Мектеп ақпараттық жүйесін құру


Аннотация
Бұл жоба арқылы зерттеу жұмысының авторы Мектеп ақпараттық жүйесін құру, қазіргі және болашақта қолдану принциптерін жасау жәнеде мектеп ақпараттық жүйесін құруда мақсатымызға жетудегі негізгі міндеттерін толықтай көрсеткен. Деректер қоры теориясымен танысу және деректер қорын басқару жүйесінің түрлерін қарастырып, олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алудағы мақсаты туралы атап айтқан және бұл жобаның пайдасы зор екендігі айтылған. Болашақта осындай ғылыми жобалардың түрлері толық зерттеліп, мектеп жұмысын автоматтандыратын ақпараттық жүйелердің көптеген маңызы бар екендігі көрсетілген. Мектептің шығу тарихына бастап және ондағы мұғалімдер, оқушылар, кабинеттер, сабақтар, сыныптар, үлгірімдер жайлы және мектептегі атқарылатын жұмыстар және т. б. туралы көптеген мәліметтер мен деректер ұсынған және жинақталған.
Аннотация
Благодаря этому проекту автор исследовательской работы в полной мере продемонстрировал основные задачи по созданию школьной информационной системы, разработке принципов ее применения в настоящем и будущем и достижению наших целей в создании школьной информационной системы. Ознакомившись с теорией баз данных и рассмотрев типы систем управления базами данных и выбрав из них наиболее эффективные для построения системы, он подчеркнул свою цель и отметил, что этот проект имеет большую пользу. В дальнейшем виды таких научных проектов будут изучены более полно, показано, что информационные системы, автоматизирующие работу школы, имеют большое значение. Представлен и обобщен большой объем информации и данных об истории школы и о ее учителях, учениках, кабинетах, уроках, классах, образцах и о проделанной работе в школе и др.
Annotation
Through this project, the author of the research paper fully outlined the main tasks of creating a school information system, developing the principles of its current and future use and achieving the goal of creating a school Information System. He noted the purpose of familiarizing himself with the theory of databases and considering the types of database management systems, choosing from them the most effective for building a system, and noted that this project is of great benefit. In the future, the types of such research projects are fully studied and it is shown that information systems that automate the work of the school have a lot of importance. The history of the school has been presented and collected a lot of information and data about teachers, students, offices, classes, classrooms, models, and the work done at the school, etc. The chosen theme is interesting. The introduction provides for the relevance, purpose, task, scientific novelty of the topic.
Кіріспе
Ғылыми жобаның өзектілігі: Бүгінгі таңда электронды ақпарат дамып бара жатқандықтан, мәліметтің бәрін цифрлық түрде енгізіп, оны цифрлық түрде сақтап және оқуымызға тура келеді. Себебі, біздің күнделікті ақпарат алмасуымызды жеңілдетеді. Сонымен қоса, біздің күнделікті ақпаратты қағазға қаламмен бірнеше сағат жазуымызды және өңдеуімізді жеңілдетеді және шығынды азайтады. Егер электронды ақпарат шығыс және батыс елдерінде бірнеше жыл бұрын дамыса да, біздің елде бұл енді-енді жарық көріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда қандай да бір кәсіпорынның немесе білім беретін мекеменің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық құралдарды құру қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сондықтан да ғылыми жобада мен мектеп директорының жұмысын деректер базасы негізінде автоматтандыру процесін қарастырылған. Ақпараттық технология оқу процесін дәстүрлі оқыту әдістеімен қатар инновациялық оқыту әдістерін қалыптастыруда және жаңа ақпараттық технологиябілім беруді жетілдіру ісінде төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде, яғни
- әрбір жеке тұлға үшін ашық білім алу жүйесін жасау;
- білім беру саласын ақпараттық-әдістемелік жағынан жабдықтау;
- оқу процесін автоматтандыру;
- тест жүйесі арқылы білімді бағалау;
- қашықтан оқытуды ұйымдастыру, т. б.
Ғылыми жобаның мақсаты: Мектеп ақпараттық жүйесін құру, қазіргі және болашақта қолдану принциптерін жасау.
Ғылыми жобаның міндеттері: Соңғы кездегі дербес компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттілігін көрсетті.
Зерттеудің объектісі және пәні: ХХІ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы - ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін білу, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бел бұрудың негізі.
Гипотеза: Қазіргі таңдағы заманауи технологиялар, оның ішінде мектептегі немесе кәсіпорындағы автоматтандырудың мақсаты, басқаруды жақсартуға бағытталған. Яғни мектеп жұмысын толықтай автоматтандыруға көшіру. Қазіргі кезде өндірісте және мекемелерде құжат айналымында компьютерлік техника көп қолданылады. Әрдайым мәлімет көлемі мен күрделілігі өседі, қолданушылар жұмысын дербес компъютерлерсіз көзге елестете алмайды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы: Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасмалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді. Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негіздерген білім жүйесінің жаңа модерін құру қажет.
Зерттеу әдісі: Қолдағы бар жиналған деректердің және қосымша материалдардың көмегімен зерттеу жұмысына ғылыми сипаттама жасау.
Ғылыми жұмыстың қойылған міндеттерді шешу әдістері: - «Мектеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтер базасын құру жобасы болып табылады және жобаны қолданушылардың құжаттары, бағдарламаны қолдану құжаттарына сипаттама беріледі.
Ғылыми жобаның толық мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмалар қойылды:
Жоғарыда айтылғандарға орай ғылыми жобада деректер қорын жобалау теориясы туралы әдістемелік құрал жасау және Microsoft Access деректер қорының басқару жүйесі және Delphi программалау ортасының көмегімен «Мектеп» ақпараттық жүйесін құру. Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттері төмендегідей:
1. Деректер қоры теориясымен танысу және ДҚБЖ түрлерін қарастырып, олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алу;
2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде кадрлар бөлімінің жұмысы жайлы мәліметтерді қарастыру;
3. «Компьютерлік бөлшектер қоймасы» деректер қорын қамтитын жұмыстарын зерттеу ;
4. Microsoft Access және Delphi программалау ортасының мүкіншіліктерін пайдалана отырып ақпараттық жүйе құру.
Жоба Microsoft Access және Delphi программалау ортасының мүмкіншіліктерін пайдалана отырып деректер базасы ретінде құрылды.
1. Delphi - бағдарламасының сипаттамасы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды сипаттау
Бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйелік және көмекші болып бөлінеді. Жүйелік бағдарламаға бағдарламашыға жаңа бағдарлама құру үшін қажет болатын бағдарламаларды жатқызады, яғни операциялық жүйе, жабдықтарды бақылау және реттеу құралдары.
Қосымша бағдарламаға белгілі бір аймақта мәліметтерді өңдейтін бағдарлама немесе бағдарламалар тобы жатады. Қосымша бағдарламалар өте үлкен әр түрлі пакеттер тобын құрайды: ортақ қолдану, тәсілдік бағытталған және проблемалық бағытталған [1] . Осылардың арасында өте аз орын алатын қосымша бағдарламалар - қолданушы өзінің көздеген мақсатына жету үшін жазатын ерекше бағдарламалар.
Сондай-ақ, бағдарламалық қамтамасыздандыруға бағдарламалау жүйесі жатады, яғни жаңа бағдарлама құру жүйесі. Бұл жүйеге машиналық кодта бағдарламаны бағдарламалау тілінде өңдейтін компиляторды, бағдарламаның жоғарғы бағдарламалау тілінде орындалуын қамтамасыз ететін интерпретаторды, бағдарлама текстінің редакторын, қосымша бағдарламалар кітапханасын, бағдарлама реттегішін, немесе тағы қосымша бағдарламаларды жатқызады.
Кең тараған бағдарламалау тілдері бағдарлама құруға көмектесетін көптеген бағдарламалау жүйесі бар. Олар DOS, Windows3. 1/3. 11, Windows9x, Windows NT және тағы басқа орталарда жұмыс істейді. Соңғы кездері Java тілінде бағдарламалау жүйесі пайда болды. Олар әлемдік Internet желісінде Web-парақтарды қарау кезінде шақырылатын бағдарламаларды жазуға мүмкіндік береді.
Бағдарламалау жүйесінің ерекше класы - клиент-сервер типіндегі бағдарламалар құру жүйесі болып табылады [1] . Бұл жүйелер бөлімдерге және үлкен кәсіпорындарға мәліметтер жүйесін құруға көмектеседі. Оның ішінде қолданушыға арнап интерфейс құру, мәліметтерді өңдеу процедурасын сипаттау және т. б.
Операциялық жүйе - бұл компьютердің аппараттық бөлігін басқаратын бағдарламалар тобы және қолданушы мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету ісін ұйымдастыру. Операциялық жүйе компьютердің ерекше бөлігі болып табылады және ол компьютердің аппараттық бөлігімен бірге жеткізіледі. Операциялық жүйенің айналасын оның мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша бағдарламалар құрайды. Операциялық жүйенің негізгі сипаттамасын Windows XP операциялық жүйесінің мысалында қарастырайық.
Windows XP-те қолданушы тапсырмалармен және бағдарламалармен өзінің жұмыс үстеліндегі құжаттармен жұмыс істеген сияқты жұмыс атқарады. Windows XP-тің Windows 3х операциялық жүйесінен (және де басқа да көптеген операциялық жүйелерден) басты айырмашылығы - негізгі назар құжаттарға қойылады, ал бағдарлама, тапсырма немесе бағдарламалық код осы құжатпен жұмыс істеу үшін арналған құрал ретінде қарастырылады [2] . Windows XP Plug & Play (аудармасы «қос -және- жұмыс істе», көбіне «плаг-эн-плэй» деп айтылады) стандартымен жұмыс істейді. Бұл компьютерге жаңа перифериялық құрылғыларды қосып, олармен жұмыс істеууді максималды жеңілдетеді. Plug & Play стандарты - бұл Intel мен Microsoft фирмаларының бірігіп жасаған істері. Оның негізгі идеясы - осы стандартқа сай әр құрылғы өзі жайлы белгілі бір мәлімет таратады. Осының арқасында операциялық жүйе перифериялық құрылғылардың сипатын автоматты түрде анықтап, аппараттық түсінбеушілік мәселесін оңай шешеді. Plug & Play стандарты біріншіден аналық платаның BIOS-ын және перифериялық құрылғыларды қолдауы керек. Сөйтіп, операциялық жүйе Plug & Play стандартын қолдайтын перифериялық құрылғылырдың компьютерге жалғанған кезде автоматты түрде танылуын және онымен жұмыс істеудің жеңіл болуын қамтамасыз етеді. Ескірген құрылғыларды қолдауды қамтамасыз етеді және мобильды компоненттерді қосу және өшіру үшін динамикалық орта құрайды.
Windows XP 32-разрядты операциялық жүйе болып табылады. Ол процессордың қорғалған режимінде жұмыс істейді. Жады мен процестерді басқаратын ядро 32 разрядты кодпен жұмыс істейді. Бұл компьютердің жұмысын тездетеді. Windows XP 32-разрядты кодты барлық мүмкін болған жерлерде қолданады, бұл компьютердің сенімді жұмыс істеуі мен жылдам қызмет атқаруына көмектеседі [2] .
Бұрынғы нұсқаларға қарағанда, Windows XP көптапсырмалылықты (preemptive multitasking) және параллель процестерді (multithreading) қолдайды. Бұнда процессордың уақытын жіктеуді ядро атқарады. Бұл фондық тапсырмалардың жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
1. 1Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - бұл тек құрал, оның табысты қолданылуы кәсіпорынды басқаруға тікелей тәуелді болады. Ол басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды. Ендірудің пәндік мәні дәл осы болып табылады. Ұқыпты меншік иесі жобаны тек іске асырып қана қоймай, сонымен қатар өз кәсіпорнының мақсаттарының нәтижелі шешімін алудан бастау керек. Сондықтан, жобаның табысы ең алдымен ақпараттық жүйені және бағдарламалық өнімді таңдаудан емес, ендірудің бастапқы кезеңі - менеджерлер мен компанияның бизнес-мақсатын (стратегиясын) таңдауға тәуелді болады.
Бизнес-процестер . Стратегияларды құрып және анықтағаннан кейін, автоматтандырудың келесі қадамы - басқару қызметінің барлық фазаларын баптау (олардың қайсысы автоматтандыруға жататындығын түсіну үшін), реттеу және бизнес-процестерді орындау.
Процесс - бұл тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құнды болып табылатын нәтижені құруға бағытталған функциялардың (жұмыстардың, операциялардың), орындалу тізбегі [2] .
Жалпы түрде бизнес-процесс - бұл қызметтің әртүрлерінің жиынтығы, солардың барлығы бірге тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құнды болып табылатын нәтижені құрайды.
1. 2 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу
Автоматтандыру мақсаттары - мектептегі немесе кәсіпорындағы басқаруды жақсартуға бағытталған. Мақсатты және есептің қойылымын анықтау - автоматтандыру үшін жобаны ендірудің бастапқы кезеңі болып табылады.
Келесі кезеңде осының барлығы қалай автоматтандыру және «құжаттау» керек деген сауалға жауап беру керек. Бұл жағдайдағы негізгі құжаттар техникалық тапсырма және күнтізбелік жоспар. Техникалық тапсырманы - «бизнес-процесстердің меншік иелері» кәсіпорынды автоматтандыратын компания мамандарының қатысуымен IT-менеджерлер және бөлім басшылары құрады.
Онда ақпараттық жүйенің барлық объектілері, олардың тәртібі және т. с. с. сипатталады. Техникалық тапсырманың жазылуы нақтылы келісім-шартпен жасалған жұмыстың күнтізбелік жоспарында көрсетіледі. Онда барлық автоматтандырылатын процесстер дәл көрсетіледі. Сондай-ақ жеке құжат - автоматтандырылатын бизнес-процесстердің схемасы құрылуы да мүмкін. Бұл мәселелердің барлығын нақтылы жағдайда кәсіпорын басшысымен келісе отырып жобаны автоматтандыру бойынша басшы маман шешеді. Кез келген жағдайда бұл құжаттарсыз автоматтандыру мүмкін емес [3] . Жұмыста қарастырылып отырған мектепке қатысты негізгі ұғымдар, ондағы оқушылар, оқытушылар, пәндер және т. б. ақпараттарды қамтиды. Бұдан мектеп директорының жұмысын автоматтандыру үшін мәліметтер қорын құру керек екендігі шығады. Мәліметтер қоры - ақпараттарды сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорымен мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымы тығыз байланысты. Мәліметтер қорын басқару жүйелері дегеніміз - жаңа қордың құрылымын құру, оның мазмұнын толтыру, түзетуге берілген шарт бойынша мәліметтерді шығару, оларды реттеу, баспаға шығаруға арналған программалық құралдардың жиынтығы
Мәліметтер қоры әртүрлі объектілерден тұруы мүмкін. Мен қолданған объект - кесте. Кестенің өрістерінің негізгі қасиеттеріне жататындар: өріс атауы, өріс типі, өріс өлшемі, өріс форматы, енгізу маскасы, жазу, келісім бойынша берілетін мәндер, мәндерге қойылатын шарттар, қате туралы хабар, міндетті өріс, бос жолдар, индекстелген өріс.
«Мектеп» ақпараттық жүйесі мектеп директорының жұмысын автоматтандыруға арналған.
1. 3 Delphi объектілі-бағытталған бағдарламалау ортасы
Ғылыми жобаны құруда Borland компаниясының Delphi бағдарламалау ортасы қолданылғандықтан, бұл бағдарламалау ортасына қысқаша тоқталып өтейік.
Бағдарламалау ортасы Pascal тілінің операторларын, синтаксисін және құрылымын толық қамтиды. Бір ерекшелігі, бұл бағдарламалау ортасы объекттермен жұмыс істейді. Сондықтан бұнда қолданылатын Pascal тілі Object Pascal деп аталады [4] .
Ғылыми жобаны құру барысында Delphi бағдарламасының жетінші версиясын қолданылды. Бағдарламаның жұмыс істеу ортасы төменде 1-суретте келтірілген:
1-сурет . Delphi 7 бағдарламалау тілінің жұмыс істеу ортасы
Жұмыс істеу ортасында бес терезе бар. Жоғарғы жағында тұрған терезеде палитра компоненттері мен меню жолы орналасқан (3-сурет) .
3-сурет . Меню жолы және палитра компоненттері терезесі
Ал терезенің жұмыс істеу ортасының сол жағында екі терезе орналасқан:
4-сурет . Объекттерді көру терезесі
Объект инспекторы терезесі (5-сурет) :
5-сурет . Объект инспекторы терезесі.
Жұмыс істеу ортасының ортасында тұрған терезе бас терезе болып саналады. Өйткені барлық бағдарламалар осы терезенің үстінде жасалады және орындалады (6-сурет) :
6-сурет . Бас терезе
Ал бесінші осы бас терезенің артқы жағында тұрады. Ол терезеде, бағ-
дарламада болатын барлық болатын оқиғалардың кодтары жазылады. Сондықтан ол терезе код енгізу терезесі деп аталады [3] . Егер сіз F12 пернесін бассаңыз, онда сіз 7-суреттегідей терезені көресіз:
7-сурет . Код енгізу терезесі
Ғылыми жобаның негізгі бөлігі осы бағдарламалау ортасында жасалғаны туралы техникалық бөлімде толық айтылады. Ал қазірше Delphi бағдарламалау ортасымен танысуды осымен аяқтаймыз.
2. «Мектеп» ақпараттық жүйесі
2. 1 «Мектеп» ақпараттық жүйесінің мәліметтер базасы
Бұл жерде біз Delphi программалау ортасының және Access деректер қорының негізінде «Мектеп» ақпараттық жүйесін құрғандағы қамтыған мәліметтер жайлы объектілерді, олардың құрылымын және т. б. жағдайларды қарастырамыз.
Ең алдымен біз тікелей ақпараттық жүйенің программасына көшпей тұрып біз мектеп жалпы жұмысы жайлы мәліметтерді қамтитын объектілердің толық жиынын құрып аламыз. Бұл объектілер оқушылар, мұғалімдер, оқу кабинеттері, оқылатын пәндер және т. б. мәліметтерді қамтиды [5] . Ақпараттық жүйе деректер базасы негізінде жұмыс жасайтын болғандықтан жүйенің объектілері туралы база Access деректер базасын басқару жүйесінде құрылды. Жүйеге қажетті мәліметтердің барлығы аталған базада сақталынады.
2. 1-сурет. Мәліметтер базасы кестелерінің жиынтығы
Мысалы, 2. 1-суретте мектеп оқушыларын аралық бақылауға қатысты мәліметтер көрсетілген «Аттестация» кестесінің көрінісі келтірілген. Кестенің құрылымын 2. 2-суреттен көре аласыз. Көріп отырғандарыңыздай бұл жерде, кестенің «Код» өрісі кілтті өріс болып табылады.
2. 2-сурет. «Аттестация» кестесінің құрылымы
Базада бұдан бөлек «Сабақтар», «Кабинеттер», «Сыныптар», «Бағалар», «Сабақтар», «Оқушылар», «Мұғалімдер» кестелері бар. Ол кестелердің қызметіне тоқталып өтсек.
Мектептегі оқу үрдісінің жалпы көрісін 2. 3-суреттегі «Сабақтар» кестесінен қарауға болады. Мұнда қай мұғалімнің, қай уақытта, қай оқу кабинетінде, қай сыныппен қандай сабақ жүргізіп жатқандығы туралы мәліметтер сақталады. Кестедегі мәліметтердің барлығы мәліметтер базасының дұрыс нормалданғандығын көрсетеді. Себебі, кестеде белгілі бір басқа кестедегі мәліметке сәйкес келетін өріс кодтары ғана келтірілген.
2. 3-сурет. «Сабақ» кестесі
Жоғарыда айтылып өткен нормалдау үрдісін мәліметтер базасының құрылымынан нақты, әрі көрнекі түрде көре аламыз. Ғылыми жұмыста қарастырылып отырған мәліметтер базасы құрылымының жалпы көрінісі 2. 4-суретте келтірілген. Көріп отырғандарыңыздай, мұнда кестелер арасындағы тәуелділік байланыстарының көрнекі түрдегі сызбасы келтірілген [4] .
2. 4-сурет. Мәліметтер базасының сызбасы
Базадағы «Мұғалімдер» (2. 5-сурет) және «Оқушылар» (2. 6-сурет) кестелерінде мектептегі мұғалімдер мен оқушылар туралы мәліметтер сақталады.
Базаның қалған кестелерінде өз атауларына сәйкес мәліметтер сақталынады.
2. 5-сурет. «Мұғалім» кестесі
2. 6-сурет . «Оқушы» кестесі
Базадағы мәліметтерді өңдеу үрдісін жүйеге келтіру үшін, арнайы сұраныс түрлерін қолданған ыңғайлы. Ғылыми жоба базасының сұраныстарының жалпы көрінісі 2. 7-суретте келтірілген.
2. 7-сурет . Мәліметтер базасының сұраныстары
Жобаны даярлау барысында, кестедегі мәліметтерді өңдеп, әртүрлі функцияларды атқаратын 13 сұраныс құрылды. Сұраныстардың атқаратын функцияларын толық құру нәтижесінде, ақпараттық жүйені құру кезінде программалау жұмыстарын біршама қысқартуға болады.
«Түрлер» сұранысы бақылау кезіндегі оқушылардың алған балдарының орташасын көрсетіп тұрады. Оның құрылымы 2. 8-суретте келтірілген.
2. 8-сурет . «Түрлер» сұранысының құрылымы
«Тізімдегі барлық сабақтар» сұранысы мектепте өткізіліп жатқан әрбір сабақтың базадағы толық тізімін қарауға мүмкіндік береді. Сұраныстың құрылымын 2. 9-суреттен көре аласыз.
2. 9-сурет . «Барлық сабақтар тізімі» сұранысының құрылымы
Оқушының әр сабақтан алған бағасын, база кестелеріне енгізу үрдісін «Бағалар» сұранысы орындайды. Сұраныс құрылымы 2. 10-суретте келтірілген.
2. 10-сурет . «Бағалар» сұранысының құрылымы
«Күнделік» сұранысы базаға оқушылардың белгілі уақытта, нақтырақ айтсақ қай сабақта алғанын көрсетуге мүмкіндік береді. Сұраныстың құрылымы 2. 11-суретте келтірілген.
2. 11-сурет . «Күнделік» сұранысының құрылымы
Мектептегі оқу кабинеттерінің қолданылуын көрсететін мәліметтер жиынын «Кабинеттерді қолдану» сұранысынан қарап, білуге болады. Сұраныстың құрылымының көрінісі 2. 12-суретте келтірілген.
2. 12-сурет . «Кабинеттерді қолдану» сұранысының құрылымы
Мұғалімдердің қанша оқушыға баға қойғанын және орташа қандай баға қоятыны туралы көрсеткіштерді «Мұғалім және нәтиже» сұранысынан ала аламыз. Бұл мұғалімнің қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді. Сұраныс құрылымының көрінісі 2. 13-суретте келтірілген.
2. 13-сурет . «Мұғалім және нәтиже» сұранысының құрылымы
Базадағы «Оқушылар үлгірімі» және «Сынып үлгерімі» атты сұраныстар белгілі бір оқушының үлгерімі мен нақты оқу кластарының үлгерімдеріне көрнекі түрде талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Жобада мұны диаграммалар түрінде ұйымдастырған ыңғайлы. Сұраныстар құрылымының көріністері төменде, 2. 14- және 2. 15-суреттерде келтірілген. Басқа сұраныстардың қызметімен жобамен жұмыс істеу барысында таныса жатармыз.
2. 14-сурет . «Оқушылар үлгірімі» сұранысының құрылымы
2. 15-сурет . «Сынып үлгерімі» сұранысының құрылымы
2. 2 «Мектеп» ақпараттық жүйесі қолданушысының нұсқаулығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz