Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ
курстық жұмыс
тақырыбы: Сабақтың мазмұны және психологиялық құрылымы
орындаған: 191Б тобының 4 курс студенті Халмуратов Анвар
Қабылдаған: Тажибеков Муратали Ирсалиевич
Ақсукент - 2022
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары ... . 6
3. Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың психологиялық негіздері ... ... ... ... 16
4. Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі ... ... ... ... ... 29
5. Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау ... ... ... ... ... ..35
6. Психология курсында оқытудың белсенді әдістерінің
топтық формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
1. Кіріспе
1.Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны.
2.Психологияны оқытудың мақсаты және қазіргі білім беру мекемелерінің стратегиялары.
3.Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі.
4.Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.
5.Психологияны оқыту әдістемесіне жалпы мінездеме.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.
Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.
Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана-сезімдеріне қандай әсер ететіндігін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің бірден бір көрінісі - өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мәдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу және студенттердің құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық.
Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған.
Студенттердің тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы оқытушы мен студент арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.
Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі -студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық.
Оқыту процесін ұйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен көрінумен бірге, психологиялық мәселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері айтылып келе жатқанымен, дәл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Психологиялық сипаттағы мәселелерді ескеру және оларды шешудің нәтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оқу іс-әрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді қабылдаушылардың тұлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні және т.б. осы сипаттағы зерттеулер психолог ғалымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде баяндалған.
Оқытудың психологиялық мазмұнын қарастыратын теорияларда мән берілген басты мәселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың әдіс-тәсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мәселелері, оқытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оқу мотивациясы, оқу тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау және өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының тұлғалық және дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-әрекеттің қалыптасуы және тағы басқалар кіреді.
Аталған мәселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялық мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім, оқушы) мәні мен мақсаттары, оқу пәнінің құрылымдық мазмұны, оқу пәнінің мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту процесінде әлеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен оқушылар арасындағы және оқушылардың өзара оқу әрекетінің жүйесі, және осы аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пәндік мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оқу әрекеттерінің өзара байланысын қалыптастыру.
Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді игертудің психологиялык механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді психологиялық жағдайларын қарастыру білім беру әдістемесінің ғылыми негізін құрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте оқытудың әдістемесін жетілдіруде пән оқытушысының кәсіби мүмкіндіктерінің атқаратын рөлін анықтауға мүмкіндік берді.
Психология пәнінің әдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың пікіріне қарағанда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, С.М.Жақыпов, т.б.) психологияның пәндік және іс-әрекеттік мақсатына келесі мақсаттар кіреді:
· жаңа психологиялық білімдерді қарастыру;
· психологиялық білімдерді тәжірибелік мәселелерді шешуге қолдану;
· психологиялық білімді беру және тарату.
Аталған зерттеушілер психологияны оқыту әдістемесін педагогикалық училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жоғары оқу орындарында (В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев, Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту (Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту бағыттарында қарастырады.
Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі психологияны оқыту әдістемесі пәнінінің негізін құрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шығармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.
Психологияны оқыту әдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:
- психологияны оқытуда белсенді әдістерді пайдалану;
- психология пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, яғни ғылыми-теориялық мәселелерге өмірлік тәжірибелер призмасы арқылы қарау;
- психологиялық теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде пай - далану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.
Болашақ маманның кәсіби қалыптасуы туралы зерттеулерге сүйенсек, әр мамандықтың ерекшелігіне сай студенттердегі қабілет мазмұны да әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, гуманитарлық бағытта даярланатын маман өз кәсібіне қатысты мынадай құрылымдық мазмұнды меңгергені жөн: біріншіден, мамандығына байланысты терең білім; екіншіден, өз бетімен іздену арқылы кәсіби білімін көтеру мәдениеті; үшіншіден, адамдармен жұмыс жасауға психологиялық жағынан дайындық.
Сонымен, болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге психологиялық мәселе:
1) оқу материалдары адам психологиясына зор талап қояды. Себебі, шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет;
2) жоғары мектеп оқытушысы тарапынан жылылықты сезіну студенттің өзінің керектігін, өмірдегі орнын, орнықтылықты сезінуіне мүмкіндік береді;
3) студенттерді оқу процесіне тартудың психологиялық жолы -оқытушының студенттермен байланыс орната білуінде;
4) психологияны оқытудың басты мақсаты - студенттердің психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялық білімдерін түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның тұлғалық дамуына аса қажетті психикалық өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуға үйрету. Сондықтан, психология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді жасаудың жолдары сан алуан;
- психология курсын оқытудың мазмұны мен әдістемесін студенттің тұлғалық сипатына (тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы әр студенттің қайталанбас тұлға екендігіне көз жеткізу;
- студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;
болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту;
- басқалармен өзара дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыра білуге, оларды түсінуге, дау-дамайсыз ортақтаса білуге, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.
2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары
1.Жалпы оқу пәні бойынша сабақты жоспарлау және ұйымдастыру.
2.Оқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру.
3.Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу.
4.Сабақты ұйымдастырудың және оқытудың белсенді әдістерінің топтық формаларының ерекшеліктері.
Жалпы оқу пәні бойынша сабақты жоспарлау және ұйымдастыру. Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары - оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстарға арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады. Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады. Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады. Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.
Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады. Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.
Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді. Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады. Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды. Оқулықтың басты көрінісі - мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады:
- негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны);
- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.);
- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)
Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары - бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.
Оқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асыуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
4. Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың психологиялық негіздері
1. Оқу пәні мазмұнын таңдаудың негізгі принциптері.
2. Меңгеруді ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері.
3. Жалпы және абстрактілік сипатты білдіретін білімді меңгеру.
4. Оқу пәнін конструктілейтін білім немесе оның тараулары.
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден, білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады. Психологияны оқытудың мақсаты бір жағынан ғылыми-психологиялық білімдердің мазмұны арқылы анықталса, екінші жағынан бұл білім оқытылатын білім беру аймағы бағдарламасы типіне байланысты келеді.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден, осы білімдерді меңгерту бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл - білімді жүйелендіру.
Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасына сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі орта ғасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.
Жаңа уақыттағы ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні, әдетте, оқу-танымдық іс-әрекетті әр түрлі жүйелер ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды:
§ Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?
§ Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?
§ Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?
§ Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Осылайша ғылыми пән - бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні - оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі болмақ.
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:
1. Білімдер жүйесі;
2. Меңгерілуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құрамдас бөлігін талдауда келесі факторлар ескерілді. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пәннің оқу пәні болуға мүмкіндігі жоғары болады.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі, типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әр түрлі болуы тиіс:
3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма;
3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма;
3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма;
4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, даралық психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттердің білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, ұғымдарды игеру қабілетіне қарай түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді игеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін игеру дәріс, семинар, практикалық, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материялдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалары, көрнекі материалдары, бақылау сұрақтары болуы мүмкін. Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі пәннің мазмұнына қатысы жоқ.
Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механизмдерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерін ашуды қарастрыу қажет.
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері:
- Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыру;
- Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу, яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну;
- Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу - тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізінде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болуы, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету;
Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
- Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу. Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.
- Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау;
- Студенттерді қоданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;
- Студенттердің жеке кәсіби іс - әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул (ұйытқы) жасау.
Оқыту принциптері - бұл оқу сабақтарын ұйымдастырудағы жетекші идеялар, ғылыми негізделген ұсыныстар, оқыту процесін реттейтін ережелер, нормалар. Принциптер дидактика мен оқытудың мақсатына тәуелді. Қазіргі дидактикада классикалық принциптер, сондай-ақ соңғы он жылдықта жасалған принциптер бар.
Карандашев В.Н. дәстүрлі оқыту принциптерінің ішінен (оқытудың тәрбиелеуші сипаты, ғылымилық, көрнекілік, саналылық және белсенділік, жүйелілік, жеке тұрғыдан келу, жас ерекшелікті ескеру, аудиторияның мотивациялық дайындық принципі) психолгияны оқытудағы принциптерге ерекше мән береді.
Ғылымилық принцип оқылатын материал қазіргі ғылыми және практикалық психология жетістіктеріне сәйкес келуін талап етеді. Бұл принцип психологияны оқытуда аса маңызды роль атқарады, себебі қазіргі уақытта ғылыми емес, тұрмыстық психологияда эзотериялық білім негізінде жазылған көптеген психологиялық кітаптар бар. Мұндай кітаптарда дәлелденбеген, ғылыми тұрғыда зерттелмеген мәліметтер беріледі.
Жүйелілік принципі оқу материялдарын белгілі бір логикалық бірізділікпен берілуін көздейді. Бұл оқу пәні туралы жүйелі түсініктерді қалыптастырады.
Тиімділік пен эмоционалдылықтың бірлігі принципі. Бұл принципке сәйкес оқу студенттер мен оқушылар оқудың мақсатын түсініп, осы пәнді оқу қажеттілігін білсе, оның өзі үшін және кәсіби қалыптасуы үшін мәнін ұғынса, білімге саналы қызығушылық танытса ғана тиімді болады.
Теориялық білім мен эмпирикалық білімнің бірлігі принципі. Бұл принцип нақты мен абстракцияның бірлігі сияқты дидактикалық принципті нақтылау болып табылады. Бұл принципке сәйкес психологияны оқытуда бір жағынан, теориялық идеялар және олардың логикалық негізделуі, екінші жағынан, олар сүйенетін эмпирикалық деректер, оларды көрсететін нақты мысалдар өзара үйлесіп жатуы тиіс. Өкінішке орай, психология оқулықтарында және дәрістерінде нақты деректер мен мысалдарға негізделмеген теориялық тұжырымдар едәуір басым болады немесе практикалық психология саласынан алынған көптеген қызықты психологиялық зерттеулер, тәжірибелер, мысалдар көп кездеседі.
Көрнекілік принципінің мәні оқуда сезім мүшелері мен бейнелерді қолдану мүмікндігінде. Ең маңыздысы көру бейнелері. Біріншіден, студенттер мен оқушыларда көру анализаторы жетекші роль атқарады, екіншіден, ақпараттың көру арқылы танылуы материалды терең түсініп жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Психологияны оқудың өмірмен, тәжірибемен байланысы принципі. Оның мәні психологиялық түсініктер мен заңдылықтар ғылыми зерттеулермен ғана түсіндірілмей, студенттер мен оқушылар күнделікті өмірде кездесетін өмір шындығы арқылы түсіндіру болып табылады.
Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі.
Жасөспірімдік кезең өзге де психологиялық жас кезеңдері секілді ерекше үстем тұрған қажеттіліктермен, тұлғаның сапалық жаңа құрылымдарымен, сензитивтілігімен, психикалық өмірдің өту ерекшелігімен сипатталады.
Жоғарыда аталған принципті нақтылай келе біз жасөспірімдік кезеңнің келесі сипаттамаларын есепке алдық.
1. Жасөспірімнің жалпы мотивациясы қарым-қатынасқа ауысады. Мұнда қақтығыстар болады, құндылықтарды қайта қарастыру және өзін-өзі орнықтыру қажеттілігі қанағаттаныдырылады.
2. Жасөспірім ересектік және Мен бейнесінің қалыптасуына байланысты өте күшті әсерлерді бастан кешіреді. Сонымен қатар мұнда жыныс бейнесімен идентификациялану (теңестірілу) жүреді.
3. Абстрактылы ойлау түрінің қарқынды дамуы ойлау тәсілдерінің өзгеруіне, оның әлеуметтенуіне әкеледі, осының нәтижесінде қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасы өзгеріске ұшырайды.
4. Өзіндік сана мен рефлексияның белсенді қалыптасуы өмір және өзі туралы көптеген сұрақтарды туындатады. Мен қандаймын? деген сұрақ жасөспірімде өзінің мүмкіндіктерінің қорын іздейді.
5. Дамудың қорғаушы күшіне тұлғаның ішкі құраушы компоненті болып табылатын қызығушылықтар жатады. Эмансипация реакциясы айқын көрініс табады, осыған сәйкес өзін-өзі өзектендіру де көрініс береді.
Оқытудағы жас ерекшеліктерді ескеру принципін жүзеге асыру тәжірибеде екі тәсілмен шешіледі.
1. Мазмұн арқылы. Оқу курсы мазмұнының елеулі бөлігін жас ерекшелік қажеттілігі болып табылатын ақпарат құрайды және сол себепті ол жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Осылайша әрбір жас сипаттамасына белгілі-бір категория сәйкес келеді: қарым-қатынас мәселесі - қатынас категориясы, өзіндік сананың даму мәселесі - даму категориясы.
2. Әдістер арқылы. Курста бағдарлама мазмұнына қарамастан жасөспірімнің көрсетілген қажеттіліктері мен жұмыс істейтін әдістер тобы қолданылады.
Жеке тұлғадан келу принципі
Аталған принципте нақты аудиторияның ерекшеліктреі мен қажеттіліктері туралы айтып отырмыз. Мұғалімнің осы принципті меңгеруі дегеніміз педагогикалық жағдайда психологиялық контекстпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни оқытудағы тек жүріс-тұрыспен қатар түрлі деңгейде жағдайды талдай білу, яғни жасөспірімнің мадақтауға және нашар әсер қалдыруға деген қорқыныш сезімталдығы жатады.
Мұнда мұғалімнің топтың психологиялық ахуалына назар аудара білуі маңызды болып табылады. Ол индивидпен, микротоптармен және жалпы топпен не болып жатқанын аңғара білуі тиіс.
Қанша индивид болатын болса, сонша топ ахуалы болады. Әрбір оқушы түрліше мұғаліммен өзара әрекеттестікке түседі, құрдастар тарапынан әр түрлі көзқарастарға ие болады.
Аудиторияның мотивациялық дайындық принципі.
Аталған принциптің маңыздылығы әрбір сабақты өткізу оқу процесін құру барысында оқытушы аудиторияға осы сәтте маңызды жағдайларды ескеріп, соларға бағдарлануы тиіс. Бұл принциптің негізінде оқушылардың (студенттердің) ішкі түркі, қажеттілік және мақсат жүйелерін ашып, олардың осы пәнге деген қызығушылығы мен талаптану деңгейін қалыптастырады.
8. Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі
1. Лекцияға оқу мазмұнын таңдау.
2. Уақытты бағдарламаның басқа тақырыптарын оқытуда ескеретін лекция-әңгімені жоспарлау.
3. Психологияны оқуда тақырыптарға әдістемелік бағыт.
ЖОО-дағы лекция-оқытудың дидактикалық циклының басты бөлігі. Оның мақсаты-оқу материалын студенттің игеруінің бағдарлық негізін қалыптастыру.
Қазіргі жоғарғы мектеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz