Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым министрлігі
Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Орындаған: 22111а топ студенті Сатқалиева К.Б
Тексерген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер оқытушысы Маренова А.Н
Орал 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Фонетиканы оқыту-қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
1.1. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2 Фонетиканы оқыту заңдылықтары мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.1. Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
2.2 Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес. Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол - тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы өту арқылы әдеби тілдің жазылу нормасы мен айтылу нормасын иегерді. Адам баласы бір-бірімен сөйлесім әрекеті арқылы қатынас жасайды, пікір алысады.
Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығарды. Бұл - бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете білуі тиіс. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін жете түсіндіруі қажет. Оқушы тіл дыбыстарының белгіл бір сөйлеу мүшелерінің жұмысқа кірісуімен байланысты екендігін, олардың бірімен-бірі актив екенін білгені дұрыс. Сөйлеу мүшелерінің қатысуы арқылы жасалатынын оқулықта берілген түрлі суреттер, схемаларды орынды пайдалана отырып, сана түрде оқытқан жөн.
Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу-түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты.Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей қатынас та жүзеге аспайды. Фонетикалық дағдыларды меңгеру-сөйлеу кезнде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру[1,92-93].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Сондықтан фонетиканы оқыту әдістемесінің мақсаты тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білуге үйрету. Осы негізгі мақсатты орындау үшін мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
-Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшелігін саралау;
-Дауысты дыбыстарды оқытудың тиімділігін саралау;
-Дауыссыз дыбыстарды оқытудың ерекшеліктерін талдау;
Курстық жұмыстың нысаны: Ф.Ш. Оразбаева мен Р.С.Рахметованың Қазақ тілін оқыту әдістемесі атты оқу құралы пайдаланылды. Б.Құлмағанбетованың редакциясын басқаруымен шыққан Қазақ тілін оқыту методикасы атты оқулық негізгі материал ретінде пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Фонетиканы оқыту әдістемесінің тиімділігі сараланады. Фонетиканы оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері мен түрлері талданады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, ой қорыту, ғылыми тұрғыда талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, тұрады.

Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері
Оқушы тілдің дыбыстық жүйесін жақсы игеруі үшін фонетика-графикалық талдаудың ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалімнің оқушының жазбаша да, ауызша да сауатты болуына ерекше назар аударғаны жөн. Ол үшін күнделікті сабақта дыбыстық әріптік талдаулар жүргізіліп, оқушының дыбыстық жүйені саналы түрде түсінуіне толық мүмкіндік жасалуы керек. Сондықтан фонетикалық талдауға мынандай талаптар қойылады:
1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем түрінде алмай, жеке сөз, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру тиімді.
2.Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поэзиялық шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйренеді, логикалық ойын жетілдіреді.
3.Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ерекше назар аудару қажет. Ол үшін сабақ үстінде ретіне қарай мектеп оқушыларына арналған орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерді үнемі пайдаланып отыру керек.
4.Оқушының фонетика-графиялық талдау жасай білу дағдысын қалыптастыра отырып, күнделікті сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған тақырыпқа ерекше көңіл аударту дағдыға айналуы тиіс. Мәселен, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды оқытуға байланысты, сөздің буындық құрамына ерекше көңіл бөле отырып, талдау жасату қажет. Ал көлемді тақырыптарды өтіп болғаннан кейін қайталау кезінде толық фонетикалық талдау жасатқаны жөн. Мысалдағы қайталанып келетін дыбыстарға талдау жасатудың қажеті жоқ. Дауысты -е-жіңішке, ұ-жуан, а-жуан, ң-жуан, у-жіңішке, дыбыс деп талдап береді. Ал бұл мысалға толық талдау жасалса, онда е-жіңішке, езулік, ашық, ұ-жуан, еріндік, қысаң, а- жуан, ашық, еріндік, ы-жуан, езулік, қысаң, у-жіңішке, еріндік, қысаң деп талдап шығуға тиіс.
Ауызша, жазбаша талдау жұмысы түрленіп отыруы керек, әйтпесе оқушылар жалығып кетеді де, берілген тапсырманы орындауға селсоқ қарайтын болады.
Талданатын жаттығу бір сарынды болмай, әр түрлі болып отыруы сабақтың сапасына көп әсер етеді. Дидактикалық материалдан көшіртіп жаздырсақ, бірде өздеріне өтіп жатқан дыбысқа байланысты мақал-мәтелдерден мысал келтір деп немесе үлестірме карточкаға жазылған бірнеше мақал-мәтел беріп, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз, сондай-ақ магнитофоннан сөйлемдерді тыңдай отырып, оны көшіріп жаз деген сияқты жаттығулармен түрлендіруге болады.
5.Жазбаша және ауызша сауаттылық тіл білімінің дыбыстық жүйесін жақсы игерумен тікелей байланысты. Сондықтан қандай мысал алынбасын, "қалай айтылады, қалай жазылады?" деген мәселе естен шықпауға тиіс. Демек, оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет.
6. Дауысты және дауысты дыбыстардың жергілікті ерекшелікке байланысты екінші бір дыбыспен алмасып айтылатын жағдайы болады. Мысалы: әдеби тілдегі шана, шақыр деген сөздерді чана, чақыр, қай жаққа, жоқ деудің орнына қай йаққа, джоқ, қорыдынды, ұқсат деудің орнына құрытынды, оқсат деп айту бар. Міне, осындай жергілікті ерекшеліктермен үнемі жұмыс жүргізіп отыру оқушының әдеби тілдің сөйлеу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Бірақ мына облыста тұратын адам дұрыс сөйлейді, мына облыста тұратын адам дұрыс сөйлемейді деген қате пікірден аулақ болу керек. Мұндай ескертулерді оқушы ренжіп қалмастай етіп айтып, оқушы үшін мұғалімнің сөйлеу тілі әр уақытта үлгі екенін есте сақтаған жөн.
Яғни оқушы фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің түрлі дыбыстық заңдылықтарымен танысады, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жетілуін оңай ажыратумен бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есіңде сақтап, сауатты жазу дағдысын меңгереді[2,59-61].
Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат-тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету.
Сөздің дұрыс айтылып, әрбір дыбыстың дұрыс дыбысталуы орфоэпиялық нормаларды дұрыс біліп айтуға байланысты. Дыбыстан сөз, сөзден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем жасау үшін дұрыс сөйлеп, ойын сауатты жеткізу үшін, сауатты жазып беру үшін қазақ тілінің фонетикалық жүйесін оқушы жақсы меңгеруі тиіс.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін өткенде әрбір дыбыстың пайда болу және оларды дыбыстау мүшелері, олардың сөйлеу кезіндегі қызметі меңгеріледі. Егер дыбыс дұрыс айтылмаса онда сөз де өз мағынасын бере алмайды немесе басқа сөзге айналып кетеді.Үндестік заңын өткенде оқушыға қиындық келтіретін материал- ықпалдар. Бұл кезде оқушыға теориялық ережелерден гөрі көбірек практикалық жаттығулармен айналысқаны абзал.
Оқушының назарын аударуды қажет ететін тағы бір мәселе - екпін. Өз эмоциясын білдірудегі қызметі өте жоғары қазақ тіліндегі екпінді өткенде ситуациялық жаттығулар мен сөздердегі дыбыс екпіндерін меңгеру де жеңілірек болатын секілді[4,32].
Кез-келген шет тілін оқытқанда әдіскер-ғалымдар мынадай оқытудың кешенді түрін ұсынады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Осы әрекеттерді фонетиканы оқыту барысында қолдану өзінің оң нәтижелерін көрсетеді.
1. Тыңдалым әрекеті. Оқушының дыбыстарды жеке, бір-бірімен тіркесте, сөз ішінде естіп қабылдау дағдысы қалыптасады.
2. Айтылым әрекеті. Бұл әрекет арқылы оқушы әрбір дыбысты жеке, сөз тіркесінде сөз басында, сөз арасында, сөз аяғында сөйлемде айтуға, дұрыс айтуға, орфоэпиялық нормаларды сақтауға жаттығады.
3. Оқылым әрекеті. Ауызша айтылған дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дауыстап немесе ішінен оқу.
4. Жазылым әрекеті. Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, сөздің дұрыс жазылу заңдылықтарын меңгереді.
5. Тілдесім әрекеті. Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, ойын еркін жеткізуге, тілдесуге дағдыланады
Оқушының жеке дыбыстарды айтуда, сөздерді дұрыс айтуда, дұрыс оқуда жаттығулар барысында тез меңгергенімен де жазылым барысында көптеген қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы н-ң, к-қ, ү-ұ-у, ы-і, д-т, п-б сияқты дыбыстарды шатыстырып алу кездеседі. Сонымен бірге н дыбыс мен ң дыбысын бір-бірінен ажырата алмау көп кездеседі.
Қазақ тіл білімінен білім мен дағды беруде оқытудың әдістері мен түрлері өте көп. Сабақ біліктілік пен оқу ісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Сондықтан да нақты жоспармен құрылып, күтілетін нәтиежесі анықталған сабақ мақсатына жеткен делінеді. Жүсіпбек Аймауытовтың Сабақ беруді үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер-дегені оқытушыға әдісті жетілдіріп отырудың маңызды екендігін нақты түсіндіреді. Әдіскер С.Жиенбаев былай деп жазады: Шынында әдістеме-рецепті емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, нұсқау, жөн-жоба. Мұғалім сабақты берудің жолын көрсетіп бергеннен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті.
Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің іске кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет[6,13].
Тіл дыбыстарды адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Тіл дыбыстары акустикалық ерекшелікке қарай дыбыстың жасалуы, дыбыстың күші, дыбыстың ырғағы әр түрлі болады. Дыбыстарды дауысты, дауыссыз, қатаң, ұяң, үнді деп жіктеуге дыбыстың акустикалық ерекшелігі шешуші роль атқарады. Бірақ акустикалық өзгещелік дыбыс артикуляциясымен тығыз байланысты, бұларды біріне-бірін қарама-қарсы қоюға болмайды. Дыбыстың ашық, қысаң, айтылуы - тікелей дыбыс акустикасына байланысты құбылыстар.
Тіл - қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл - қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады.
Қазақ баласы орыс ортасында тәрбиеленсе, әуелі оның тілі орысша шығады, демек оның басқаларымен қатынас жасау құралы - орыс тілі. Бала сол тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр сласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау - адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланыста болады.

2.1. Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшеліктері
Бұл тақырыпты түсіндіру үшін мұғалім қазақ алфавиті жазылған плакатты пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру керек. Мұғалім кез келген бір оқушыға алфавитті оқытып шығып, ол оқушы алфавиттегі әріпті дұрыс айтты ма, әлде қате айтты ма соны бақылап, сол бақылаудың негізінде жаңа сабақты бастап кетуі керек. Өйткені кейбір оқушылар б бе, гге, сэс, тте, фэф деудің орнына бы, ггі, ссы, тты, ффы деп қате айтады. (Бірақ бұл арада алфавит тәртібін ұмытып және кейбір дыбыстарды қате айтқан балаға ұрысудың қажеті жоқ. Өйткені ол жалпы сабақтың жүйесіне әсер етеді). Міне, осы сияқты дыбыстарды қате айту тіліміздегі қысқарған сөздерді дұрыс айтуға да біраз зиянын тигізеді. Дыбыс пен әріпті оқытуда мұндай кемшілік болмас үшін тіліміздегі дыбыстардың дұрыс айтылуына ерекше тоқтаған жөн, оның ешбір артықшылығы жоқ. Тіліміздегі әріптердің рет- ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің грек тілінің алғашқы екі әріпінің (алфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та (а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ы, і), екі дыбыс болып та айтылатын ( е- йе, ю-йу, я-уа), қысқа й және үнді у, вве, гге, дде, жже, ззе, ппе, тте, цце чече түрінде немесе ғ ға, к ка, қ қа, х ха, һ һа, ш ша, щ ща түрінде, немесе л эл, м эм, н эн, р эр, с эс, ф эф түрінде айтылатынын түсіндіру қажет. Алфавитте дыбысты таңбаламайтын айыру (ъ) белгісі мен жіңішкелік (ь) белгілердің бар екендігін, айыру белгісі мен жіңішкелік белгілерінің тек орыс тілі арқылы енетін сөздерде ғана жазылатынын ерекше атап өткен жөн. Өйткені кісі аттарын қазақша жазғанда еш уақытта жіңішкелік белгісі жазылмайды. Мысалы, Айгүл, Гүлнар, Кемелбек, Түгелбай т.б. Алфавитті жатқа білудің практикалық үлкен мәні бар. Алфавитті жақсы білген адам өзіне қажетті сөздерді түрлі сөздіктер мен анықтағыштардан тез тауып ала алады, жұмысы да өнімді болады. Мұғалім оқушыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz