Шығындардың бөлінуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы университет

Практикалық тапсырма
Тақырыбы: "Директ-костинг" жүйесі туралы және оның ерекшеліктері

Орындаған: Хасенова А.К.
Тексерген: Жайлаубаева Ш.Д.

Семей 2022 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
а. Директ-костинг жүйесінің теориялық негізі
ә. Директ-костинг жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиттер тізімі

Кіріспе:
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Соның ішінде, басқарушылық есептің ауқымды аймақтарының бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру, нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтардың басқарушылық есеп жүйесіндегі өндірістік есепте алатын маңызы зор. Әсіресе қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың дамуы шарттарында басқарушылық есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтижесінде басқарушылық есеп және оның жүйесі - калькуляциялаудың мәселелері өзгеріп дамуда.
Калькуляциялаудың осы шарттардағы мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз ететін өзіндік бағаны есептеу, есептелген өзіндік құн деңгейін тұрақты төмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Осы кезге дейін өндірістік есепті және өзіндік құн сияқты негізгі түсініктерге ортақ ой айтылмаған. Шығындарды 2 бөлімге элементі бойынша және калькуляция баптары бойынша топтау жайындағы дебаттар әлі де басылатын емес. Теорияда өндірістік есеп жоқ. Ал соңғы жылдары көп талқыланған проблема - өзіндік құнды калькуляциялау. ТМД елдері ғалымдарының назарын аудартқан толық емес өзіндік құнды есептеу әдісі, толық өзіндік құнды калькуляциялаудың альтернативті әдісі болды.
Бұл әдіс АҚШ-та директ-костинг деген атау алса, Ұлыбританияда - маржиналькост, Германияда - шектік шығындар есеп жүйесі, ал Францияда - маржиналдық бухгалтерия деп аталды.

Директ-костинг жүйесінің теориялық негізі
Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т.Е.Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классификацияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды. Ол өндірістің жиынтық шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу қажеттігіне негіздеді. Тұрақты шығындарға ол негізгі капитал амортизациясын, әкімшілік және техникалық персоналға кететін шығындарды жатқызады. Дж. Кларктың айтуынша айнымалы шығындар - бұл өндірістік өнім көлеміне тәуелді материалдар мен шикізаттар бағасы, электроэнергия, жұмыс күші құралдар эксплуатациясы. 1930 жылдары директ-костинг идеясының дамуына К.Руммель, В. Раутенштараух, Дж.Ульямс және Ч.М.Кноппель көп үлес қосты. Олар директ-костинг принципі бойынша шығын есебін ақпараттық құрал ретінде пайдалануды , практикалық меңгеруді, аралық бюджет және өндірістің критикалық көлемін дайындап шығарды. Соңғы графикте көлем, өзіндік құн және пайда көрсеткіштері арасындағы байланыс жақсы көрінеді. Бұл жүйенің негізгі идеясын 1936 жылы американдық экономист Д.Ч. Хоррис құрды.
Директ-костинг жүйесінің АҚШ-та пайдалана басталуы 1953 жылы американдық бухгалтерлер ассоциациясы бұл әдісті жариялауымен байланысты болды. 1961 ж. осы ассоциация директ-костинг қолданған 50 ірі фирманың талдауын жариялады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін директ-костинг жүйесін ұйымдастыруда неміс ғалымы Г.Г. Плаут үлкен үлес қосты. Ол жүйеде жоспарлы шығын есебі мен шекті шығын есебін біріктірген стандартты директ-костинг интегралды жүйесін құруға бас бұрды. Халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі өзінің даму процесінде 5 эволюциялық кезеңнен өтті:
- саудалық(1800 жылға дейін);
- кәсіпкерлік (1900 жылға дейін);
- ұйымық (1950 жылға дейін);
- оптимизациялық (1950-1975);
- стратегиялық (1975 жылдан бастап).
Басты кезеңдердің бірі оптимизациялық кезең болып табылады. Бұл кезең бухгалтерия тактикалық мәселелелерді шешумен қатар ЭЕМ де есеп беруді пайдалану негізінде басқарудың стратегиялық мәселелерін шеше бастады және директ-костинг есеп әдісі негізі болып табылатын өндіріс көлеміне байланысты шығындардың тұрақты және айнымалы болып бөлінуімен сипатталады. Қазіргі уақытта әлемдік практикада директ-костингтің екі нұсқасы қолданылады:
-есепте тек айнымалы шығындар пайдалануға негізделген қарапайым директ-костинг;
-дамыған директ-костинг, бұл жағдайда өндірісте және өнімді өткізуде өзіндік құнға айнымалы шығынмен бірге тұрақты шығын есепке алынады.
Қарапайым директ-костингтің екі сипаты бар:
1.Бұл әдіс тұтас кәсіпорындағы шығару, өткізу және шығындарды талдау үшін қолданылады.
2.Бұйымның өзіндік құнына кіретін шығын векторының критерийі де олардың айнымалы болып келеді.
Қарапайым директ-костинг әдісінің үлгісі келесідей болып келеді:
Өткізу көлемі - айнымалы өзіндік құн= маржа(айырма) - Тұрақты шығын = негізгі қызметтен табыс(зиян)
Осының нәтижесінде айнымалы шығын әдісі бойынша (қарапайым директ-костинг) айнымалы бар маржа анықталады, ол айнымалы шығынмен салыстырғандағы өткізуден түскен түсімнің артықшылығын көрсетеді. Айнымалы өзіндік құнымен маржа=өткізуден түскен түсім - айнымалы шығын. Айнымалы шығындар бар маржа тұрақты шығын сомасын қайтаруға мүмкіндік бергенде, кәсіпорында зиянсыздық нүктесі орнайды, яғни қаржылық нәтиже нөлге тең. Егер кәсіпорын көп бұйым өндіретін болса онда бұл айнымалы шығын әдісі тұрақты шығынды қайтарып алудағы әрбір бұйымның салымын есептеуге және ортақ рентабельділік деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осы әдістің негізі келесілерде көрсетілген:
1. Соңғы нәтижеге есептің нақты бағытталуы, ол дегеніміз бұйым бойынша, кәсіпорын бойынша және өндірістік нәтиже бойынша маржаны анықтау;
2. Бұйымдар бойынша тек айнымалы шығын есебі және бұйым бойынша айнымалы өзіндік құнды анықтау;
3. Кәсіпорын бойынша тұрақты шығын есебі және өндірістік нәтижені анықтау мақсатында маржаның азаюына жатқызу;
4. Баға құру және бағаны жедел бақылау процесінің негізі ретінде бұйымдар бойынша маржаны анықтау
Дамыған директ-костинг принциптері:
1. Шығын өткізу және соңғы нәтиже қызметтің сегменттері бойынша саналады. Бұл ақпарат ішкі және сыртқы барлық сегменттерге жеткізіледі;
2. Сегментке тікелей жатқызылатын шығындар жанама тарату әдістерінің қатысуынсыз тікелей таратылады;
3. Айнымалы және тікелей тұрақты шығын есебі бойынша бірнеше маржа анықталады.
Дамыған директ-костинг қарапайым директ-костинг артықшылығын сақтайды, бұйымдар бойынша маржа анықтауға негізделген бірақ оның кемшіліктерін сақтамаған, егер бұйымдар мен байланысты тұрақты шығындардың спецификалық сипатын ескеретін болсақ. Дамыған директ-костинг және маржиналдық есеп нұсқаларын шетел кәсіпорындарының практикасында қолданылатын талдау шығын басқару тиімділігінің жоғарлағанын және оларды соңғы нәтижемен өлшеуге болатынын көрсетеді. Бұндай салыстыру мыналар бойынша:
- ұйымдар;
- пайда (түсім) орталығы;
- рентабельділік орталығы;
- өзіндік құн орталықтары;
- өнімді өткізудің географиялық зоналары(аудандар);
- тұтынушылар категориялары;
- ноу-хау;
- қызметтің басқа да ішкі және сыртқы сегменттері.
Директ-костинг идеясы бүгінде шығындар мен қаржылық нәтиже бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында көрсетілген. Бұл шығын стандартына сәйкес есеп беру периодының ұзақтығына тәуелді және кәсіпорынды басқарумен байланыстыруды бұйымның өзіндік құнына қоспауға, ал кәсіпорынның жиынтық табысын жабуға болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік баға құруды орталықтандыру шарттарында ақталған бұйымдар арасындар үстеме шығындарды таратумен байланысты толық өзіндік құн есебі қолданылады. Кәсіпорындағы мүліктің әртүрлілігі бойынша, мемлекет кәсіпорынды приватизациялау процесіне байланысты баға құрудың еркін механизмі мен өндіретін өнімнің ассортиментін өзіндік жоспарлау орын алған. Осындай директ-костингті пайдаланудың басты шарты нарықтық экономиканың қалыптасуы. Бұл бухгалтерлік есептің өзгеруін қажет етеді, ең алдымен бухгалтерлік есептің жедел, аналитикалық ақпараттың таратылуына бағытталған.
Сондай-ақ директ-костинг ерекшелігіне өзіндік құнды калькуляциялаудың объектілігі және қарапайымдылығы жатады, себебі осы әдісті қолданғанда тұрақты шығындар тарату шартты емес, сонымен қатар әрбір кездердегі өзіндік құнды, айнымалы шығынды абсолютті және салыстырмалы маржа бойынша салыстыруға, жоғарыда айтылғандар бойынша бұйымның рентабельділігін анықтауға болады. Директ-костингті қолдану, біріншіден, көптеген қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды тұрақты және айнымалыға нақты тарату қиындығы. Шығындардың тұрақты және айнымалы деп бөлінуі тұрақты және мәңгілік емес, ол қызметтің шарттарының өзгеруіне байланысты қарастырылады. Сонымен қатар бір шығын әртүрлі шарттарда, өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты басқаша да болуы мүмкін. Мысалы, жұмыскердің еңбекақысы бір жерде айнымалы, екінші жерде жартылай айнымалы, ал үшінші жағдайда өнім көлеміне байланысты мүлде өзгермейді. Екіншіден, директ-костинг өндірілетін өнім қанша тұрады және толық өзіндік құны қанша деген сұраққа жауап бермейді. Үшіншіден, қысқартылған баптар номенклатурасы бойынша есеп жүргізу отандық есептің қажеттіліктеріне жауап бермейді. Сонғы кездердегі басты мәселенің бірі нақты калькуляциялауды құру. Бұл кемшілікті жоққа шығаруға болады, себебі өнім бірлігінің өзіндік құнын 100% нақты есептеген шығындарды калькуляциялаудың жүйесі жоқ. Төртіншіден, "директ-костинг" қолданған кезде салық органдарымен арадағы қатынас қиындай түседі, себебі салық салынатын өндіріске шығын мен пайда есеп айрысу жолымен анықталады.
Халықаралық есеп стандарттарына сәйкес "директ-костинг" есеп беру және салықпен есеп айрысу үшін қолданылмайды. Ол ішкі техника-экономикалық талдау және жедел басқару шешімін қабылдау үшін қолданылады. Бесіншіден, бұл жүйені қолдану барысында өнімге қойылған баға кәсіпорынның барлық шығындарын жабуды қамтамасыз етеді. Ал кейбір бұйымдардың бағасын төмендеткен жағдайда бөлінбейтін тұрақты шығын маржамен жабылмай қалу қауіпі туады, сол кезде кәсіпорын зияндар зонасына түседі.Көптеген батыстық кәсіпорындарда толық шығындар есебі де, "директ-костинг" жүйесі де таза түрінде қолданылмайды. Күрделі нарық шарттарында кәсіпорын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етілуі қажет, соның ішінде өзіндік құн да кіреді
Басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық механизм және оның элементтері. Кәсіпорынның табыстары мен шығыстары
ЖШС «Камаш-Строй» құрылыстағы өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау
Қаржыларды басқаруды ұйымдастыру
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардын әлеуметтік экономикалық себептері
Бюджет жүйесі
Кәсіпорының табысың ұтымды пайдалану шараларын дайындау
Педагогикалық практиканың есебі
Құрылыс компаниясында өнімнің өзіндік құнын есептеу
Пәндер