Конкурс жарияланған лауазымның атауы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының
бірінші басшылары мен педагогтерін
қызметке тағайындау, қызметтен босату
қағидаларын бекіту туралы

Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
20 ____ ж. ___ __________
№ ______
бұйрығымен бекітілген
1-қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметін осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының салалық министрліктері, Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
3. Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос немесе уақытша бос лауазымдары пайда болған кезде үш жұмыс күні ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарына конкурс өткізу туралы өтініш енгізеді.
4. Бірінші басшылар лауазымдарына тағайындауға арналған конкурсты Министрліктің ведомствосы немесе құрылымдық бөлімшесі және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жариялайды.
5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8 - тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) электрондық үкімет веб-порталына (бұдан әрі-портал) өтініш пен құжаттар топтамасын береді.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының уақытша бос немесе бос лауазымының міндеттері конкурс жарияланғанға дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына және(немесе) осы ұйымның және (немесе) білім беру ұйымының педагогына жүктеледі.
8. Бұл ретте білім беру ұйымы басшысының уақытша бос немесе бос лауазымына міндеттерді жүктеу туралы шешімді, бұдан әрі басшының міндетін атқарушы лауазым атқарудан бас тартқан немесе қабілетсіз болған жағдайларды қоспағанда, білім беру ұйымының басқару органы бір реттен артық қабылдамауы мүмкін.
9. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымға бес жыл мерзімге тағайындалады.
10. Бес жылдық мерзім өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес реттеледі.
11. Педагог лауазымдарына тағайындау конкурсын Министрліктің республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік білім беру ұйымдары жариялайды.
12. Педагогтің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар мемлекеттік білім беру ұйымы (бұдан әрі - білім беру ұйымы) ұйымдастырады.
13. Рәсімдердің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурс ақпараттық жүйеде өткізіледі.
14. Педагог лауазымына кандидатты іріктеу кезіндегі негізгі талаптар педагогикалық білімнің, тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білімнің, қайта даярлау туралы құжаттың болуы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейі болып табылады.
15. Конкурстың негізгі қағидаттары:
1) педагогтерге конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
2) конкурс кандидаттары арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
3) конкурс өткізудің әділдігінің, ашықтығының, жариялылығының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
4) бос лауазымдарға орналасуға конкурс қорытындылары бойынша алқалық шешім шығару жатады.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына тағайындау тәртібі

16. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына тағайындау (бұдан әрі - Конкурс) Министрліктің немесе оның ведомствосының және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының конкурстық комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
17. Конкурс рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалардан құжаттарды қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалау;
4) заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі-тестілеу);
5) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
Мектепке дейінгі, арнайы (психологиялық-медициналық-педагоги калық консультация, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, оңалту орталығы), қосымша білім беру ұйымының, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы білім беру ұйымының басшысы лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа қатысты қамқоршылық кеңеспен келісу жүргізілмейді.
6) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу (бұдан әрі - әңгімелесу).
18. Конкурс қорытындылары бойынша Министрлік, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасы, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдері тағайындау туралы бұйрық шығарады және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адаммен еңбек шарты жасалады.
19. Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурсты Министрлік өткізеді.
20. Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық шәкіртақысының түлектері болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ Президенттік кадр резервіне кірген тұлғалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясы бойынша оқуға ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) түлектері жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаттарыы, сондай-ақ кандидат біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 1-қосымшасы 8-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттары болған кезде тестілеуден өтуден, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және әңгімелесуге жіберіледі.
21. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар үш жұмыс күні ішінде Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.
22. Білім-инновация лицейінің бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден өтуден, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және үш жұмыс күні ішінде Білім-инновация халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден, сондай-ақ Конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.
23. Арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар үш жұмыс күні ішінде арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.
24. Жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар үш жұмыс күні ішінде Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.
25. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның құрылымдық бөлімшесі конкурс кезеңдерін өткізу орны мен уақытын айқындайды және комиссия мүшелерін хабардар етеді.
26. Хабарландыру мәтінінде келесі ақпараттар қамтиды:
1) ведомствосы мен бағынысында мемлекеттік білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
2) Конкурс жарияланған лауазымның атауы;
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
4) білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Бұл ретте, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша кемінде бес жыл қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер; педагогикалық колледждерде, бейін бойынша жоғары оқу орындарында, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл педагогтерді даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында басшы лауазымдарды атқаратын адамдар; бейін бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үміткер болуға құқылы; осы тармақтың 4-тармағының бірінші бөлігінің бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген талаптар қойылмастан, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар орталықтардың, бейіні бойынша біліктілікті арттыру жүйесінің басшылары, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат,
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі,
басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі,
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Бұл ретте, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша кемінде бес жыл қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер; педагогикалық колледждерде, жоғары оқу орындарында кемінде екі жыл басшы лауазымдар атқаратын, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл педагогтер даярлауды жүзеге асыратын адамдар үміткер болуға құқылы; кемінде бес жыл жұмыс істейтін әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары, осы тармақтың 4-тармағының үшінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген талаптарды қоймастан, жекеменшік мектептердің, білім беру орталықтарының басшысы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс істейтін, тікелей оқу қызметімен айналысатын тұлғалар.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі,
облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде екі жыл.
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Бұл ретте, мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша кемінде бес жыл қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер; педагогикалық колледждерде, жоғары оқу орындарында кемінде екі жыл басшы лауазымдар атқаратын, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл педагогтер даярлауды жүзеге асыратын адамдар үміткер болуға құқылы; бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) кемінде бес жыл жұмыс істейтін әдіскерлері, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары, осы тармақтың 4-тармағының бесінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген талаптарды қоймастан, жекеменшік мектептердің, білім беру орталықтарының басшысы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс істейтін, тікелей оқу қызметімен айналысатын тұлғалар.
Шағын жинақты мектептер үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Бұл ретте, педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласында кемінде бес жыл еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер; педагогикалық колледждерде, жоғары оқу орындарында кемінде екі жыл басшы лауазымдарды атқаратын, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл педагогтер даярлауды жүзеге асыратын адамдар шағын жинақталған мектептердің бірінші басшылары лауазымдарына үміттенуге құқылы; кемінде бес жыл жұмыс істейтін әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары, осы тармақтың 4-тармағының жетінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген талаптарды қоймастан, жекеменшік мектептердің, білім беру орталықтарының басшысы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс істейтін, тікелей оқу қызметімен айналысатын тұлғалар.
Арнайы білім беру ұйымдары үшін:
Арнайы білім беру (Дефектология) бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі;
арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
арнайы мектептер (мектеп-интернаттар) үшін арнайы білім беру ұйымының орынбасары немесе басшысы лауазымында кемінде бір жыл қосымша жұмыс өтілі қажет;
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогик алық консультациялар үшін арнайы білім беру ұйымында әдіскер, әдістемелік бірлестіктің басшысы лауазымында немесе білім беру ұйымының талдамалық жұмысында тәжірибесі немесе арнайы білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі қосымша қажет.
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін аутизмі бар балаларды қолдау орталығында (autism-орталық) кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе арнайы білім беру ұйымдарында кемінде 1 жыл басшылық лауазымы немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (autism-орталық) басшысы, аутизм орталықтарының бөлімшелері кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлығы бар педагогтер қажет.
Бұл ретте, арнайы білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша кемінде бес жыл қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер; педагогикалық колледждерде, бейін бойынша жоғары оқу орындарында, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл педагог даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында басшы лауазымдарды атқаратын адамдар; бейін бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары немесе әдіскерлері талап етуге құқылы; кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар бейін бойынша біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары; осы тармақтың 4-тармағының тоғызыншы бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген талаптарды қоймастан, орта білім беру ұйымдарында кемінде бес жыл педагогикалық қызмет өтілі бар, тікелей оқу қызметімен айналысатын бейін бойынша жеке білім беру орталықтарының басшысы лауазымындағы тұлғалар.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі;
білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы еңбек өтілі екі жылдан кем емес;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Бұл ретте, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша кемінде бес жыл қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер; осы тармақтың 4-тармағының он бірінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген талаптар қойылмай, бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары немесе әдіскерлері үміткер болуға құқылы.
Қосымша білім беру ұйымдары үшін:
тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат;
білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесіндегі үздіксіз соңғы екі жыл өтілі;
қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі екі жылдан кем емес;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Бұл ретте, педагогикалық білімі бар, білім және ғылым саласындағы еңбек қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер; педагогикалық өтілі кемінде бес жыл, педагогтарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында басшылық лауазымдарды атқаратын адамдар қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына үміттенуге құқылы; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары, осы тармақтың 4-тармағының он үшінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген талаптарды қоймастан, қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет өтілі кемінде бес жыл балаларға арналған жеке қосымша білім беру ұйымдарының директоры лауазымындағы тұлғалар.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;
білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына бейіні бойынша басшы лауазымдарды атқаратын, педагогикалық білімі немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар, білім және ғылым саласында, сондай-ақ тиісті бейіні бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер үміткер болуға құқылы; педагогикалық өтілі кемінде бес жыл, бейіні бойынша колледждерде, жоғары оқу орындарында басшы лауазымдарды атқаратын адамдар; бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет өтілі кемінде бес жыл бейіні бойынша біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары; осы тармақтың 4-тармақшасының он бесінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген талаптарды қоймастан, оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінде бір немесе бірнеше біліктілік бойынша кемінде бес жыл бірінші басшылар лауазымдарын атқаратын тұлғалар.
5) мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының лауазымдық міндеттері;
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
7) конкурсты өткізу күні мен орны;
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны;
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
10) конкурс комиссиясының отырысына конкурсшылардың қатысуына қатысты ақпарат;
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары.
12) егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілетін жағдайда басшының уақытша бос лауазымының мерзімі.
27. Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
28. Көрсетілетін қызметті беруші конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдауды хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
29. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде, келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - (бар болса);
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-1752020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
10) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);
11) ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
30. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жүгінген жеке кабинетке мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі (құжаттарды қабылдау немесе дәлелді бас тарту).
31. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не дәлелді бас тарту келіп түседі.
32. Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.
33. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылады.
34. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
35. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге болған кезде) Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
36. Өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
37. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
38. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
39. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
40. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
41. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
42. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жәненемесе қылмыстық құқық бұзушылықтар: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында, - білім басқармасы органының, тиісті саланың уәкілетті органының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне Сыбайлас жемқорлық қылмыс жәненемесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жіберуі.
43. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
44. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалауды Конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
45. Конкурстық комиссия осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Конкурс жариялаған мемлекеттік орган, ведомство басшысының бұйрығымен, басшы болмаған кезде - оның міндетін атқаратын лауазымды адам қалыптастырады.
46. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады және конкурстық комиссияның құрамын бекіткен осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.
47. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік ұйымдар бойынша конкурстық комиссияның құрамы кемінде жеті адамнан, оның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте, Комиссия құрамына облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының, аудандыққалалық білім бөлімдерінің өкілдері, педагогтің жоғары немесе бірінші біліктілік санаты және (немесе) педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санаты бар әдістемелік кабинеттердің педагогтері енгізіледі; азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілі, бір тәуелсіз сарапшы.
48. Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы кемінде бес адамнан, оның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте, комиссияның құрамына уәкілетті органның, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарға жетекшілік ететін өкілдер, азаматтық қоғамның өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
49. Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы кемінде бес адамнан, оның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте, комиссияның құрамына уәкілетті органның, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарға жетекшілік ететін өкілдер, азаматтық қоғамның өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
50. Сарапшылар ретінде мемлекеттік органның, ведомствоның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
51. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылуы мүмкін.
52. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
53. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
54. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
55. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
56. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.
57. Байқаушылар конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін жазбаша нысанда бере алады.
58. Конкурстық комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ.
59. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
60. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
61. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
62. Комиссияның әрбір отырысы Төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
63. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
64. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
65. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудио бейнежазбалар бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы мұрағатта сақталады.
66. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалауды өткізу қорытындылары бойынша мемлекеттік органның, Конкурс жариялаған уәкілетті орган ведомствосының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеуден өту туралы анықтамасы бар кандидаттарды қоспағанда, кандидаттарды тестілеуден өту үшін жібереді.
67. Кандидаттарды тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) Конкурс жариялаған мемлекеттік орган өкілдерінің және өзге де тартылған адамдардың қол жеткізуінсіз ұйымдастырады.
68. Үміткер тестілеуден өту үшін ҰТО-ға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жазады және тестілеуден ақылы негізде өтеді. Тиісті қаржы жылына бекітілген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ҰТО шотына жүзеге асырылады.
69. Кандидаттарды тестілеу рәсіміне Мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ тестілеуді өткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
70. Тестілеуді өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері қатарынан тәуелсіз байқаушы тартылады.
71. Тестілеу электрондық форматта жүргізіледі.
72. Тестілеуден конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар, сондай-ақ тестілеуден өтуге ниет білдірген өзге де адамдар өтеді.
73. Тестілеуден өтуге ниет білдірген өзге де адамдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰТО-ға өтініш береді.
74. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге қатысатын адамдардың тізімін қалыптастырады және тестілеуді өткізу үшін ҰТО-ға жібереді.
75. Ашықтықты және құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді өткізу орны бейне-аудио тіркеу камераларымен жабдықталады.
76. Кандидат тестілеуді өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
77. Тестілеу басталмас бұрын жауапты адам үміткерлерге тестілеу кезінде үміткерлерге арналған мінез-құлық ережелерін түсіндіреді.
78. Үміткерлер Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңын, 2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңын, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, Басқарушылық құзыреттер, педагогика және психология бағытты бойынша тестілеуден өтеді.
79. Тестілеуден өту кезінде үміткер 100 сұраққа жауап беруі қажет:
заңнаманы білуге-75 сұрақ;
Басқарушылық құзыретіліктер бағыты бойынша - 15 сұрақ;
Педагогика және психология негіздері бойынша-10 сұрақ.
80. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әрбір бағыт бойынша 70% - ды құрайды.
81. Тестілеуге 180 минут беріледі. Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.
82. Дұрыс жауаптар кодтары қалыптастырылады.
83. Тестілеу нәтижесі-осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткені туралы анықтама конкурс жариялаған мемлекеттік органға және кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі.
84. Тестілеуден өткені туралы анықтама облыстың әкімшілік аумағында тестілеу тапсырған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
85. Шекті деңгейді жинамаған үміткерлер Комиссияның шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
86. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгейді жинамаған адамдар тестілеуді тапсырған күннен бастап бір ай өткен соң қайта тестілеуден өтуге құқылы.
87. Тестілеу қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік орган Қамқоршылық кеңеске үміткерлердің тізімдерін, олардың түйіндемелерінің көшірмелерін жібереді.
88. Қамқоршылар кеңесі құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге қамқоршылар кеңесінің отырысының күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.
89. Қамқоршылық кеңес үміткерлерді хабардар еткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бос немесе уақытша бос лауазымға әрбір кандидаттың білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын тыңдайды. Қамқоршылық кеңестің барлық отырыстары аудиобейнежазбамен сүйемелденеді. Аудиобейнежазбалар білім беру ұйымында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
90. Қамқоршылық кеңестің отырысында кандидаттар мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.
91. Конкурсқа екі және одан да көп үміткер қатысқан жағдайда Қамқоршылық кеңес әрбір үміткер бойынша келіседі немесе келісуден бас тартады. Конкурсқа бір үміткер қатысқан жағдайда Қамқоршылық кеңес кандидатты келіседі немесе оған келісуден бас тартады.
92. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күні Конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынылады.
93. Егер қамқоршылық кеңес бір де бір үміткері келіспесе, Конкурс жариялаған мемлекеттік орган конкурсты өтпеді деп таниды және қайтадан конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
94. Конкурс қайта өткізілген және конкурсқа қатысатын үміткерлерді Қамқоршылық кеңес келіспеген кезде-конкурс жариялаған мемлекеттік орган біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық үміткерлерді келесі кезеңге жібереді.
95. Қамқоршылық кеңес қабылданған шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасына жібереді.
96. Әңгімелесуден өту кезінде Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес сұрақтарды тұжырымдайды. Әрбір үміткерге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағытолтырылады.
97. Конкурстың қорытынды кезеңін конкурстың барлық кезеңдерінің оң нәтижелерін ескере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының комиссиясы, ведомство немесе Министрліктің құрылымдық бөлімшесі өткізеді.
98. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізудің мақсаты үміткердің теориялық білім деңгейін, балалар мен жасөспірімдер психологиясы, ұжымдағы басқару және іскерлік өзара іс-қимыл психологиясы саласындағы нормативтік құжаттарды, Менеджмент және қызметтік әдеп негіздерін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымының даму жоспарын ұсына отырып, үміткердің педагогикалық жетістіктеріне, кәсіби және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне қатысты ақпаратты нақтылау болып табылады.
99. Әңгімелесу өткізу тәртібін Комиссия дербес айқындайды.
100. Конкурстан өтпеген үміткерлерді мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындылары туралы жазбаша хабардар етеді.
101. Конкурстан өтпеген, бірақ Комиссия ұсынған үміткерлер Мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен қабылданған сәттен бастап екі жылға білім беру ұйымдары басшыларының кадр резервіне (бұдан әрі - кадр резерві) енгізіледі.
102. Кадр резервіне алынған адамдар мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымдарын тағайындауға конкурс жарияланған кезде Қамқоршылық кеңеспен келісудің бір кезеңінен өтеді.
103. Мектепке дейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының (ПМПК, ППТК, РО), қосымша білім беру ұйымдарының, Қылмыстық-Атқару Жүйесі Комитеті жанындағы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін кадр резервіне алынған адамдар білім беру ұйымының даму жоспарын ұсына отырып, әңгімелесу кезеңінен өтеді.
104. Конкурстан өтпеген үміткерлердің құжаттары конкурсты өткізген Мемлекеттік органның мұрағатына беріледі және бір жыл бойы сақталады.
105. Білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына тиісті үміткер айқындалмаған жағдайда конкурстық комиссияның шешімімен конкурс өткізілмеді деп танылады.
106. Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар сот тәртібімен шағым жасайды.
107. Білім беру ұйымының басшысын қызметтен босату Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі

108. Барлық бос және уақытша бос орындарға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді.
109. Қосымша педагогтердің конкурсынсыз жұмысқа қабылдау 8 сағаттан артық емес уақытқа рұқсат етіледі. Бос жұмыс орындарын осы білім беру ұйымының педагогтері арасында 16 сағаттан аз уақытқа бөлуге жол беріледі.
Бос 16 және одан да көп сағаттарды бір пән бойынша бөлшектеуге жол берілмейді.
110. Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады.
111. Конкурс педагогтің бос орнына 16 сағат оқу жүктемесімен өткізіледі.
112. Бос орындар кезінде әрбір педагогке сағат саны 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік лауазым
Кадрлық резервті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Кадрлық резервті қалыптастыру және оны пайдалану механизмі
Қаржы нарығының міндеттері
Мемлекеттік қызметтің ұғымы, принциптері
Ашық конкурсқа
Қызметкерлерді қабылдау критерийлері және құралдары
Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
Пәндер