Астықты өңдеуге дайындау технологиялық процессін басқару және бақылау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1Технологиялық бөлім

1.1Ұн зауытының дайындау бөлімін жобалауға берілген бастапқы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

1.2Астықтың сапалық сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.3Ұн тарту партиясын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.4Астықтың ерекшеліктерін зерттеп ұсақтауға дайындау және тазалау
процесстерінің технологиялық схемасының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

1.5Бункерлердің саны мен сиымдылықтарын есептеу ... ... ... ... ... ...

1.6Ұн тарту зауытының дайындау бөлімінің технологиялық схемасы бойынша
жабдықтарды есептеу және таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

1.7Қалдықтарды бақылау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.8Дайындау бөліміндегі астықтың қозғалысының
коммуникациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..

1.9Астықты өңдеуге дайындау технологиялық процессін басқару және
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

2 Құрылыс бөлімі

2.1 Ұн тарту зауытының дайындау бөліміндегі жабдықтардың қабаттарда
үйлесімді
орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

2.2 Ұн тарту зауытының дайындау бөлімінің құрылыс параметрлерін анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3 Жобаланатын өндіріс ғимараттарының құрылысының жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 Энергетикалық бөлім

3.1 Ұн тарту зауытының дайындау бөлімінің электр жабдықтары және электр
энергиясымен қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Электрқозғалтқыштың қажетті және берілген қуатын есептеу ... ...

3.3 Өнім алуға жұмсалатын электрэнергиясының шығынын есептеу ... .

4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

4.1 Өндірісте еңбек қорғаудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4.2 Ұн тарту зауытының дайындау бөліміндегі жабдықтарды жөндеу және оларға
қызмет көрсету кезіндегі техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін
шешудің басты жолы дәнді дақылдардың түсімін арттырып, дер кезінде
ысырапсыз жинап, шығынсыз сақтау және ұтымды өңдеу мен тиімді пайдалану
болып табылады.

Дәнді дақылдардан өндірілетін нан, жарма, макарон тағы басқа тағамдық
азықтар адам тамағының ең маңызды құрам бөлігі. Астықтан неше түрлі жем
және техникалық шикізаттар да алынады.

Қазақстанның егемендікке ие бола беруінің басты шартарының бірі – кең-
байтақ еліміздің астық өндірудегі ұшан-теңіз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге
асыра отырып, азық-түлік пен жем қорларын молайту және экспорт ресурстарын
арттыру. Бұл міндет дәнді дақылдар егісінің құнарлылығын арттыру, егіннің
шығымдылығының өсіру, жинап алынған астықтың сапасы мен одан өндірілетін
өнімнің тиімділігін жақсарту, сақтау мен өндеу барысында шығынға жол бермеу
есебінен ғана орындалады.

Алайда, астық өнімдерінің бүкіл әлем көлемінде тапшылығына қарамастан,
оның едәуір бөлігі, өкінішке орай, халық мүддесіне жетпей қалып қояды.

Астық сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің
10-15%-ке жуығы шығын болып, тіпті сақтаудағы өнімдердің біразының сапасы
күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін
барады.

Астық қорын сақтаудың өте жауапты да күрделі іс екендігін көп ғасырлық
тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де астық өнімдерінің сақталу барысында
орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара
жол беріліп қалатындығын, көптеген астық қабылдау және өңдеу
кәсіпорындарында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді
жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет.

Дақыл дәндерінен ұн, жарма және құрама жем алу технологиясы бірімен
бірі тығыз байланысқан астықты тазалап тартуға арналған дайындау, ұнтақтау,
майдалау, мөлшерлеу, араластыру және қаптау сияқты негізгі жүйелерден
тұрады. Астықты дайындау дегеніміз құрамындағы бөтен қоспалардан тазалау,
дәнді қауызынан, сондайақ ылғалдау және булау, сапасы әр түрлі бірнеше
партиядағы астықты қосып, сапасын белгілі бір дәрежеге жеткізіп, ұн тарту
партиясын сияқты күрделі операциялар.

Дайындалған астықты ұнға айналдыру тәсілдері келесі операциялардан
тұрады: жармалау жүйесінде дәнді жармалау, ұнтақталған заттарды
түйіршіктерінің ірілігіне қарай бөлу, елек пен желдеткішті қолданып жарманы
кебегінен айыру, таза жарманы ұнтақтап ұнға айналдыру, сортқа бөлу, сапасын
тексеру, витаминдеу, қаптау.

Ұн, жарма және құрама жем өндірудің технологиялық жүйелерінің
құндылығы астық пен электр энергиясын тиімді пайдалануы арқылы бағаланады.
Мұнда ұн, жарма және құрама жемнің сапасы да ескеріледі.

Халықты нан өнімдерімен қалтқысыз қамтамасыз ету мәселелері елде ұн
қорының жеткілікті мол болуына байланысты. Сол сияқты жарма іспеттес құнды
тамақ өнімдері де жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан астық пен оның өнімдерін
баптап, өңдеп, дұрыс сақтау- маңызы зор мемлекеттік іс деп қаралады.

1. Технологиялық бөлім

1.1 Ұн зауытының дайындау бөлімін жобалауға берілген бастапқы мәліметтер

Тәулігіне 200 тонна бидай өңдейтін ұн зауытының дайындау бөлімінің
жобасы.Дайын өнім:75%-1сорт ұны

1.2 Астықтың сапалық сипаттамасы

Ұн тарту зауыттарының қамбаларына келіп түсетін астықтың құрамында
әр түрлі қалдықтар кездеседі (дәнді және шөп-шалаң қалдықтарды) оларды
бөліп алу қажет. Астықты ұн тарту зауытының тазалау бөлімінде қалдықтардан
тазалап қана қоймай, оны өңдеуге жағдай жасау үшін құрылымдық-механикалық
және технологиялық қасиеттерін жақсарту керек. Астықты тазалау барысында
ондағы түрлі қалдықтардың қасиеттерін және белгілерін ескеру қажет, өйткені
соған сәйкес түрлі технологиялық операциялар және жабдықтар қабылданады.

Астықты дайындау мен тазалау процестерінің технологиялық құрылымы ұн тарту
зауытына келіп түсетін астықтың құрамындағы қалдықтардың мөлшеріне, сондай-
ақ тазаланған астыққа қойылатын талаптарға байланысты. Көп жылдық тәжірибе
мен ғылыми жетістіктердің нәтижесінде құрылған "ұн зауытында технологиялық
процессті ұйымдастыру және жүргізу ережесіне" сәйкес ұн тарту
кәсіпорындарында бағытталатын астықтың сапасына келесі шекті нормалар
қойылады:

• бидайды сортты ұн тартуға жіберу кезінде астықтың ылғалдылығы 14%
болуы керек;
• құрамында шөп-шалам қалдықтардың мөлшері 2% , егер элеваторда
астықты тазалауға арналған жабдықтар болса-1% артық болмау
керек;соның ішінде бүлінген дәндер-1% ; залалды қалдықтар-0.2%
артық болмауы шарт;
• фузариозды дәндер 1% артық емес;
• құрамында дәнді қалдықтардың мөлшері-5% артық емес,оның ішінде
өнген дәндер 3% артық болмауы тиіс;
• астық сапалы,кептіру мен өздігінен жылытумен бүлінбеген, сондай-ақ
бөгде иіссіз болуы міндетті.
Ұн тарту зауытының дайындау бөліміне бағытталатын астық сапасының
көрсетілген талаптары,берілген шығымды және сапасы стандартқа сай ұн алуға
қажет болумен қатар астықты тазалау және оны дайындау барысында бөлімнің
техникалық мүмкіндігін есепке алады. Егер астық өңдеу кәсіпорындарына келіп
түскен астық аталған талаптарға сәйкес келмесе, оны қайтадан дайындауға
немесе кептіруге жібереді.
Астықты алдын ала тазалаудың мақсаты оны кем дегенде 50%
қалдықтарды тазарту, сонымен қатар дөрекі қалдықтардан 100%(өлшемі 8мм
үлкен)тазарту болып табылады. Астықты дәнді және шөп-шалаң қалдықтарынан
тиімді тазалау үшін оның ұсақ фракциясын элеваторда алдын ала ажыратып алу
керек. Дегенмен ұсақ фракцияны дәнді дайындау бөлімінде де ажыратып алуға
болады. Бидайдың ұсақ фракциясына торлы електің тесіктерінің өлшемі
2,0х20мм немесе 2,2х20мм (бидайдың ірілігіне байланысты) өтімі және
1,7х20мм електің сырғымасы жатады. Бұл фракцияға жетілмеген дәндер,
қысылған, технологиялық қасиеттері төмен дәндер жатады. Дәндә алдын ала
тазалау барысында бастапқы астық массасынан салыстырмалы түрде 30% ұсақ
дәндер фракциясын бөліп алу қажет.

1.3 Ұн тарту партиясын есептеу

Ұн партиясын бірнеше әртүрлі компоненттер құрайды. Көбінесе қоспада
екі компонент кездеседі, кейде олардың саны үш немесе төртке жетеді. Партия
құрамын әрбір компоненттің мөлшерін есептеу арқылы анықтайды.Компоненттерді
араластыру барысында олар біртекті қоспа түзуі тиіс. Әрбір компоненттің
мөлшерін орта мәні арқылы анықтайды. Ұн тарту партиясын құру үш кезеңнен
тұрады.

Бірінші кезеңде қоспаның сапа көрсеткішінің орта мәнін анықтайды. Ұн
тарту технологиясында бұл көрсеткішті анықтағанда, әдетте, өндірістік
қоймалардағы астықтың мөлшеріне, оның сапасы мен қоймадағы астықтың
біркелкі пайдаланылуын есепке алады. Астықты шынылығы бойынша
араластырғанда, оның орта мәнінің шынылығы 50% жетсе, қанағаттанарлық
нәтиже деп есептейді. Шикі желімділігінің мөлшері бойынша араластырғанда
нан шығымының оптималды мәніне немесе астық желімділігінің сапасы 2 топтан
кем болмауына қол жеткізеді.

Екінші кезеңде астық партиясының массасын анықтайды. Мұны
есептегенде технологиялық және наубайханалық қасиеттері жоғары оптималды
астық мөлшерінің болуына басты назар аударады.

Үшінші кезеңде қажетті есептеулерді жүргізеді, екі компонентті қоспаны
есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер:м- ұн тарту партиясының астық
массасы; х- араластыру жүргізілетін астық сапасының орта мәні.

Шынылығы 52% ұн тарту қоспасын құру қажет. Осыған орай астық
қоймаларынан жұмсақ бидайдың келесі сорттарын аламыз:

• Безосая 1-4 типті, шынылығы 58% (1-құрамалы бөлігі);
• Лютесценс 62-1 типті,шынылығы 50% (2 құрамалы):
• Альбидум 24-3 типті, шынылығы 40%(3 құрамалы ).

Есептеудің негізі келесі ережеге негізделеді: әрбір партиядағы астық
мөлшерінің,жеке партияның шынылығының өзгерісіне қатынасына кері
пропорционал етіп аламыз.

№ Есептеу элементтері Құрама бөліктері
1 2 3
1 Шынылығы,% 58 50 40
2 Араластыру кезінде
шынылықтың өзгерісі,%:
1 және 2 құрама бөлік 58-52=6 52-50=2 -
1 және 3құрама бөлік 58-52=6 - 52-40=12
3 Құрама бөлік болған
жағдайдағы қоспадағы
компоненттердің есептік
арақатынасы 2 6 -
1және 2 12 - 6
1 және 3
4 Қоспадағы әрбір құрама 12+2 6 6
бөліктің есептік
арақатынасы
5 Ұн тарту қоспасындағы 14+6+6=26
құрама бөліктердің
қосындысы

Қоспадағы әрбір құрама бөліктің массасын анықтау үшін келесі формуланы
пайдаланамыз.

Qn=QH*f R Fпc

Қажетті көрсеткіштерді орнына қою арқылы келесі шамаларды аламыз:

Q1=100*1426=53,8%

Q2=100*626=23,1%

Q3=100*626=23,1%

1.4 Астықтың ерекшеліктерін зерттеп ұсақтауға дайындау және тазалау
процесстерінің технологиялық схемасының сипаттамасы.

Технологиялық процесстің құрылымы үш кезеңнен тұрады:астық массасын
қалдықтардан тазалау, дәндердің бетін алғашқы тазалау және алғашқы
гидротермиялық өңдеу (ГТӨ). Бұл астықты өңдеуге дайындау барысындағы
негізгі тазалау және дайындау кезеңдері болып табылады. Осы операцияларды
өткізу нәтижесінде астық массасындағы 70 ... 75 % қалдықтарды ажыратады.
Бірақ бұл кезеңдегі технологиялық операциялардың тиімділігі 80-85%
аспайтындықтан (тасбөлгіш машинадан басқасы) көрсетілген операйияларды
қайта өткізуге тура келеді. Екінші рет тазалау процессінде: дәннің бетін
тазалайды, залалсыздандырады, екінші рет қалдықтардан тазалайды және соңғы
гидротермиялық өңдеуден өткізеді.

Астықты өңдеуден тазалау және дайындау технологиялық процессінің
құрылымы ұнтақтау түріне тәуелді және өңделетін дақылға тәуелді болып
келеді. Мұның себебі әр түрлі ұн тарту операцияларына астықты дайындау және
тазалу талаптары түрліше болады. Ұн тарту түріне және ұн тарту зауытының
өнімділігіне байланысты астықты тазалау мен дайындау технологиялық
процессінің құрылымдық нұсқасы бір ағынды, екі ағынды немесе көп ағынды
болып ұйымдастырылуы мүмкін. Тәулігіне 150 тонна дейін ұн зауыттарында
дәнді тазалау мен дайындау бір ағынды болады. Астықты тазалау мен
дайындауды бір ағынды жүргізгенде әрбір партияны өңдеу режимдерінің
тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр түрлі астық партияларында тізбекті
өңдеуді қолдайды.

Астықты элеватордан дән тазалау бөліміне, алдын ала есептелген жалпы
ұн тарту партияларының құрамына енетін, сапасы бойынша біркелкі болатын
жеке партиялармен берілуі керек. Бұл партиялар жалпы ұн тарту партияларын
қалыптастыруға арналған бастапқы компоненттер, сондықтан оларды
тазаланбаған дәнге арналған бункерлерде жеке жөнелтеді. Тазаланбаған дәнге
арналған бункерлердің сиымдылығын жобалағанда, олардың ұн тарту зауытының
үздіксіз 50 сағаттық жұмысын қамтамасыз ету керектігін ескерген жөн. Бұл
элеватордан астықтың қандай уақытта берілуіне қарамастан, ұн тарту
зауытының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бірнеше
компоненттерден аралық ұн тарту партиясын қалыптастыру жағдайларын туғызу
үшін жасалған.

Астық бункерлерден түсу кезінде 16 саңылаудың болуына байланысты,
әрбір бункердің қимасы бойынша біркелкі ағады. Астықты бункерлерден
саңылаулар арқылы түсіру операциясын пайдаланғанда өзіндік сұрыптаудың
болмайтынына көз жеткіземіз. Әрбір бункердің түбінде өзіндік құбыр
қарастырылған.Әрбір өзіндік құбыр бірдей көлденең бұрышпен орналасқан,
сондықтан әрбір құбырда астықтың қозғалысының жылдамдығы бірдей болады.
Өзіндік құбырлар әрбір бункердің астында орналасқан маркасы У2-БВВ жинағыш
конусты шүңет жалғанған. Шүңеттен кейін астық УРЗ- 1ағын мөлшерінің
реттегішіне келеді. Ол әрбір бункерден берілген астық мөлшерін автоматты
түрде ұстап тұрады. Осы реттегіштер арқылы аралық астық партияларын жоғары
дәлдікпен құруға мүмкіндік туады .

Аралық партияға кіретін, әрбір бункердің астық ағындары бұрамалы
конвейерлерге бағытталады.Р3-БКШ –да араластырып, әрі қарай металл-магнит
қалдықтардан тазалау үшін У1-БМЗ магнитті сепараторына жіберіледі. Магнитті
сепараторлар технологиялық схеманың осы жеріне орналасуының себебі:
астықтың одан әрі пневматикалық тасымалдағыштың қоректендіргіштеріне
жіберілуінде.

Магнитті сепараторлардан кейін астық шлюзді қоректендіргіш арқылы
үрлегіш пневмотасымалдағыштың өнім тасымалдағышына енгізіледі.

Пневмотасымалдау желісіне қажетті қысымды ЗАФ- типті ротационды
компрессор қамтамасыз етеді. Астықты түсіру дән тазалау бөлімінің жоғарғы
қабаттарында У2-БРО түсіргіштері арқылы жүзеге асады, ал тасымалдауға
пайдаланылған ауаны тазалау үшін фильтрге бағытталады.

Қысқы мерзімде астық массасын жылыту үшін БПЗ жылытқышына жібереді.
Онда дәндер арасындағы мұздың бөліктерін еріту үшін астықты 15С дейін
жылытады; осының нәтижесінде астықты ГТӨ-ден өткізу жағдайлары жақсарады.

Астықты өлшеу АД-50-ЗЭ автоматты таразыда іске асады және астықты
тазалауға қабылдануының жедел жүргізілуін, сепараторға жіберу алдында астық
ағындарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Алғашқы сепаратордан өткізу А1-БИС-12 ауалы-електі сепараторында
аэродинамикалық және дәннен геометриялық өлшемдері(қалыңдығы, ұзындығы)
бойынша ерекшеленетін қалдықтарды ажырату үшін өткізіледі. Астық
массасындығы шөп-шалаң қалдықтардың негізгі массасын сепараторда ажыратады.
Астықты өңдеуге дайындау және тазалау құрылымдық схемаларының барлық
нұсқаларында астықты шөп-шалаң қалдықтардан тазарту үшін сепаратордан
алғашқы өткізуді процесстің басында орналастырады, өйткені келесі
жүргізілетін операциялардың, яғни тастарды ажырату, ұзын және қысқа
қалдықтарды және т.б. ажырату тиімділігі астықтағы шөп-шалаң қалдықтардың
мөлшеріне тікелей байланысты. А1-БИС-12 ауалы-електі сепараторында шөп-
шалаң қалдықтардың үш түрін ажыратады: ірі-жоғарғы електің сырғымасы
(тесіктерінің өлшемі4,25х25 ); ұсақ-төменгі електің өтімі (тесіктерінің
өлшемі 2мм) және жеңіл, БЛЦ горизонталь циклонында тұндырылады.

Алғашқы сепаратордан өткізу кезінде ірі қалдықтар100 % ажыратылуы
керек. Бұл технологиялық операцияда ұсақ қалдықтардың ажыратылуы70...75 %
кем болмауы тиіс. БЛЦ горизонтальді циклонында тұндырылатын жеңіл
қалдықтарды: сабанды бөлшектерді, қабықтардың бөліктерін, шаңды шлюзді
қақпақ арқылы шығарады. Жеңіл қалдықтардан тазарту тиімділігі 85...90%
жетуі қажет.

Шөп-шалаң қалдықтардан тазартылған астық массасын тасбөлгіш
машинасына жіберуге болады. Бұл технологиялық операцияның сепаратордан
кейін орналасуының себептері:

1. Астық массасында тастардың болуы, шаң қоспасының жоғарылуын және оттың
пайда болуына әкелуі мүмкін;
2. Алғашқы сепаратордан өткізілген астық массасында ірі тастар мен басқа
шөп-шалаң қалдықтар болмайды. Бұл жағдай қалған ұсақ тастарды
ажыратудың тиімділігін арттырады.
Астық массасының минералды қалдықтарды ажырату Р3-БКТ, тасбөлгіш
машинасында жүзеге асырылады. Минералды қалдықтарға:тастар, галька, шым,
руда, топырақ, шыны, магнитті емес металлдар және дәннен тығыздығы мен
бетінің қалпына байланысты ажыратылатын т.б.қалдықтар жатады. Тас бөлгіш
машиналарда минералды қалдықтарды ажырату тиімділігі 98 -99% жетеді.

Бұл операциялардан өткен астықтың екі фракциясын араластырып, онда
қысқа қалдықтар ажыратылуы үшін біріккен ағынмен А1-УТК-6 қарашық алғыш-
триерге бағыттайды. Астық бетінің тазалануының тиімділігі, оның
күлділігінің төмендеуімен (0,01...0,03%) және соғылған дәндердің санының
өсуімен бағаланады(1% артық емес).Содан кейін А9-УТО-6 овсюг ажыратқыш
триерінде ұзын қалдықтардан тазаланады. Обойкалық машинасының жұмыс
органдары соққылау арқылы істейтіндіктен, жарылыс пен жалынның пайда
болуының алдын алу үшін, металл-магнитті қалдықтарды ажырату үшін обойкалық
мпшинаның алдында магнитті сепараторды орналастырады. Обойкалық машинаның
жұмыс аймағынан шаңды жою үшін оны әрдайым аспирациялау қажет. Осы мақсатта
көлденең обойкалық машина, пневмосепарациялайтын Р3-РНА типті каналмен бір
қабатта орналастыруға болады. Обойкалық машинаның алдында металл-магнитті
сепаратор мен аспирациялық жүйе болмаса, оны қосуға рұқсат етілмейді.

Қарашық ажыратқыш-триерлерде астық массасынан қысқа қалдықтарды
ажыратады(қарашық,соғылған дәндер). Қарашық ажыратқыш дискілі триерлердің
қысқа қалдықтарды ажырату тиімділігі 80...90% жетеді. Осылай тазалаудың
бірінші кезеңі аяқталады. Бұдан кейін астық массасы негізгі гидротермиялық
өңдеуге бағытталады.

Астықты ГТӨ-ден өткізу салқын кондициялау әдісі арқылы жүзеге асады.
Астықты ылғалдау А1-БШУ-2 ылғалдағыш машиналарында жүргізіледі. Онда дәннің
беті толық тиянақты ылғалданып, дәндегі ылғалдылық 5%дейін жоғарылайды.
Ылғалдаудан пайда болған құрылымдық-механикалық, биохимиялық өзгерістерді
толығымен жүзеге асыру үшін оны бөктіру бункерлеріне жібереді. ГТӨ режимін
Бастапқы ылғалдылығы, типтік құрамы, шынылығы бойынша әр түрлі сападағы
астықты ұн тарту зауыттарында технологиялық өңдеу процессін ұйымдастыру
және жүргізу ережелеріне сәйкес ылғалдаудың мөлшерін және бункерлерде
бөктіру уақытын анықтайды.Сапасы әр түрлі астықты ГТӨ-ден паралелльді
ағындармен өткізеді және әрбір ағынға жеке дифференцияланған режимді
қабылдайды. Конвейерлі араластырғыш және астық шығынының реттегіші УРЗ-1-ді
қолдана отырып, ГТӨ-нің негізгі кезеңінің аяқталуынан кейін соңғы ұн тарту
партиясын құрады.Технологиялық қасиеттеріне сәйкес негізгі ГТӨ-ді екі жеке
кезеңге бөлуге болады: алғашқы және екінші ГТӨ. Мұндай бөлуге астықтың
ылғалдылығы төмен болғанда (12% төмен) немесе жоғары шынылықтағы астықты
өңдегенде пайдаланады. Мұндай астықтың ылғалды сіңіру жылдамдығы төмен,
сондықтан қажетті технологиялық ылғалдылыққа жеткізу үшін оны екі рет
ылғалдау және бөктіру керек.Астықты ұн тартуға тазалау және дайындаудың
екінші кезеңінде оны біріктірілген ағынмен жібереді. Ең алдымен дәннің
бетін Р3-БМО-2 обойкалық машинасында тазалайды. Осыдан кейін нан
өнімдерінің тірі зиянкестерін Р3-БЭЗ энтолейтор стерилизаторында жояды да,
соғылған дәндерді Р3-БАБ ауалық сепараторында ажыратады.Сонымен бірге мұнда
да беріктілігі төмен (кептіру нәтижесінде бүлінген, сығылған және т.б.)
дәндерді ажыратады. Ұнтақту бөліміне оларды жіберетін болсақ,олар бүлініп
ұнға түседі де, сапаны төмендетеді. Астықты заласыздандырудың технологиялық
операциясы жасырын залалдану мен тірі зиянкестерді жоюдың тиімділігі жоғары
болуымен қатар, микрожарықшалардың пайда болуын төмендетеді.

Энтолейтор-стерилизатордың тиімділігі:

Дәннің ЗиянкесЖасырын Соғылған1және 2 қырғылау жүйелеріндегі
сапасы тердің залалданудәндердіұсақтың шығымы
саны, , % ң
данакг мөлшері,
%
Ірі, % Орташа,Ұсақ, % Жалпы
% шығымы, %
Шынылығы
52% 1 және
4 типтегі
қоспасы 12 0,42 0,23 18,0 18,2 16,4 52.6
бастапқы - 0,10 0,36 18,6 19,4 18,8 55,8
өңделген
Шынылығы
43% дәннің 8 0,56 0,13 14,2 18,0 17,2 49,4
4 тип - 0,14 0,28 15,6 19,0 18,4 53,0
бастапқы
өңделген

Қалдықтардан тазаланған дәнді ГТӨ соңғы өңделуіне бағыттайды.Онда
дәннің беті біраз ылғалдандырылады(0,30-0,50% ) да, 20-30 минут аралығында
бункерде бөктіріледі.Бұл технологиялық операцияның мақсаты дәннің бетін
ылғалдау, соның нәтижесінде дәннің қабаттары қатайып,білікті станокта өңдеу
кезінде азырақ ұнтақталады. Дәннің беті біркелкі ылғалдануы үшін суды
шашыратып жұмыс істейтін А1-БАЗ немесе А1-БШУ-1 ылғалдау жабдықтары
қолданылады.

Тазаланған және ұн тартуға дайын астықты автоматты таразыда өлшеп,
ұсақтау бөлімінің 1 жармалау жүйесіне жіберіледі. Астықты таразыға тарту
оның ұнтақтауға жіберу кезінде есеп жүргізу үшін, яғни жалпы шығымын,
сорттар бойынша ұнның шығымын, кебектің шығымын анықтау үшін қажет.

Қарастырылған схема, астықты дайындау мен тазалауды құрғақ әдіспен
жүргізу технологиялық процессінің әр түрлі сортты ұн шығаратын
зауыттарында, өзінің жеңілдігі мен жоғары тиімділігі үшін кең қолданыс
тапты. Өйткені мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астықты қайта өңдеуге кеткен шығынның ішкі аудиты мен талдауы
Қалдықтарға арналған бункерлер
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Пневмосепарациялаушы арналар қабырғаларына салыстырмалы дірілді лотоктардың қалпы
Дәнді дақыл түрі
М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу – өндірістік сипаттамасы
Астық қоймаларының сыйымдылығының ұйғарымдары
Білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымы
«Қазагроэкс» АҚ-ның технологиялық сипаттамасы
Бидай және қара бидай дәндерінің түрлері
Пәндер