Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны


Қызылорда облысы білім басқармасының «М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Бастауыш сыныпта оқушы іс-әрекетін бақылау және бағалаудың тиімді әдістері»
Мамандығы: 0105000-«Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105083 -«Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: ББ-П-19
Орындалды: Мәлікова Ақерке
Жетекшісі: Орманова Зоя
Қызылорда, 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ
1. 1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 7
1. 2 Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жазбаша тіл дамыту жолдары . . . 12
2-ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларына тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . 26
Ү. ҚОСЫМШАЛАР . . . 27
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі.
«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты - тілдің функционалдық және коммуникативтік қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы:
- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алуға;
- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік - тұрмыстық, ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;
- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі.
«Қазақ тілі» пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;
- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;
- оқушылардың тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;
- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;
- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу;
Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сынып - аптасына 4 сағат, оқу жылында - 136 сағат;
2) 3-сынып - аптасына 4 сағат, оқу жылында - 136 сағат;
3) 4-сынып - аптасына 4 сағат, оқу жылында - 136 сағатты құрайды.
7. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының көлемі:
1) сөздік диктант - 2-сыныпта 5-7 сөз, 3-сыныпта 9-12 сөз, 4-сыныпта 12-15 сөз;
2) диктант - 2-сыныпта 25-30 сөз, 3-сыныпта 35-50 сөз, 4-сыныпта 55-70 сөз;
3) мазмұндама мәтінінің көлемі - 2-сыныпта 40-60 сөз, 3-сыныпта 60-80 сөз, 4-сыныпта 80-100 сөз;
4) шығарма мәтінінің көлемі - 2-сыныпта 25-35 сөз, 3-сыныпта 35-55 сөз, 4-сыныпта 55-70 сөз. [3, 9б]
Тіл дамыту - сөйлей, жаза білу, ойды байланыстырып айту, сөйлем кұрай білу, сөздік корды молайту, жеке дыбыс, сөз, сөз тіркестерін дұрыс айта білу мен тығыз байланысты.
Ауызша сөйлеу кезінде актив және пассив сөздер болып екіге бөлінеді. Актив сөздер дегеніміз күн сайын жиі қолданылатын сөздер болып табылады. Пассив сөздер дегеніміз сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болып табылады [1, 4б] .
Зерттеудің мақсаты: қазақ тілі сабақтарында жаңа әдістеме элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту, сондай-ақ оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылығын, танымдық қасиеттерін жетілдіру, әдеби сөйлеу арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар пән мұғалімінің жүргізетін жұмысын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, мәтінмен жұмыс жасау әдістемесін жетілдіру.
Зерттеудің міндеті :
- Мәтін бойынша тапсырма түрлері арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын (диалог, монолог, еркін пікірталас түрінде) және жазу тілінің интесивті түрде белсенділігін арттыру әрі дамыту;
- Сөздік қорын кеңейту;
- Тілдік құбылыстарға, сонымен қатар жалпы өмір құбылыстарына интеллектуалды талдау жасау дағдыларын жетілдіру;
- Тілді дамытудағы, меңгертудегі қиындықтарды жеңудің тиімді әдістерін қалыптастыру;
- Сабақтың тиімділігі мен пәрменділігін арттыру жолдарын айқындау;
- Қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздерін белгілеу;
- Тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен мазмұнын айқындау;
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту үрдісі.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1-ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ
1. 1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазiргi жағдайда елiмiзде сапалык өзгерістерге сәйкес келетін адам капиталын дамыту мәселесі басты назарда. Елбасымыз Н. Назарбаев университеті студенттерімен кездесуде «Бүкіл өмiр бойы оқу ендiгi жерде балама емес, асқан қажеттiлiк, - деген Гарвард университеті үндеулерiнiң бiрiн келтiредi . Қазiргi бiлiм алушылардын мектеп жане жоғары оқу орындарында алып отырған білімдерінің «бар болғаны жолашар зияткерлік капитал» болып табылатындығын атап көрсетiп, бiлiм алушыларды өз - өздерiмен үздiксiз жұмыс істеп, өз бiлiмдерiн, кәсiби құзырлылықтарын арттыруга шақырды .
Зымыран уақыт легiндегi ғылым мен техниканын қарышты дамуы барысында дәстүрлі үлгідегі жоспарланган бiлiм көлемі, акпарат әлеміндегі жанашылдықты жаттанды түрде кабылдау, академиялык бiлiм, функционалдык дағдылар, жеке тұлғалык қарым қатынастар мен құзыреттіліктер өскелен ұрпакты қанағаттандырмайтыны байқалады.
Сондықтан XXI ғасырдың жана сапасы - метақұзыреттiлiк кажет.
Еліміздегі жүргізілетін білім мазмұнын жаңарту үрдісіндегі педагог қауымының көшбасшылығы басым, сондықтан педагог қауымға өз көзқарасын түбегейлі өзгерту қажеттілігі өз өзінен туындайды. Үздіксіз ізденіс, үздіксіз білім алу-педагогтың ең басты қасиеті. Сонда ғана шығармашылық пен жұмыс жасайтын мұғалімдер реформаны түсініп жетілдіре және ұжымды қанаттандыра алады. [5, 3б]
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 2014 жылғы қорынтындысы:
Қазақ ағартушысы А. Байтұрсынов мұғалімнің түрлі әдісті бола білуінің қажеттілігін ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары-ақ атап көрсетеді. Пән мұғалімінің оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыда меңгеруі маңызды болып табылады. Себебі, жаңа бағдарлама аясында оқу процесі оқушылардың белсенді оқу әрекетімен сипатталады. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Педагогика ғылымында қалыптасқан «Біз қалайша үйренеміз?» деген қағидасына сүйене келе, мұғалім мен оқушы арасында коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы қалыптасады. Әр мұғалім өз тәжірибесінде оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуын А. Маслоудың идеялары мен Н. Сандерстың кестесі бойында үйлестіре алса тиімді болмақ.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының дамуындағы өзгерістердің бірі-оқу бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер жіне бағалау тәсілдерінің бір мақсатқа жұмылдырылып, «үйлесімділік» табуында.
«Үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компонеттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді.
Бағдарламадағы басымдылық оқу нәтижелеріне берілген. Мұғалімдердің пәндерді оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдана білуі оқушылардың танымдық деңгейін арттыра алады. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі. Сонымен бірге мектеп жаңа ұрпақты өмірге және қоғамдағы белсенді қарым-қатынасқа дайындауға бағытталған әлеуметтік міндетін атқару барысында оқушылардың бойында ұлттық және жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруы қажет.
Жаңартылған білім беру бағдарламысы көптеген шет елдік ғалымдардың тың иедеяларына сүйенеді, солардың бірі - Д. Хэттидің ми қызметін талдау отырып жүргізген зерттеулері. Д. Хэтти нәтижесі дағдыларды меңгерту іс жүзінде белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуінің қажеттілігін көрсетеді. Оқу үдерісінің табиғаты ойлаудан тұрса, белсенді оқу оқушының белсенді жұмысқа араласуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Топтық жұмыстар, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы рөлдік ойын түрлері белсенді оқуға кіреді.
Бағдарламада оқытудың педагогикалық тәсілдер мен тілдік төрт дағдымен жұмыс түрлері қамтылған. Коммуникативтік: оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым - барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. [5]
1. 2 Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жазбаша тіл дамыту жолдары
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. б. білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екендігін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мән-мәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты сипаты:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) ;
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау) ;
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблемалық ойлау дағдысы
9. Технологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі- әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Маған айт-мен ұмытып кетемін
Үйрет маған- менің есімде қалады
Өзіме істет-мен үйренемін (Қытай мақалы)
Сабақ барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді деген, яғни Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда ерекше маңызды рөл атқарады. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып келеді. Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамытуға қабілетті ету деп атап көрсетті Эльберт Хаббарт.
Дәстүрлі сабақта оқушылар тыныш отырып, сабақ тыңдап, мұғалімнің түсіндірмесімен қабылдап, әр қатар бойынша жұмыс жасалып келді. Және оқушылар бағалау жүйесіне қатыспаушы еді. Ал қазіргі таңда осы жаңартылған білім беру үдерісі көптеген жаңалыққа толы. Соның ішінде «Жаңартылған білім беру» бағдарламасында әр пәнге байланысты түрлі өзгерістер көп.
«Өнер алды - қызыл тіл», - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту - тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.
Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір бағытқа жұмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады.
Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар, семинар-сабақ, т. б. сабақтардың орны зор.
Әдебиет сабағының басым көп уақыты оқушылардың да, мұғалімдердің де ауызекі сөйлеу тіліне кетеді. Оқыған әңгімелерін не басқа көркем туындыларын мәнерлеп оқу, мазмұндау - әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері.
Тіл дамыту жұмыстарының бір ерекшелігі - оқушыларға тілдік заңдылықтар туралы тиянақты мағлұмат беріп, оны оқу әрекетінің барлық сатыларында дамытып отыру тиімді. Мысалы, тілдің қоғамдық рөлін, сұлулығын, байлығын, даралық сипатын түсіндіріп, белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдар мен ойшылдардың нақыл сөздеріне талдау жасату керек. Дидактикалық мәтіндерді іріктеп, ондағы ой жүйесін қорытындылауға баулу; тіл сөз құдіреті жайында халық ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерді жинату; тіл туралы оқушының ой-пікірлерін, толғаныстарын жаздыру секілді жұмыс түрлерін ұсыну оқушының білімін арттырады.
Тілдің даму үстінде болатыны, оның ішкі заңдылықтары да оқушы назарынан тыс қалмауы тиіс. Әр ұрпақтың сөздік қорының өзгеруімен, яки тіл өзінің негізін сақтауымен бірге, ішкі алмасу, жаңару сипатына ие болатыны жөнінде, лексика, морфология тарауларын өткенде мол мағлұмат беріледі. Бір тақырыпқа байланысты әр кезеңде жазылған мәтіндерді салыстыру, тілдің тарихы туралы ғылыми-көпшілік мақалаларды талдау, түрлі лексикалық сөздіктермен жұмыс жасау үстінде оқушы білімі бекітіліп отырса құба-құп.
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты - дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрлысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі [1, 21б] .
Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде қазақ тілін әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жүмысы дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.
1. Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін үғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынын, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетінін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсіндіреді.
Бұл принцип арқылы оқуышының ойлау әрекетін дамыта отырып түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады, яғни бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру, түрлі ойлау әрекеттерін үйрену нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz