалық база бар. Ұн зауыты жақын маңдағы фермерлік және жеке шаруашылық өндіретін жергілікті астық бидаймен қамтамасыз етіліп жұмыс істейді.
Астана қаласы обылыс орталығы және жоспарланған құрылыс аймағы да өткізу қабілеті жоғары халықаралық көлік жолдарымен байланысқан. Құрылыс аймағында ұн зауыты шығаратын дайын өнімнің 20% пайдаланатын наубайхана өндірісімен айналысатын мекеме және қалдықтарды (кебек, жем, дәнді қалдықтар) қажет ететін мал шаруашылық кешендері бар.
Зауыттың электрэнергияға тәуелділігін жұмыс істеп тұрған электр жүйесіне қосу арқылы қанағаттандырамыз.
Обылыстың егін шаруашылық саласы бидай, сұлы және майлы дақылдар сияқты астық дақылдарын өсіруге бағытталған. Ұн зауытының шикізатқа деген қажеттілігін жергілікті фермерлік және жеке шаруашылықтар 100% қанағаттандырады. "Табыс" ЖШС бас жоспарында ұн зауытын салатын бос құрылыс алаңы бар.
1. 2 Өнеркәсіп өндірістік қуатын анықтау
"Табыс" жеке шаруашылық серіктестігінде жобаланған ұн зауытының құрылысы орналасқан ауданда ұн сұранысына ие 700 мың адам тұрады. Алдағы уақытта халық саны 10% өседі деп есептесек, онда халықтың жалпы саны 770 мың адам деп аламыз.
Аймақтың ұнға деген қажеттілігін П (т/жыл) мына формуламен анық -таймыз:
П = Ч р * Н п (1)
где Ч р - аталған ауданның халық саны, мың адам;
Н с - 1 адамның сорттық ұнға қажеттілік нормасы, кг/жыл;
Н с = 125кг/жыл
П = 77 * 0, 125 =96250т/жыл
Ауданнан сыртқа шығатынның ұнның көлемі жылына 10%. Сыртқа шығатынның ұнның көлемі:
Ссыр = (М жыл * 10%) / 100 (2)
мұндағы М жыл. сор - жыл бойы өндірілген сорттық ұнның көлемі, т/жыл;
жобаланған ұн зауытының өнімділігі:
сорттық өндіретін - 300 т/жыл,
ұн зауытының жұмыс істеу уақыты жылына - 300 күн, онда Мжыл есептесек :
М жыл. сор = 300 * 300 =90 000 т/жыл;
Мәндерді қойсақ, онда:
С сыр. сор = (90 000 * 10%) / 100 = 9000 т/жыл
Наубайхана өндірісі пайдаланатын ұнның көлемін мына формуламен анықтаймыз
С нау = (М год * 30%) / 100 (3)
мұндағы: М жыл. сор - жыл бойы өндірілген сорттық ұнның көлемі, т/жыл;
жобаланған ұн зауытының өнімділігі:
сорттық өндіретін - 300 т/жыл,
наубайхана өндірісі пайдаланатын ұнның көлемін - 30% . Мәндерді орнына қойсақ :
С
нау. сор
= (90 000 * 30%) / 100 = 27 000 т/жы
Жоғарыдағы мәндерді қойып жобаланатын ұн зауытының өнімділігін аңықтаймыз
100 (П + С 1 + С 2 )
Q = (4)
b * z
мұндағы: П - құрылыс аймағының жыл бойғы ұнға деген қажеттілігі, (т/жыл) ;
С1 - ауданнан сыртқа шығатынның ұнның көлемі, (т/жыл) ;
С2 - наубайхана өндірісі пайдаланатын ұнның көлемі, (т/жыл) ;
b - ұн шығымы;
z - ұн зауытының жұмыс істеу уақыты жылына, тәулік;
Q = 100*(16 000 + 8250 + 24750) / 76 * 300 = 175 т/тәул
Есептеу бойынша Астана қаласындағы «Табыс» ЖШС тәулігіне 300 тонна шығымы 76 % сорттық ұн шығаратын ұн зауытын салуға болады
1. 2 Технологиялық бөлім
1. 2. 1 Жобалауға қажет мәліметтер
Астана қаласында тәулігіне 300 тонна шығымы 76% сорттық ұн шығаратын ұн зауытының дайындау бөлімінің жобасына қажет мәліметтер:
- дипломдық жобаны орындауға берілген тапсырма;
- ұн зауытының өнімділігі - 300 т/тәул. ;
- сорттық наубайханалық ұн тарту, шығымы - 76%;
- ұн зауытына арналған құрылыс алаңы "Табыс" ЖШС бас жоспарында көрсетілген;
- ұн зауытының дайындау бөлімінің сұлбалары "ұн зауытында технологиялық процессті ұйымдастыру және жүргізу ережесіне" сәйкес алынады;
- Қазақстанның орталық өңірінде өсірілетін бидайдың сапасы;
- Технологиялық жабдықтардың жүктемесімен өнімділігі анықтамалық әдебиеттерден алынған ;
2. 1. 2 Ұн зауытына түскен шикізаттың сапалық мінездемесі
Ұн өндірісіндегі негізгі шикізат бидай болып табылады. Бұл астық түрі жоғары тағамдық құндылығымен ерекшеленеді. Өндірілетін ұнның сапасына өңдеуге жіберілетін астықтың сапасы, оның анатомиялық құрылымы, химиялық құрамы және технологиялық қасиеттері әсер етеді. Астықтың технологиялық қасиеті - бұл, технологиялық процесс кезіндегі астықтың қалпын, ұнның шығымы мен сапасын анықтайтын астық сапасының көрсеткіштері мен белгілерінің жиынтығы.
Астықтың технологиялық қасиеттерін бағалауда қолданылатын шикізаттың сапасының көрсеткіштері шартты түрде үш топқа бөлінеді: астықтың жалпы жағдайын көрсететін, оның ұндық және наубайханалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер.
Астықтың жалпы жағдайы оның дәмімен, иісімен, түсімен, ылғалдылығымен, зақымдануымен, ластануымен және ұсақ фракциялардың санымен бағаланады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер өңдеуге жіберілетін астық жарамдылығының барлық белгілерінің сапасын көрсетеді. Бұл көрсеткішпен астықтың ұн зауытына жіберуге болмайтын сапасының шегі айқындалады. Иісі, түсі және дәмі астыққа тән қалыпты болуы тиіс. Басқаша иісті және дәмді астық өңдеуге жіберілмейді. Бидайдың наубайханалық қасиеттерін келесі көрсеткіштермен бағаланады: клейковинаның құрамы мен сапасы, ұнның газтүзуші қабілеті мен дисперсті құрамы, қамырдың физикалық қасиеті мен піскен нан көрсеткіштері.
Астықтың ұндық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер ұн өңдеу кезіндегі астықтың қалпын сипаттайды, ұн шығару мен сапасына, сонымен қатар астықты майдалауға кеткен энергия шығынына әсер етеді. Оған жататындар: шынылығы, күлділігі, ірілігі және астықтың жиналуы, мың астықтың массасы, тығыздығы, төзімділігі, майдалану қабілеті және т. б. .
Диірменге түскен астық партиясы бір - бірінен сапа көрсеткіштері бойынша ажыратылады: типі, шынылығы , клейковина құрамы, күлділігі және т. б. .
Осындай әртүрлі астықты өңдеу машина жұмысының режимін және астық тазарту бөлімінің аппараттарын, оның ішінде диірменнің майдалау бөліміндегі білікті станоктарын қайта -қайта өзгертуді талап етеді. Өндірілген ұн сатандарт талартарына сәйкес болуы шарт, кейде стандартты ұн шығара алмайтын астық партиялары да кездеседі. Осының салдарынан ұн зауытына жіберілген бірнеше астық партияларын араластыруға тура келеді. Күшті және әлсіз бидайды араластыру ұнның наубайханалық қасиетін жақсартатыны дәлелденген. Араластыру құндылығы күшті бидайдың қабілетін араластырудың әлсіз жолымен жақсарту, яғни сұрыптау деп түсіндіріледі.
Майдалау алдында әртүрлі астық партиясын араластыру оның қасиетінің тұрақтылығын сақтайды, компоненттерді іріктеу арқылы өңделетін партияларда шынылық, күлділік, шикі клейковинаның құрамы және тағы да басқа астық сапасының көрсеткіштерінің болуын қамтамасыз етеді.
Тиімді араластыру астықтың технологиялық қасиетінің тұрақтылығын жоғарылатады.
Ұн зауытына жіберілетін астық алдын ала тазартуды қажет етеді. Қоймадан ұн зауытына жіберілген астық тазарту нәтижесінде келесі сапа көрсеткіштеріне ие болады:
- IVтипті, II подтипті астық;
- ылғалдылығы - 11, 6%
- шөп - шалам қалдықтар құрамы - 1% көп емес;
оның ішінде:
- зиян қалдықтар - 0, 2% көп емес;
- дәнді қалдықтардың құрамы - 5% көп емес;
оның ішінде: өніп кеткендері - 3% көп емес;
- клейкованың құрамы - 28% аз емес;
Дайындау бөлімінде астық тазаланып шыққаннан кейінгі сапа көрсеткіштері:
Шөп - шалам құрамы - 0, 4% көп емес;
Оның ішінде:
Зиянды қалдықтар - 0, 05% көп емес;
куколь - 0, 1% көп емес;
фузариозды дән - 0, 3% көп емес;
- дәнді қалдықтардың құрамы - 3% көп емес;
- астық күлділігінің төмендеуі - 0, 06%;
- І жармалау жүйесі алдындағы ІІІ типті астықтың ылғалдылығы - 16…17%
2. 1. 3 Дайындау бөліміндегі жобаланатын технологиялық сұлбаның сипаттамасы
Ұн зауытының астық тазалау бөліміндегі жабдықтар мен сипаттамасы көрсетілген транспорттық механизмді қолданудың графикалық көрінісі технологиялық процесс сұлбасы деп аталады. Сұлбаның орналасуы мен пайдаланылатын жабдықтар саны өңделетін дән түріне, оның физико -технологиялық қасиетіне, ұн тарту түріне, ұн зауытының өнімділігіне және басқа да факторларға байланысты болады. Технологиялық сұлба астықтың базисті кондициясы үшін жасалады. Астықтың жақсы сақталуы мен жоғары сапалы өнім алынуын қамтамасыз ететін сапалар нормасы базисті кондиция деп аталады. Бұл нормалар астықтың ылғалдылығы, күлділігі, натурасы, ластануы, клейковина құрамы және басқа да көрсеткіштер арқылы бекітіледі.
Ұн зауытының дайындау және тазалау бөлімінде технологиялық процесстің құрылымы үш кезеңнен тұрады:астық массасын қалдықтардан тазалау, дәндердің бетін алғашқы тазалау және алғашқы гидротермиялық өңдеу (ГТӨ) . Бұл астықты өңдеуге дайындау барысындағы негізгі тазалау және дайындау кезеңдері болып табылады. Осы операцияларды өткізу нәтижесінде астық массасындағы 70 . . . 75 % қалдықтарды ажыратады. Бірақ бұл кезеңдегі технологиялық операциялардың тиімділігі 80-85% аспайтындықтан (тасбөлгіш машинадан басқасы) көрсетілген операйияларды қайта өткізуге тура келеді. Екінші рет тазалау процессінде: дәннің бетін тазалайды, залалсыздандырады, екінші рет қалдықтардан тазалайды және соңғы гидротермиялық өңдеуден өткізеді.
Астықты өңдеуден тазалау және дайындау технологиялық процессінің құрылымы ұнтақтау түріне тәуелді және өңделетін дақылға тәуелді болып келеді. Мұның себебі әр түрлі ұн тарту операцияларына астықты дайындау және тазалу талаптары түрліше болады. Ұн тарту түріне және ұн тарту зауытының өнімділігіне байланысты астықты тазалау мен дайындау технологиялық процессінің құрылымдық нұсқасы бір ағынды, екі ағынды немесе көп ағынды болып ұйымдастырылуы мүмкін. Тәулігіне 150 тонна дейін ұн зауыттарында дәнді тазалау мен дайындау бір ағынды болады. Астықты тазалау мен дайындауды бір ағынды жүргізгенде әрбір партияны өңдеу режимдерінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр түрлі астық партияларында тізбекті өңдеуді қолдайды.
Жобаланған ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиялық схемасын екі ағында жүргіземіз, бұл алынатын ұнның әр түрлілігімен түсіндіріледі. Жай ұн тартуда сорттық ұн тартуға қарағанда өте қарапайым, қысқартылған технологиялық схема алады. Және ерекше астық партияысын құруды қажет етпейді.
Астықты элеватордан дән тазалау бөліміне, алдын ала есептелген жалпы ұн тарту партияларының құрамына енетін, сапасы бойынша біркелкі болатын жеке партиялармен берілуі керек. Бұл партиялар жалпы ұн тарту партияларын қалыптастыруға арналған бастапқы компоненттер, сондықтан оларды тазаланбаған дәнге арналған бункерлерде жеке жөнелтеді. Тазаланбаған дәнге арналған бункерлердің сиымдылығын жобалағанда, олардың ұн тарту зауытының үздіксіз 50 сағаттық жұмысын қамтамасыз ету керектігін ескерген жөн. Бұл элеватордан астықтың қандай уақытта берілуіне қарамастан, ұн тарту зауытының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бірнеше компоненттерден аралық ұн тарту партиясын қалыптастыру жағдайларын туғызу үшін жасалған.
Астық бункерлерден түсу кезінде 16 саңылаудың болуына байланысты, әрбір бункердің қимасы бойынша біркелкі ағады. Астықты бункерлерден саңылаулар арқылы түсіру операциясын пайдаланғанда өзіндік сұрыптаудың болмайтынына көз жеткіземіз. Әрбір бункердің түбінде өзіндік құбыр қарастырылған. Әрбір өзіндік құбыр бірдей көлденең бұрышпен орналасқан, сондықтан әрбір құбырда астықтың қозғалысының жылдамдығы бірдей болады. Өзіндік құбырлар әрбір бункердің астында орналасқан маркасы У2-БВВ жинағыш конусты шүңет жалғанған. Шүңеттен кейін астық УРЗ- 1ағын мөлшерінің реттегішіне келеді. Ол әрбір бункерден берілген астық мөлшерін автоматты түрде ұстап тұрады. Осы реттегіштер арқылы аралық астық партияларын жоғары дәлдікпен құруға мүмкіндік туады .
Аралық партияға кіретін, әрбір бункердің астық ағындары бұрамалы конвейерлерге бағытталады. Р3-БКШ -да араластырып, әрі қарай металл-магнит қалдықтардан тазалау үшін У1-БМЗ магнитті сепараторына жіберіледі. Магнитті сепараторлар технологиялық схеманың осы жеріне орналасуының себебі: астықтың одан әрі пневматикалық тасымалдағыштың қоректендіргіштеріне жіберілуінде.
Магнитті сепараторлардан кейін астық шлюзді қоректендіргіш арқылы үрлегіш пневмотасымалдағыштың өнім тасымалдағышына енгізіледі.
Пневмотасымалдау желісіне қажетті қысымды ЗАФ- типті ротационды компрессор қамтамасыз етеді. Астықты түсіру дән тазалау бөлімінің жоғарғы қабаттарында У2-БРО түсіргіштері арқылы жүзеге асады, ал тасымалдауға пайдаланылған ауаны тазалау үшін фильтрге бағытталады.
Астықты өлшеу АД-50-ЗЭ автоматты таразыда іске асады және астықты тазалауға қабылдануының жедел жүргізілуін, сепараторға жіберу алдында астық ағындарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Алғашқы сепаратордан өткізу А1-БИС-12 ауалы-електі сепараторында аэродинамикалық және дәннен геометриялық өлшемдері(қалыңдығы, ұзындығы) бойынша ерекшеленетін қалдықтарды ажырату үшін өткізіледі. Астық массасындығы шөп-шалаң қалдықтардың негізгі массасын сепараторда ажыратады. Астықты өңдеуге дайындау және тазалау құрылымдық схемаларының барлық нұсқаларында астықты шөп-шалаң қалдықтардан тазарту үшін сепаратордан алғашқы өткізуді процесстің басында орналастырады, өйткені келесі жүргізілетін операциялардың, яғни тастарды ажырату, ұзын және қысқа қалдықтарды және т. б. ажырату тиімділігі астықтағы шөп-шалаң қалдықтардың мөлшеріне тікелей байланысты. А1-БИС-12 ауалы-електі сепараторында шөп-шалаң қалдықтардың үш түрін ажыратады: ірі-жоғарғы електің сырғымасы (тесіктерінің өлшемі4, 25х25 ) ; ұсақ-төменгі електің өтімі (тесіктерінің өлшемі 2мм) және жеңіл, БЛЦ горизонталь циклонында тұндырылады.
Алғашқы сепаратордан өткізу кезінде ірі қалдықтар100 % ажыратылуы керек. Бұл технологиялық операцияда ұсақ қалдықтардың ажыратылуы70 . . . 75 % кем болмауы тиіс. БЛЦ горизонтальді циклонында тұндырылатын жеңіл қалдықтарды: сабанды бөлшектерді, қабықтардың бөліктерін, шаңды шлюзді қақпақ арқылы шығарады. Жеңіл қалдықтардан тазарту тиімділігі 85 . . . 90% жетуі қажет.
Шөп-шалаң қалдықтардан тазартылған астық массасын тасбөлгіш машинасына жіберуге болады. Бұл технологиялық операцияның сепаратордан кейін орналасуының себептері:
- Астық массасында тастардың болуы, шаң қоспасының жоғарылуын және оттың пайда болуына әкелуі мүмкін;
- Алғашқы сепаратордан өткізілген астық массасында ірі тастар мен басқа шөп-шалаң қалдықтар болмайды. Бұл жағдай қалған ұсақ тастарды ажыратудың тиімділігін арттырады.
Астық массасының минералды қалдықтарды ажырату Р3-БКТ, тасбөлгіш машинасында жүзеге асырылады. Минералды қалдықтарға:тастар, галька, шым, руда, топырақ, шыны, магнитті емес металлдар және дәннен тығыздығы мен бетінің қалпына байланысты ажыратылатын т. б. қалдықтар жатады. Тас бөлгіш машиналарда минералды қалдықтарды ажырату тиімділігі 98 -99% жетеді.
Астықтың бетін құрғақ тазалау әдісі технологиялық процесстің құрылымында астық массасы қалдықтардан тазалау тиімділігін арттыру үшін тасбөлгіш машинадан кейін А1-БЗК-9 концентраторын орнатады. Мұнда астық массасы тығыздықтары бойынша әр түрлі екі фракцияға бөлінеді:ауыр және жеңіл. Сонымен қатар тесіктерінің диаметрі 2мм торлы електің өтімі арқылы ұсақ қалдықтарды және тесіктерінің диаметрі 9мм торлы електің сырғымасы ретінде ірі жеңіл қалдықтарды алады. Ажыратылған ауыр фракцияның мөлшері тұрақсыз, ол бастапқы астық массасының қасиеттеріне байланысты және орташа есеппен 65 . . . 75% құрайды. Бұл фракция ірі, жоғары натуралы, тығыздығы төмен астық жатады. Жеңіл фракцияға ұсақ, сығылған, төмен натуралы, тығыздығы төмен астық жатады. Жеңіл фракцияның беті ауыр фракциямен салыстырғанда, минералды шаңмен көбірек ластанған және құрамындағы шөп-шалаң мен дәнді қалдықтардың мөлшері әлдеқайда жоғары. Жеңіл фракцияның шығымы20 . . . 30% шамасында, дегенмен ауыр және жеңіл фракциялардың арақатынасы елек астында орналасқан бұрамалы клапан көмегімен өзгертуге болады. Ұсақ қалдықтардың шығымы(елек тесіктерінің өлшемі 2мм) салыстырмалы түрде төмен, шамамен 0, 002-0, 005% құрайды. Ұсақ қалдықтарға ұсақ минералды қалдықтарды және бүлінген дәндерді жатқызады да, оларды қалдықтарға жібереді. Електің сырғымасы (елек тесіктерінің өлшемі 9мм) арқылы ірі және жеңіл қалдықтарды ажыратады. Оларға қарасұлы, сұлы, сығылған және жетілмеген дәндер жатады. Концентраторда қарасұлы толығымен ажыратылады, сондықтан бұл технологиялық схемада қарасұлы ажыратқыш-триер қарастырылмаған. Астықты концентраторда тазалау тиімділігі көптеген факторларға байланысты, әсіресе астық массасының концентраторға берілу тұрақтығына және ауа режиміне. Осы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін концентраторға дейін УРЗ-1 астықтың ағынын реттегішті және деңгейді көрсететін 2 датчигі бар 1-1, 15тонна жинақтайтын бункерлерді орнатады. Егер концентратордан 90м3/ мин ауа сорылса, оның жұмысы тиімді деп есептеледі. Дәндердің бетін тазалау Р3-БГО типті көлденең обойкалық машиналарда жүргізіледі. Алғашқы тазалау кезеңінде жеңіл фракцияның ғана бетін тазалайды, ал ГТӨ процесстері кезінде үлкен маңызға ие ұрықтықтың бүтіндігін сақтап қалу үшін ірі фракцияны обойкалық машиналарға жібермейді.
Бұл операциялардан өткен астықтың екі фракциясын араластырып, онда қысқа қалдықтар ажыратылуы үшін біріккен ағынмен А1-УТК-6 қарашық алғыш-триерге бағыттайды. Астық бетінің тазалануының тиімділігі, оның күлділігінің төмендеуімен (0, 01 . . . 0, 03%) және соғылған дәндердің санының өсуімен бағаланады(1% артық емес) . Обойкалық машинасының жұмыс органдары соққылау арқылы істейтіндіктен, жарылыс пен жалынның пайда болуының алдын алу үшін, металл-магнитті қалдықтарды ажырату үшін обойкалық мпшинаның алдында магнитті сепараторды орналастырады. Обойкалық машинаның жұмыс аймағынан шаңды жою үшін оны әрдайым аспирациялау қажет. Осы мақсатта көлденең обойкалық машина, пневмосепарациялайтын Р3-РНА типті каналмен бір қабатта орналастыруға болады. Обойкалық машинаның алдында металл-магнитті сепаратор мен аспирациялық жүйе болмаса, оны қосуға рұқсат етілмейді.
Қарашық ажыратқыш-триерлерде астық массасынан қысқа қалдықтарды ажыратады(қарашық, соғылған дәндер) . Қарашық ажыратқыш дискілі триерлердің қысқа қалдықтарды ажырату тиімділігі 80 . . . 90% жетеді. Осылай тазалаудың бірінші кезеңі аяқталады. Бұдан кейін астық массасы негізгі гидротермиялық өңдеуге бағытталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz